Студопедия
Случайная страница | ТОМ-1 | ТОМ-2 | ТОМ-3
АвтомобилиАстрономияБиологияГеографияДом и садДругие языкиДругоеИнформатика
ИсторияКультураЛитератураЛогикаМатематикаМедицинаМеталлургияМеханика
ОбразованиеОхрана трудаПедагогикаПолитикаПравоПсихологияРелигияРиторика
СоциологияСпортСтроительствоТехнологияТуризмФизикаФилософияФинансы
ХимияЧерчениеЭкологияЭкономикаЭлектроника

мектепалды даярлық тобы

Күні:

Білім беру саласы: Әлеуметтік орта.

Бөлімдері: Қоршаған ортамен танысу

Сабақтың тақырыбы: Жансыз және жанды табиғат.

Мақсаты: 1. Жанды табиғат, оның тіршілік тіршілік ортасы және жансыз табиғаттағы қайталанбас құбылыс түрлері туралы білімдерін жетілдіру.

2. Жанды және жансыз табиғатқа не жататынын түсіндіру арқылы есте сақтау қабілеттерін дамыту.

3. Табиғат байлығына қамқорлықпен қарауға тәрбиелеу.

Сөздік жұмыс: табиғат, жасыл әлем, тау, тас, су, тұман, құм, жаңбыр, жел.

Іс-әрекет кезеңдері Тәрбиешінің іс-әрекеті Балалардың іс-әрекеті
Мотивациялық- қозғаушылық Шаттық шеңберіне тұрғызып, бір-біріне тілектер айтқызу. Балалар бір-біріне күлімдеп қарап, жұмсақ ойыншық жүректі ұсынып жақсы тілектер білдіреді.
Ұйымдастыру- іздестіру 1. Педагогтің әңгімесі: -Біздер балалар қызықты да, қыр-сыры мол ғажайып әлемде өмір сүріп жатырмыз. Айналаға қарасаң, бізді көптеген заттардың қоршап жатқанын білеміз, олар: неше түрлі әдемі ғимараттар, жолдар, көпірлер, ұшақ, жиһаздар және т.б. Бірақ айналамыздағы заттардың көпшілігі адамның көмегінсіз өздері пайда болған. Оларға жер мен су, ағаштар мен жануарлар, күн мен аспан жатады, оларды бір сөзбен табиғат деп атаймыз. Табиғаттың бір бөлігіне азық та, су да, киім де қажет емес, олар –тау-тас, ауа, ғаламшар, яғни жансыз (өлі) табиғат. Ал енді бір бөлігі тыныс алады, өседі, қоректеніп көбейеді, яғни бұлар жанды (тірі) табиғат қатарына жатады.Жанды табиғатқа адам, өсімдік, жануар жатады.   Жылдың әр мезгіліне байланысты табиғат көріністерінің суреттерін көрсету арқылы балаларға жансыз және жанды табиғат арсындағы байланыс түсіндіріледі. Е.Өтетілеуұлының «Бар ма, жоқ па?» деген өлеңін оқып беру. Табиғаттағы құбылыстарды күнтізбе арқылы белгілеу: жаңбырдың, қардың жауып тұрғанын, желдің соғып тұрғанын табиғат күнтізбесіндегі шартты белгілермен көрсетіп, түсіндіру.   Сергіту сәтін өткізу.   Көлдің беті кілегей, Жер сап-сары бірегей. Тырау-тырау тырналар Түстікке бетті бұрды олар. Қара суық жел есті, Күннің көзі көмескі.   Әліппе-дәптермен жұмыс. Жансыз және жанды табиғаттың айырмашылығын айту. Суреттегі жасырынған жануарларды тауып, бояп, аттарын атау.     Балалар жансыз және жанды табиғатты суреттеп атап көрсетіп, ол жөнінде түсінгендерін айтады.   Балалар үлестірмелі суреттермен жұмыс жасайды.   Өлең жолдарын пайдаланып, сергіру жаттығуын орындайды.   Әліппе-дәптердегі тапсырманы орындайды.
Рефлексивті- түзетушілік Сабақты пысықтауға арналған сұрақтар: 1. Жансыз табиғатқа нелер жатады? 2. Жанды табиғатқа нелер жатады? 3. Олардың айырмашылығы неде? Балалар сұрақтарға толық жауап береді, бір-бірінің жауаптарын толықтырады. Жауаптарының дұрыстығын дәлелдейді.

Күтілетін нәтиже: жансыз және жанды табиғаттың байланысын ұғындыру.

Білуі тиіс: жанды және жансыз табиғатқа нелер жататынын білу.

Түсінігі: ауа температурасының ауытқуына байланысты табиғат құбылыстарының өзгеруін түсіну.

Көрсете білуі: жансыз табиғат пен жанды табиғатты бір-бірінен ажыратып көрсету.

 

 

Ұйымдастырылған оқу іс-әректінің технологиялық картасы

мектепалды даярлық тобы

Күні:

Білім беру саласы: Әлеуметтік орта.

Бөлімдері: Қоршаған ортамен танысу

Сабақтың тақырыбы: Байланыс құралдары.

Мақсаты: 1. Байланыс қызметі түрлерімен таныстырып олардың атауларын меңгерту.

2. Балалардың жас шамасына қарай компьютер туралы қарапйым түсінік беру, оны пайдалану ережелерімен таныстыру, бастаған ісін аяғына дейін тыңғылықты аяқтауға, зейінді, шыдамды болуға тәрбиелеу.

3. Адамдардың пайдалы іс-әректтерін бағалап, оған құрметпен қарауға тәрбиелеу.

Сөздік жұмыс: байланысшы, хат тасушы, телеграмма қабылдаушы, компьютер.

Іс-әрекет кезеңдері Тәрбиешінің іс-әрекеті Балалардың іс-әрекеті
Мотивациялық- қозғаушылық Балаларды шеңбер бойына тұрғызып, төмендегі өлең жолдарын айтқызады. Армысың, асыл күн! Армысың, көк аспан! Армысың, жан досым! Жылуыма жылу қос, Міне, менің қолым. Балалар бір-бірінің қолын ұсиап, жылу сезімдерін білдіреді.
Ұйымдастыру- іздестіру 1. Байланыс құралдары жайлы түсінік беру. -Телефон, факс, хат, құттықтау хаттары, сәлемдеме байланыс түрлеріне жатады. Байланыс қызметінің бұл аталған түрлерінің бәрі адамдардың тұрмысына өте қажет. Компьютер де байланыс қызметі түрлерінің қатарына жатады. Комьютермен әлемнің барлық жерлерінен әртүрлі хабарлар алынады және жіберіледі. Қазіргі кезде мектептер мен балабақшалар да компьютермен толық қамтамасыз етілген. Пошта –хат, телеграмма, ақша, газет-журнал, сәлемдеме сияқты заттарды бір жерден екінші жерге жеткізумен айналысатын мекеме. Бұл мекемеде байланыс қызметкерлері –хат, телеграмма, т.б. қабылдаушы-оераторлар, хат тасушылар жұмыс істеді.   2. Сергіту сәтін өткізу. Біздер тату баламыз, Гүл-гүл жайнап аламыз. Жаттығулар жасайық, Жақсы сергіп қаламыз. 3. Әліппе-дәптермен жұмыс. Суреттегі байланыс құралдарын ататып, олардың атқаратын жұмыстары жөнінде әңгімелету. Мысалы: Факс – фотокөшірмелерді телефон желілері арқылы беру құралы. Сәлемдеме –пошта арқылы жіберілген сәлем-сауқат. 4. «Телефон» дидактикалық ойыны. Шарты: екі бала ойыншық телефон тұтқасымен бір-бірімен сөйлеседі. Мысалы: -Сәлеметсің бе, Алма? -Сәлеметсің бе, Аружан? -Ертең мен анаммен хайуанаттар бағына барамын. Сен бізбен барасың ба? -Анам құқсат берсе, барамын... 5. Дәптердегі тапсырмаларды орындату. Балалар қызығушылықпен жауап береді.     Компьютер, телефон сияқты байланыс құралды туралы білетіндерін айтады.     Өлең мазмұнына қарай қимыл-қозғалыстар жасайды.   Сурет бойынша байланыс құралдарының атқаратын қызметін әңгімелейді.     Балалар бір-бірімен ойыншық телефон арқылы сөйлеседі.   Сұрақтарға жауап береді, тапсырмаларды орындайды.
Рефлексивті- түзетушілік 6. Сабақты қорытындылау. Сұрақтар мен тапсырмалар: 1. Байланыс қызметінің түрлерін ата. 2. Компьютер байланыс құралына жата ма? 3. Сәлемдемемен не жіберуге болады? 4. Құттықтау хаттарын кімдерге және не үшін жазады? Балалар байланыс құралдары мен оның қажеттілігін айтады.

Күтілетін нәтиже: байланыс қызмет түрлерімен танысу.

Білуі тиіс: әрбір байланыс құралдарының қызметін білу.

Түсінігі: адамдардың пайдалы іс-әректін бағалау, оларға құрметпен қарау.

Көрсете білуі: өзінің бастаған ісін аяғына дейін жеткізе алатындығын көрсете білу.

 

Ұйымдастырылған оқу іс-әректінің технологиялық картасы

мектепалды даярлық тобы

Күні:

Білім беру саласы: Әлеуметтік орта.

Бөлімдері: Қоршаған ортамен танысу

Сабақтың тақырыбы: Бағдаршам және көлік түрлері.

Мақсаты: 1. Бағдаршамның атқаратын қызметімен таныстыру.

2. Көше жағдайындағы кеңістікті бағдарлай білу дағдыларын, зейіндерін дамыту.

3. Жолда жүру ережелерін меңгерту.

Сөздік жұмыс: бағдаршам, жол тәртібін реттеуші, көше қиылысы.

Іс-әрекет кезеңдері Тәрбиешінің іс-әрекеті Балалардың іс-әрекеті
Мотивациялық- қозғаушылық Балаларды шеңбер құрғызып тұрғызу.   Кел балалар, күлейік, Күлкіменен түлейік! Күлкі көңіл ашады, Күліп өмір сүрейік.   Өлеңді бәрі бірге қайталайды.
Ұйымдастыру- іздестіру Бағдаршамы бар көше мен бұрылыстарға саяхат жасату.Бағдаршамы бар үлкен даңғыл бейнеленген плакатты пайдалануға болады. Балалардың назарлары бағдаршамның жұмысына, машиналардың арлы-берлі жүруіне, жаяу жүргіншілердің іс-әрекеттеріне назар аударылады. Жол жүру ережелерімен таныстырады. Жол белгілерінің суреттерін көрсетеді, олардың көлік қозғалысын реттеп, көлік жргізуші мен жаяу жүргіншінің маңайындағы жол жағдайы жөнінде ақпарат беру мақсатында көше мен жол бойына қойылатын арнайы белгілер екенін айтып түсіндіреді.   Ә.Табылдының «Бағдаршам» деген өлеңін оқу. «Көлік түрлері қайда?» дидактикалық ойыны.   Жол түрлерімен (машина жүретін жол, жаяу жүргінші жүретін жол, екі бағытқа бөлінетін жол, екі көшенің түйіскен жерімен) таныстырады, суреттерін көрсетеді. Егер бағдаршам жоқ болса, жол тәртібін реттеушіге бағыну қажеттігі айтылады. Жолда жүру ережелерін сақтау, үйрену арқылы бала өзінің өмірін және денсаулығын сақтайтындығы түсіндіріледі. Дәптермен жұмыс: 1. Сурет бойынша жолда жүру ережелерін еске түсірту, қайталату. 2. Суреттегі көлік түрлерін үш топқа (ауадағы, судағы, жердегі) бөліп атау. 3. «Суретте не артық?» дидактикалық ойынын жүргізу. 4. Суреттегі көлік түрлерін бір-бірімен слыстыру. Балалар тыңдайды.     Жауабын тыңдау.     Балалар жол ережелерін тыңдап, қайталап айтып береді.   Тапсырманы орындайды.   Суретке қарап, жолда жүру ережелерін құрастырады.   Жолда жүру ережелерін қайталайды, сұрақтарға жауап береді, тапсырмаларды орындайды.    
Рефлексивті- түзетушілік Сұрақ-жауап әдісі арқылы сабақта алған білімдерін қорытындылайды. Сұрақтар: 1. Жаяу жүргіншілер қай жермен жүру керек? 2. Жаяу жүргіншілер көшенің қай жерінен қиып өте алады? 3. Өзің тұратын жерде қандай көлік түрлері жүреді? Сұрақтарға жауап береді, өздері қорытынды пікір жасайды.Мысалы: Жолда жүру ережесін сақтау керек.Сонда көлік қозғалысына да, көлік жүргізушіге де кедергі жасамайсың. Өміріңді сақтайсың.

Күтілетін нәтиже:

Білуі тиіс: Бағдаршамның атқаратын қызметін білу.

Түсінігі: Жол жүру ережелерін сақтау арқылы өз өмірін және денсаулығын сақтайды.

Көрсете білуі: суретке қарап жолда жүру ережелерін құрастыруды.

 

 

Ұйымдастырылған оқу іс-әректінің технологиялық картасы

мектепалды даярлық тобы

Күні:

Білім беру саласы: Әлеуметтік орта.

Бөлімдері: Қоршаған ортамен танысу

Сабақтың тақырыбы: Туған өлкем –мақтанышым менің.

Мақсаты: 1

Іс-әрекет кезеңдері Тәрбиешінің іс-әрекеті Балалардың іс-әрекеті
Мотивациялық- қозғаушылық Балаларды шеңбер құрғызып тұрғызу.   Кел балалар, күлейік, Күлкіменен түлейік! Күлкі көңіл ашады, Күліп өмір сүрейік.   Өлеңді бәрі бірге қайталайды.
Ұйымдастыру- іздестіру   .    
Рефлексивті- түзетушілік Сұрақ-жауап әдісі арқылы сабақта алған білімдерін қорытындылайды. Сұрақтар: 1. Жаяу жүргіншілер қай жермен жүру керек? 2. Жаяу жүргіншілер көшенің қай жерінен қиып өте алады? 3. Өзің тұратын жерде қандай көлік түрлері жүреді? Сұрақтарға жауап береді, өздері қорытынды пікір жасайды.Мысалы: Жолда жүру ережесін сақтау керек.Сонда көлік қозғалысына да, көлік жүргізушіге де кедергі жасамайсың. Өміріңді сақтайсың.

Күтілетін нәтиже:

Білуі тиіс: Бағдаршамның атқаратын қызметін білу.

Түсінігі: Жол жүру ережелерін сақтау арқылы өз өмірін және денсаулығын сақтайды.

Көрсете білуі: суретке қарап жолда жүру ережелерін құрастыруды.

 

Ұйымдастырылған оқу іс-әректінің технологиялық картасы

мектепалды даярлық тобы

Күні:

Білім беру саласы: Әлеуметтік орта.

Бөлімдері: Қоршаған ортамен танысу

Сабақтың тақырыбы: Тәуелсіз Қазақстан.

Мақсаты: 1. Қазақстан Республикасының тәуелсіздік алуы туралы түсінік беру.

2. Отанымыздың байлығы туралы, жеріміздің үлкендігі туралы түсініктерін қалыптастыру арқылы есте сақтау қабілеттерін дамыту.

3. Балалардың Отанына, туған жеріне деген сүйіспеншіліктерін арттыру.

Сөздік жұмыс: Отан, карта.

Іс-әрекет кезеңдері Тәрбиешінің іс-әрекеті Балалардың іс-әрекеті
Мотивациялық- қозғаушылық Күлімде, күн күлімде, Жер жасарып көгерсін. Кешегіндей бүгін де, Қанат қақсын көгершін.   Балалар шеңбер жасап тұрып қайталайды.
Ұйымдастыру- іздестіру 1. Тәрбиеші сұрақ-жауап және көрнекілік әдістері арқылы Қазақстан Республикасы туралы түсіндіреді, әңгімелейді. - 16 желтоқсан –еліміздің ең үлкен, ең басты мерекесі.1991 жылы қазақ елі егемендікке қол жеткізіп, өз алдына тәуелсіз мемлекет атанды. 2011 жылы тәуелсіз мемлекет атанғанымызға 20 жыл толды. Осы тәуелсіздік Қайрат Рысқұлбеков, Ербол Сыпатайұлы, Ләззат Асанова сынды қазақтың батыр, қаһарман ұл-қыздарының арқасында келді. Олардың Тәуелсіздік жолындағы ерлігі, қайсарлығы біз үшін өнеге болмақ.   2. Б.Исаевтың «Тәуелсіз елім бар» өлеңі оқылады. 3. Сөздік жұмысын жүргізу. Тәуелсіз -толық еркі бар, ерікті, бағынышты емес. Егемен -өз билігі, бас бостандығы өзінде, тәуелсіз.   4. Отан туралы мақалдың мағынасын ашып, оны жаттату.   Халықтың ортақ үйі –Отаны.   Сергіту сәтін өткізу.   «Отан» әнін тыңдату.   5. «Жылы сөздер» дидактикалық ойынын ойнату. Шарты: Отан туралы пікірлерін білдіру.   6. Әліппе –дәптердегі тапсырмаларды орындату. Балалар Отан туралы ойларын әңгімелейді. Үлгі жауап: Мен Отанымды жақсы көремін. Менің Отаным-Қазақстан.     Өлеңді тыңдайды, сұрақтар қояды.   Мақалдың мағынасын қалай түсінгендерін айтады.   Әнді қосылып орындайды.     «Тәуелсіз Қазақстан» тақырыбында сурет салады.
Рефлексивті- түзетушілік Сабақта алған білімдерін пысықтайды. Сұрақтар: 1. Отан деген сөзді қалай түсінесіңдер? 2. Қазақстан Республикасының рәміздерін ата. 3. Біздің елордамыз қай қала? 4. Тәуелсіздік монументі қай қалада орналасқан? Сұрақтарға жауап береді.

Күтілетін нәтиже: Өз Отанын сүю, өз ана тілін ардақтау керектігін түсіну.

Білуі тиіс: Отанын, атамекенін ардақтау керектігін.

Түсінігі: өз Отанын мақтан ету.

Көрсете білуі: салған суреттері бойынша әңгімелеу.

 

 

Ұйымдастырылған оқу іс-әректінің технологиялық картасы

мектепалды даярлық тобы

Күні:

Білім беру саласы: Әлеуметтік орта.

Бөлімдері: Қоршаған ортамен танысу

Сабақтың тақырыбы: Мемлекеттік рәміздер.

Мақсаты: 1. Балаларға Қазақстан Республикасы тәуелсіз, егеменді мемлекет екені туралы түсінік беру, балалардың Мемлекеттік рәміздер туралы түсінігін жетілдіру.

2. Мемлекеттік рәміздердің мән-мағынасын түсіндіру арқылы есте сақтау қабілеттерін дамыту.

3. Балалардың өз Отанына, туған жеріне деген сүйіспеншіліктерін, өз елінің тарихына деген қызығушылықтарын арттыру.

Сөздік жұмыс: Мемлекеттік рәміздер, герб, гимн, ту.

Іс-әрекет кезеңдері Тәрбиешінің іс-әрекеті Балалардың іс-әрекеті
Мотивациялық- қозғаушылық Сәлем саған Жер-ана! Сәлем саған нұрлы күн! Аман-есен болайық, Бейбітшілікті қалайық.   Бәрі бірге қайталап амандасады.
Ұйымдастыру- іздестіру 1. Қазақстанның рәміздері туралы әңгіме жүргізу: -Қазақстан Республикасының Мемлекеттік Туының көгілдір түсі ашық бейбіт аспанды және халықтардың бірлігін бейнелейді.Ортасында орналасқан алтын күн бейбітшілік пен байлықты бейнелесе, ал аспанда қалықтаған қыран құс ерлікті бейнелейді. Қазақстан Республикасының Мемлекеттік Гербіндегі көгілдір түстің аясында шаңырақ бейнеленген.Шаңырықтан жан-жаққа таралған сәулелер тәрізді шеңбер бойымен уықтар орналасқан. Шаңырақ пен уықтар республикамызда тұратын халықтардың бірлігін көрсетеді. Әр мемлекеттің гимні болады, ол салтанатты жағдайларда орындалады.   2. Отан туралы мақал-мәтелдердің мағынасын ашу. Отан оттан да ыстық.   Туған жердей жер болмас, Туған елдей ел болмас.   3. Дәптермен жұмыс. 1. Мемлекеттік рәміздердің мән-мағынасын әңгімелеп беру. 2. Б.Үсенбаев «Менің туым» және С.Қалиұлының «Елтаңбасы елімнің» деген өлеңдері оқылып, мағынасы ашылады. 3. Елордамыз-Астана қаласы жайлы әңгімелесу.   Балалар түсінгендерін қайталайды.     Балалар суреттен рәміздерді көрсетеді.     Әліппе-дәптердегі тапсырманы орындайды.   .
Рефлексивті- түзетушілік Сұрақ –жауап әдісі арқылы сабақта алған білімдерін қорытындылайды. Сұрақтар мен тапсырма: 1. Тәуелсіз Қазақстан Республикасы елбасының аты-жөнін ата. 2. Гимн қандай жағдайларда орындалады? 3. Мемлекеттік гербті қайдан көруге болады? 4. Біздің еліміздің туының түсі қандай? Сұрақтарға жауап береді.

Күтілетін нәтиже: Қазақстан Республикасының рәміздерін білу.

Білуі тиіс: туған жеріне деген сүйіспеншілігін арттыру.

Түсінігі: Қазақстан Республикасының мемлекеттік рәміздерінің мән-мағынасын түсіну.

Көрсете білуі: рәміздер туралы өлең, мақал-мәтелдерді жатқа айту.

 

 

Ұйымдастырылған оқу іс-әректінің технологиялық картасы

мектепалды даярлық тобы

Күні:

Білім беру саласы: Әлеуметтік орта.

Бөлімдері: Қоршаған ортамен танысу

Сабақтың тақырыбы: Жасыл дәріхана.

Мақсаты: 1. Жасыл дәріхана және оның қажеттігі жөнінде түсінік беру.

2. Емдік қасиеті бар өсімдіктермен таныстыру, оларды қажетті мөлшерде ғана жинап, өзге өсімдіктерге зиян келтірмеу жағын ескеруге үйрету.

3. Табиғатты қорғай білуге тәрбиелеу.

Сөздік жұмыс: итмұрын, жолжелкен, түймедағы, және т.б.

Іс-әрекет кезеңдері Тәрбиешінің іс-әрекеті Балалардың іс-әрекеті
Мотивациялық- қозғаушылық Жылулық шеңберін ұйымдастыру. Қолдарындағы әдемі жүрек ойыншықты бір-біріне беріп тұрып, тілектерін айтады. Жылы сөздер айту арқылы амандасады.
Ұйымдастыру- іздестіру М.Жаманбалиновтың «Итмұрын тергенде» өлеңін мәнерлеп оқып беру.   Балалармен жасыл дәріханаға серуен ұйымдастыру. Дәрілік өсімдіктермен таныстыру. Неге «дәрілік» өсімдіктер деп аталатынын түсіндіру.   Балаларды дәрілік өсімдіктерден жасалған көрмеге шақырып, қай өсімдікті қандай ауруға пайдаланатыны туралы түсіндіру. Мысалы: Түймедағы гүлін тамақты шайқауға пайдаланады.   Дәрілік өсімдіктерді белгілі бір мерзімде жинау керек екендігі және оны жинау кезінде басқа өсімдіктерге зиян келтірмей белгілі мөлшерде ғана жинау керектігін түсіндіру. Балаларды дәрілік өсімдіктерге қамқор болуға тәрбиелеу.   Сергіту жаттығуын өткізеді.   Кәне, кәне, тұрайық, Үлкен шеңбер құрайық. Тұрсақ енді шеңберге, Алақанды ұрайық. Бишілерше бұралып, Дөңгелене тұрайық.   Әліппе-дәптермен жұмыс. Сұрақтар мен тапсырмалар: 1. Дәрілік өсімдіктердің тағы басқа қандай түрлерін білесіңдер? 2. Өздерің тұратын жерде өсетін дәрілік өсімдіктің түрін атаңдар. 3. Жолжелкеннің қандай пайдасы бар? 4. Суреттегі өсімдіктерді бояту. Дидактикалық ойын: «Бөлме өсімдіктері мен дәрілік өсімдіктерді ажырат» Мақсаты: бөлмеде өсетін өсімдіктер мен дәрілік өсімдіктерді бір-бірінен ажырата білу, қандай мақсатта өсірілетінін анықтау. Балалар өлеңді мұқият зейін қойып тыңдайды. Дәрілік өсімдіктерді зер сала қарап көреді, түсінеді.     Көрмедегі дәрілік өсімдіктерді көріп біледі.   Дәрілік өсімдіктердің жинау мерзімін біледі.   Өлең жолдарын қайталап, дене жаттығуларын жасайды.   Тапсырмаларды дұрыс орындау үшін әрекет жасайды.   Ойынға барлық бала белсене қатысады, дәрілік өсімдіктер мен бөлме өсімдіктерін ажыратады.  
Рефлексивті- түзетушілік Оқу іс-әрекетті бекіту үшін қойылатын сұрақтар: Тамақ ауырғанда қандай шөптер пайдалану керек? Дәрілік өсімдіктерді қалай жинайды екен?   Балалар сұрақтарға дұрыс жауап беруге тырысады.

Күтілетін нәтиже: дәрілік өсімдіктердің пайдасы мен зиянын ажырата алу.

Білуі тиіс: емдік қасиеттері бар өсімдіктердің пайдасын білу.

Түсінігі: бөлме өсімдіктері мен дәрілік өсімдіктердің айырмашылығын түсіну.

Көрсете білуі: берілген сұрақтарға дұрыс жауап беру.

 

Ұйымдастырылған оқу іс-әректінің технологиялық картасы

мектепалды даярлық тобы

Күні:

Білім беру саласы: Әлеуметтік орта.

Бөлімдері: Қоршаған ортамен танысу

Сабақтың тақырыбы: Мамандықтар.

Мақсаты: 1. Адамдардың әртүрлі мамандықтар туралы балалрдың білімдерін жетілдіру.

2. Балалардың мұнайшы, шахтер, құрылысшы мамандықтар туралы түсінігін қалыптастыру. Пайдалы қазба байлықтары және олардың алыну жолдары, олардан не жасалатыны жайлы түсіндіру.

3. Жанар-жағар май тұрған жерде қауіпсіздік ережелерін сақтауға үйрету.

Сөздік жұмыс: мұнай, таскөмір, әк.

Іс-әрекет кезеңдері Тәрбиешінің іс-әрекеті Балалардың іс-әрекеті
Мотивациялық- қозғаушылық Аспан түрді түндігін Жерге сәуле жайылды. Неткен ашық күн бүгін, Қайырлы таң, қайырлы!   Балалар шеңбер жасап тұрып қайталайды.
Ұйымдастыру- іздестіру Педагогтің түсіндіруі: -Мұнайдан алынатын жанармай, жағармайлармен машиналар жүреді. Мұнайдан парафин алынады. Парфинді электр жарығы жоқ кезде пайдаланамыз.Шамшырақты дұрыс пайдаланбасақ, одан өрт шығу қаупі туып, айнала қоршаған ортаға көп шығын келтіруі мүмкін.Сол себепті сақтық ережелерін сақтау қажет. Таскөмір тұрмыста жылу үшін, әкті құрылыста үйлерді ағарту үшін пайдаланады. Тас қалаушы –бұл құрылыс маманы. Үй құрылысында әртүрлі мамандық иелері бар. Олар: ағаш шебері, сылақшы, тас қалаушы, краншы, дәнекерлеуші, шатырлаушы. Сәулетші үйдің жобасын жасағаннан кейін құрылыс орны таңдалып алынады. Экскаватор өзінің үлкен қалағымен жерді қазады.Құрылысшылар үй қалайды. Сол сияқты басқа да мамандық түрлері бар. Олар: дәрігер, архитектор, инженер, шахтер, т.б.   Сергіту сәтін өткізу.   Көтереміз қолымызды, Созыламыз жоғары. Бір, екі, үш, Денеңді солға бұр. Қолыңмен көмектесіп, Беліңді шынықтыр.   Әліппе-дәптермен жұмыс. 1. Суреттегі мамандықтар туралы әңгімелеу.   2. Сурет бойынша шахтер мамандығының қыр-сырын түсіндіру. 3. «Кім болам?» дидактикалық ойыны. Шарты: балаларға болашақта қандай мамандық иелері болатындығын және елге қандай пайда келтіретіндіктерін әңгімелету. Балалар жанар және жағар май туралы түсінгендерін айтады.   Сурет бойынша әңгімелеп береді.     Жалпы дамыту жаттығуларының 1-2 түрін орындайды.     Суретпен белсенді жұмыс істейді.     Сұрақтарға жауап береді.   Балалардың үлгі жауабы: -мен болашақта архитектор боламын. Архитектор сәулетті ғимараттарды жобалайды.Өзім тұрған ауылыма (қалама) салынатын әдемі, биік үйлердің жобасын сызамын.
Рефлексивті- түзетушілік Сұрақтар: 1. Қандай мамандықтарды білесіңдер? 2. Дәрігер не істейді? 3. Жақсы мамандық иесі болу үшін не істеу керек? Балалар ата-аналарының мамандықтары жөнінде әңгімелейді.

Күтілетін нәтиже: мамандықтар туралы түсінігін нығайту.

Білуі тиіс: пайдалы қазбалардың алыну жолдарын білуі.

Түсінігі: жанар майлар бар жерлерде сақтық ережелерін сақтау.

Көрсете білуі: сурет бойынша әңгімелеп беру.

 

 

Ұйымдастырылған оқу іс-әректінің технологиялық картасы

мектепалды даярлық тобы

Күні:

Білім беру саласы: Әлеуметтік орта.

Бөлімдері: Қоршаған ортамен танысу

Сабақтың тақырыбы: Жыл құстары.

Мақсаты: 1. Құстар тіршілігі, табиғатқа келтіретін пайдасы туралы түсініктерін қалыптастыру.

2. Дәптердегі тапсырмаларды орындату арқылы өз бетімен жұмыс жасауға баулу.

3. Қыстап қалатын құстарға қамқорлық жасауға үйрету.

Сөздік жұмыс: жыл құстары, қыстап қалатын құстар.

Іс-әрекет кезеңдері Тәрбиешінің іс-әрекеті Балалардың іс-әрекеті
Мотивациялық- қозғаушылық Үнтаспадан құстардың сайраған дауыстарын тыңдату. Құстарды дауыстарынан танып айтады..
Ұйымдастыру- іздестіру 1. Слайд немесе плакаттан құстарды көрсету.Құстардың тіршілігі туралы әңгімелеу. 2. Жыл құстары және қыстап қалатын құстар туралы әңгімелеу: -Күннің суытып, жәндіктердің көпшілігі қырылып қалады, кейбір жәндіктер ағаштардың қуыстарына тығылыды. Осылайша құстардың жемі азаяды. Өзен-көлдерде су қатып қалады. Осыған байланысты құстар жылы жаққа ұшып кетеді. Жыл құстарына жабайы үйрек, тырна, көкек, ұзақ, қарлығаш, қараторғай, т.б. жатады. Құстардың бір бөлігі күзде ұшып кетпей, сол жерде қыстап қалады.Оларды қыстап қалатын немесе отырықшы құстар деп атайды. Отырықшы құстарға: қарға, көгершін, торғай, көкшымшық, тоқылдақ, т.б. жатады. 1. Дәптермен жұмыс: Суреттен өзіне таныс құстарды атату.(Үкі, бүркіт, үйрек, аққу, тырна). Осы құстар туралы мағлұмат беру. Үкі-түнде ғана ұшатын имек тұмсық, үлпілдек майда жүнді жыртқыш, отырықшы құс. Бүркіт-таулы, далалы жерлерді мекендейтін имек тұмсық жыртқыш, отырықшы құс. Тырна-мойны ұзын, аяқтары сыриған, ірілеу жыл құсы. Үйрек-тұмсығы жалпақ су құсы. Жабайы үйректер жылы жаққа ұшып кетеді. Тоқылдақ-орман құсы. Қыстап қалатын құстар тобына жатады. Тоқылдақты «орман дәрігері» деп атайды, өйткені ол ағаш қуысына тығылып, ағаштың діңін жеп жатқан зиянкес құрттармен қоектенеді. Сөйтіп, орман ағаштарын емдейді. Балалар тыңдайды, түсінбегендерін сұрайды, сұрақтарға жауап береді.   Сұрақтарға жауап береді. Суреттерге қарап, құстардың аттарын атайды. Өз өлкелерінде тіршілік ететін құстар туралы әңгімелейді.   Тоқылдақтың суретін сәйкес түспен бояйды.  
Рефлексивті- түзетушілік 3. Қорытындылау. Сабақта алған білімдерін пысықтауға арналған сұрақтар: 1. Өзің білетін жыл құстарын ата? 2. Құстар немен қоректенеді? 3. Құстар не себепті жылы жаққа ұшып кетеді? 4. Құстар, табиғатқа, адамға қандай пайдасын тигізеді? Сұрақтарға жауап береді, бір-бірінің жауаптарын толықтырып айтады.

Күтілетін нәтиже: жыл құстары мен қыстап қалатын құстар туралы білімдерінің болуы.

Білуі тиіс: қыстап қалған құстарға қамқор бола білу.

Түсінігі: жанар жыл құстары мен отырықшы құстардың тіршілігіндегі айырмашалаған түсіну.

Көрсете білуі: тапсырмаларды дұрыс орындап көрсету.

 

 

Ұйымдастырылған оқу іс-әректінің технологиялық картасы

мектепалды даярлық тобы

Күні:

Білім беру саласы: Әлеуметтік орта.

Бөлімдері: Қоршаған ортамен танысу

Сабақтың тақырыбы: Қыс. Құстардың қысқы тіршілігі.

Мақсаты: 1. Қыс мезгілінің ерекшеліктерімен таныстыру.

2. Қыс кезіндегі құстардың тіршілігі туралы әңгімелеу арқылы балалардың қамқорлық жасауға деген белсенділіктерін арттыру.

3. Табиғатты аялауға баулу.

Сөздік жұмыс: жем, нан қиқымдары, кептірілген жемістер, үйшіктер.

Іс-әрекет кезеңдері Тәрбиешінің іс-әрекеті Балалардың іс-әрекеті
Мотивациялық- қозғаушылық Балаларды дөңгелене тұрғызып, төмендегі өлең жолдарын айтқызады. Кел,балалар, күлейік, Күлкіменен түлейік, Қабақ түйген не керек, Көңілді боп жүрейік. Бәрі қосылып айтады.
Ұйымдастыру- іздестіру 1. Қыс мезгілінің ерекшелігін әңгімелейді. Т.Молдағалиевтің қыс туралы өлеңі оқылады. 2. «Құстар қалай қыстайды?» ертегісін оқу арқылы құстардың қысқы тіршілігімен таныстырады.Құстардың қысқы тіршілігі бейнеленген суреттер арқылы балаларға құстардың тіршілігі жөнінде түсінік беру. Қыс мезгіліндегі құстардың азығы, олардың немен қоректенетінін әңгімелеу. Адамдардың құстарға жасайтын көмектері туралы мағлұмат беріледі. 3. Сергіту жаттығуын орындату. Күнде аспанға қараймыз, Қайтқан құсты санаймыз. Үшбұрыш боп тырналар, Көк жүзінде сырғанар. 4. «Құстар» дидактикалық ойыны: Шарты:суреттер бойынша құстарды екі топқа топтастыру. Жыл құстары және отырықшы құстар. Тыңдайды, сұрақтар қояды, сұрақтарға жауап береді.   Балалар сурет бойынша қыс мезгілі туралы әңгімелейді. Құстарға өздері қалай көмек көрсеткендері туралы айтады.   Өлең мазмұнына байланысты қимылдар жасайды.   Сурет бойынша жыл құстары мен отырықшы құстардың аттарын атайды.Оларды екі топқа топтап айтады.
Рефлексивті- түзетушілік 5. Сабақты қорытындылау. Балалардың білімдерін бекіту үшін төмендегідей сұрақтар қойылады: 1. Біздің өлкемізде қандай құстар қыстап қалады? 2. Олардың тіршілігі туралы әңгімеле. 3. Қыстап қалатын құстарға адамдар қандай көмек көрсетеді? Сұрақтарға жауап береді, бір-бірінің жауаптарын толықтырып айтады.

Күтілетін нәтиже: құстардың қысқы тіршілігі оларға қамқорлық туралы өз көзқарасының болуы.

Білуі тиіс: қыстап қалған құстарға қамқор бола білу.

Түсінігі: жанар жыл құстары мен отырықшы құстардың тіршілігіндегі айырмашалаған түсіну.

Көрсете білуі: тапсырмаларды дұрыс орындап көрсету.

 

Ұйымдастырылған оқу іс-әректінің технологиялық картасы

мектепалды даярлық тобы

Күні:

Білім беру саласы: Әлеуметтік орта.

Бөлімдері: Қоршаған ортамен танысу

Сабақтың тақырыбы: Жануарлардың қысқы тіршілігі.

Мақсаты: 1. Ормандағы аңдардың қысқы тіршілігі, олардың қысқы табиғатқа бейімделуі туралы түсінік беру.

2. Балаларды аңдарды сипаттауға, салыстыра білуге жаттықтыру.

3. Табиғатқа деген қызығушылықтарын арттыру.

Сөздік жұмыс: қуыс, аспан, ін,үйір.

 

Іс-әрекет кезеңдері Тәрбиешінің іс-әрекеті Балалардың іс-әрекеті
Мотивациялық- қозғаушылық Ормандар, жап- жасыл ормандар, Орманды отаушы болмаңдар! Отан мен орман жұп, бір ұғым, Орманды, Отанды қорғаңдар! Балалар бір- біріне жақсы тілектер айтып, амандасады.
Ұйымдастыру- іздестіру 1. Тәрбиеші жануарлардың қысқы тіршілігі туралы түсіндіреді. Мысалы: - Қыс мезгілінде жануарлардың тіршілігінде біраз қиындықтар туындайды. Сондықтан кейбір жануарлар қысқа азық жинайды. Мысалы: тиін ағаштың қуысын мекен етеді. Тиінге ағаштармен тез өрмелеуге аяқтары көмектеседі. Ол жаз бойы саңырауқұлақ, жаңғақтарды ағаш қуыстарына жинайды. Қыста соларды қорек етеді.   2. «Дауысынан таны» дидактикалық ойыны. Шарты: аудиотаспадан әртүрлі жануарлардың дауыстарын тыңдатып, олардың атын атату. Сонан соң сол жануардың қысқы тіршілігі туралы әңгімелеу. Педагог балалардың жауаптарын толықтырып, жаңа мәліметтер береді: -Тоқылдақ қыс бойы ағаш діңінде тығылған құрттарды тұмсығымен теріп жейді. Ол ағаш діңін аршыған кезінде құрттардың біразы жерге түседі. Қар бетіне түскен құрттармен шымшық, торғайлар қоректенеді. Орманнан тоқылдақтың «тоқ-тоқ» деген дыбысын жиі естуге болады. - Аю қысқы ұйқыға кетеді. Ол жаз бойы табанына жинаған майын жалап жатады. - Қасқыр, түлкі- жыртқыш аңдар.Олар өздерінен әлсіз жануарларды ұстап қоректенеді. - Сұр қоян қыста түсін өзгертеді. Аппақ қоян болып ағаш бұтақтарын кеміріп күнелтеді. 3. Сергіту сәті: Музыка әуенімен жануарлардың қимылын келтіріп билейді. Қоян сияқты секіреді, түлкі сияқты денелерін қимыл- қозғалысқа келтіреді.   5. «Жануарлар тіршілігі» дидактикалық ойыны. Педагог балалардың жауаптарын толықтырып тұрады. Балалар тыңдайды. Түсінбегендерін сұрайды.   Суретке қарап әңгіме құрастырады.     Балалар жануарлардың қысқы тіршілігі туралы әңгімелейді.     Тыңдайды. Түсінбегендерін сұрайды   Би қимылдарын орындайды.   Үлгі жауап: Аю апанында қысқы ұйқыға кетеді...
Рефлексивті- түзетушілік Сұрақ- жауап әдісі арқылы сабақта алған білімдерін қорытындылайды. 1. Жабайы аңдарды ата. 2. Қоян қыста түсін қандай түске өзгертеді?   Балалар жабайы аңдар мен үй жануарларын салыстырып айтады.

Күтілетін нәтиже: ормандағы аңдардың қысқы тіршілігін ұғыну.

Білуі тиіс: табиғатқа деген қызығушылығын білдіру.

Түсінігі: туған өлкенің жануарларын қамқорлыққа алу сезімін ояту.

Көрсете білуі: сурет бойынша әңгімелеу.

 

 

Ұйымдастырылған оқу іс-әректінің технологиялық картасы

мектепалды даярлық тобы

Күні:

Білім беру саласы: Әлеуметтік орта.

Бөлімдері: Қоршаған ортамен танысу

Сабақтың тақырыбы: Жаңа жыл келді. Қыс қызығы.

Мақсаты: 1. Балалардың қыс мезгілінің белгілері туралы түсініктерін арттыру.

2. Қыста ойналатын ойындар қыс қызығын арттыра түсетінін түсіндіру.

3. Қысқы ойындардың пайдасын түсіндіру арқылы спортты сүюге баулу.

Сөздік жұмыс: қар кесегі, аққала.

 

Іс-әрекет кезеңдері Тәрбиешінің іс-әрекеті Балалардың іс-әрекеті
Мотивациялық- қозғаушылық «Сырғанақ» өлеңі оқылады.   Сырғанаққа мығымбыз, Шыныққанбыз, шымырмыз. Таудан төмен сырғанап, Біз тебеміз сырғанақ. Балалар бірге қосылып айтады.
Ұйымдастыру- іздестіру 1. Педагогтің тапсырмасы: - Аспанды сұр бұлт қаптап, жерді ақ ұлпа қар басты. Өзендерде мұз қатып, айнала ертегідегідей тыныштыққа бөленді. Күннің суығына қармастан балалар шана, коньки теуіп, қар атысып ойнап жүр. Қай мезгіл туралы айтылды? 2. Педагог қыс мезгілінде болатын құбылыстарға тоқталады. Әр айдың ерекшелігін айта келе, қысқы ойындар туралы түсінік береді. Мысалы: - Қаңтар мен ақпан айларында ауа райы суық болады. Қаңтар – қыс шатыры.Қыстың үш айы қандай суық болған күнде де адамдар мұзайдында конькимен сырғанайды, шаңғы, шана тебеді.Қар кесектерін домалатып, аққала жасайды. 3. «Қысқы ойындар» дидактикалық ойыны. Шарты: балалар бір- бірден қоржын ішінен суреттерді алады. Суреттердің ішінен қысқы ойын түрлері белгіленген суретті тауып, оны тақтаға жапсырады.Сонан соң сурет бойынша қысқы ойын түрлері туралы әңгімелейді.   4. Сергіту сәтін өткізу.   Боран соғар оң жақтан, Боран соғар сол жақтан. Қар лақтырып ойнасақ, Суық өтер қолғаптан.   5. Қысқы мереке туралы әңгіме өткізу: - Жаңа жыл мерекесі. - Шыршаны безендіру.   6. Жұмбақ шешу. Қыста шыны боп қатады, Жылыда су боп жатады. (Мұз)     Балалар қыс қызығын өз беттерінше әңгімелейді..     Қыс мезгілі туралы пікірлерін айтады.     Сурет бойынша әңгімелейді.     Өлең жолдарын қайталап, жаттығу жасайды.     Сұрақтарға жауап береді. Шыршаны ойыншықтармен безендіреді.   Жұмбақтың жауабын айтады.
Рефлексивті- түзетушілік Пысықтауға арналған сұрақтар мен тапсырмалар: 1. Қыс мезгілінің айларын ата. 2. Қыс мезгілінің ерекшеліктерін атап бер. 3. Қандай қысқы ойындарды білесіңдер? 4. Қыс мезгілін не үшін жақсы көресіңдер? Пікірлеріңді білдіріңдер.   Балалар қыстың ерекшелігіне тоқталады.

Күтілетін нәтиже: қыс мезгілінің ерекшелігін білуі.

Білуі тиіс: жаңа жыл мерекесі туралы білімдерін толықтыру. Қардың қайдан пайда болғанын білу.

Түсінігі: табиғатты аялау, қорғау керектігін түсіну.

Көрсете білуі: суретке қарап әңгіме құрай білу.

 

 

Ұйымдастырылған оқу іс-әректінің технологиялық картасы

мектепалды даярлық тобы

Күні:

Білім беру саласы: Әлеуметтік орта.

Бөлімдері: Қоршаған ортамен танысу

Сабақтың тақырыбы: Қысқы еңбек.

Мақсаты: 1. Балалардың қыс мезгілінде орындалатын еңбек түрлері туралы түсініктерін толықтыру.

2. Қыста еңбек түрлерінің пайдасын түсіндіру.

3. Қысқы еңбектің пайдасын түсіндіру арқылы еңбексүйгіштікке баулу.

Сөздік жұмыс: қарды күреу, қар тоқтату, құрғақшылық, ылғал.

 

Іс-әрекет кезеңдері Тәрбиешінің іс-әрекеті Балалардың іс-әрекеті
Мотивациялық- қозғаушылық 1. Шеңбер жасап тұрып, музыканың сүйемелдеуімен «қар күреу» жаттығуын орындатады.   Жаттығуды би қимылына келтіріп орындайды.
Ұйымдастыру- іздестіру 2. Педагогтің жаңа сабақты түсіндіруі.   Қысқы еңбек түрлерімен таныстырады және оларды кімдер атқаратынын айтып түсіндіреді. - Қыстыгүні көше мен аулалардың қарын күреп тазалау, ал ауылда егістік алқаптарында қар тоқтату жұмыстары жүргізіледі. Қала көшелерінде машиналардың жеңіл әрі жылдам жүруі үшін адамдар арнайы машиналармен қарды күреп тазалайды. Құрғақшылық жиі кездесетін аймақтарда қар тоқтату – топырақта ылғалдық біршама қорын жинап, егіс өнімділігін арттыратын жұмыс түрі.   3. Сурет бойынша «Қысқы еңбек» тақырыбында балаларды қатыстырып, әңгіме жүргізеді.   4. Сурет бойынша малды күтіп – баптау жұмыстары туралы түсіндіреді.   5. «Артығын тап» дидактикалық ойыны. Шарты: суреттен еңбек құралдарын тауып, оларды қоршап сызады. Артық заттарды тауып айтады: шана, шаңғы, малақай. Мұқият тыңдайды, түсінбегендері бойынша сұрақтар қояды, сұрақтарға жауап береді. Сурет бойынша қысқы еңбек- қар күреу, ауылда малды күту жұмыстары жайлы әңгімелейді. Дәптерден еңбек құралдарын тауып, оларды қоршап сызады.     Сурет бойынша қысқы еңбек түрлері туралы әңгімелейді, сұрақтарға жауап береді.   Заттардың не үшін артық болып қалғанын айтып дәлелдейді.
Рефлексивті- түзетушілік Сабақта алған білімдерін пысықтайды. Қысқы еңбек туралы қойылған сұрақтарға жауап береді.

Күтілетін нәтиже: қыс мерзімінде атқарылатын жұмыс түрлерін білуі.

Білуі тиіс: қысқы еңбек түрлерін атап беруі тиіс.

Түсінігі: қысқы еңбектің пайдасын білу.

Көрсете білуі: ауланың қарын күреу, үй жануарларына қамқорлық жасау.

 

Ұйымдастырылған оқу іс-әректінің технологиялық картасы

мектепалды даярлық тобы

Күні:

Білім беру саласы: Әлеуметтік орта.

Бөлімдері: Қоршаған ортамен танысу

Сабақтың тақырыбы: Ана-біздің гүліміз.

Мақсаты: 1. Отбасындағы ананың рөлі туралы түсінік беру.

2. Балалардың өздеріне аналары жайлы әңгімелету арқылы отбасы мүшелерінің арасындағы сыйластық туралы түсіндіру.

3. Ананы қадірлеуге тәрбиелеу.

Сөздік жұмыс: құттықтау, тілек.

 

Іс-әрекет кезеңдері Тәрбиешінің іс-әрекеті Балалардың іс-әрекеті
Мотивациялық- қозғаушылық Балаларды шаттық шеңберіне тұрғызып, аналары туралы жылы сөздер айтқызады. Әр бала анасы туралы қысқаша айтады. Мысалы: Менің анам Күн сияқты жып-жылы. Менің анам-ең әдемі адам.
Ұйымдастыру- іздестіру   1. Ана туралы ән тыңдату. Әннің кімге арналғаны туралы сұралады. 2. Педагогтің түсіндіруі: -Кез келген адамның әдептілігі мен жан дүниенің сұлулығы, ең алдымен балаға ақ сүтін беріп, әлпештеп өсірген ана жүрегінің жылуынан басталады. Бала бойындағы ең жақсы қасиеттер бізге алдымен анадан тарайды. Ананың нәзік үні, жұмсақ аялы алақаны, жан жылуымен аялауы бізді әлдилеп жұбатады. Өз баласын бағып қағуда, ол ана өзін-өзі ұмытып барлық күш жігерін сарқа жұмсайды, бұдан оның жаны байи, нәрлене түседі. Ананы барынша құрметтеп, сыйлау -әрбір балалның парызы. 3. Ана туралы мақал-мәтелдің мағынасын ашу.   Ананың сүті –бал, балалның тілі –бал.   4. Дәптердегі ана туралы өлең оқылады. Өлең мәтініндегі кейбір сөздерге сөздік жұмысын жүргізеді.   5. Дәптерге аналарына арнатып құттықтау хат дайындатады. Құттықтау хатқа не салу керектігіне кеңес береді. Әннің мазмұны туралы әңгімелейді.     Мұқият тыңдайды.     Мақалдың мағынасын қалай түсінгенін айтады.   Сөздердің мағынасын қалай түсінгендерін айтады, тыңдайды. Аналарына арнап сурет салады. Бір бала гүлдің суретін, бір бала анасының суретін салуы мүмкін. Оқып –жаза алатын балалар тілектерін жазады.
Рефлексивті- түзетушілік 1. Анашым, жүрегім, гүлім, бақытым сөздерін қатыстырып, сөйлемдер құрастырту. 2. Пікір алмастыру. 1. Сөйлемдер құрастырады.

Күтілетін нәтиже: ананың аялы алақанын, жан жылуын сезіне білуі.

Білуі тиіс: Халықаралық әйелдер мерекесі туралы түсінігі болуы.

Түсінігі: отбасындағы ананың рөлі туралы білу.

Көрсете білуі: Ойын жеткізіп айту.

 

 

Ұйымдастырылған оқу іс-әректінің технологиялық картасы

мектепалды даярлық тобы

Күні:

Білім беру саласы: Әлеуметтік орта.

Бөлімдері: Қоршаған ортамен танысу

Сабақтың тақырыбы: Наурыз-жыл басы.

Мақсаты: 1. Наурыз-жыл басы, күн мен түннің теңелуі, табиғатқа қамқорлық мерекесі екені жөнінде түсінік беру.

2. Көктем мезгілінде табиғаттың жаңаратынын мысалдар келтіру арқылы түсіндіру.

3. Балаларды еңбексүйгіштікке тәрбиелеу.

Сөздік жұмыс: салт-дәстүр, ырым, т.б.

 


Дата добавления: 2015-10-16; просмотров: 5510 | Нарушение авторских прав


<== предыдущая страница | следующая страница ==>
Күтілетін нәтиже: отбасы мүшелеріне кімдер кіретінін білу.| Биологические ресурсы

mybiblioteka.su - 2015-2024 год. (0.07 сек.)