Читайте также: |
|
Жобаның 1-циклінде берілген өтінімдерді талдау нәтижелері ОАЕҚ-ның тиімді басқару концепциясымен байланысы нашар көптеген өтінімдер алғандығын көрсетті. Келесі ұсыныстарды есепке алуды ұсынамыз:
1-қысқаша мысал (Жақсы, бірақ ҚЭБИ бағдарламасына сай келмейді):
Мәселе - ақыл ойы кем балалар мен жастарға көмектесуге арналған оңалту орталығының болмауы.
Ұсынылатын шешім: мектепке дейінгі шағын орталықтар ашу. Ата-аналары жұмыс жасау мүмкіндігіне ие болады, ал балалары дамиды. Жастар үшін шығармашылық, спорттық, еңбек, тігу, компьютер үйірмелері бар шеберханалар ұйымдастырылады. Қалалық мәдени парктерде мерекелер ұйымдастыру БАҚ мен қоғамның ақыл ойы кем балалары бар отбасылардың мәселелеріне назар аудартады. Балалар мен жастар қалалық "Спорттық қалалық клубы" бассейніне барады, мұнда жаттықтырушының басшылығымен жексенбі күндері жүзуге үйренеді. "Жұмыс бастылық және әлеуметтік бағдарламалар бөлімімен" бірлесіп балалар мен жастарды мүгедектер таксиімен тасымалдау жүзеге асырылады.
Грант комитеті мүшелерінің түсініктемелері:
- Жобаның тұрақты және ұзақ мерзімді болмауы. Орталықта жұмыс жасау қысқа мерзімді жоспарларға ие, алдағы уақытта болашағы жоқ. Соның салдарынан Орталық жоба бойынша қаржыландырудың тоқтауына байланысты жабылып қалуы ықтимал;
- Мәселелерді шешу бойынша инновацияның болмауы;
- Жоба бенефициарларға тікелей қызмет көрсетуге ғана арналған.
- Жүйелік деңгейдегі ("түбегейлі") мәселелерді шешу үшін мемлекеттік органдардың өкілдерімен өзара байланыс жоқ.
2-қысқаша мысал (Сәтті мысал):
Мәселе - ақыл ойы кем балалар мен жастарға көмектесуге арналған оңалту орталығының болмауы.
Ұсынылатын шешім: ҚР Үкіметіндегі ұсыныстар пакеті жобасымен ұсынылған тұрақты лоббилендіру механизмін іске қосу, лоббилендіретін депутат тобының күшін шоғырландыру. Мүдделі тұлғалардың ауқымды тобының ақпараттандырылуын жоғарылату, ҚР заңнамалық актілеріне мүмкіндігі шектеулі адамдарға арналған оңалту орталықтарын құру бойынша өзгерістер енгізу жөніндегі қоғамдық оң пікірлерін қалыптастыру. ҚР заңнамасында ұсыныстар пакетін қалыптастыру және оларды депутаттар тобына ұсыну бойынша жұмыстар жинақталатын қорытынды ашық қоғамдық отырыстар.
Грант комитеті мүшелерінің түсініктемелері:
- Жоба тұрақты және ұзақ мерзімді. Оң шешім шығарылған жағдайда орталықты құруға мемлекеттік қаржыландыру ұсынылады;
- Мәселелерді шешудің жүйелі тәсілдері бар;
- Жүйелік деңгейдегі ("түбегейлі") мәселелерді шешу үшін мемлекеттік органдардың өкілдерімен және басқа да мүдделі тараптармен өзара байланыс бар және т.б.
Дата добавления: 2015-10-13; просмотров: 133 | Нарушение авторских прав
<== предыдущая страница | | | следующая страница ==> |
Конкурс кезеңдері | | | И Институт истории и политических наук университета в Белостоке |