Студопедия
Случайная страница | ТОМ-1 | ТОМ-2 | ТОМ-3
АвтомобилиАстрономияБиологияГеографияДом и садДругие языкиДругоеИнформатика
ИсторияКультураЛитератураЛогикаМатематикаМедицинаМеталлургияМеханика
ОбразованиеОхрана трудаПедагогикаПолитикаПравоПсихологияРелигияРиторика
СоциологияСпортСтроительствоТехнологияТуризмФизикаФилософияФинансы
ХимияЧерчениеЭкологияЭкономикаЭлектроника

Күтілетін нәтиже: отбасы мүшелеріне кімдер кіретінін білу.

Білуі тиіс: отбасы мүшелерін: ата-әжесі, ата-анасын,бауырларын құрметтеу керектігін, есейгеннен кейіната-анасына қамқорлық жасап, көмек көрсету өзінің парызы екенін білу.

Түсінігі: бірлескен еңбек іс-әрекеті ата-ана мен балаларды жақындастыратынын түсіну.

Көрсете білуі: сурет бойынша әңгіме құрастыра алады.

 

 

Ұйымдастырылған оқу іс-әректінің технологиялық картасы

мектепалды даярлық тобы

Күні:

Білім беру саласы: Әлеуметтік орта.

Бөлімдері: Қоршаған ортамен танысу

Сабақтың тақырыбы: Менің күнім.

Мақсаты: Уақыттың өлшемдері туралы (минут,сағат,тәулік,апта,ай,жыл). Тәулік бөліктерінің ретімен алмасып отыруы (ертеңгілік, түс, кеш), апта күндерінің аттарын ретімен атау, күн тәртібін сақтаудың маңызы туралы білімдерін бекіту. Өзінің іс-әрекеттін уақыт бойынша дұрыс жоспарлау дағдысын қалыптастыру.

 

Іс-әрекет кезеңдері Тәрбиешінің іс-әрекеті Балалардың іс-әрекеті
Мотивациялық- қозғаушылық Ұйымдастыру Апта күндерін атау. Апта деген ағайдың, Жеті бірдей ұлы бар. Біріншісі-Дүйсенбі, Екіншісі-Сейсенбі, Үшіншісі-Сәрсенбі, Төртіншісі-Бейсенбі, Бесіншісі-Жұма, Алтыншысы-Сенбі, Жетіншісі-Жексенбі.   Өлең сөздерін бірге қайталайды.
Ұйымдастыру- іздестіру Тәрбиеші сабақтың тақырыбы мен таныстырып: «Жазда күн неге ұзақ?» деген ертегіні оқып береді. Сабақ барысында сағатты көрсете отырып оның уақыт өлшемдерімен (минут, сағат, секунд) таныстыру.Уақытты дұрыс пайдалану күн тәртібін сақтау жайлы әңгімелесу. «Тәуліктің қай уақыты?» деген жұмбақ жасыру.   Ұйқымыздан тұрамыз, Беті қолды жуамыз. Әкемізге ереміз, Бақшамызға келеміз, Бұл қай кезде балалар? (таңертең).   Біз тәртіпті баламыз, Сабақты да оқимыз. Серуенге шығамыз, қыдырамыз, Бұл қай кез? (Түс).   Күн батады қызарып, Анамызды күтеміз. Бұл қай кез? (Кеш).   Үйлерде шам жанады, Дем алады бар әлем. Деп әлдилер ақ әжем- Бұл қай кез? (Түн).   Әрі қарай «тәулік» туралы түсінік беру. Балаларды күнтізбемен таныстыру.   Әліппе-дәптермен жұмыс: М.Әлімбаевтың «Уақыттың қадірі» Тапсырма: а) Сен уақытыңды қалай өткізесің. ә) Берілген суретті күн тәртібі бойынша ретімен орналастыр. Сабақта алған білімдерін бекіту үшін «Жаңылыспа» деген дидактикалық ойынды ойнату. Тақтадағы суреттерді тамашалап, сурет бойынша әңгімелейді.   Тәрбиешәнің айтқандарын тыңдайды, сұрақтарға жауап береді.   Жұмбақтың жауабын айтады.     Өлең мазмұнына қарай сұрақтарға жауап береді.   Сурет бойынша сұрақтарға жауап береді, әңгімелейді.     Дидактикалық ойынды ынтамен ойнайды.
Рефлексивті- түзетушілік Балалар меңгеруге тиісті ұғымдар: Төрт аптаның бір айды құрайтыны, айдан кейін жыл келетіні, 12 айдың 1 жыл болып саналатыны туралы түсінік беру.  

Күтілетін нәтиже: күн тәртібін сақтаудың маңызымен танысу.

Білуі тиіс: уақыттың өлшемдері туралы.

Түсінігі: өзінің іс-әрекетін уақыт бойынша дұрыс жоспарлауды.

Көрсете білуі: сурет бойынша әңгіме құрастыра алады.

 

Ұйымдастырылған оқу іс-әректінің технологиялық картасы

мектепалды даярлық тобы

Күні:

Білім беру саласы: Әлеуметтік орта.

Бөлімдері: Қоршаған ортамен танысу

Сабақтың тақырыбы: Менің өлкем.

Мақсаты: Туған өлкеге деген түсініктерін дамыту. Ескрткіштер, көшелер, мемлекеттік мекемелер туралы әңгімелесу. Көпшілік орындарда мінез-құлық ережелерін сақтауға үйрету.

 

Іс-әрекет кезеңдері Тәрбиешінің іс-әрекеті Балалардың іс-әрекеті
Мотивациялық- қозғаушылық Ұйымдастыру Қайырлы таң, Алтын күн! Қайырлы таң, көк аспан! Қайырлы таң, Жер ана! Қайырлы таң, достарым!   Өлең сөздерін бірге қайталайды.
Ұйымдастыру- іздестіру Тәрбиеші туған өлке туралы әңгімелейді.Д.Әбіловтың «Қазақстан-Республикам менің» атты өлеңін оқып, мазмұнымен таныстырады. Сабақ барысында балаларға қаланың мекемелері, көшелері, ескерткіштері жинақталған сиқырлы көшеге саяхат жасау ойынын ұсынады.Өзі саяхаттың жетекшісі рөлінде балаларды қаланың сиқырлы көшесіндегі ескерткіштермен, мекемелермен таныстырады.Саяхат кезінде көрнекті адамдардың өмірінен, олардың туған өлкені өркендетуге қосқан үлестері туралы әңгімелейді.Соның ішінде қазақ балалары үшін алғаш рет әліппені, хрестоматияны жасаған, қазақ балалар әдебиетінің атасы, ағартушы Ы.Алтынсариннің өмірі мен қызметіне және табиғат туралы ғажайып өлеңдер жазған қазақ халқының классик ақыны А.Құнанбаевтың өмірі мен қызметіне ерекше назар аударады. Бұл орындар қоғамдық орындар саналады. Ал қоғамдық орындарда мәдени мінез-құлық ережелерін сақтау керектігін әңгімелейді. Әліппе дәптерімен жұмыс: Н.Әлімқұловтың «Кең өлке» өлеңін оқып, мазмұнын түсіндіру. Тапсырма: а) өлеңді жаттап ал. ә) суреттегі берілген ұлттық киімдердің ерекшелігін ата. Сабақты бекіту де «Туған қалаға саяхат» деген дидактикалық ойын ұсынылады.   Тәрбиешәнің айтқандарын тыңдайды, сұрақтарға жауап береді.   Көше, ескерткіш, мекемелермен танысады.     Ы.Алтынсарин және А. Құнанбаевтың өмірімен танысады.   Қоғамдық орындарда өздерін қалай ұстау керектігін біледі.   Сурет бойынша сұрақтарға жауап береді, әңгімелейді.     Дидактикалық ойынды ынтамен ойнайды.
Рефлексивті- түзетушілік Балалар: а) мәдени көпшілік орындарда жалпыға ортақ мінез-құлық ережелерін сақтап жүруі тиіс.      

Күтілетін нәтиже: Туған өлке туралы түсініктерін нығайту.

Білуі тиіс: ескерткіш, көше, мекеме аттарын білуі.

Түсінігі: мәдени көпшілік орындарда жалпыға ортақ мінез-құлық ережелерін сақтап жүруін түсіну.

Көрсете білуі: берілген сұрақтарға дұрыс жауап беру.

 

 

Ұйымдастырылған оқу іс-әректінің технологиялық картасы

мектепалды даярлық тобы

Күні:

Білім беру саласы: Әлеуметтік орта.

Бөлімдері: Қоршаған ортамен танысу

Сабақтың тақырыбы: Менің өлкем.

Мақсаты: Қазақстан Республикасының жетістіктері, туған өлкеге деген сезімдерін одан әрі кеңейте түсу. Туған өлке табиғатының ерекшеліктері (далалар, ормандар, көлдер, теңіздер т.б.) жайлы түсініктерін нақты қалыптастырып, елге, жерге деген сүйіспеншілік сзімдерін дамыту.

 

Іс-әрекет кезеңдері Тәрбиешінің іс-әрекеті Балалардың іс-әрекеті
Мотивациялық- қозғаушылық Ұйымдастыру Қайырлы таң, Алтын күн! Қайырлы таң, көк аспан! Қайырлы таң, Жер ана! Қайырлы таң, достарым!   Өлең сөздерін бірге қайталайды.
Ұйымдастыру- іздестіру Сабақтың алдында тәрбиеші балалардың білімдерін толықтыру және еске түсіру мақсатымен өткен сабақтағы туған өлкенің адамдары мен көрікті жерлеріне әңгіме өткізу. Әңгіме барысында қазақ халқының өмірімен, еңбегімен жақын таныстыруды тереңдетеді.Д.Елайқызының «Қазақстан-менің Отаным» өлеңін оқып,түсіндіріледі.Тәрбиеші, әңгімесінде адамдардың бос жатқан жерлерді жыртып, егістікке айналдырғанын, кәсіпорындардың жанар-жағар май, темір қазбаларын және т.б. қалай өндірілетінін айтып береді. Өндірілетін өнімнің негігі екі-үш түрімен таныстырады. Мысалға: Шымкент облысында –бидай өнімдері, Алматы облысында жеміс-жидектер, Қостанай облысында-бидай өнімдері өндіріледі. Қазақстандағы адамдардың еңбекқорлығын сүйгіштігін айта отырып, олардың жемісті еңбектерінің нәтижесі еліміздің өсіп, өркендеуіне қосқан үлесі біз үшін үлкен мақтаныш екендігін түсіндіру. Тәрбиеші туған өлке табиғаты туралы әңгімесін әрі қарай жалғастырып Қазақстанның аймағы ұлан-байтақ екендегіне тоқталады.Балалар туған өлкенің байлықтарымен оның әр түрлі ерекшеліктері туралы мәлімет алады. (теңіздер, өзендер, ормандар, құстар, жан-жануарлар). Әліппе дәптерімен жұмыс: «Алматы қаласы».(С.Оспанов). өлеңін оқып, түсіндіру. Тапсырма: а) өлеңді жаттап ал. ә) бөлінген алмаларды құрастыр.   Өткен сабақты естеріне түсіреді.     Өлеңді тыңдайды.     Туған өлке табиғаты туралы әңгімелеседі.     Туған өлкенің байлықтарымен танысады.     әліппе дәптерімен жұмыс жасайды.
Рефлексивті- түзетушілік Бұл сабақта,туған өлкеге деген сүйіспеншілік қалаптастырылады.    

Күтілетін нәтиже: Туған өлке туралы түсініктерін нығайту.

Білуі тиіс: Қазақстан Республикасының жетістіктері туралы

Түсінігі: Елге, жерге деген сүйіспеншілік сезімдерін қалыптастыру.

Көрсете білуі: берілген сұрақтарға дұрыс жауап беру.

 

 

Ұйымдастырылған оқу іс-әректінің технологиялық картасы

мектепалды даярлық тобы

Күні:

Білім беру саласы: Әлеуметтік орта.

Бөлімдері: Қоршаған ортамен танысу

Сабақтың тақырыбы: Киіз үй жабдықтары.

Мақсаты:

1. Киіз үй жабдықтарымен таныстыру.

2. Киіз үйді ауа райының қандай жағдайында да пайдалануға болатындығын, киіз үй жабдықтары туралы айтып, балалардың есте сақтай білу қабілеттерін дамыту.

3. Атадан-балаға мұра болып келе жатқан ұлттық құндылықтарымызды сақтауға баулу.

Сөздік жұмыс: абажа, кебеже, әбдіре, асадал, т.б.

Іс-әрекет кезеңдері Тәрбиешінің іс-әрекеті Балалардың іс-әрекеті
Мотивациялық- қозғаушылық Ұйымдастыру   Өлең сөздерін бірге қайталайды.
Ұйымдастыру- іздестіру 1. «Киіз жабдықтары» тақырыбын көрнекілік әдісі арқылы түсіндіреді: -Киіз үй ауа райының қандай жағдайында да пайдалануға өте ыңғайлы.Ішіне жарық жақсы түседі, ауа алмасуы талапқа сай, жел, дауылға көп шайқалмайды. Киіз үйдің негізгі қаңқасын сүйегі деп атайды. Олар: кереге, уық, шаңырақ, сықырлауық (жарма есігі). Кереге-киіз үйдің ағаштан жасаған жиналмалы торкөзді сүйегі. Шаңырақ –киіз үйдің уықтарын біріктіріп, еңсесін көтеріп, тұтастырып ұстап дөңгелек шеңбер. Уық –кереге мен шаңырақтың арасын ұстап, қосып тұратын сырық. Киіз есік –сықырлауықты жауып, шаңырақ арқылы өткізіп байланады. Киіз есіктің сырты киіз, ортасы ши, астары жарғақ теріден жасалады. Үй жиһаздары: Абажа- тамақ пен ыдыс-аяқ сақталатын кебеженің үлкен түрі. Ағаштан жасалып, киіббен, былғарымен қапталған. Кебеже –сүр ет, құрт, шай салып сақтау ұшін ағаштан жасап, өрнектеген үй жиһазы. Әбдіре –зат сақтайтын үлкен сандық. Сырты қаңылтырмен әшекейленіп қапталады. Ағаш төсек – жату үшін пайдаланатын үй жиһазы. Асадал –тамақ пен ыдыс-аяқ сақталатын кебеже. Жастықағаш –ерте кезде жастықтың астына салынатын ағаш тиянақ. Адалбақан –киім ілуге арналған үй жиһазы. Жүкаяқ –үйде жүк астына қоятын ағаш зат. Сандық –киім-кешек, т.б. зат салуға арналған үй жиһазы. Төсеніштер: Алаша, киіз, сырмақ. Тұскиіз –сәндік үшін төсектің тұсына тұтатын үй бұйымы. Қоржын –екі жағын тең етіп тоқыған, не құрап тіккен зат салатын дорба. Аяққап –ыдыс-аяқ салатын қапшық. Екі бетін киізден тігіп, бетін ою-өрнек салып не кестелеп әшекейлейді. 2. Дәптерден киіз үй сүйектерін тапқыздыру. Мұқият тыңдайды, түсінбегендерін сұрайды, сұрақтарға жауап береді.     Киіз бөліктерін атайды, оларды қайда орналастыратынын сызып көрсетеді. Киіз үйді бояйды. Жолаушының киіз үйге баратын Жолын тауып, сызып көрсетеді.
Рефлексивті- түзетушілік Сұрақ-жауап, көрнекілік әдістері арқылы сабақта алған білімдерін бекітеді. Сұрақтарға жауап Береді.

Күтілетін нәтиже: киіз үйдің жабдықтарын білу.

Білуі тиіс: киіз үй жабдықтарының қалай аталатынын білу.

Түсінігі: киіз үйдің қазақ халқының тұрмысындағы пайдасын білу.

Көрсете білуі: киіз үй жабдықтарын тұрмыста пайдалана білу.

 

Ұйымдастырылған оқу іс-әректінің технологиялық картасы

мектепалды даярлық тобы

Күні:

Білім беру саласы: Әлеуметтік орта.

Бөлімдері: Қоршаған ортамен танысу

Сабақтың тақырыбы: Көрікті көктем.

Мақсаты: 1. Көктем мезгіліндегі табиғи құбылыстар, өсімдіктер мен жануарлардағы маусымдық өзгерістер, адамдардың көктемдегі пайдалы іс-әрекеттері туралы мағлұмат беру.

2. Үлкендер еңбегін бақылау арқылы бағалай білу, бақылағандарын есте сақтай білу дағдыларын қалыптастыру.

3. Еңбексүйгіштікке, табиғатқа деген қамқорлық жасай білуге тәрбиелеу.

Сөздік жұмыс: ұя, жер, егін, гүлзарлар.

Іс-әрекет кезеңдері Тәрбиешінің іс-әрекеті Балалардың іс-әрекеті
Мотивациялық- қозғаушылық Балаларды дөңгелендіре тұрғызып, төмендегі өлең жолдарын оқиды: Жаңбыр, жаңбыр жауасың, Жанымызға дауасың. Біз ойнайтын ауланың Тазартасың ауасын.   Өлең сөздерін бірге қайталайды.
Ұйымдастыру- іздестіру 1. Тәрбиеші көктем мезгіліндегі маусымдық құбылыстар, жануарлардың өміріндегі өзгерістер, өсімдіктердің өсуі туралы түсіндіреді. Түсіндіру барысында көрнекіліктерді пайдаланады. - Көктем мезгілінің айларын атаңдар? - Көктемнің алғашқы айы-наурыз. Бұл айда күн жылынып, қар еріп, жылғалардан су ағады. Сай-салаға суға толады. Сәуір айында жер беті көгеріп, ағаштар бүршік атып, айнала құлпырып кетеді. Жаңбыр жиі жауады. Мамыр айында дала жасыл желек жамылады. Мамыр айын «Ән айы» деп атайды. Өйткені құстар балапан басады, тоғай,гүлзарлардың ішінде, көл жағасында құстардың сайраған дауыстарын естисің. Сондықтан көктем –жылдың ең тамаша мезгілі. Жер жыртады, егін, бау-бақша салады. Гүлзарларды гүл егуге дайындау, ағаштардың түптерін қопсыту, құстарға ұя жасау сияқты жұмыстар жүргізіледі. Ең алғаш дәнмен қоректенетін құстар ұшып келеді. Мысалы, ұзақ, шұбар, шымшық, таңшымшық, қараторғай сияқты құстар. Ал жәндіктермен қоректенетін құстар-қарлығаш, ұзынқанат қарлығаш, көкек, бұлбұл сияқты құстар сәуірдің аяғы, мамыр айларында ұшып келеді.   2. Сергіту сәтін өткізу.   Қанат жаям жалма-жан, Талпынғандай ұшуға. Иіліп келіп қол созам Аяғымның ұшына.   3. Әліппе дәптермен жұмыс жүргізу: А) Б.Қозыкеевтің «Көктем» өлеңін дауыстап оқиды.   4. «Бұл қай кезде болады?» Дидактикалық ойыны. Шарты: тәрбиеші жыл мезгілдері бейнеленген суреттерді көрсетеді, сол бойынша әңгіме өткізеді. Балалар тыңдайды.   Сұрақтарға жауап береді.     Өздері білетін тақпақтарын қайталайды.   Өлең жолдарын қайталап, жаттығу жасайды.     Сурет бойынша жыл мезгілдерін анықтайды. Өлеңнің мазмұнына қарай көктемде болатын өзгерістерді әңгімелейді.  
Рефлексивті- түзетушілік Тапсырмалар: Көктем мезгілінің ерекшеліктерін ата. Көктем айларын ата. Сабақта алған білімдері сұрақ-жауап әдісі арқылы пысықталады. Балалар белсенділікпен жауап береді.

Күтілетін нәтиже: көктем мезгіліндегі табиғат құбылыстары туралы түсінігі болуы.

Білуі тиіс: көктем мезгілінің ерекшеліктерін білу.

Түсінігі: адамдардың көктемгі пайдалы іс-әрекеттерін білу.

Көрсете білуі: суретті ретімен орналастыру.

 

Ұйымдастырылған оқу іс-әректінің технологиялық картасы

мектепалды даярлық тобы

Күні:

Білім беру саласы: Әлеуметтік орта.

Бөлімдері: Қоршаған ортамен танысу

Сабақтың тақырыбы: Алтын күз.

Мақсаты: 1. Табиғаттың күз мезгіліндегі өзгерістері жайлы балалардың білімдерін кеңейту. «Ерте» және «кеш» түсетін күз туралы түсінік беру. Ағаштардың, бұталардың жапырақтарына, бұтақтары мен жемістеріне қарай бір-бірінен ажырата білуге үйрету.

2. Күз мезгілінің астық, жеміс-жидек көкөністерді жинау мезгілі екенін, күздегі ауылшаруашылық еңбек түрлері жөнінде түсіндіру арқылы есте сақтау қабілеттерін дамыту.

3. Ересектердің еңбегін құрметтеп, олардың еңбегінің нәтижесіне қамқорлықпен қарауға тәрбиелеу. Күзгі табиғаттың әсемдігін сезініп, оны қорғай білуге тәрбиелеу.

Сөздік жұмыс: ерте күз, қоңыр күз, жыл құсы.

Іс-әрекет кезеңдері Тәрбиешінің іс-әрекеті Балалардың іс-әрекеті
Мотивациялық- қозғаушылық Шаттық шеңберіне дөңгелене тұрғызып, өлең жолдарын әндетіп айтқызады.   Армысың, ардақты Аспан ата! Армысың, мейірімді Жер-ана! Армысың, шұғылалы алтын күн! Күліп шықты күн бүгін. Бәрі бірге қайталайды.
Ұйымдастыру- іздестіру Тәрбиешінің әңгімесі: -Орманда, тоғайларда жаз мезгіліндегідей емес. Құстардың шуылы азайған. Өйткені құстардың көпшілігі жылы жаққа ұшып кетті. Аққайың мен емендердің жапырақтары өзгеріп, сары түске енген. Гүлдер мен шөптер солып, қурай бастады. Сұрақтар: 1. Бұл жылдың қай мезгілі деп ойлайсыңдар? 2. Күз мезгілі екенін қайдан білдіңдер? Күздің келуімен орманда қандай өзгерістер болады? -Күздің бірінші айы –қыркүйек. «Алтын күз» деп аталады. Бұл кезде біз бау-бақшадағы жеміс-жидектерімізді жинап аламыз. Сондай-ақ «қоңыр күз» деп күздің ауа райы жанға жайлы кезін айтады. Күздің екінші айы –қазанды халық желді, ылғалды, жапырақтар көп түсетін кез деп атайды. Күздің ең соңғы айы –қарашаны «Жартылай қыс» немесе «Мұз ұстасы» деп атайды. Кейбір құстар күннің суытуына байланысты жылы жаққа ұшып кетеді. Бозторғай, сары шымшық –қыстап қалатын құстар. Құстар мен жануарларға қамқор болып жүру –үлкен парыз.   Сергіту жаттығуын орындату.   Әліппе-дәптермен жұмыс: 1. Қ.Шаңғытбаевтың «Алтын күз» өлеңін жаттату. 2. Күзгі жапырақтарды бояту. 3. Табиғи материалдардың маңызы туралы айтып, олардан түрлі заттар жасауға болатындығын түсіндіру. Моншақ тізуге нұсқау береді. 4. Табиғаттағы ең негізгі ережелермен таныстыру. Балалар тыңдайды.     Балалар түсінгендерін қайталап айтады, сұрақтарға жауап береді.   Педагогтің әңгімесін тыңдайды. Суретке қарап әңгіме құрастырады. Сұрақтарға жауап береді.     Өлең жолдарын қайталап, бірнеше рет қайталап жатқа оқиды. Дәптердегі жапырақтарды бояйды. Табиғи материалдардан моншақ жасайды.
Рефлексивті- түзетушілік Сұрақ-жауап әдісі арқылы сабақта алған білімдерін қорытындылайды. Сұрақтар: 1. Күз айларын атаңдар? 2. Күз мезгілінің ерекшелігі неде? 3. Күздің барлық кезеңі бірдей ме? 4. Алтын күздің қоңыр күзден айырмашылығы неде? Балалар суретті пайдаланып, күз айлары мен олардың ерекшелігін айтады.

Күтілетін нәтиже: жыл мезгілдерін ажырата білу.

Білуі тиіс: күз мезгіліндегі табиғат табиғат құбылыстарының ерекшелігін атау.

Түсінігі: құстармен жануарларға қамқор болып жүруді есте сақтау.

Көрсете білуі: күз мезгілінің ерекшеліктерін суретарқылы немесе ойын арқылы көрсете білу.

 

Ұйымдастырылған оқу іс-әректінің технологиялық картасы

мектепалды даярлық тобы

Күні:

Білім беру саласы: Әлеуметтік орта.

Бөлімдері: Қоршаған ортамен танысу

Сабақтың тақырыбы: Нан дастарқанға қалай келеді?

Мақсаты: 1. Диқаншылардың еңбегі туралы балалардың түсініктерін қалыптастыру. Жердің үнемі қамқорлықты қажет ететінін әңгімелеу.

2. Өсімдікке өсіп-өну үшін ауа, су, жарық жылу қажеттігін түсіндіру арқылы зейіндерін дамыту.

3. Диқан еңбегіне құрметпен қарауға тәрбиелеу.

Сөздік жұмыс: егін, қырман, диірмен, комбайн.

Іс-әрекет кезеңдері Тәрбиешінің іс-әрекеті Балалардың іс-әрекеті
Мотивациялық- қозғаушылық Әрқашан аман болайық, Елімізде тыныштық болсын, Бейбітшілік болсын, Нанымыз көп болсын.   Балалар жақсы тілекпен амандасады.
Ұйымдастыру- іздестіру 1. Ә.Ахметовтің нан туралы өлеңін оқиды, мазмұнын түсіндіреді. 2. Нанның дастарқанға дейін келу жолын әңгімелеу. Бұл жерде диқан, егістік, элеватор сөздеріне сөздік жұмысы жүргізіледі. Тәрбиеші сабақта егін жинау сәтін бейнелейтін мазмұнды суретті көрсетіп, егіннің қай мезгілде егілетіні, өсу кезеңдері, қай кезде және қандай машинамен (комбайн, машина) жиналатынын әңгімелейді. Жердің қамқорлықты қажет ететіні, егін бүтін өсу үшін су, жылу, ауа, жарық қажет екенін түсіндіру. Нанның дастарқанға келгенге дейінгі (дәннен бастап нан болғанға дейін) жолдарын әңгімелеу.(егін жинау, қырман, диірмен, наубайхана, дүкен).   3. Сергіту сәтін өткізу.   Музыка әуенімен «шайқалады егістік, шайқалады нұр дала» деп әндетіп, би қимылдарын жасау.   4. Нан туралы мақалдардың мағынасын түсіндіру.   Нан –тамақтың атасы. Ынтымақ –көптің батасы.   5. Дәптермен жұмыс: -Сурет бойынша нанның дастарқанға келу жолын әңгімелеу. -Тыйым сөздерді оқып, оларды тәрбиелік мағынасын түсіндіру. -Жұмбақтың шешуін тапқызу. Шешуі: бидай. Жұмбақтың шешуі-бидайдың суретін салғызу. Бұл сабақта балалар а) нан-халық байлығы, ә) нанды қастерлеу, б) диқаншылар еңбегіне құрметпен қарау т.б. түсініктерді меңгереді. Тәрбиешінің әңгімесін тыңдайды, сұрақтар қояды.     Би қимылдарын орындайды.   Мақалдардың мағынасын қалай түсінгендерін әңгімелейді.     Нанның дастарқанға келу жолын цифрмен белгілейді, бидайдың суретін салады.    
Рефлексивті- түзетушілік Сабақта алған білімдерін төмендегі сұрақтардың көмегімен пысықтау: 1. Нан дастарқанға қалай келеді? 2. Нанды не үшін қастерлеу керек? 3. Нан туралы қандай мақалдар білесіңдер? Нан туралы өлең, мақал-мәтел айтады.

Күтілетін нәтиже: диқан еңбегін бағалау.

Білуі тиіс: нанның дастарқанға келу жолын білу.

Түсінігі: диқандардың еңбегін түсініп, құрметтей білу.

Көрсете білуі: суретке қарап әңгіме құра білу.

 

 

Ұйымдастырылған оқу іс-әректінің технологиялық картасы

мектепалды даярлық тобы

Күні:

Білім беру саласы: Әлеуметтік орта.

Бөлімдері: Қоршаған ортамен танысу

Сабақтың тақырыбы: Табиғат бұрышындағы тіршілік (өсімдіктер, жануарлар).

Мақсаты: 1. Табиғат бұрышындағы жануарлар (балықтар, құстар, кірпі, тасбақа), өсімдіктер туралы түсінік беру.

2. Жануарлар мен өсімдіктердің келтіретін пайдасы және оларды қорғау жөніндегі білімдерін кеңейту.

3. Табиғат бұрышындағы жануарлардың тіршілігі туралы мағлұматтар бере отырып, оларға қамқорлық жасауға баулу.

Сөздік жұмысы: табиғат бұрышы, атжалман, қоректендіру.

 

Іс-әрекет кезеңдері Тәрбиешінің іс-әрекеті Балалардың іс-әрекеті
Мотивациялық- қозғаушылық Біздер тату баламыз Гүл-гүл жайнап аламыз. Жаттығулар жасайық Жақсы сергіп қаламыз   Балалар шеңбер болып жаттығу жсайды.
Ұйымдастыру- іздестіру 1. Тәрбиеші балабақша, мектептегі табиғат бұрышы туралы төмендегідей мағлұмат береді: - Табиғат бұрышы –мектеп, балабақшада тірі хайуанаттар орналастырылған мүйіс. Мұнда өсімдіктердің түрлерін де өсіреді. Табиғат бұрышында аквариумда балықтар, торда үй қояндары, кірпі, тасбақа, атжалман, тотықұстарды ұстайды. Оларды арнайы педагог маман күтіп баптайды. Оған балалар көмектеседі.   2. Сөздік жұмысын жүргізу.   Атжалман –жоны күрең, бүйірі қызғылт тышқан. Қоректендіру- тамақтандыру.   3. Сергіту сәтін өткізу.   Біз гүлдерше өсеміз, Жапырағы жайқалған. Сабақтары салалы Желмен бірге жайқалған.   4. Әліппе-дәптердегі тапсырмаларды орындау. 1. Сурет бойынша әңгіме жүргізеді. Бұл жерде табиғат бұрышында тіршілік ететін жануарлар туралы және оларға жасалынатын қамқорлық туралы айтылады. 2. Құмыраға гүлді отырғызудың әдісін сурет бойынша түсіндіреді. 3. А.Мишаринаның бөлме гүлі туралы өлеңін мәнерлеп оқып береді. Мазмұнын түсіндіреді. 4. Үлгі бойынша құмыраны қалай бояу керектігін баяндайды.   Балалар сұрақтарға белсенді жауап беруге әрекет жасайды.     Тәрбиешінің атқандарын мұқият тыңдайды, сұрақтар қояды.     Түсінгендерін қайталап айтып береді.   Тыңдайды.     Өлең жолдарын қайталап, би қимылдарын жасайды.     Суреттен табиғат бұрышында тіршілік ететін жануарларды атайды. Балалардың іс-әрекетін баяндайды. Өлеңнің мазмұнына байланысты қойылған сұрақтарға жауап береді. Құмыраны бояйды, қағаздан гүл жасайды.  
Рефлексивті- түзетушілік Сұрақ-жауап әдісі арқылы сабақта алған білімдері пысықталады. Сұрақтар мен тапсырмалар: 1. Табиғат бұрышындағы өсімдіктермен жануарларға қандай қамқорлық қажет? 2. Табиғат бұрышындағы өсімдіктердің атын ата? 3. Аквариумдағы балықтарды қалай күтеді? Балалар табиғат бұрышындағы еңбек іс-әрекеттерін айтады.

Күтілетін нәтиже: табиғат мүйісіндегі жануарлар мен өсімдіктерді күтіп-баптау.

Білуі тиіс: жануарлар мен өсімдіктерге қамқорлық жасау.

Түсінігі: жануарлар мен өсімдіктердің пайдасы.

Көрсете білуі: сабақ барысында тапсырмаларды орындай білуі (сурет салу).

 

 

Ұйымдастырылған оқу іс-әректінің технологиялық картасы

мектепалды даярлық тобы

Күні:

Білім беру саласы: Әлеуметтік орта.

Бөлімдері: Қоршаған ортамен танысу

Сабақтың тақырыбы: Қазақстан қорықтары.

Мақсаты: 1. Қазақстан қорықтары және оның маңызы, орналасқан жері туралы балаларға түсінік беру.

2. Қорықтарда атқарылатын жұмыс түрлері, қамқорлыққа алынған жануарлар мен құстар жөнінде әңгімелеу.

3. Табиғатты аялауға баулу.

Сөздік жұмыс: қорық, қаскер және т.б.

 

Іс-әрекет кезеңдері Тәрбиешінің іс-әрекеті Балалардың іс-әрекеті
Мотивациялық- қозғаушылық Қуаныш шеңберін ұйымдастыру. Әдемі гүлді балалар бір-біріне күлімдеп беріп, жақсы тілектерін айтып, жылы сезімдерін білдіру.   Балалар қуанып, күлімдеп амандасады.
Ұйымдастыру- іздестіру   Қорықтың не үшін қажет екенін түсіндіру. Сирек кездесетін хайуанаттар мен өсімдік түрлерін сақтап қалу үшін арнайы ұйымдастырылған орын-қорық деп аталады. Жануарлар мен құстардың суреттерін пайдалана отырып, олардың қорықтағы тіршілігі жөнінде әңгімелеу. Азайып бара жатқан аңдарды, құстарды қорғау, сақтау үшін ол жерде, ғалымдар зерттеу жұмыстарын жүргізеді. Қорықтар әрбір табиғи аймақтардың өзіне тән ерекшеліктерін жан-жақты көрсете алатын барлық табиғат байлықтарын қорғауға алған алқаптарды қамтиды. Қазақстанда осындай қорықтардың көптеген түрі бар олар: Ақсу-Жабағылы, Наурызым, Алматы, Барсакелмес, Қорғалжын, Марқакөл, Үстірт және т.б. қорықтар. «Қаскер» сөзіне сөздік жұмысын жүргізу.   Қаскер – жануарларды рұқсатсыз қырып-жоятын адам.   Берілген суреттер бойынша балалар аң-құстардың түрлерін атап береді.   Сергіту жаттығуын өткізу. Орнымыздан тұрайық, Құстай қанат қағайық. Бір отырып, бір тұрып, Біз тынығып алайық.   Әліппе-дәптердегі тапсырмаларды орындату. а) Сен тұратын жерде қандай қорық бар, әңгімелеп бер. ә) Берілген сурет бойынша қорықта кездесетін аңдар мен құстардың, өсімдіктердің аттарын атау.   Балалар еліміздегі қорықтар жөнінде мағлұматтар алады, өздерін қызықтырған сұрақтарын қойып, түсінуге талпынады.   Жойылып бара жатқан аңдарды, құстарды, өсімдіктерді суреттерге қарап әңгімелеп береді. Өлең жолдарын айтып, дене жаттығуын жасайды.   Қорықтағы жануарларды атап көрсетеді.
Рефлексивті- түзетушілік Суреттерді көрсетіп алған білімдерін пысықтау мақсатында сұрақтар қою. Балалар құстарға, аңдарға қамқор болуға келіседі.

Күтілетін нәтиже: қорық туралы түсінгенін айтып, оны мекендейтін жануарларды атап білуі.

Білуі тиіс: жойылып бара жатқан аңдарды, өсімдіктерді, құстарды білу.

Түсінігі: қорықтардың қаншалықты пайдасы барын, мағынасын түсіну.

Көрсете білуі: табиғатқа деген сүйіспеншілік сезімдерін көрсету, қамқор болу.

 

 


Дата добавления: 2015-10-16; просмотров: 1186 | Нарушение авторских прав


<== предыдущая страница | следующая страница ==>
Tell Me What You Eat and I will Tell You What You Are| мектепалды даярлық тобы

mybiblioteka.su - 2015-2024 год. (0.031 сек.)