Читайте также:
|
|
Тақырыбы: Тәрбие қызметін ұйымдастыру технологиясы
Жұмыс барысы: Зерттеген әдебиет бойынша әңгімелесу
- Ұжымдық қызмет ұғымы;
- Ұжымдық шаралық істің (ҰШІ) мәні;
- ҰШІ – ні ұйымдастыру технологиясы
- Ойын қызметінің технологиясы (рольдік, іскерлік, дидактикалық ойындар, блиц – ойындар және басқалар)
- ҰШІ – ні топтың таңдауы бойынша жүргізу
- ҮШІ – ні жүргізуді талдау
Өзіндік жұмыс: Тәрбие жұмысы нысандарының бірінің сценарийін әзірлеу.
Қосымшалар
1. Ата-аналар жиналысы, оның түрлері, өткізу әдістері
Сынып жетекшісі ата–аналармен практикалық жұмыста ұжымдық және жеке әсер етуі формаларын қолданады. Екі жағдайдың екеуінде де жұмыстың дәстүрлі және дәстүрлі емес формалары жүзеге асады.
Дәстүрлі формалардың бірі – ата-аналар жиналысы.
Ата-аналар жиналысы мұғалімнің ата–анамен қарым-қатынасының универсалды формасы болып табылады.
Ата-аналар жиналысын өткізу бойынша нұсқаулар:
Ата-аналар жиналысында балаларының оқудағы сәтсіздіктері мен қателері емес, жалпы көрінісі бейнеленуі керек.
Жиналыс тақырыбы оқушылардың жас ерекшелігін ескеруі қажет.
Жиналыс теоретикалық, сонымен бірге практикалық сипатта өтуі керек: жағдайды талдау тренингтер, пікірталастар.
Жиналыста оқушы тұлғасын сынап, оны кемсітуге болмайды.
Сыныптық ата - аналар жиналысы
Ата- аналар жиналысы ата-аналардың ағарту мектебіне айналу керек, олардың педагогикалық көзқарастарын кеңейтіп, жақсы ата-ана болам деп ынталандыру керек. Ата-аналар жиналысында оқушылардың оқудағы жетістіктері, олардың білім деңгейлері мен мүмкіндіктері сарапталады. Жиналыстағы талдау баға жөнінде емес, интеллектуалды талпыныстың деңгейі мен білім сапасы жайлы болуы керек.Ата-аналар жиналысына оқушылардың шығармашылық жұмыстарының көрмесін дайындау қажет.
Жиналыстың тематикасы мен әдістемесі оқушылардың жас ерекшеліктерін, ата-аналардың білімділігі және қызығушылықтарының деңгейін, мектеп алдында тұрған тәрбиенің мақсаттары мен міндеттерін ескеру қажет.
Жалпы мектептік ата-аналар жиналысы әдетте жылына екі реттен артық өтпейді. Мұндай жиналыстардың тақырыптық белгілі бір уақыт мөлшеріндегі мектептің есеп беру сипатында өтеді. Мұндай жиналыста директор, оның орынбасарлары сөйлеп, ата-аналар ұжымына есеп береді.
Мысалы: оқу орны аттестациядан өтіп, жеткен нәтижелерін ата-аналар ұжымына таныстырғысы келеді. Осындай жағдайда өткізілуі мүмкін.
Жалпы мектептік ата-аналар жиналысына отбасындағы тәрбие тәжірибесін көрсету үшін қолданылады. Осылай, оқу жылының соңында балаларға жақсы тәрбие берген отбасыларды марпаттауға болады.
Ата-аналар конференциясының мектептегі тәрбие жұмысының жүйесінде маңызы зор. Ата-аналар коференциясында болашақта балалар мүше болатын қоғамдық өзекті мәселелер талқылануы қажет. Ата-аналар мен балалар арасындағы конфликті мәселелер, одан шығу жолдары, есірткі, отбасындағы жыныстық тәрбие коференциясының тақырыптары бола алады.
Ата-аналар конференциясы міндетті түрде мектептегі психолог, әлеуметтік педагогтың қатысуымен өтуі керек. Олардың міндеттері конференция мәселесі бойынша әлеуметтік және психологиялық зерттеулер жүргізу және сараптау сонымен бірге конференцияға қатысушыларды зерттеу нәтижелерімен таныстыру. Конференцияның белсенді қатысушылары ата-анадардың өздері болып табылады. Олар мәселені өз тәжірибесі тұрғысынан сараптауды дайындайды.
Конференцияның басқа ата-аналармен жұмыстардан ерекшелігі – оның нақты шешімдері қабылдауы.
Жеке индивидуалды кеңес – сынып жетекшісінің ата-анамен қарым-қатынастың маңызды түрлерінің бірі, әсіресе, мұғалім сыныпты жинаған кезде қажет. Ата-аналардың үрейін, өзінің баласы жайлы әңгімелескісі келмеуін,жеңу үшін өткізіледі. Кеңеске дайындық кезінде жауаптар сыныппен тәрбие жұмысын жоспарлауға көмектесетіндей етіп сұрақ дайындау керек. Сонымен бірге сынып жетекшісі мен ата-аналар арасындағы қарым-қатынасты жақсартуға бағытталуы тиіс. Мұғалім ата – анаға өз баласы жайлы толық айтып беруге мүмкіндік беру керек. Бұл мұғалімнің кәсіби жұмысы үшін қажет:
- баланың денсаулығының ерекшелігі;
- оның қызығушылықтары;
- қылықтық реакциялары;
- мінезінің ерекшеліктері;
- жанұяның моральдық құндылықтары.
Жеке индивидуалдық кеңес барысында “Менің балам” сауалнамасын қолдануға болады.Оны мұғалім мен ата-аналар бірлесіп толтырады. Мысалы:
1.Туған кезде, ол...................................................................................................
2. Өмірінің бірінші жылдарында оның ең қызықты болғаны..........................
3. Денсаулығы жайлы келесіне айтуға болады..................................................
4. Мектептке дайындық мәселесі туғанда, біз...................................................
5. Оның мектепке деген қатынасы......................................................................
6. Бірінші жылдары ол негізінен (қалай) оқыды...............................................
7. Оған мына пәндер ұнады.................................................................................
8.Бірінші мұғаліммен қарым-қатынасы.............................................................
9.Сыныптастарымен қарым-қатынасы.............................................................
10. Тәрбиелеудегі қиыншылықтар......................................................................
11. Мұғалімдер мынаған көңіл аударса екен.....................................................
Әңгімелесу -сынып жетекшісінің тәрбие жұмысында үлкен маңызы бар. Әңгімелесуді конфликтті жағдайлардың алдын – алу, балалар мен ата-ананың, мұғалімдер мен отбасылар арасындағы қарым-қатынасын жақсарту мақсатымен өткізіледі.
Егер ата - аналар әңгімелесуді жеке түрде өткізуді қаласа, бұл шешімді қолдау керек. Себебі әңгімелесуде сенім жағдайын қалыптастыру керек.
Ата-анамен жұмыстардың сонымен бірге дәстүрлі емес формалары да бар. Оған тематикалық кеңес, ата-аналар кештері, тренингтер, ата-аналар тренингтері жатады.
Мұғалімдер мен ата-аналарға кеңестер егер:
Баланы үнемі сынап отырса, оның жек көру сезімі дамиды.
Баланы мақтаса, оның қайырымдылық қасиеті дамиды.
Баланы қолдап отырса, ол өзін бағалауға үйренеді.
Баланы үнемі кекетіп отырса, ол кінә сезімімен өмір сүруге үйренеді.
Баланы шыдамдылыққа үйретсе, ол басқаларды түсінуге үйренеді.
Бала әділдікті көріп өссе, ол өзі әділ болуға үйренеді;
Бала қауіпсіздік жағдайда өссе, оның адамға деген сенімі қалыптасады.
Бұл кеңестер өмірдегі бақылаулармен де, педагогикалық практиканы түсіну негізінде қалыптасады. Жоғарыда айтылып кеткен кеңестер ата-аналармен жұмыста қолданылып, әңгімелесу және жиналыстарының тақырыптары негізінде қолданылады.
Сынып жетекшісінің ата-аналарымен жұмыс істеуі мына бағытта болады:
Баланың өмірін ұйымдастыруда, оның тәрбиесіне қатысты мәселелерді шешуде ортақ көзқарасының болуында.
Баланың отбасы мен мектеп жағдайындағы дамуын және әлеуметтенуін тиімді ұйымдастыру мақсатында тәрбиенің бірыңғай ұстанымдарын қояды.
Балалардың әлеуметтік-педагогикалық және даму жағдайларын ескере отырып, тәрбиенің мақсаттарын және міндеттерін дұрыс анықтау, оларды жүзеге асыруының болуында.
Балалардың жан-жақты үйлесімінің дамуы үшін тәрбиелі ықпалды, тиімді және нәтижелі ұйымдастыруда.
Балаға мектеп пен мектептен тыс тәрбие мекемелерінің, ата-аналар мен жұртшылықтың педагогикалық қолдауын ұйымдастыру.
Баланы әр түрлі ортада, әр түрлі жағдайларда жан-жақты, жақсы танып білуі.
Сынып жетекшісінің бала тәрбиелеуде ата-аналармен ынтымақтастығындағы міндеттері:
Ата-аналармен тұрақты байланыс орнату.
Отбасы мен мектептің балаға қоятын талаптардың бірлігін қамтамасыз ету.
Ата-аналар ұжымын құру.
Ата- аналардың педагогикалық білім дәрежесі мен мәдениетін үнемі арттырып отыру.
Сынып жетекшісінің бала тәрбиелеуде ата-аналармен ынтымақтастығындағы мақсаттары:
Ата-аналарды оқу-тәрбие процесінің мазмұнымен және әдістемесімен таныстыру.
Ата-аналармен педагогикалық және психологиялық ағарту жұмыстарын ұйымдастыру.
Ата- аналарды балалармен бірге әрекетте қатыстыру.
Отбасы тәрбиесіне қатысты ата-аналарға педагогикалық – психологиялық кеңес беру.
Ата- аналар белсенділерімен жұмыс және ата- аналардың әртүрлі қоғамдық ұйымдармен, жұртшылықпен өзара әрекеттенуі.
Ата-аналар жиналысының түрлері:
Ø Жазбаша түрі – мұнда сынып жетекшісі кейбір құжаттарды, разработкаларды балалардан ата-аналарға беріп жібереді, ата-аналар оларды бағалайды, түзетулер енгізеді.
Ø Оқушылармен бірге жүретін ата-аналар жиналысы.
Ø Өнегелі отбасының тәрбиеге деген көзқарасын, іскерлігін, дәстүрін көрсетіп ата- аналар жиналысы.
Ø “Кафе” түрінде өткізілетін ата-аналар жиналысы.
Ø Табиғат аясындағы ата-аналар жиналысы.
Ø Ата-аналарды қызықтыратын мамандар шақырылған пресс-конференция түрінде өтетін ата- аналар жиналысы.
Ø Әкелер жиналысы.
Ø Жиналыста өзінің зерттеу жұмыстарының нәтижелерін баяндайтын алдын-ала құрылған зерттеуші топтар формасындағы ата-аналар жиналысы.
Ø Пән мұғалімдерінің қатысуымен және олардың кеңесін тыңдаумен өтетін пресс – конференция формасындағы ата-аналар жиналысы;
Ата – аналар жиналысының хаттамасы
Күні, айы, жылы. Уақыты.
Қатысқаны:
Қатыспағаны:
Өткен ата – аналар жиналысындағы қабылданған шешімнің
орындалуы:...........................................................................................................................................................................................................................................................................................................................................................................................................................................................................................................................................................................................................................................................................................................................................................................................................................................................................................................
Күн тәртібі:
1..............................................................................................................................................................................................................................................................2..............................................................................................................................................................................................................................................................3..............................................................................................................................................................................................................................................................
Ата – аналар жиналысының барысы:
Тыңдалды:............................................................................................................................................................................................................................................................................................................................................................................................................................................................................................................................................................................................................................................................................................................................................................................. Қабылданған шешім:...................................................................................................................................................................................................................................................................................................................................................................................................................................................................................................................
...............................................................................................................................................................................................................................................................................................................................................................................................................................................................................................................................................................................................................................................................
Төраға:
Хатшы:
2. Қабырға газеті
Сыныптық және мектептік қабырға газеті қоғамдық ойдың күші пайдалануға көмектеседі, қатысушылардың тәртібінің жетіспеушілігіне және олардың қымбат сапасының қалыптасуына әрекет жасайды.
Әшекейлеу:
1. Тұрақты формалар болу керек.
2. Тегіс формат рамкаға алынады (1см. кем емес).
3. Тегіс форматтан өтетін жалпы әшекейлеу болуы керек.
4. Тақырып нақты болу керек. Форматтағы бүкіл көлемнің 1/5 бөлігін алу тиіс.
5. Бояу реті негізгі үш түстен көп болмауы керек.
6. Тақырыптың астына кезекті шығу нөмірін, қай мектептің ұйымдастырушылары, газеттің шығуы мен кім айналысқанын көрсетілуі тиіс.
Жанрлар:
· Бақылау, хабарландыру, әңгімелесу.
· Шағын әңгіме.
· Сықақтар.
· Өлеңдер.
· Мысалдар.
· Әңгімелер.
· Аңыздар.
Басылым:
· Газет мектептің бүкіл өмірінің оң және теріс жақтарын көрсету;
· Редколлегия мүшелері өзгеруі мүмкін болып тұрады.
3. Тәрбие сағатын талдау үлгісі
1. Тәрбие сағатын ұйымдастырушының аты-жөні;
2. Тәрбие сағаты қай сыныпта, қандай мектепте өтеді?
3. Тәрбие сағатының тақырыбы, мақсаты қандай?
4. Тәрбие сағатының формасы және әдісі қандай? (кеш, конференция, пікір – талас, әңгіме, жиын, жиналыс)
5. Тәрбие сағатының міндеттері өткізіліп отырған сынып ұжымының мүддесіне сай келе ме?
6. Тәрбие сағатына жақындық және өткізу кезеңдегі оқушылар сынып белсенділері және ұйымдастырушының шеберлігі қандай дәрежеде болды?
7. Тәрбие сағатын өткізу барысында қолданылған әдістер, көрнекіліктер, техникалық құралдар, музыкалық шығарманың маңызы, оларды қолдануда, тәрбие сағатын ұйымдастырудың шеберлігі қандай дәрежеде болды?
8. Тәрбие сағатының мазмұны оның тақырыбы мен мақсатына сай келе ме?
9. Тәрбие сағатының жоспарында көрсетілген кезеңдердің жүйелілік, бірізділік қағидасы сақталған ба?
10. Тәрбие сағатының өту барысында аудиториялық көңіл-күй қандай болды?
11. Тәрбие сағатын сынып ұжымына қалай әсер етті? Себебі?
12. Тәрбие сағатын дайындау, өткізу барысында қандай кемшіліктер болды? Болса, оларды болдырмау үшін, қандай тілегіңіз немесе ұсынысыңыз бар?
13. Тәрбие сағатында қолданылған көрнекіліктердің тартымдылығы, оқушылар ұжымына ықпалы қандай жәрежеде болды?
14. Осы сынып ұжыммен келешекте өткізілетін тәрбиелік шаралардың мазмұны және бағыты қалай болу керек деп ойлайсыз?
4. Сыныптан тыс өткізілген сынақ шараларына талдау жасаудың жобасы
1. Мерзімі, сыныбы, шараның түрі.
2. Тақырыбы, мақсаты, шараны таңдау себебі.
3. Дайындық әдістемесі, дайындау жоспары, оқушылардың материалдарды жинауға және жоспарлауға қатысуы, шараны дайындаудағы белсенділіктерінің рөлі, басшылық жасау мен бақылау әдістері, дайындықтың қиындықтары.
4. Шараның мазмұны: өзектілігі, қызықты эмоционалды материалдың болуы, түсініктілігі, негізгі тәрбиелік міндеттерге мақсаттың сәйкес келуі.
5. Өткізу әдістемесі: шараның қүрылысы, қолданылған әдістердің, шараның мазмұны мен оқушының жас ерекшелігіне сәйкес келуі, оқушылардың белсенділігі, оны жандандырудың жолдары, сынып жетекшісінің рөлі, жабдықтау.
6. Жалпы түйіндер мен қорытындылар, ұсыныстар:
Шара қойылған мақсатқа қол жеткізеді ме, бұл туралы қандай көрсеткіштер бойынша баға беруге болады, ең жақсы шыққан нәрсе не және шараны өткізудегі қиындықтар мен оның себептері, шараның тиімділігін арттыру үшін не қажет?
Сабақты жазып алу мен байқаудың түрі:
Мерзімі | Мұғалімнің қызметі | Оқушының қызметі | Пайдаланылған әдебиеттер |
Сынып___________ Оқу пәні_________ Мұғалім
5. Сынып жетекшінің күнделікті
пайдаланатын кітабы
Тәрбие жұмысының жоспарын жасауда ескеретін айрықша мәні және мейрам күндері.
1-2 қаңтар -.......................................................................................Жаңа жыл
3 наурыз (1992) -.............................................ҚР БҰҮ-ң мүшесі болған күні
8 наурыз -..............................................................Халықаралық әйелдер күні
16 наурыз (1992) -...........................................ҚР ұлттық гвардиясының күні
22 наурыз -.............................................................................Наурыз мейрамы
27 наурыз -................................................................Халықаралық театр күні
7 сәуір -.......................................................................Әлемдік денсаулық күні
18 сәуір -...........................................Халықаралық тарихи ескерткіштер күні
22 сәуір -………………….......………………………………………. Жер күні
25 сәуір -..................................Әлемдік туыстас қалалар күні (Алматы-Рено,
Алматы-Стамбұл,Астана- Анкара т.б.)
1 мамыр -............................Қазақстан халықтарының ынтымақтастық күні
7 мамыр -...............................................................ҚР қарулы күштерінің күні
9 мамыр -..........................................................................................Жеңіс-күні
31 мамыр -.........................................Аштықтың құрбандығын еске алу күні
1 маусым -............................................Халықаралық балаларды қорғау күні
5 маусым -...............................Халықаралық қоршаған ортаны қорғау күні
26 маусым -.................................Халықаралық нашақорлықпен күресу күні
30 тамыз -.........................................................................ҚР Конституция күні
1 қыркүйек -................................................Әлемдік Бейбітшілік, Білім күні
21 қыркүйек -....................Қазақ тілі мемлекеттік тіл дәрежесін алған күні
27 қыркүйек -..................................................................Әлемдік туризм күні
1 қазан -.........................................................................................Қарттар күні
Қазанныщ 1-ші жексенбісі -.............................................Мұғалімдер күні.
24 қазан -....................................................................Халықаралық БҰҰ күні
25 қазан -.................................................................................Республика күні
10 қараша -..............................................................Халықаралық жастар күні
19 қараша -......................................................ҚР пионер ұйымдарының күні
1 желтоқсан -.............................Халықаралық СПИД-ке қарсы күресу күні
10 желтоқсан -....................................................................Адам құқығы күні
16 желтоқсан -..................................................................ҚР Тәуелсіздік күні
31 желтоқсан -...................................................................................Жаңа жыл
Пайдаланған әдебиеттер
1. Әбенбаев С. Ш. Сынып жетекшісі. –Алматы.,2004. -202 бет.
2. Әбенбаев С. Ш. Тәрбие теориясы мен әдістемесі. –Алматы., -2004. -340 бет.
3. Әбдіразақов Е. Класс жетекшілері үшін тәрбие жұмысын жоспарлаудың үлгі нұсқасы /Қазақстан мектебі, 4-5/ 1994.
4. Әтемова Қ. Ата-аналар жиналысының мәні /Қазақстан мектебі,1/ 1996
5. Әтемова Қ. Ата-аналар жиналысының мәні - Қазақстан мектебі,№1, 1996. 30 бет.
6. Бодина Е. Воспитание школьников /Классный руководитель, 5-6/1966, 2/1997
7. Байбародова Л. В., Рожков М. И. Воспитательный процесс в современной школе. –Ярославль, 1998.
8. Воронов В. Диагностика в работе классного руководителя /Воспитание школьников, 2/2000
9. Воспитательная система школы. Проблемы и поиски /Н. Л. Селиванова. –М.: Знание, 1989. –С. 80.
10. Губашева С. Г. Отербай А. Ж. Тәрбие жұмысының әдістемесі., -Астана., -2007, -241 бет.
11. Гудкина Д.Л. Планирование организации воспитательной работы в школе, – М., 2003
12. Дереклеева Н.И. Справочник классного руководителя 5-11 классы. – М., 2003
13. Диагностика в работе классного руководителя. –Воспитание школьников, №2, 2000, 7-14 стр.
14. Иванов И. П. Энциклопедия коллективных творческих дел. –М., 1989.
15. Жарықбаев Қ., Қалиев С. Қазақ тәлім-тәрбиесі (Оқу құралы). –А.: Санат, 1995. -302 бет
16. Классному руководителю /Под ред. М. И. Рожкова. –М., 1999.
17. Концепция этнокультурного образования /Казахстанская правда от 08. 1996.
18. Қожахметова Қ. Ж. Сынып жетекшісі., -Алматы., 2000. -80 бет.
19. Кутнаев М.Р. Циклограмма педагогической деятельности // Классный руководитель. 2003. №3
20. Маленкова Л. И. Зачем классному руководителю план воспитательной работы //Народное образование. 9-10/ 1998.
21. Меңжанов А. Пікірталасты дайындау және өткізу. -/Қазақстан мектебі,1-2, 1995
22. Меңжанов А. Пікірсайысты дайындау және өткізу. -/Қазақстан мектебі, № 1-2, 1995, 20 бет.
23. Планирование воспитательной работы в классе. Методическое пособие /Под ред. Е. Н. Степанова. –М., 2000
24. Рожков М. И., Бейбородова Л. В. Организация воспитательного процесса в школе. –М., 1985.
25. Сластенин В.А. Методика воспитательной работы. –М., 2002, с. 143
26. Скоркина Н.М. Нестандартные форсы внеклассной работы. – Волгоград. 2001
27. Тәрбие сағаттарының үлгі тақырыптары. – /Қазақстан әйелдері, №1- 2008, 8-бет.
28. Тәжібаева С. Ғ. Мектептегі тәрбие жұмысын ұйымдстыу әдістемесі. –Алматы., -2007., 360 бет.
29. Тәжібаева С. Ғ. Мектептегі тәрбие жұмысын ұйымдстыу технологиясы. –Алматы., -2008 – 202 бет.
30. Шилина З. М. Классный руководитель: искусство воспитания. –М., 1997.
31. Щуркова Н. Вы стали классным руководителем. –М., 1986.
Дата добавления: 2015-11-14; просмотров: 759 | Нарушение авторских прав
<== предыдущая страница | | | следующая страница ==> |
Тарау бойынша тапсырмалар | | | Порядок проведения занятий по общевоинским уставам |