Читайте также:
|
|
Тақырыбы: Сыныптағы жұмысын жоспарлау әдістемесі мен техникасы.
Мақсаты: Тәрбие жұмысын болжау, жобалау және құрастыру дағдыларын игеру.
Жұмыс барысы:
1. Тәрбие жұмысының жоспарлаудың әртүрлі жолдарын талдау.
2. Сыныптағы тәрбие жұмысын жоспарлау жөніндегі жалпы ереже –ұсыныстарды анықтау.
3. Студенттердің шағын топтарын құру және сынып жетекшілерінің жоспарларын талдау жөніндегі жұмыстарды жүргізу.
4. Шағын топтардың тәрбие жұмысы жоспарын жасау.
5. Шағын топтрада жұмысты талдау және қызметті бағалау.
Өзіндік жұмыс: Сыныптағы тәрбие жұмысы жоспарын жасау.
3. Сынып жетекшісінің оқушылармен тәрбие жұмысын ұйымдастыру формалары мен тәсілдері
3.1 Тәрбие сағаты, оның тәрбиелік қызметтері
Сынып сағаты – оқушылардың адамгершілік қасиетін қалыптастыруда, өнер саласындағы толған тілектерін тәрбиеде, адам өмірінде кездесетін, жағымды, жағымсыз мінез-құлық нормаларына, олардың дұрыс көзқарасын қалыптастыруға, ел – жандық сезімдерін шыңдауда. Сабақтардан тыс кезде өткізілетін тәрбие жұмысын ұйымдастырудың негізгі бір формасы болып саналады.
Тәрбие сағатын өткізудегі дайындық барысында:
1. Оқушылармен бірлесе тәрбие сағатының тақырыбын мақсат, міндеттерін анықтау.
2. Тәрбие сағатының міндетіне сай, оның мазмұнына қатысты материалдар жасау.
3. Тәрбие сағатының дайындау және өткізудің жоспарын құру.
4. Көрнекілік құрылысын, музыкалық шығармаларын таңдау.
5. Оқушылар ұжымында ашық әңгіме жаймашуақ жағдайын туғызу.
6. Тәрбие сағатына оқушылардың ата-анасын, жолдастарын, мектеп әкімшілігі мен мұғалімдері шақырудың тиімділігін анықтау.
7. Сынып жетекшісінің тәрбие сағатын өткізу және оған дайындық барысындағы рөлін, орнын анықтау;.
8. Оқушылардың келешек практикалық әрекеттерінде тәрбие сағаттарынан алынған мағлұматтарын пайдалану және бекіту жолдары мен мүмкіндіктерін қарастыру.
3.2 Тәрбие сағатын өткізу шарты
¨ Сынып жетекшісі тәрбие сағатын ұйымдастыру формалары мен мазмұнын, амал-тәсілдерін түсіндірген жөн.
¨ Тәрбие сағатының мазмұнын құрастыруда, оқушыларға жаңа мағлұмат бере отырып, біртіндеп оны бағалау, талдау әрекетіне көшіріп отыруы тиіс.
¨ Сынып жетекшісі тақырып немесе мәселені талдау барысында оқушылардың сөзіне аса жауапкершілікпен назар аударып отыруы кез-келген жағдайда, түзетулер енгізіп отыруы, қосымша сұрақтар қою олардың назарын, мәселенің басты идеясын бұрып, ой тастап көмектесіп отыруы қажет.
¨ Оқушылардың материал мазмұнын қабылдаудың психологиялық ерекшеліктерін ескеру керек, әсіресе тәрбие сағаты шамамен 20-25 минут өту барысында оқушылардың белсенділігі бәсеңдеу болған жағдайда, мазмұны қызықты, жаңа мәселені қою, жағдаят ойластыру.
¨ Сынып жетекшісінің сөз мәнері, дауыс ырғағы, оның қарым-қатынас тілектестігін ескерудің маңызы өте ерекше.
¨ Тәрбие сағаты барысында оқушылардың орналасуы кіммен парталас болу, таңдау құқығын өздеріне қалдыру.
¨ Тәрбие сағатын өткізу тәжірибесін жинақтауды біртіндеп, дәстүрге айналдыру қажет.
¨ Тәрбие сағатын өткізу барысында оқушылардың жағымды қарым-қатынасын тәрбиелеу қажет (тыныштықты сақтау, сөйлеушілердің сөзін бөлмеу, жақсылап тыңдау, талас тудырмау).
3.3 Тәрбие жұмысын ұйымдастырудың
әдістері мен түрлері
Тәрбие сағатының қызметі
¨ Мектептегі тәрбие жұмысының негізгі түрі.
¨ Тәрбие жұмысының негізгі функцияларын жүзеге асыру.
¨ Жан-жақты және үйлесімді дамыған тұлғаны тәрбиелеудегі қойылған міндеттерді жүзеге асыру.
¨ Сынып оқушылар ұжымын біріктіру.
Сабақты модельдеу нәтижесі:
¨ Сабақтың конспектісі.
¨ Тақырыбы.
¨ Мақсаты мен міндеттер.
¨ Құралдары.
¨ Жүргізілу формасы.
¨ Сабақтың барысы.
Жалпы сыныптық сағаттың мақсаты:
¨ “Бұл тақырыпты ашу барысында – “мен балаларға тәрбиелік әсер арқылы нені күтемін?”;
Функциялары:
¨ Дамытушылық.
¨ Өңдеушілік.
¨ Қалыптастырушылық.
¨ Ағартушылық
Сабақтың міндеттері:
¨ Нақтылық мазмұнын қамтып көрсету.
¨ Жан-жақты сипатта болмау.
¨ “Туған қалаға деген сүйіспеншілігін қалыптастыру” – “туған қаласының тарихына қызығушылығын ояту, дамыту” немесе “Қаланың атақты азаматтарына деген құрметтің қалыптасуына жағдай жасау” және тағы басқа.
Сабақтың түрлері:
¨ Экскурсия.
¨ Викторина.
¨ Конкурс.
¨ Спектакль.
¨ Әңгімелесу.
¨ “Математикалық викторина”, “Қиялшылдар конкурсы” және тағы басқа.
Сабақтың құрылымы:
¨ Ұйымдастырушылық кезең (0,5-3);
¨ Кіріспе бөлім (сабақтың жалпы уақытының 1/5-1/3);
¨ Негізгі бөлім (сабақтың жалпы уақытының 2/4)
¨ Қорытынды (сабақтың жалпы уақытының 1/5-1/4);
3.4 Сыныптан тыс тәрбие жұмыстарының мақсаты, міндеттері және әдістемесі
Сыныптан тыс тәрбие жұмысы мектептегі тәрбие жұмысының құрамдас бөлігі болғандықтан, ол тәрбиенің жалпы мақсатын орындауға бағытталған – балаға қоғамда өмір сүруге қажетті әлеуметтік тәжірибені меңгерту және қоғамдық тұрғыдан қабылданған құндылықтар жүйесін қалыптастыру. Соған орай оның негізгі мақсаты – сабақ үстінде жүзеге асырылатын тәрбие міндеттерін толықтыру және тереңдету, олардың қабілеттерін неғұрлым толық ашу, белгілі бір нәрсеге қызығушылығы мен ынтасын ояту, қоғамдық белсенділіктерін шыңдау, бос уақытын дұрыс ұйымдастыруды көздейді.
Сыныптан тыс тәрбие жұмысының міндеттері:
Сыныптан тыс тәрбие жұмысының қызметі
Білімділік қызметі – оқу әрекеті секілді басымдылыққа ие бола алмайды. Ол сабақтан тыс тәрбие жұмысында тәрбиелік және жамытушылық қызметі нәтижелі іске асыруда көмекші роль атқарады. Соған орай сабақтан тыс тәрбие жұмысының білімділік қызметі ғылыми білімдер жүйесін және оқу біліктілігі мен дағдысын қалыптастыруды көздемейді, керісінше балаларда белгілі бір мінез-құлық дағдысын қалыптастыру, ұжымдық өмірде қарым-қатынас мәдениетін үйретеді.
Дамытушылық қызметі – оның маңызы ерекше. Ол белгілі бір әрекетке байланысты оқушылардың психикалық процестердің, оқушылардың жеке дара қабілеттерін дамытуды көздейді. Соған орай баланың жасырын қабілетін анықтау, білімін, қызығушылығын дамытуды мақсат тұтады. Осы бағыттағы жұмыстың мақсат-міндеттері және қызметін анықтау жұмыстары, оның мазмұны мен формасын талдау ықпал етеді. Тәрбие жұмысының мазмұны әлеуметтік тәжірибеге бейімделген саласындағы өзіндік тәжірибесіндегі: ғылымда, өнерде, әдебиетте, техникада, өзара қарым-қатынаста, моральдық бейнесінде, бастан кешірген және жүзеге асырылған жағдайларын қамтиды. Соған орай сабақтан тыс тәрбие жұмысының мазмұнының ерекшеліктері сипатталады:
1. Сабақтан тыс тәрбие жұмысының мазмұны баланың сезіміне әсерленуіне аударуды міндеттейді.
2. Баланың практикалық әрекетін ұйымдастыруды, әртүрлі іскерлік пен дағдысын жетілдіруді көздейді.
3. Жаңа мағлұматтарды іздеу сабақтан тыс әртүрлі тәрбие жұмыстарын атқаруда өздігімен жұмыс істеу біліктілігі машықтандыру.
4. Коммуникативтік біліктілік пен дағдысын тәрбиелеу.
5. Этикалық норманы сақтай білуге дағдыландыру.
Сыныптан тыс тәрбие жұмысын ұйымдастыру талаптары
1. Сыныптан тыс тәрбие жұмысын дайындау және өткізу барысында бірінші кезекте оның мақсатын анықтау міндетті. Мақсатты белгілемеу немесе оны нақтылы жағдайына байланысты анықталмауы немқұрайлықты, жалаңдықты тудырады, мұғалім мен балалардың қарым-қатынасын селқостыққа және тәрбиенің кері нәтижесінің тууына әкеліп соғады.
2. Сыныптан тыс тәрбие жұмысын ұйымдастырудың бастапқы кезеңінде ондағы қол жеткізген нәтижені алдын-ала болжау, бұл жалпы мақсатқа жетуде әлеуметтік тәжірибені меңгерудің міндеттерін нәтижелі шешуге септігін тигізеді.
3. Сабақтан тыс тәрбие жұмысында оптимистік көзқарастары болуы қажет.
4. Сыныптан тыс тәрбие жұмысын ұйымдастырушы мұғалім немесе сынып жетекшісі жоғары тұлғалық сапаға ие болуы тиіс. Ол баламен ынтымақтастық қарым-қатынасты орнатудан бастау алады.
5. Сыныптан тыс тәрбие жұмысын ұйымдастыру барысында жаңа формалар мен тәсілдері үнемі ойластыру және оларды қолдануға бағытталған тұрақты шығармашылық ізденістердің болуы шарт.
6. Сыныптан тыс тәрбие жұмысын ұйымдастыруға оқушыларды түгелдей қатыстыру, әрқайсы талап-тілектерін ескеру, оларға нақты көмек көрсетіп, қабілетін шыңдау үшін үздіксіз жаттықтыру қажет.
7. Оқушыларға белгілі шараның тақырыбын, мақсат-міндеттерін алдын–ала таныстырып оларға қажетті материалды табу үшін тапсырма берілуі тиіс.
8. Тәрбие жұмысын барлық түрлерінде оқушыларды қоғамдық пайдалы істерге араласуына оларды қоғамдық белсенділігі мен өздігінен жұмыс істеуге құштарлығын тәрбиелеу.
3.5 Ұжымдық–шығармашылық істі ұйымдастыру әдістемесі
Ұжымдық–шығармашылық іс 5 кезеңнен тұрады: I.Дайындық жұмысы:
Бұл кезеңде ұжымдық- шығармашылық істің нақты мақсаты белгіленеді. Қызықты, әрі пайдалы іс екенін көрсететін әңгімелесу өткізіледі. ҰІІІ әдістемесі, моделі жасалынады. Балалрға әртүрлі жобасынталқылау ұсынылады, олардың пікірлерімен санаса отырып, жоба нақтыланады, соның барысында әрбір оқушының оған белсенді қатысын орнықтыратын тәсілдері қарастырылады.
II.Ұжымдық жоспарлау:
Балалар бұл кезеңде өздері әрекет етеді. Яғни, олар қойылып отырған мәселеге сай оның шешімін ұжым болып немесе топ-топ болып бірлесе қарастырады. Шараның құрылымын белгілеп, нақты жоспарын құрады. Белсенді топ құрылып, жауапты адамдар тағайындалады. Басшысы сайланады.
III. Ұжымдық іс-қимыл
Ұйымдастыру тобы дайындық жұмыстарының жоспарын құрып, оның нақтылап қажет болған жағдайда түзетулер енгізеді. Оны ұйымдастыру барысында жекеленген оқушыларға немесе топқа тапсырмалар бөлініп, олардың бағасын қадағалап отырады. Сынып жетекшісі бұл кезеңде оқушылардың бастауларына қолдау көрсетіп, олардың шығармашылықпен ынталы жұмыс істеуіне себепкер болады. Кейбір жекелеген оқушының бастамасы мен белсенділігін басқаларға үлгі тұтып отырады.
IV. Шараны өткізу.
Бұл кезеңде жоспар нақты жүзеге асады. Оқушылар алдын-ала дайындық жұмыстары және белгіленген жоспар бойынша өздерінің ойларын ұжым болып атқарады. Сынып жетекшісі шараның өту барысында ынталы топқа қолдау көрсетіп, бағыт бағдар беріп, жағымды көңіл-күй тудырып, кейбір кемшіліктер туындап отырса, оны бейресми түрінде түзетіп отырады.
V. Шараның нәтижесін қорытындылау.
Шараны өткізіп болғаннан кейінгі кезекте, оның нәтижесін қорытындылап, жоспар бойынша қалай белгіленеді, ал ол қалай атқарылады деген сұраққа ұжым болып жауап іздейді. Бұл жауапкершілігі мол кезең. Сондықтан, оған оқушылардың барлығы белсенді қатысуын ұйымдастыру сынып жетекшісі үшін маңызды ерекше. Мұндай жағдайда оқушыларды асықтырмай, олардың өзара талқылауына біраз уақыт және мүмкіндік берген жөн. Шараның жетістігі мен кемшілігі сарапталып, болашақта оны болдырмаудың жолдары қарастырылады. Пікір алмасуы барысында оқушылардың ұсыныстарын ескеру қажет. Сынып жетекшісі онда айтылған пікірлерді қорытындылап, кейбір ұнамдысын өзінің қойын дәптеріне жазып отырады.
3.6 Диспутты өткізу әдістемесі
Диспут – оқушыларда қоғам және адамдар өміріндегі оқиғалар мен күнделікті тыныс тіршілік жайлы ойлардың көзқарастары мен сенімдерін, жоғары адамгершілік қасиеттері мен жағымды мінез-құлық, нормаларын қалыптастырудың оңтайлы құралы.
Диспут барысында:
¨ Оқушылар қоғамдағы құбылыстар мен оқиғаларды;
¨ Олардың себептерін терең анықтау;
¨ Жолдастарының және айналасындағы адамдардың әрекеттерін терең сезініп, ұғынуға үйретеді.
Диспуттың мақсаты – оқушыларды ұжым болып пікір таластыруға, алмасуға, өз ойларын нақтылы жеткізе білуге, ең негізгісі - өз беттерінше ойлай білуге үйрету.
Диспуттың табысты өтуінің негізгі шарты:
¨ Алдын ала жоспар құру.
¨ Оның тақырыбын айқындау, күнін белгілеу.
¨ Негізгі сұрақтарын ойластырып, топқа, жекелеген оқушыларға тапсырма беру.
¨ Диспут өткізу жайлы хабарландыру ілу.
¨ Оған қажетті әдебиеттерді іріктеу.
¨ Көрме ұйымдастыру.
¨ Көрнекті ақын-жазушылардың т.б. тақырыпқа сай нақыл сөздерді ілу.
¨ Сауалнамалық сұрақтар тарату.
¨ Оның қорытындысын талдау.
Дискуссия
Дискуссия ережелері:
1. Адамды сыйлау ережесі – дискуссияның негізгі ережесі. Кісіге деген қарым-қатынас міндетті түрде сыпайы болуы керек. Оны ешбір сөзбен немесе қылқымен ренжітіп алмау керек.
2. Көңіл қойып тыңдау ережесі. Есту және тыңдау – екі түрлі сезім мен қасиет. Сөйлеп жатқан кісіні түсіну үшін тыңдай ала білу керек. Дискуссияның бұл жөніндегі жалғыз заңы – бір адам сөйлейді, қалғандары тыңдайды, бірақ сөйлеп жатқан кісінің сқзін бөлуге болмайды.
3. Еркін микрофор ережесі. Әр адам өз пікірін білдіре алады, бірақ алдындағы сөйлеуші сөзін аяқтағаннан кейін немесе уақыт кеткеннен соң сөйлейді.
4. Сөйлеу үшін екі минут ережесі. Екі минут ішінде айқанның негізін ғана айтуға үлгіру керек.
5. Қисын және аргументтілік ережесі. Ең жақсы сөз – жинақталған, жүйелі және аргументті сөз. Ең мықты аргумент – факт және қисын.
6. Ашық, әділ өзін ұстау ережесі. Дискуссияға қатысушылар өздерін ашық, еркін ұстауға тырысады, фактілер мен басқа адмдардың сөздері мен ойларын бұрмаламай дұрыс, түсінікті етіп сөйлеу керек. Егер қатысушы өз ойына өзі сенімді болмаса, ол бұны мойындауы қажет.
7. Қол көтеру ережесі. Егер маңызды бірдене айтқын келіп тұрса, қолыңды көтер – сені тыңдайды. Егер бірнеше қол көтерілсе, жүргізуші өзі кезекпен сұрайды.
Дискуссияға қатысушыларға бірқатар кеңес:
Сөз сөйлеп жатқанда “ұзақ” сөйлеме. Ойыңды қысқа, нақты, мүмкіндігінше дәлелді білдір. Дегенмен, ерекше идеяларды айтуға қысылма: ойлаудың нақтылығы, өзгешелігі – дамыған интеллекттің белгісі. Дискуссияға қатысушылардың айтқан сөздеріне деген реакцияларын байқап отыр, бірақ басқаларға бұны көрсетпеуге тырыс.
Дискуссия барысында:
3.8 Әңгімені өткізу әдістемесі
Әңгіменің негізгі бағыттары мыналар:
Өз отанына адал берілгендігі.
Өзі өмір сүріп отырған қоғамның идеологиясына шынайы сенімділігі.
Шыншылдығы.
Қайрымдылығы, қарапайымдылығы, адалдығы.
Саналы тәртіп пен мінез-құлық, мәдениетіне жауапкершілігі.
Жолдастық, достық қарым-қатынасқа адалдығы.
Немқұрайлыққа және жамандыққа төзбеушілігі.
Еңбекке, еңбек адамдарына және халық мүлкіне ізгілікті қарым-қатынасы.
Әңгіме - тақырыптың сұрақтары оның өзекті мәселесіне айналуы қажет. Дайындық бөліміндегі тағы бір жауапкершілігі мол, қиын кезең, ол өткізілетін әңгіменің тақырыбына сай оқушыларға берілетін тапсырмалардың көлемін, сипатын, бағытын және оларды бөлуде оқушылардың қабілетін, ықыласын анықтау болып табылады. Осыған орай олар қандай әдебиетті оқуы, өмірдегі қандай құбылысқа көңіл бөлу керек, өз тәжірибесінде нені еске түсіру қажет екендігі алдын-ала ойластырылады. Берілетін әрбір тапсырма оқушылардың шамасына сай келуін олардың шығармашылық өсуін қамтамасыз ету қажет.
Әңгіме өткізілгеннен кейін оқушыларға оның қаншалықты әсер еткендігін, оларды күнделікті өмірде: оқуда, жолдастармен қарым-қатынастардағы оның нәтижесінің сапасын бақылап, талдау жасап, соған қатысты келешекте тағы да басқадай нендей шаралар ұйымдастырылуы қажеттігіне көңіл бөлу керек.
3.9 Конференция түрлері, оны өткізу әдістемесі
Оқырмандар конференциясы - мектеп оқушыларының оқудан тыс кездерінде қызықты әдеби- көркем шығармалары мен ғылыми – көпшілік әдебиеттерінің оқуға деген ынтасын дамытудың аса маңызды тәрбие формасы.
Мақсаты: кітап жайлы оқушылардың қызығушылығы мен ойын танып білу, эстетикалық талғамы мен сенімдерін қалыптастыру, көркем-әдеби шығармаларын оқуға және оқи білуге дағдыландыру.
Міндеті: оқылған кітаптарды ұжым болып талқылау, оның мазмұнын, автордың ойын дұрыс түсінуге тәрбиелеу, жеткіншектерді сөйлей және ойлай білуге үйрету.
Сынып жетекшілеріне конференцияның өткізу барысында оқышылардың дара психологиялық ерекшеліктерін, рухани қажеттілігін, жалпы эстетикалық мәдениет дәрежелерін, адамгершілік қасиеттерін, сенімдерін танып білуге мүмкіндік туғызады.
Конференция тәрбие жұмысын ұйымдастыру формасының бірі ретінде оған ұзақ мерзімді, әрі тыңғылықты дайындықты қажет етеді, оны аяқасты өткізуге болмайды.
Конференцияның табысты өтуінің бірден – бір шарттары:
1. Конференция тақырыбы немесе көркем-әдебиет шығармасын таңдаудағы кездейсоқтық.
2. Конференцияны өткізу орнының үйлесімсіздігі.
3. Конференцияны өткізу және оған дайындық барысында оқушыларды белсенді немесе белсенді емес деп топқа бөлу.
4. Конференция немесе оның тақырыбын талқылау барысында белсенді пікір алмасудың болмауы.
5. Конференцияның тақырыбы немесе онда көтеріліп отырған мәселелер оқушылардың күнделікті өмірінен алшақ болуы.
6. Конференцияны ұйымдастыру барысында оның сапасына, мазмұнына мән бермей сан қуалау басымдылығы т.б.
Дайындық барысында оқушылардың өзара пікір алмасуы, жазба жұмыстарын жүргізуінің өзі – конференцияның бастамасы, ал оны өткізу кезеңі - қорытындысы боп табылады.
Конференцияны өткізу барысында сынып жетекшісі кіріспе сөз сөйлеп, оның жұмысын бастайды. Онда таңдап алынған кітап жайлы, оның мақсаты, маңыздылығын айта келе, қатысып отырған қонақтарды таныстырып өтеді. Оқушылардың назарын нақтылы мәселелерге аударып, оны талқылауға бағыт бағдар береді. Ең негізгісі, оқушылардың қысылмай-қымтылмай өздерін жақсы сезінуге, ойларын бүкпей еркін айтуға, пікір алмасу барысынды өзара достық сезім, бірін-бірі құрметтеу жағдайында өткізуге қол жеткізу. Сынып жетекшілері, әдетте 2 немесе 3 оқушыны алдын-ала дайындап, ақыл-кеңес беріп қояды. Конференция жұмысын бұлай ұйымдастыру, кейбір жағдайда уақытты үнемдеуге, оның жұмысын нәтижелі ұйымдастыруға оң ықпалын тигізеді.
Конференция соңында сынып жетекшісі қорытынды сөз сөйлеп, оның жұмысына баға береді. Кейбір көлеңкелі тұсқа өзінің көзқарасын білдіреді. Мұндай жағдайда тек менікі дұрыс деген қорытынды аулақ болған жөн.
Тақырыптық конференция - белгілі бір нақтылы тақырыпқа негізделе отыра, көкейкесті мәселелерді шешуге арналады. Оның ауқымы кең. Конференцияның тақырыбы анықталып, мақсаты белгіленген жағдайда, оқушыларға қажетті әдебиеттерді оқу ұсынылады.
Конференцияны өткізу қарсаңында:
v Тақырыпқа сай көрме ұйымдастырылып, оған қажетті жабдықтар қойылады.
v Қабырға газеті шығарылады.
v Алдын-ала баяндама әзірленеді (ол жазба және ауызша сөйлеу мәдениетін дамытуға көмектеседі).
v Хабарландыру ілінеді (онда конференцияның өткізу мерзімі мен орны, тақырыбы белгіленеді).
v Ұыймдастыру органы сайланады.
v Стол үстіне гүл шоғы мен тақырыпқа сай кітаптар қойылады.
Тақырыптық конференция көбінесе жоғары сынып оқушыларымен ұйымдастырылады, соған сәйкес оның жұмысын өткізуді оқушылардың өзіне тапсырған жөн.
Конференция соңында сынып жетекшісі немесе жүргізуші қорытынды сөз сөйлейді. Атқарылған жұмыстарға баға беріп, конференция жұмысының жетістігі мен кемшілігіне тоқталып, маңыздылығын атап көрсетеді.
Баспасөз конференциясы – балаларды байқағыштыққа, оптимистік көтеріңкі көңіл-күйге баулиды, қаралып отыпған мәселенің мән-мағынасын ұғынып, білуге, әрі оны жүйеге келтіріп ауызша айтып беруге дағдыландырады.
Баспасөз конференциясы арнаулы орындарда өткізіледі. Сахнада конференцияға қатысушыларға алдын ала арнаулы орын әзірленеді. Конференцияны жүргізуші жауапты хатшы оның жұмысын ашып береді де, оған қатысушы арнайы шақырылған немесе өздері ұйымдастырған қонақтарды таныстырып, сұрақ қоюшыларға кезекпен кезек сөз беріп, ретімен жүргізіп отырады. Соңында оның жұмысын қорытындылайды.
3.10 Саяси хабарламаны өткізу әдістемесі
Саяси шолуға арналған хабарда бір-екі жұма ішінде біздің еліміз бен шетелдерде болған оқиғалар туралы хабар беріледі, мысалы, бұл хабарды мынадай жоспар негізінде өткізуге болады:
1. Бір аптадағы әлемдегі саяси жағдайларға қысқаша сипаттама.
2. Біздің еліміздегі, республикамыздағы ең маңызды, ең көрнекті табыстар, жаңалықтар туралы хабар.
3. Халықаралық жағдайдағы негізгі оқиғалар туралы хабар.
4. Шетелдердегі жастар өмірі туралы хабар.
5. Қорытындылар.
6. Тапсырмалар, кеңестер, ұсыныстар.
Саяси хабарлама аптасына бір рет өткізілуі тиіс. Саяси хабарламаның өтілуі, мерзім ұзақтығы:
v I – II сыныптар үшін – 5 – 10 мин;
v III – IV сыныптар үшін -10 – 15 мин;
v V – VII сыныптар үшін – 15 – 20 мин;
v VIII – XI сыныптар үшін – 20 – 30 мин;
Саяси хабарламаны ауызекі журнал, дөңгелек стол басындағы әңгіме, баспасөз конференциясы, саяси радио хабары секілді формаларда өткізуге болады.
Саяси хабарлама оқу жылының барысында ғана емес, сонымен бірге оқушылардың жазғы демалысы кезінде де, өндіріс бригадалары, жазғы еңбек тынығу лагерлерінде өткізіп отыру қажет.
3.11 Конкурсты өткізу әдістемесі
Мақсаты: Оқушылардың ой-өрісін, тапқырлығын, шеберлігін, қабілетін жетілдіру, шыңдай түсу.
Сондай-ақ оқушылардың конкурсқа қатысуы олардың жақсы мінез-құлықтарының қалыптасуына, басталған істі тыңғылықты аяқтап шығуына, ұжымдық іске жауапкершілікпен қарауға септігін тигізеді. Нәтижесінде, ойлаған істің сәтті шығуына, оған белсене қатысуға мүмкіндік туғызады.
Конкурсты шығармашылық сипатта ұйымдастырып өткізуге, әсіресе оны қызықты, әсерлі, тартымды, әзіл-ысқақ араластыра жүргізуге көңіл бөлген жөн.
Конкурс түрлері:
- Конкурс – викторина.
- Конкурс – инсценировка.
- Мәнерлеп оқу.
- Фото – сурет.т.б.
Конкурсты өткізбес бұрын:
- Конкурстың түрін анықтау қажет.
- Қатынасушыларға шарттар белгілеу.
- Кімдердің қатынасуы тиіс екендігі жайында алдын-ала дайындық жұмыстарын жүргізу.
- Конкурс өткізілетіні жайында хабарландыру ілу.
- Әділ қазылар алқасын тағайындау.
- Залды безендіру.
- Оны ұйымдастырудың үлгісін жасау жұмыстарын атқару.
- Конкурсқа қатынасатын командалар мен ұйымдастыру тобына алдын-ала тапсырыс беру.
3.12 Ойындарды өткізу әдістемесі
1. Ойынды жүргізу әдістері.
Ойынды таңдамас бұрын, ең алдымен оның неге бағытталғанын білу қажет: сынып, жыл мезгілі, тәрбиелік тапсырмалар және т.б.
Қозғалыс ойындары. Ойынға дайындық:
Балалардың физикалық және ақыл сатысының дамуымен, тәрбиелік жұмыстарға сәйкес ойындар таңдау
Ойын алаңын тексеріп, жарақаттану секілді сәтсіздіктерге себеп болатындарын алып тастау
Керекті инвертарды дайындау
Ойынды өткізуге және қорытынды жасауға керекті уақытты есептеу
Қорытынды баға түрін анықтау
Ойыншыларды ұйымдастыру:
Ойындардың мазмұны және міндеттерін түсіндіріп, ойынды қолданатын белгілерді түсіндіру.
Көмекшілерді анықтау, жинақтау пунктін көрсету. Аумақтық шектерін нақты қоршау.
Жүргізуші және капитандарды тағайындауға болады, бірақта оларды балалардың өздері таңдағаны бұрыс.
Жүргізуші командаға бөле алады.
Кезең бойынша міндеттер мен талаптарды еске түсіріп отыру.
2. Ойынды басқару.
Жетекші балаларға алдын ала міндеттерді ескертеді, ойынды мұқият қадағалау барысында, қателіктерді шығарады.
Команданың қиналу сәтінде жетекші көмектесе алады.
Эмоционалдық және физикалық ауыртпалықтарды талдау.
Қортындыларды анықтау және ойынды талдау:
* Алдын ала ойыншылардың саны олардың жинаған балдары, уақыттың регламенті анықталады.
* Ойындар жеке және командалық сайыстар бойынша қортындылар бағаланады.
* Блокнот және қалам бөлу.
* Ойыншыларға көмекшілер тарату.
* Ойын қортындысы жарияланғаннан кейін ойынға талдау жүргізу, үздік ойыншыларды белгілеу, ең басты қателіктерін көрсету.
Дамытушы ойындар.
Балаларды дамыту мүмкіндіктерінің бес шарты:
1. Ерте бастау.
2. Даму орталықтарын ашу.
3. Олардың таңдау еркіндіктерін қамтамасыз ету.
4. Максималды күш жұмсау ұйымы.
5. Үлкендердің көмегі.
3. Ойын ережелері.
Интеллектуалдық ұстанымға балалардың қызығушылығын дамыта және шақыра білу:
Алғашқы табыс шарты – күлкі, қуаныш, мақтау.
Сабақта ойындарды жалықтыру дәрежесіне дейін өткізбеу.
Ойын кезінде өкпелі ескертулерді айтпау.
Балаға ашық түрде көмек көрсетпеу, ол үшін тапсырманы орындамау, өз қатесін таба білуге үйрету.
Баланы ойнауға мәжбүрлемеу.
Даму ойындарын қарапайым ойынға айналдырмау.
Ең жеңіл ойыннан бастау.
Балалардың белсенділігін бөгемей, қиналмайтын жағдай туғызу.
Балалардың даму кезеңімен есептесу.
Үлкендермен сайыстар құрастырып, өздеріңізде қатысыңыз.
3.13 Іскерлік ойындар өткізу әдістемесі
Іскерлік ойындар өткізу шарттары:
1. Ойналатын жағдайдың өзектілігі және оның өмірмен тығыз байланыстылығы (өмірде бұндай жағдай оқушылардың қай-қайсысымен болса да болып қалуы мүмкіндігіне, олар сенуі керек.).
2. Оқушылардың барлығы да ойынға қатысып, бір рольді атқаруы керек.
3. Ойынның барысын бақылап, талдап, баға беріп отыру үшін рольдерді ойнаушыларды басқа да эксперттер тағайындау қажет.
4. Ойынның барысында оқушы өзінің ойын қысылмай айтуға жағдай жасау керек, себебі, оқушы ойын барысында өзінің қылықтарының моделін құрып үйренсе, өмірде осындай жағдайлар кездескенде қателеспейді.
Ойында жаттығу, көрсету, үқсаттыру түрінде өткізуге болады.
Ойын бірнеше кезеңнен тұрады:
1. Ойынның мақсаттарын белгілеу.
2. Қатысушыларға ойынның мазмұнын түсіндіру.
3. Ойнаушыларды рольдерге тағайындау.
4. Эксперттерді тағайындап, олардың мақсаттарын түсіндіру (инструктаж).
5. Ойынға техникалық дайындық.
6. Қатысушылар өздерінің рольдерін (тапсырмаға керек құралдар дайындау).
7. Ойынды рольмен ойнау.
8. Әр қатысушының ойынын талдау.
9. Ойынды қорытындылау (ойынның мазмұнына байланысты келіспеушіліктер, қателіктер, педагогикалық тұрғыдан алғанды дұрыс шешілді ме, шешімі әділ ме, ойнаушылардың сыпайылығы өзінің роліне сәйкестігі).
Ойынның қысқаша мазмұны | Адамгершілік шешімдерді талап ететін тұстары | Біз қандай қылықтарды күтеміз | Оқушылардың қабылдау реакциялары қандай? | Қорытынды | |
Аты-жөні | Ұсынып отырған шешімі | ||||
Сарапшылар кестесі
Ойын барысында кеңес беретін орын дайындауға болады.
Кей жағдайларда ойынды тоқтатып, өз ойын қорғау ұйымдастыруға болады. Іскерлік ойындардың адамгершілік тәрбиесінде атқаратын функциялары:
1. Көрсету – (өзін-өзі қалай ұстау керек)
2. Жаттығу – (әрбір қылықтарға)
3. Тексеру – оқушылардың әдемі қылықтарын үйренуін тексеру
4. Қызықтыру, талаптандыру ережелеріне сәйкес қылықтар қалыптастыруға талпыну
5. Талдау және диагностикалық (айқындау) міндеті.
Дата добавления: 2015-11-14; просмотров: 2267 | Нарушение авторских прав
<== предыдущая страница | | | следующая страница ==> |
Тарау бойынша тапсырмалар | | | Тарау бойынша тапсырмалар |