Студопедия
Случайная страница | ТОМ-1 | ТОМ-2 | ТОМ-3
АвтомобилиАстрономияБиологияГеографияДом и садДругие языкиДругоеИнформатика
ИсторияКультураЛитератураЛогикаМатематикаМедицинаМеталлургияМеханика
ОбразованиеОхрана трудаПедагогикаПолитикаПравоПсихологияРелигияРиторика
СоциологияСпортСтроительствоТехнологияТуризмФизикаФилософияФинансы
ХимияЧерчениеЭкологияЭкономикаЭлектроника

Арыш саласының дамуы заңмен негізделуі қажет қой. Парламент депутаттары бұл салада қандай жұмыстар атқаруда?

Читайте также:
  1. БАӨЖ-на қойылатын талаптар және курстық жұмыстарын/жобаларын орындау бойынша әдістемелік нұсқаулар
  2. ВЕЛИКИЙ ПАРЛАМЕНТ ИНСТИНКТОВ
  3. Великий парламент инстинктов.
  4. Влияние парламентских выборов 2003 года на формирование политического режима в России
  5. дене бұлшықеттерінің парезі
  6. Конституционная (парламентская) монархия.

– Әрине, бұл салада әлі де бірқатар қиындықтар бар. Мысалы, біз осы саланы жасақтауға кіріскенімізбен, әлі күнге дейін ғарыш қызметін реттейтін «Ғарыш қызметі туралы» заңымыз жоқ. Мұның себебі де белгілі. Қазақстан Республикасының «Ғарыш қызметі туралы» Заңының жобасы 2006 жылы желтоқсанда Парламент Мәжілісінің өткен шақырылымының қарауына ұсынылған. Айта кету керек, ол кезде Қазақстанда ғарыштық қызметті реттейтін салалық орталық мемлекеттік атқарушы құрылым болмаған. Тек ҚР Білім және ғылым министрлігі жанында Аэроғарыштық комитет ғана бар еді. Бәлкім, аталған министрлікте ғарыш саласын терең игерген мамандардың жеткіліксіздігінен болар, заң жобасы барысында депутаттар айтарлықтай кемшіліктерді тапты. Құқықтық нормалары негізінен декларативті сипатта еді, ғарыштың экономиканың бір саласы ретіндегі маңызды мәселелері қамтылмады. Заң жобасының өзі небәрі сегіз беттен тұратындығы, әлбетте, өзін-өзі айқындап тұрғандай. Жағдайды Мәжіліс қабырғасында-ақ жөндеуге талпыныс жасалды. Жұмыс тобына мүше депутаттар 116 өзгерту енгізді, көптеген құқықтық ережелер Қазақстанның қолданыстағы заңдарына сәйкестендірілді және оның тіпті бүкіл мәтіні айтарлықтай өңделді. Енгізілген өзгерістер ілеспелі заң жобаларының жетілдірілуін талап етті. Сонымен қатар, депутаттардың енгізген барлық өзгерістері мемлекеттік шығынның ұлғаюын қажетсінетін, ол әлемдік экономикалық дағдарысқа байланысты Республикалық бюджеттік комиссия тарапынан қолдау таппады. Осыған байланысты Парламент Мәжілісі тарапынан Үкіметке Заң жобасын қайтарып, құрылған Агенттіктің кәсіби мамандарын қатыстыра отырып, сәйкесінше өңдеу және қосалқы заң жобаларын әзірлеу жөнінде ұсыныс енгізілді. Дегенмен, бұл заң жобасы алдағы уақытта жетілдіріліп, Мәжіліске келіп түсетін шығар.

Жалпы, біз «Байқоңыр» ғарыш айлағын тек сөз жүзіндегі мақтанышымыз ғана емес, мемлекетімізге қыруар пайда әкелетін кешен ретінде пайдалануға қол жеткізгеніміз абзал. Бұл саладағы көзделген жобалар жүзеге асса, осы мақсаттың орындалатынына сенемін

Қазақстан Республикасының Ұлттық ғарыш агенттiгi

Уикипедия — ашық энциклопедиясынан алынған мәлімет

ҚР Ұлттық ғарыш агенттiгi
Қызметі Ғарыш айлағын зерттеу
Құрылған жылы  
Басты адамдары төрағасы Мұсабаев Талғат Аманкелдіұлы
Айналым 33 млн тенге (2012 жыл)
Сайты kazcosmos.gov.kz


Қазақстан Республикасының Ұлттық ғарыш агенттiгi, қысқаша Қазғарыш - ғарыш қызметі саласындағы мемлекеттік реттеуді, сондай-ақ заңнамада көзделген шекте ғарыш қызметі саласындағы салааралық үйлестіруді жүзеге асыратын, Қазақстан Республикасы Үкіметінің құрамына кірмейтін Қазақстан Республикасының орталық атқарушы органы болып табылады. Агенттіктің қызметі аясындағы негізгі міндеттері мыналар болып табылады: ғарыш қызметі саласында бірыңғай мемлекеттік саясат қалыптастыру және оның негізгі бағыттарын іске асыруды қамтамасыз ету, өз құзыреті шегінде ғарыш саласындағы қызметті мемлекеттік реттеу мен үйлестіруді жүзеге асыру, Қазақстан Республикасында мақсатты ғарыш жүйелерін, жер үсті ғарыш инфрақұрылымы объектілерін, ғарыштық зерттеулер мен технологияларды, кадр әлеуетін қамтитын ғарыш саласын қалыптастыру және дамыту, ғарыштық технологиялар мен қызметтер нарығын қалыптастыру үшін жағдай жасау, Қазақстан Республикасында ғарыш қызметін атқарады.[1]


Дата добавления: 2015-10-21; просмотров: 128 | Нарушение авторских прав


<== предыдущая страница | следующая страница ==>
Ең үлкен жобалардың бірі «Байтерек» — космостық зымыран ұшыру кешені| РЕЗУЛЬТАТЫ АТТЕСТАЦИИ

mybiblioteka.su - 2015-2024 год. (0.007 сек.)