Студопедия
Случайная страница | ТОМ-1 | ТОМ-2 | ТОМ-3
АвтомобилиАстрономияБиологияГеографияДом и садДругие языкиДругоеИнформатика
ИсторияКультураЛитератураЛогикаМатематикаМедицинаМеталлургияМеханика
ОбразованиеОхрана трудаПедагогикаПолитикаПравоПсихологияРелигияРиторика
СоциологияСпортСтроительствоТехнологияТуризмФизикаФилософияФинансы
ХимияЧерчениеЭкологияЭкономикаЭлектроника

Титриметриялық талдаудың жіктелуі.

Жүретін реакция бойынша:

· Протонды тасымалдау: қышқылдық-негіздік (протолиттік) титрлеу

H3O+ + OH- = 2H2O

· Электрондарды тасымалдау: тотығу-тотықсыздану титрлеу

aOx1 + bRed2 = aRed1 + bOx2

· Нашар диссоцияланатын комплексті қосылыстар түзу: комплексонометрлік титрлеу

M+L=ML

· Нашар еритін қосылыстар түзілу: тұндырып титрлеу

M+X=MX↓

Титрлеу жолы бойынша:

· Тура титрлеу – зерттелетін қосылыс концентрациясы белгілі ерітіндімен тікелеі титрленеді. n(A) = n(B)

· Кері титрлеу – зерттелетін ерітіндіге артық мөлшерде «Б» зат алынады да, әрекеттеспей қалған «С» затпен титрленеді.

А+Б(артық)→өнімдер+ Б(қалған)

Б(қалған)+С→өнімдер

n(А)=n(Б) – n(С)

· Жанама титрлеу – концентрациясы анықталуға тиісті А заты Д затымен әрекеттесіп С және Е өнімдерін түзеді. Түзілген С және Е өнімі концентрациясы белгілі стандартты Б затының ерітіндісімен титрленеді. А+Д=С+Е

С+Б→өнімдер

n(А) = n(C) = n(Б)

Титриметриялық талдауда қолданылатын реакцияларға қойылатын талаптар:

1. Т.с.н анықтайтын жағдай таңдалу керек

2. Реакция аяғына дейін жүру керек

3. Реакция үлкен жылдамдықпен жүру керек

4. Ерітіндіде титрант пен анықталатын затпен белгілі стрехиаметриялық қатынаста әрекеттесу керек

5. Титрлеу процесінде бөгде реакциялар орындалмау керек

6. Титрант ерітіндісі алдын-ала стандартталған болуы керек.

Титриметриялық анализдің есептеулері келесі заңдарға негізделеді:

1. Эквивалент заңдылығы

2. Зат массасының сақталу заңы

3. Заттың құрамын сақтау заңы

Ерітіндінің құрамындағы еріген зат мөлшері концентрация деп аталады. Концентрация түрлері: молярлық См моль/л, эквивалентті Сэкв моль/л, титр Т г/мл, үлестік w %.

Молярлық: См=m/M*V

Эквивалентті: Сэкв =m/Mэкв*V Mэкв=M*f f-эквиваленттік фактор

Үлестік: w=

Титр:TA = ; СA = ; mA= ; mA= *

 

 

10. Титрлеу қисығын тұрғызу және оны талдау. Күшті қышқылды күшті негізбен титрлеуде ерітіндінің рН-ның өзгеруі (және керісінше).

Титрлеу қисықтары – титранттың көлемі мен титрлеу процесінде өзгеретін параметр арасындағы графикалық тәуелділік.

Титрлеу қисығының маңыздылығы:
- таңдап алынған реакциялар үшін титрлеуді пайдалануға бола ма?
- эквивалентті нүктені анықтауға мүмкіндік береді;
- қолайлы индикаторды таңдауға мүмкіндік береді.

Титрлеудің секіруі – эквивалентті нүкте аймағында жүйедегі ортаның қасиетінің күрт өзгеруі. Титрлеудің секіруі мына шамалармен анықталады:

- титрлеу реакцияның тепе-теңдік константасының шамасымен,

- титрант пен титрленетін заттың табиғатымен,

- әрекеттесетін заттардың концентрациясымен,

- температурамен,

- жүйеде бөгде заттардың бар болуымен.

Қышқылды – негіздік титрлеу протондардың алмасу реакциясына негізделген – қышқыл НА мен негіздің МОН арасындағы әрекеттесу нәтижесінде бейтараптану реакциясы орындалады.

НА + МОН = МА + Н2О

Титранттар Мысалдар стандарттар
Қышқылдар (ацидиметрия) HCl H2SO4 Na2CO3, HgO Na2B4O7×10H2O
Негіздер (алкалиметрия) NaOH КОН С6Н4(СООН)СООК, Н2С2О4×2Н2О, Na2C2O4, С6Н5СООН, NH2-SO3H, НООССН2СН2СООН

Н3О+ + ОН- = 2Н2О.

Қышқылды – негіздік титрлеудің қисықтары

1 - күшті қышқыл күшті негізбен титрленген

2 - әлсіз қышқыл күшті негізбен титрленген

3 - әлсіз қышқыл әлсіз негізбен титрленген

Титрлеу қисығының әртүрлі бөліктеріне сәйкес келетін есептеулер:

1) титрлеудің бастапқы нүктесі;

2) эквивалентті нүктеге дейін

3) эквивалентті нүкте аумағы;

4) эквивалентті нүктеден кейін.


Дата добавления: 2015-09-07; просмотров: 561 | Нарушение авторских прав


<== предыдущая страница | следующая страница ==>
Тотығу – тотықсыздану потенциал шамасына әсер ететін факторлар| Титрлеу қисығының талдануы

mybiblioteka.su - 2015-2024 год. (0.008 сек.)