Қазақстандағы жоғары білімнің стратегиялық міндеттері ұлттық білім беру жүйесіндегі жетістіктерді сақтай отырып, оны әлемдік білім берудің ең озық үлгісімен сәйкестендіруге негізделеді. Еліміздегі білім беру жүйесі үлкен екі маңызды процесті жандандыруға бағытталған: ұлттық білім беруді жаңа арнаға салу және әлемдік білім кеңістігімен ықпалдасу.
Бүгінде Америка мен Батыс Еуропаның көптеген елдерінде кредиттік оқыту жүйесі қолданылады. Осы кредиттік оқытудың ережелері Қазақстанда да жетілдіріліп келеді. Болон процесіне сәйкес, жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі кәсіби білімнің мынадай сатылары енгізілген:
1. бакалавриат (жоғары базалық кәсіби білім) – 4 жыл; 2. магистратура (кәсіби жоғары білімнің екінші сатысы) – 2 жыл; 3. докторлық бағдарлама (жоғары оқу орнынан кейінгі кәсіби білім) – 2 немесе 3 жыл.
Кредиттік технологияға көшу студенттің дәстүрлі бағасы мен аудиториялық және аудиториядан тыс жұмыстарының орнына сынақ бірліктері жүйесін енгізуді көздейді. Сынақ бірліктерінің жүйесі шеберлік пен іскерлікті бағалаудың шартты бірліктерін нақтылауға мүмкіндік беретін механизм болып табылады (семинар, дәріс пен іс- тәжірбиелері, өзіндік жұмыстар мен аралық бақылаулар).
Сынақ бірлігі жүйесі жоғары оқу орындары шеңберінде шетел университеттерімен қарым-қатынастар жасау, үзіліссіз білім беру жүйесі арқылы білім нәтижелерін мақұлдау сынды оқу процесін ұйымдастырудың желілік емес түрін енгізу құралы ретінде пайдаланылады. Оның артықшылығы да осында.
Кредиттік оқыту жүйесінде оқу ісінің еңбекті қажет ету талаптары оқытылатын материалдың мөлшері бойынша жүзеге асады және ол несие арқылы көрініс береді. Мұндай жағдайда әрбір пән мөлшері ерікті түрде анықталады, ал пәннің несиелік бірлік есебі мемлекеттік жалпыға міндетті стандарт негізінде және осыған сәйкес типтік оқу жоспары бойынша жүзеге асады.
Оқу жылы қалыптасқан тәртіп бойынша 32 аптадан тұрады, ал оның 30- ы теориялық білім беруге, 2-еуі қорытынды бақылауға арналады. Оқу орнын академиялық кезеңдерге бөлу, практика мен демалыс мерзімінің ұзақтығын анықтау құқы жоғары оқу орнының өзіне берілген. Күндізгі оқу формасы бойынша, студенттердің демалысы жылына екі реттен кем болмайды, әрі қысқармайды. Оқу жылының басы – қалыптасқан дәстүр бойынша – 1 қыркүйек, ал академиялық кезең семестр болып табылады.
Басқару стилі және оның ұйым тиімділігіне Жетекші басқару әдістері жүйесін таңдау туралы сұрақты Басқару стилі - басқарудың негізгі факторы. Ішкі Басқару стилі - бағынушыларға ықпал етіп, оларды Басқару стилін құру бойынша менеджердің тәжірибелік жұмысы. Іс-әрекеттік стильдер былайша бөлінеді: 1. Авторитарлық жетекші жеткілікті билікке ие Стилъдің қасиеттілігі: командаларды орындаудың оңтайлығы мен анықтығын Жетіспеушіліктері: инициативаны басу, еңбекке тиімді ынта құрмайды, 2. Басқарудың демократиялық стилі. Демократиялық стильдің негізгі Ерекше қасиеттері: жұмыстың шығармашылық инициативасына жағдай жасайды, Жетіспеушіліктер: жұмысшылардың активтілігі мен инициативтілігі әрқашанда ұйым 3. Либералды - бағынушыларға мақсаттарды анықтауға, өз Ерекше қасиеттері: жұмыстың оңтайлы инициативасына жағдай жасайды
Досмұқасан — эстрадалық вокальді аспаптар ансамблі. 1967 ж Қазақ политехнологиялық иниститутының(қазіргі Қазақ мемлекеттік ұлттық техникалық университеті) жанынан құрылды. Ансамбль аты оны ұйымдастырушылар (Д.Сүлеев, М.Құсайынов, Қ.Санбаев, А.Литвинов) есімдерінің (Досым, Мұрат, Қамит, Саня) алғашқы буындарынан құралған. Ансамбльдің аталған алғашқы құрамына кейіннен М.Молдабеков, Қ.Әжібаева, Ш.Омаров, Б.Жұмаділов, Н.Құсайыновтар қосылды. Репертуарынан электронды музыкалық аспаптар сүйемелімен орындалатын қазақтың халық әндері (“Назқоңыр”, “Ахау бикем”, “Он алты қыз”, “Сұлу қыз”, “Құдаша”, “Ауылың сенің іргелі”, т.б.), халық композиторларының (Естай, Ақан сері, Мариям Жагорқызы, т.б.) әндері және қазіргі қазақ композиторларының әндері (“Сағындым сені” — Е.Хасанғалиев; “Алатау”, “Куә бол” — Н.Тілендиев, “Жыр жазамын жүрегімнен” — Ұ.Жұбанов; “Шофер келді қырманға” — С.Мұхамеджанов, т.б.), сондай-ақ, ансамбльдің өз мүшелерінің шығармалары (“Той жыры”, “Күт мені” — Сүлеев; “Қайдасың” — Молдабеков; “Қуанышым менің”, “Туған жер” — М.Құсайынов) орын алды. Досмұқасан дәстүрлі фольклорлық-музыка туындыларды өз кезеңіндегі эстрадалық музыка мәнеріне сай өңдеп, жаңа сипат беріп, құлпырта орындады. Бұл сипат, әсіресе, “Жерұйық” рок-операсы (1980), “Дала және ғарыш” (1985) сияқты күрделі шығармалардан айқын танылды. Досмұқасан халыққа кеңінен танылды, жастарға үлгі таратты. Досмұқасан — бүкілодақтық “Халықтар достығы” фестивалінің (Ташкент, 1971), кәсіби орындаушылар байқауының (Минск, 1973), сонымен қатар, 1973 жылы Берлинде, 1985 жылы Мәскеуде өткен жастар мен студенттердің халықаралық фестивальдерінің, Қазақстан комсомолы сыйлығының лауреаты (1974). Ансамбльдің көркемдік жетекшісі — 1972 жылдан бері композитор М.Құсайынов. Ансамбль құрамы екі рет (1975, 1985) жаңарды. 1997 жылы Досмұқасанның құрылғанына 30 жыл толуына байланысты “Әуен” музыка студиясынан “Той жыры” деген атпен ансамбльдің 1967 — 75 жылдары орындаған ең таңдаулы әндерінің "Үнтаспа"-альбомы шығарылды.
факультет
Барлық уақытта инженерияның практикалық маңызы өте зор болды, қашанда қоғамның ғылыми және техникалық дамуында маңызды рөл атқарды. Инженерлік-физикалық факультеттің (ИФФ) 5 кафедрасында 60-тан астам жоғары білікті оқытушы жұмыс істеп және өздерінің бай тәжірибесімен бөлісіп отыр. Оның үшеуі – техника ғылымдарының докторы, 24-і техника және математика ғылымдарының кандидаты.
Факультет 5 мамандықтан мамандар дайындайды: физика, агроинженерия, көлік, техника мен технология көлігі, электрлік энергетика, технологиялық машина және жабдықтау. Факультетте 750-ден астам студент күндізгі бөлімде оқиды, оның 400-дейі мемлекеттік гранттың негізінде оқиды, 350-дей студент сырттай бөлімде оқиды.
Барлық өтетін сабақтар жаңа талаптарға сай. Оларды тәжірибелі оқытушылар, ғылым кандидаттары мен докторлары оқу процесінде өздерінің ғылыми зерттеулерінің нәтижелерін қолданып өткізетіндіктен, дәрістік және практикалық-зертханалық сабақтар өзектілігімен және жаңашылдығымен ерекшеленеді. Факультет оқытудың жаңа технологияларын, түрлері мен әдістерін енгізу бойынша тұрақты түрде жұмыс істейді. Оқу процесінде норматив ретінде мамандықтар пәндері бойынша компьютерлік және оқу бағдарламасын, сондай-ақ, ауылшаруашылық техникасының жұмыс істеп тұрған үлгілерін пайдалану қаралған. Дәріс сабақтары мультимедиялық құралдарды, көрсетілетін эксперименттер мен виртуалды моделдерді қолдану арқылы жүргізіледі. Студенттер мен оқытушыларға ғаламтор желісіне кіруіне рұқсат бар.
Факультет түлектерді жұмысқа орналастыру үшін практикада болған мерзімінен бастап белсенді түрде жұмыс жүргізеді. Білім беруді, ғылым мен өндірісті шоғырландыру мақсатында мекемелерде және ҒЗИ-да кафедралар филиалдары құрылған. Жыл сайын университетте қала мен облыстың ұйымдары мен мекемелері шақырылатын бос жұмыс орны жәрмеңкесіөткізіліп тұрады. Берік дайындық жылдам өзгеріп тұратын нарықтық экономикаға біздің түлектердің тез қалыптасуына мүмкіндік береді.
Қазақстан мен жақын шетелдің жетекші ЖОО-ның аспирантурасына ғылыми жұмысқа бейім бұрын бітіріп кеткен түлектерге жолдама беріледі.
Факультетте жастардың шығармашылық мүмкіндіктерінің дамуына, мәдени-этикалық тәрбиесіне көп көңіл бөлінеді.
Университет
Біздің университет
1939 жылы тамыз айында Қостанай мұғалімдер институты ашылды. 1944 жылы институтқа Амангелді Иманов есімі берілді. 1955 жылдың шілде айында Қазақ ССР Министрлер Кеңесінің шешімімен мұғалімдер институты пединститутқа айналды. Онда 4 факультет жұмыс істеді: физика –математика, жаратылыстану-география. 1989 жылы институт 50 жылдық тойын тойлар өтті. Министрлер кабинетінің 1993 жылғы қаулысына сәйкес пединститут Қостанай мемлекеттік университетіне айналды. 1996 жылы университетке Ахмет Байтұрсынұлы есімі берілді. 1999 жылы университет 60 жылдық тойын атап өтті. Қазір университет құрамында жеті факультет (гуманитарлық-әлеуметтік, ақпараттық технологиялар, инженерлік-техникалық, азық-түлік өнімдері және зоотехния, экономика және қаржы, заңгерлік, аграрлы - биологиялық,) және колледж бар. Оларда 10 мыңға жуық студент 50 мамандық бойынша оқиды. Оқу ордамызда 200-ден астам ғылым докторы мен кандидаттары ғылыми жұмыспен айналысады, магистратура, аспирантура жұмыс істейді. Осы заманғы талаптарға сәйкес ҚМУ-де «Білім орталығы» ақпараттық - кітапханалық кешені жұмыс істейді. Мұнда оқу процесіне және ғылыми зерттеулерге қажетті барлық ақпаратты қағазға басылған электронды күйде, онлаиндық режимде немесе ақпараттық талдауда тауып алуға болады. ҚМУ-де дербес телестудия, Медиа-орталық, жедел шығару баспаханасы бар. «Білім жарысы» студенттер газеті шығып тұрады. «Жас өркен - Қостанай» журналы барлық аймаққа және еліміздің жоғары оқу орындарына таратылады. Газет пен журналда жарық көретін барлық материалдарды, жастар өмірі, еліміздегі оқиғалар туралы хабарларды студенттер өздері әзірлейді. А.Байтұрсынов атындағы ҚМУ студенттері білім алып қана қоймайды, ән салады, би билейді, спортпен айналысады, өнерге ат салысады. Баскетбол, футбол командалары ұлттық және халықаралық универсиадаларда бірнеше дүркін чемпион және жүлдегер болды. ЖОО арасында жыл сайын өткізіліп тұратын «Студент көктемі» фестивалі, КВН конкурсы, айтыстар, мерекелік кештер студенттік өмірді одан сайын көркейте түседі. ҚМУ-нің «Жас өркен» студенттер театры бар. Мен осы университетте оқып жүргеніме мақтаныш етемін. Университетті бітірген соң есепші мамандығына ие боламын. Елімізді көркейту үшін біз сияқты білімді мамандар қажет
-Сіз қайда оқисыз?
-Мен Ахмет байтұрсынов атындағы Қостанай мемлекеттік университетінде оқимын.
-? Мен Ахмет байтұрсынов атындағы Қостанай мемлекеттік университетінің іргетасы қашан қаланды?
-Мен Ахмет байтұрсынов атындағы Қостанай мемлекеттік университетінің іргетасы 1939 жылы қаланды.
-Сол кезде университет қалай аталған?
-Сол кезде университет «Мұғалімдер институты» деп аталған.
-Ең алғаш қандай факультеттер ашылған?
-Ең алғаш математика, физика, тарих, география факультеттері ашылған.
-Оқу ордасы университет мәртебесін қай жылы алған?
-Оқу ордасы университет мәртебесін 1993 жылы алған.
-Ахмет Байтұрсынов есімі қай жылы берілді?
-Ахмет Байтұрсынов есімі 1996 жылы берілді.
-Университет мәртебесін алғаннан кейінгі бірінші ректор кім болған?
-Университет мәртебесін алғаннан кейінгі бірінші ректор белгіл Академик Зұлқарнай Алдамжар болған.
-Университетте неше факультет бар және қанша студент оқиды?
-Университетте 7 факультет бар, 9000-ға жуық студент оқиды.
-Университетте сабақ қандай оқу жүйесі бойынша өткізіледі?
-Университетте сабақ кредиттік жүйемен, бекітілген сабақ кестесі бойынша 50 минуттан өткізіледі.
-Университетте неше кафедра бар және кімдер дәріс, семинар сабақтарын жүргізеді?
-Университетте 37 кафедра бар, 160-тан астам ғылыми атақтары мен дәрежелері бар оқытушылар, 40 ғылым докторлары мен профессорлар дәріс, семинар сабақтарын жүргізеді.
-Университет қанша мамандық дайындайды?
-Университет 35-тен астам мамандық дайындайды.
- Ахмет Байтұрсынов атындағы Қостанай мемлекеттік университеті Қазақстан бойынша қандай орын алады?
- Ахмет Байтұрсынов атындағы Қостанай мемлекеттік университеті – Қазақстанның алдыңғы қатарлы, аймақтық университеттерінің бірі.
-Сізге университет ұнай ма?
|