Студопедия
Случайная страница | ТОМ-1 | ТОМ-2 | ТОМ-3
АрхитектураБиологияГеографияДругоеИностранные языки
ИнформатикаИсторияКультураЛитератураМатематика
МедицинаМеханикаОбразованиеОхрана трудаПедагогика
ПолитикаПравоПрограммированиеПсихологияРелигия
СоциологияСпортСтроительствоФизикаФилософия
ФинансыХимияЭкологияЭкономикаЭлектроника

Тарау бойынша тапсырмалар

Читайте также:
  1. A] Мұра орналасқан елдің құқығы бойынша
  2. V. Тапсырмалар орындау.
  3. Азақстан Республикасының жағдайларына бар проблемаларды шешу бойынша бейімделуі мүмкін оң шетелдік тәжірибені шолу
  4. Бәсекелік ортаны қалыптастыру және дамыту бойынша мемлекеттік шаралар
  5. Баға бойынша ақпараттар
  6. Вирустық гепатиттердің алдын алу бойынша
  7. Герпес тақырыбы бойынша тесттік сұрақтар

Педагогика кафедрасы

 

 

Шалғымбекова Ә. Б.

 

 

Сынып жетекшісінің жолдамасы:

әдістемелік материал жиынтығы

(педагогикалық бағыттағы студенттерге арналған)

 

Қостанай



ББК 74.200.58

Ш 21

Құрастырушы: Шалғымбекова Әлия Батырхановна

педагогика кафедрасының доценті

Рецензент: Өтегенова Бибігүл Мазановна, п.ғ.к.

педагогика кафедрасының меңгерушісі

Шалғымбекова Ә. Б.

Ш 21 Сынып жетекшісінің жолдамасы: әдістемелік материал жиынтығы. Қостанай. ҚМПИ, 2009 ж. - 63 бет

 

 

Бұл әдістемелік нұсқау педагогикалық оқу орындарының студенттері мен оқытушыларына, мектептің тәрбие жұмысын ұйымдастырушылары мен сынып жетекшілеріне арналған.

 

ББК 74.200.58

 

Қостанай мемлекеттік педагогикалық институтының әдістемелік және сараптау кеңесінің шешімімен ұсынылды.

 

© ҚМПИ, 2009


Мазмұны:

 

Кіріспе.................................................................................................................. 4

1. Мектептегі тәрбие жұмысын ұйымдастыруда сынып жетекшісінің ролі

1.1 Сынып жетекшісінің циклограммасы....................................................... 5

1.2 Сынып жетекшісінің профессиограммасы................................................ 6

1.3 Сынып жетекшісінің атқаратын қызметтері............................................. 8

1.4 Сынып жетекшісінің негізгі міндеттері..................................................... 10

1.5 Сынып жетекшісінің күнделік дәптері...................................................... 11

1.6 Тарау бойынша тапсырмалар.................................................................... 14

2. Сынып жетекшісінің ұйымдастырушылық қызметі

2.1 Жеке тұлғаны зерттеу үлгісі...................................................................... 15

2.2 Ұжымды зерттеу үлгісі............................................................................. 18

2.3 Сынып жетекшісінің тәрбие жоспары..................................................... 21

2.4 Тәрбие жоспарына қойылатын негізгі талаптар..................................... 21

2.5 Тәрбие жоспарының үлгісі....................................................................... 22

2.6 Тақырып бойынша тапсырмалар............................................................. 26

3. Сынып жетекшісінің оқушылармен тәрбие жұмысын ұйымдастыру формалары мен тәсілдері

3.1 Тәрбие сағаты, оның тәрбиелік қызметтері............................................ 27

3.2 Тәрбие сағатын өткізу шарттары........................................................... 29

3.3 Тәрбие жұмысының ұйымдастырудың әдістері мен түрлері............. 29

3.4 Сыныптан тыс тәрбие жұмыстарының мақсаты, міндеттері және әдістемесі.................................................................................................... 33

3.5 Ұжымдық шығармашылық әрекетінің әдістемесі................................... 35

3.6 Диспут өткізу әдістемесі............................................................................ 36

3.7 Дискуссия.................................................................................................... 38

3.8 Әңгіме өткізу әдістемесі............................................................................. 41

3.9 Конференцияның түрлері, оны өткізу әдістемесі.................................... 42

3.10 Саяси хабарламаны өткізу әдістемесі....................................................... 45

3.11 Конкурсты өткізу әдістемесі...................................................................... 46

3.12 Ойындарды өткізу әдістемесі.................................................................... 47

3.13 Іскерлік ойындарды өткізу әдістемесі........................................................ 48

3.14 Тарау бойынша тапсырмалар................................................................... 50

Қосымша

Ата-аналар жиналысы, оның түрлері, өткізу әдістері....................................... 51

Қабырға газеті........................................................................................................57

Тәрбие сағатын талдау үлгісі.............................................................................. 59

Сыныптан тыс өткізілетін шараларына талдау жасаудың жобасы................. 60

Сынып жетекшісінің күнделікті пайдаланатын кітабі...................................... 61

Пайдаланған әдебиеттер.................................................................................... 62

 

Кіріспе

Тәрбие – педагогикалық процестің өте маңызды, әрі күрделі де ұзақ мерзімді қажет ететін құрамдас бөлігі. Оқушылардың сабақтан тыс уақытын тиімді ұйымдастыру, тәрбиелік шамалардың нәтижесін арттыру одан да күрделі мәселе. Мектеп жағдайында бұл жауапты мәселені жүзеге асыру, сынып жетекшілеріне жүктеледі. Оны нәтижелі ұйымдастыру, сынып жетекшілерінің педагогикалық білім деңгейінің сапасы мен педагогтік шеберлігіне байланысты.

Педагогикалық оқу орындарының студенттеріне тәрбие беру өнерін меңгерудің алғашқы кезеңі педагогика курсын оқып - үйренуден басталады. Ол көп сатылы болып келеді. Соның ішінде мектептегі тәрбие жұмысының әдістемесінің де қызметі айрықша.

Мектептегі тәрбие беру жұмысы әдістемесінің міндеті тәрбие беру жұмысынұйымдастырудың формалары мен әдіс-тәсілдерін ашып көрсету, болашақ ұстаздарға тәрбие беру саласындағы білім, іскерлік пен дағдыларды меңгеруге көмектесу.

Бұл әдістемелік нұсқаудың мақсаты – сынып жетекшілеріне және педагогикалық оқу орындарының студенттеріне оқушылардың тәрбие жұмысын ұйымдастыру әдістемесінің негізгі мәселелерін оқып-үйренуге, бағыт-бағдар беруге көмек көрсету.

Оқу курсында сынып жетекшілерінің практикалық даярлығының нәтижесін қамтамасыз ету және қажетті біліммен қаруландыру мақсатында оқушылармен тәрбие жұмысын ұйымдастырудың әдістемесі кейбір жақтарын қарастырады.

Бала тәрбиесі – шығармашылық үрдіс. Оны бір ғана оқу құралында толық баяндау немесе соған қатысты дайын рецепт беру мүмкін емес. Ол әрбір мектептің, тіпті сыныптың ішкі өз жағдайына байланысты ұйымдастырылады. Содықтан, бұл оқу-әдістемелік құралда мектептегі тәрбие жұмысын ұйымдастыруға сай барлық жағдайларды қамтып көрсету мақсат қойылмайды.

Бұл әдістемелік нұсқау педагогикалық оқу орындарының студенттері мен оқытушыларына, мектептің тәрбие жұмысын ұйымдастырушылары мен сынып жетекшілеріне арналған.


1. Мектептегі тәрбие жұмысын ұйымдастыруда сынып жетекшісінің ролі

1.1 Сынып жетекшісінің циклограммасы

I.Күнделікті:

¨ Кешігіп келген оқушылардан жұмыс, сабаққа келмеген оқушыларды анықтау, себебін білу.

¨ Сыныптағы кезекшілікті ұйымдастыру, бақылау.

¨ Әр оқушымен жеке жұмыс жасау.

 

I.Апта сайын:

¨ Сыныптағы оқушылардың күнделіктерін тексеру.

¨ Жоспар бойынша апталық сынып сағатын өткізу.

¨ Әр түрлі жағдаятқа сай ата-аналармен жұмыс жасау.

¨ Пән мұғалімдерімен байланыс болу.

¨ Бала денсаулығы жөнінде мектеп медбикесімен байланыста болу.

 

III.Апта сайын:

¨ Сыныптағы сабақтарға қатысу.

¨ Ата-ана комитетімен кездесу.

¨ Сынып белсенділерімен жұмыс жасау.

¨ Шаруашылық сұрақтарды шешу.

¨ Мектеп психологымен кездесу.

 

IV.Тоқсан сайын:

¨ Сынып журналын толтыру.

¨ Сынып жетекшілер семинарына қатысу.

¨ Бір тоқсанның жұмыс қорытындысы туралы анықтама жасау.

¨ Тәрбие жоспарына өзгерістер енгізу.

¨ Ата-аналар жиналысын өткізу.

 

V. Жыл сайын:

¨ Бір ашық тәрбие сағат беру.

¨ Сынып оқушылардың жеке іс-қағаздарын толтыру.

¨ Сынып ұжыммен бірлесіп істелінген жұмысқа анықтама беріп, жоспар жасау;

¨ Сынып жөніндегі статистикалық мәліметтерді жинақтау.

1.2 Сынып жетекшісінің профессиограммасы

Профессиограмма – кәсіби маңызды сапалар жиынтығын, қабілеттерін, білімін, дағды, икемдерін құрайтын мамандық сипаттамасы.

 

Тұлғаның сипаты мен қасиеті Қоғамдық-саяси, жалпы педагогикалық, әлеуметтік-тәрбиелік 1. Азаматтық және адамгершілік кемел. 2. Қоғамдық белсенділік. 3. Мамандығын сүю. 4. Балаларға деген махаббат, оларға адамгершілік қатынас. 5. Оқушының шығармашылық-практикалық бағытта болуы. 6. Өзіне және оқушыларға талаптар. 7. Әділ. 8. Төзімділік және өзін-өзі ұстай білу. 9. Өз-өзіне сын көзбен қарау. 10. Байқағыштық. 11. Мәнерлеп сөйлеу. 12. Шынайылық. 13. Тапқырлық. 14. Қарапайымдылық. 15. Шыдамдылық. 16. Оптимизм. 17. Сөзі мен ісіндегі беріктік және бірізділік. 18. Жинақтылық, тиянақтылық және тазалық  
Білімі   1.Тәрбие теориясымен әдістемесін тану. 2.Оқу пәнінің құрамы мен әдістемесін білу. 3.Психолого- педагогикалық білімі. 4.Анатомиялық, физиологиялық, гигиеналық білімі. 5.Ата-аналармен және қоғаммен жұмыс істеудің әдістемесі. 6.Саясат, тарих, өлкетану, әдебиет, өнер, мораль, этика, эстетика, құқық,техника және мәдениет жағынан қажетті білім.  
Іскерлігі мен дағдысы   Құра білушілік Тәрбие жұмысын жоспарлау, мақсатқа лайықты қызмет түрлерін іріктеп ала білу. Ұжым жағдайында әр оқушы тәрбиесінің индивидуалды бағдарламасын жүзеге асыра білу. Әр оқушыға оның психолого - физикалық және жасының ерекшеліктерін ескере отырып, жол таба білу.  
Ұйымдастырушылық Сынып белсенділерін анықтау және ұйымдастыру, олармен әртүрлі жағдайларда жұмыс істеу. Оқушылардың әр – түрлі ұжымдық және индивидуалды қызметтерін ұйымдастыра білу, олардың белсенділігін дамыту. Оқушыларға берілген тапсырмалардың орындалуын қадағалау және көмек көрсету. Ата – аналармен және қоғаммен жұмыс ұйымдастыру.
    Құра білушілік Оқушылармен, ата-аналармен, мұғалімдермен педагогикалық мақсатқа лайықты қарым-қатынас орнату. Ұжым ішіндегі және ұжымаралық қарым-қатынастарды реттеп отыру. Оқушыларды, ата-аналарды өзіне қарата алу, олармен қарым-қатынастың керекті формаларын таба білу. Оқушылармен қатынаста педагогикалық ықпалдың нәтижесін алдын-ала білу.  
  Ұйымдастырушылық Оқушылар мен ұжымның индивидуалды ерекшеліктерін зерттеу. Өз тәжірибесін, өз қызметінің нәтижелерін сын көзбен бағалау. Педагогикалық шеберлікті, өз-өзін білімдендіруді және өз-өзін тәрбиелеуді саналы түрде дамытып отыру. Жұмыста психолого- педагогикалық зерттеулерді, жаңа мектеп тәжірибесін қолдану. Жұмыста қолданатын әдістер мен тәсілдерді болжай алу.  
  Коммуникативтік Шығармашылық (сурет салу, ән айту, би билеу, музыкалық аспапта ойнау, мәнерлеп оқу). Бұқаралық – ермектік. Спорттық – туристік. Оқытудың техникалық тәсілдерін игеру  

1.3 Сынып жетекшісінің атқаратын қызметтері

 

Педагогикалық және әлеуметтік- гуманитарлық Баланың әлеуметтік қалыптасуы мен дамуына жағдай тудыруға, баланың тұлғалық өзекті мәселесін шешуге, оны әлеуметтік өмірге араластыру және өз бетінше өмір сүре білуіне көмектесуге бағытталған.

 

Ұйымдастырушылық қызметі. Балалардың орынды талап –тілектерін қолдай отыра, ынтымағы жарасқан, саналы да белсенді әрі іскер сынып ұжымын қалыптастыру. Олардың танымдық, еңбек, эстетикалық әрекеттерін және демалысы мен еркін қарым-қатынасын ұйымдастыру.
Оқушылардың жалпы әрекетін басқару: ¨ Нақтамалық. ¨ Мақсат қоюшылық. ¨ Жоспарлау. ¨ Болжам жасау. ¨ Бақылау. ¨ Түзету қызметтері.
 

 


Нақтамалық қызметі - оқу- тәрбие процесіннәтижелі ұйымдастыру үшін, оның жетекші оқушылары тәрбиесінің деңгейі мен өзгеру барысын анықтап отыруды, соған сәйкес оқушылардың тұлғалық және жеке дара ерекшеліктерін зерттеу және оған талдау жүргізуді; сыныптағы келеңсіз жағдайдың себебін іздестіріп, анықтап, оны болдырмаудың тәсілдері мен жолдарын қарастыруды көздейді.

Сынып жетекшісі осындай жұмыстарды атқару барысында, біріншіден, өзінің педагогикалық әрекетінің нәтижесін көре алады. Екіншіден, нақтама, яғни зерттеу жұмысының нәтижесін пайдалануда,оны баланың жеке тұлғасын қалыптастыру және дамыту құралына айналдыру мүмкіндігі туындайды. Бұл процесс оқушылардың жас ерекшілігі мен сынып ұжымының қалыптасу дәрежесіне байланысты жүзеге асады.

Тәрбие жұмысының мақсаты -баланың жеке тұлғасының даму процесін басқару міндеттерін анықтайды. Сондықтан, сынып жетекшісінің мақсат қоюшылық қызметі тәрбие жұмысын жоспарлауда көрініс табады.

Жоспарлау – бұл сынып жетекшісінің педагогикалық және сынып ұжымының оқу-тәрбие процесіндегі әрекетін нәтижелі ұйымдастырудағы маңызды буыны. Жоспардың қызметі - педагогикалық ықпалды жүйеге келтіру, педагогикалық талаптарды орындауды қамтамасыз ету, ондағы белгіленген тәрбие шараларының бірізділігі мен басқару тиімділгін қамтамасыз етуді көздейді. Жоспарлау – мақсатқа жетудің бірден-бір негізгі жолы.

Тұлғаны тәрбиелеуде оның ертеңгі қуанышты күнін, болашағын болжау, оны жобалаудың да маңызы ерекше. А.С.Макаренко адамдағы жақсы қасиет әркезде оны жобалау арқылы келетіндігіне үнемі назар аударған. Сол секілді В.А Сухомлинский де «тәрбиені ғылыми тұрғыда алдын - ала болжамдау, онда ол қарапайым көрініске: тәрбиеші – сауатсыз күтушіге, педагогика- балгерлікке айналар еді» - дейді. Сондықтан, тәрбие процесінің нәтижесін алдын ала жобалау, болжау сынып жетекшісі қызметінің маңызды бір буыны болады. Онсыз тәрбиедегі, біріншіден мақсаттылықтың, екіншіден, тәрбие процесінің өзі де болмаған болар еді.

Сынып жетекшісінің оқушылардың оқу және тәрбие процесіне бақылау жүргізіп және оны түзетіп отыруы – бұл оның нәтижесін, сапасын қадағалауға мүмкіндік беріп, оны үнемі жетілдіріп отыруды қамтамасыз етеді. Бақылаудың нәтижесіне талдау жасау барысында сынып жетекшісі қажет болған жағдайда балалар ұжымы немесе жекелеген оқушылардың әрекеттеріне түзету енгізуді жүзеге асырады. Дегенмен де, сынып жетекшісінің оқу - тәрбие процесін бақылауды және түзетіп отыру қызметі тік оқушылармен және пән мұғалімдерімен бірлескен жұмыстары барысында ғана іске асады.

Сынып жетекшісінің жоғарыда көрсетілген қызметі оның педагогикалық әрекетінің мазмұнын анықтайды.

1.4 Сынып жетекшісі жұмысының негізгі міндеттері

 

¨ Сыныптағы оқушылардың талап-тілектері мен мүдделерін және олардың жеке басының ерекшеліктерін жан-жақты зерттеп білу.

 

¨ Сыныптағы оқушылардың не нәрсеге бейімділігін анықтап, оларды ынтымағы жарасқан белсенді, саналы ұйымға ұйымдастыру.

 

¨ Сыныптағы пән мұғалімдері мен мектеп әкімшілігінің және оқушылардың, ата - аналарының тәрбиелік ықпалын үйлестіру, оқушыларға қоятын педагогикалық талаптардың бірлігін қамтамасыз ету.

 

¨ Тәрбие үрдісінде мектептің, отбасы мен жұртшылықтың тығыз қарым-қатынасын қамтамасыз ету.

 

¨ Оқушылардың ата-аналарымен үнемі байланыс жасап, отбасыдағы бала тәрбиесіне байланысты педагогикалық оқу, насихат жұмыстарын жүргізу.

 

¨ Оқушыларды тәрбиелеуде сыныптан және мектептен тыс түрлі бағытта тәрбие жұмыстарын ұйымдастыру.

 

¨ Тәрбие мен өзін-өзі тәрбиелеудің бірлігін қамтамасыз ету.

 

¨ Тәрбие қызметінің тұтастығын, жүйелігін, тәрбиелік шаралардың бірлігін қамтамасыз ету.

 

¨ Тәрбиенің негізгі бастауы – ұлттық тәлім- тәрбиені сынып жетекшісі қызметінің маңызды бір саласы ретінде қаратыру.


1.5 Сынып жетекшісінің күнделік дәптері

Бұл – сынып жетекшісі жұмысының есебін жүргізудің маңызды және қажетті буыны. Себебі, сынып жетекшісінің күнделігі оқушылар ұжымының оқу – тәрбие жұмысының орындалуы мен нәтижесіне талдау жүргізу, оған түзетулер енгізіп, бағыт – бағдарын нақтылап, отыруды жүйелеп атқаруға мүмкіндік туғызады.

Сынып жетекшісінің күнделігі сол сыныптың шежіресі іспеттес.

Онда:

· жалпы сынып жайлы және жекелеген оқушылардың өміріндегі елеулі оқиғалар;

· деректер және атқаратын істері;

· жетістіктері мен кемшіліктері туралы мағлұматтар жазылып, талданады;

· әрі олар күнделікті педагогикалық процесті жетілдіру мен оған түзетулер енгізіп отыруда пайдаланылады.

 

Оқу жылының соңында сынып жетекшісі мектеп әкімшілігіне сыныпта атқарылған тәрбие әрекеттеріне қатысты кең көлемде есеп жұмыстарын тапсырады. Бұл есебінде ол оқу – тәрбие жұмысына талдау жасап, сынып ұжымының даму дәрежесі мен көңіл – күйін баяндайды. Осының бәрі сынып жетекшісінің күнделігінде қорытылып, оған қатысты жалпы мағлұматтар жүйеленеді. Мұндай жүйелі жұмыс болашақта атқарылатын педагогикалық әрекеттің дұрыс ұйымдастырылып, жоспарлануына және тәрбие прцесінің сабақтастығына үлкен септігін тигізеді. Соған орай, төменде сынып жетекшісінің күнделік дәптерінің шартты түрде алған құрылымының үлгісін ұсынамыз:

 

 


1- бет;

Мектеп директоры

“Бекітілді”

“Келісемін”

Тәрбие жөніндегі орынбасары

 

Мерзімі

 

Сынып жетекшісінің аты- жөні

Сынып

Бет;

Қоңырау кестесі.

Сынып сабағының кестесі.

 

Бет;

Оқушылардың тізімі.

Оқушының аты-жөні Туған жылы Жынысы Ұлты Қоғамдық жұмыстары Үйірмеге қатысы Оқушы-ның Денсау-лығы
               
               
               
               
               
               
               
               
               
               

Бет;

Ата- аналар туралы мағлұмат

Ата-ананың аты – жөні Атқаратын қызметі Мекен - жайы Телефон Анасы Әкесі Ана мамандығы Әке мамандығы Жұмыс істемейді  
Жоғары білімді Арнаулы орта білімді Жалпы орта білімді Жоғары білімді Арнаулы орта білімді Жалпы орта білімді  
                   
                             

 

 

Бет;

“ ” сыныбының тоқсандық жалпы үлгірімінің нәтижесі

Пән аттары Қазақ тілі Әдебиет Орыс тілі Орыс әдебиеті Математика Геометрия Сызу Ән Бейнелеу Дене шынықтыру География Химия Физика Ағылшын
  Оқушы-ның аты-жөні                            
                               

 


Бет;

Көп балалы туралы мағлұмат

Ата-ананың аты-жөні Отбасындағы балалар саны Қандай көмек қажет Қандай көмек көрсетілді
         

7 – бет: Ата–ана комитетінің құрылымы.

8 – бет: Сынып ұжымына жалпы мінездеме.

9 – бет: Өткен оқу жылындағы атқарылған тәрбие жұмысына педагогикалық – психологиялық талдау.

10 – бет: Биылғы оқу жылының мақсат міндеттері.

11 – бет: Тәрбие жоспарына сай сыныпта атқарылған жұмыстарға педагогикалық – психологиялық талдау жұмыстары.

 

- Оқу жылының соңында сынып көлемінде атқарылған жұмыстарға жалпы қорытынды;

- Оқушыларға жалпы психологиялық мінездеме.

Тарау бойынша тапсырмалар

1. Сынып жетекшісінің профессиограммасын құру, циклограм­ма­­сын конспектілеу

2. Сынып жетекшісінің діптерінің мазмұнын және тәрбиеші тура­­лы жағдайды конспектілеу

2. Сынып жетекшісінің ұйымдастырушылық қызметі

2.1 Жеке тұлғаны зерттеу үлгісі

Жалпы мағлұмат:

1. оқушының аты-жөні, туған жылы, денсаулығы, отбасындағы тұрмыс тіршілігі, үлкендермен қарым-қатынасы, отбасы тәрбиесіндегі негізгі бағыттың дұрыстығы;

2. мектепке қатынасы және оқушылар ұжымымен өзара қарым-қатынасы;

Оқу әрекеті:

1. үлгерімі, пәндерге ықыласы мен қызығушылығы, білім деңгейі;

2. ой өрісі, көп оқығандығы;

3. оқуға қатынасы мен білімге қызығушылығы;

4. оқу қабілеті;

5. оқу әрекетіндегі ынта-жігері;

6. оқи білуі;

7. тіл байлығы;

 

Еңбек әрекеті:

1. еңбекке қатысуы;

2. еңбек дағдысы мен шеберлігін меңгеруі;

3. еңбек процесіндегі жауапкершілігі мен тәртібі;

4. ұзақ еңбек дағдысына машықтануы;

5. еңбек әрекетінің түрін қалауы;

 

Жеке бастың бағыты және арнайы қабілеті:

1. қызығушылығы;

2. сенімі, арманы. Мінезіндегі асқақтық байқала ма?

3. қайсыбір әрекетінде қабілеті ерекше;

4. нені армандайды және келешекте нені істеуге ниет етіп жүр?

 

 

Тәртібі:

1. мінез-құлқына сипаттама;

2. темперамент ерешелігінің көрінісі;

3. үлкендердің талабын орындауы шын ниетпен немесе зорлықпен: оларды орындауға жиі қарсылық көрсете ме, атап айтқанда олар қандай?

 

Темпераменті мен мінезіндегі ерекшеліктері:

1. мінезіндегі оң және теріс қабілеті;

2. теперамент ерекшелігінің көрінісі;

3. көңіл-күй көтеріңкілігі;

 

Жалпы психологиялық-педагогикалық қорытынды:

1. оқушының жеке басының қалыптасуындағы негізгі жетістік пен кемшіліктер;

2. мұғалімнің алдында тұрған негізгі психологиялық-педагогикалық міндеттерді және келешекте оқушылармен атқарылатын тәрбие жұмыстарының бағыттарын анықтау.

 

 

Жеке тұлғаны зерттеу схемасы

               
   
 
Мектептен тыс байланыстар және сабақтар
   
оқушы
   
 
 
 

 

 


Өз-өзіне деген қарым қатынас
Сынып ұжымымен қарым қатынас
Танымдық мүмкіндіктері мен қабілеттіктерінің деңгейі
Күш-жігерлік және эмоционалдық қасиеттері
Еңбекке баулуға көзқарас
Қызығу-шылықтары
Идейно-саяси бағыттылық
Тұлғаның бағыты
Денсаулығы
Жалпы дерек
  Тұрмыстық

 

 

                   
         
 

 

 


2.2 Ұжымды зерттеу үлгісі

1. Сынып құрамы.

§ Сыныптың жас ерекшелік құрамы.

§ Оқушылардың танымдық даму деңгейі.

§ Оқушылардың жұмыс қабілеттілігі және үлгірімі.

§ Сыныптың қоғамдық қабілеті. Қоғамдық істерге қызығушылық. Қоғамдық нұсқауларды орындау. Оқушылардың идеялық-саяси бағыты.

 

2. Сынып жинақтылығы.

§ Іскерлік қызығушылықтары бар немесе кері сипаттағы топтар бар ма?

§ Оқушылар мектептегі және одан тыс уақыттарын бірге өткізуді үнатады ма?

§ Ұлдар мен қыздар достаса ма. Ұлдар қыздарды қорғайды ма?

§ Ұлдар жалпы ұжым мүшелерін қорғайды ма?

§ Оқушы өз сыныбының сәттіліктеріне қуанып, сәтсіздіктерден уайымдайды ма?

§ Жалпы мектептік іс-шараларда бірге жүгіруге тырысады ма, әлде бөлек жүреді ме?

 

3. Сынып ұйымшылдығы.

§ Оқушылар ұжымдық жұмыстарды атқару үшін өз беттерінше ұйымдаса алады ма. Жұмыста өзара бөлісіп, оны саналы түрде орындай алады ма?

§ Жиналыстарда, үзіліс уақытында, әр түрлі нұсқауларды орындау арысында оқушылар бір-біріне зейін қойып, шыдамдылықпен тыңдай ала ма?

§ Өкілетті тұлғаның әміріне бағынады ма?

 

4. Сыныптағы қоғамдық пікір.

§ Өз жолдастарының қандай қылықтарын жақтайды, қандайын даттайды.

§ Өздерінің жақтауларын немесе жақтаушыларын қалай және қандай формада білдіреді.

§ Оқушылардың айтқан сөздері мен істеген істерінде бірізділік бар ма?

§ Сыныптағы сын, өзіңді сынау.

 

5. Ұжымдық жолдастық қатынастардың сипаты.

§ Оқушыларды не байланыстырады: ортақ мекен-жай, партадағы орын, қызығушылықтар, ортақ жұмыс.

§ Оқушылар қай кезде достасады (тек мектепте ғана ма, әлде онан тыс кезінде де ме)?

§ Олар өз жолдастарына мейірімді ме, көмектесуге тырысады ма. Қалай.

§ Оқушылар өз достарына талаптар қояды ма. Олардың бойындағы кемшіліктерді көре ала ма?

§ Белсенділерге, үздік оқитындарға, үлгірімдері нашарларға, іс білдірушілерге деген сыныптың қатысы қандай?

§ Дене кемшіліктері бар жолдастармен қатынастары дұрыс па?

 

6. Сынып белсенділері.

§ Сынып құрамы.

§ Сыныптың ресми және фактілік белсенділері.

§ Белсенділердің беделі бар ма?

§ Белсенділердің сыныптағы жолдастарына деген қатынасы қандай.

§ Сынып белсенділердің әмірлері орындалады ма?

§ Сынып белсенділердің құрамында ылғи болатын оқушылар бар ма?

§ Жалпы мектептік белсенділер сынып өмірімен өмір сүре алады ма, сыныптан бөлектенбейді ме. Сыныпта оларды сыйлайды ма?

 

7. Сынып ұжымының қоғаммен байланысы.

§ Мектепте және басқа сыныптарда болып жатқан оқиғалардан сынып хабардар бола ма?

§ Сыныпта мектеп өмірін жақсарту туралы ойлар айтылады ма?

§ Сыныпта жалпы мектептің нұсқаулары орындалады ма?

§ Оқушылардың басқа сыныптармен байланыс сипаты қандай?

§ Сынып жалпы мектептік іс-шараларға қалай қатысады.

 

8. Сыныптың жинақтылығын іс-шаралар арқылы дамыту.

§ Сынып ұжымын ұйымдастыру мақсатымен сыныпта қандай іс-шаралар өткізу керек.

Тәрбиелік ықпал жасау үшін сынып ұжымын қалай қолдану керек.


Ұжымды зерттеу схемасы


2.3 Сынып жетекшісінің тәрбие жоспары

Сынып жетекшісінің тәрбие жоспары – міндетті педагогикалық құжат

 

Сынып жетекшісінің тәрбие жоспарындағы мақсат – міндеттері және мазмұнымен танысу барысында, белгілі бір сыныптағы оқушылардың тәрбиелік деңгейінің сапасын, адамгершілік қасиетін, қызығушылығы мен жеке бастарының кемшілігін т.б. қасиеттерін байқауға болады. Ол үшін тәрбие жоспары объективтік тұрғыда сыныптағы оқушылардың нақтылы жағдайларын ескере отыра жасалуы тиіс. Сонда ғана мектеп оқушыларын тәрбиелеу қоғамның талабына сай нәтижелі жүргізіледі.

Тәрбие жұмысын жоспарлау оқушылар ұжымының бүгінін ойлауға, ертеңінің негізін қалауға көмектеседі.

Жоспар жарты жылға немесе тоқсанға арнап жасалынады. Тәжірибелі сынып жетекшісі тоқсандық жоспардан, айлық және апталық жоспар құрып алады. Бұлай жұмыс жасау жоспардың икемділігі мен тиімділігі арттырады.

 

2.4 Тәрбие жоспарына қойылатын талаптар

 

Жоспар – ұжымның еңбегінің белгісі. Сондықтан тәрбие жоспарын құру барысында оқушылардың белсенділігін арттыра отырып, олардың өздерінің қатысуын қамтамасыз ету;

 

¨ Тәрбие жоспарының мақсаты, міндеттері айқын болсын.

¨ Тәрбие жоспарының мазмұны, оның мақсатымен бірлікте болу қажет.

¨ Оқушылардың жеке басының жас ерекшеліктерін және мүмкіндіктерін ескерту.

¨ Тәрбие жоспарын ықшамды, әрі онда көрсетілетін шаралар орындалатын болсын.

¨ Тәрбие жоспарындағы атқарылған шаралар саны жағынан емес, сапасы анықталған болсын.

¨ Тәрбиелік шараларды атқаруда қолданатын әдістер бір сарынды емес, әр тарапта және әр жақты болуын ескеру керек.

¨ Жоспар құру барысында сынып жетекшісі оқушылардың не нәрсеге қызығатынын олардың қандай істерді өткізгілері келетінін, ұсынылған шараларға қалай қарайтынын анықтауы қажет.

¨ Жоспарындағы тәрбиелік шаралар жүйесі, бірізділікпен құрылуы тиіс.

¨ Тәрбиенің салаларына қатысты белгіленген шаралар жеке дара емес, біртұтастық ұстанымға сай құрылуын ескеру.

 

2.5 Тәрбие жоспарының үлгісі

I. Сынып жайлы мәлімет:

· сынып,

· сынып белсенділері,

· балалардың тәртібі,

· денсаулығы,

· сабақ үлгерімі,

· қабілеттері,

· олардың ата – аналардың, белгілі бір ұйымға қатысы,

· қоғамдық тапсырмасы,

· тұрғылықты мекен – жайы туралы қысқаша сипаттама беріледі.

II. Өткен оқу жылына сай атқарылған тәрбиелік шаралардың нәтижесіне қысқаша талдау.

III. Жаңа оқу жылына белгіленген тәрбие жұмысын мақсаты мен міндеттерін анықтау.

IV. Сынып жайлы мәлімет, өткен оқу жылында атқарылған тәрбие жұмыстарының нәтижесіне талдау, жаңа оқу жылына арналған сол сыныптағы тәрбие жұмыстарының мәндеттері негізінде оқушылармен, ата –аналармен, қоғамдық ұйымдар және пән мұғалімдерімен бірлесе атқарылған тәрбиелік шаралар мазмұны және формалары төмендегідей бөлімдерде көрсетіледі:

 

 

 

Жалпы азаматтық құндылықтар бағдарламасы Қараша
I апта II апта III апта IV апта
1. Жер        
2. Отан        
3. Отбасы        
4. Еңбек        
5. Білім        
6. Мәдениет        
7. Әлем, бейбітшілік        
8. Адам        

Мына тәрбие жоспарын белгілі орыс педагогтар Л. И. Маленкова, Н. Е. Щуркова ұсынады, оның мазмұны оқушылардың іс- әрекет түрлеріне

байланысты.

Іс- әрекетінің түрлері Қазан
I апта II апта III апта IV апта
1. Танымдылық XXI ғ Көшбас- шысы      
2. Құндылық- бағыттылық   Пікір – талас “Отбасы және мен”    
3. Еңбек     Сенбілік  
4.Шығармашылық        
5. Дене сауықтыру шынығу       Спорттық олимпиада
6. Қарым – қатынас әрекетіне        
7. Ойын        

Апталық тәрбие жоспары:

Өтетін мерзім Әрекет Орындаушылары өткізілгені туралы белгілер ескерту
15.03 – 15.12 Сынып сағаты “Отан туралы не білемін?” Сынып жетекшісі, оқушылар     + Көрнекілік құралдар болған жоқ
15.09 – 19.09 Мектеп кезекшілігі Сәрсенбаева. Г. Тукешев. К. + +  
17.09 әңгімелесу Сынып жетекші-сі, психолог өткізілген жоқ Психолог келмей қалды
19.09 Күнделікті жинау Сынып жетекшісі + 3 оқушы тапсырған жоқ

 


  Апта аралығын көрсету
Негізгі бөлімдер Тәрбиелік шараның мазмұны Формасы мен тәсілі Мерзімі, уақыты Жауапты адамдар өтілгені туралы белгі  
1. Сынып ұжымын ұйымдастыру          
2. Оқушылардың өзін-өзі басқару ұйымдары және балалардың бірлестігі мен өзара әрекеттері          
3. Пән мұғалімдері және мектеп әкімшілігіне байланыс          
4. Отбасы және жұртшылық-пен жұмыс          
5. Жеке оқушымен жұмыс          

 


Дата добавления: 2015-11-14; просмотров: 1634 | Нарушение авторских прав


<== предыдущая страница | следующая страница ==>
Incomplete Grades| Тарау бойынша тапсырмалар

mybiblioteka.su - 2015-2024 год. (0.08 сек.)