Читайте также:
|
|
Қазақстандық ғылымның ертеңі республикадағы білім жүйесіне де тікелей байланысты. Қазақстанда басқарудың тікелей негізгі қағидаларына сүйенген, әрі қаржыландыру жағынан мемлекеттік және мемлекеттік емес болып есептелетін еуропалық типтегі білім беру жүйесі қанат жайып келеді.
1995 жылғы Конституция бойынша (30-бап) баршаға бірдей міндетті болып есептелетін толық орта білім алуды мемлекет тегін жүргізеді. Әйткенмен, мектеп бітірген жас жеткіншектің одан әрі қандай оқуға түсуі (мемлекеттік немесе жеке) өз еркі мен қалауына байланысты. Этностық ерекшеліктердің есепке алынуына орай, республикада оқу, білім алу 7 тілде жүргізіледі.
1997—1998 оқу жылынан бастап жалпы білім беретін мекемелерде ақпараттандыру мен компьютерлендіру бағдарламасын орындау міидеттелінді. 2001Жылы мектептерді компьютерлендіру толығымен аяқталды.
Республика мектептерінде аталған барлық тілдер бойынша керекті оқулықтар мен әдістемелік әдебиеттерді басып шығару баяғысынша ең маңызды мәселенің бірі ретінде күн төртібінде тұрды.
Бүгінгі таңда республика аумағында жеке меншік және мемлекеттік көптеген оқу орындары білім беру жүйесін сыбайлас жүргізуде. 1995—1998 жылдар аралығында жеке меншік оқу орындары 41-ден 88-ге дейін өсті.
2001 жылы жеке меншік мектептер мен олардағы оқушылар саны 1996 жылғымен салыстырғанда үш есеге артты.
Мектептер мен жоғары оқу орнындағы жастардың білімін жетілдіру мақсатында республика көлемінде әр түрлі деңгей- дәрежедегі оқу орындарын лицензиялау мен аттестациялаудың нормативі белгіленді.
Мамандар даярлауды жаңарту мен жақсарту үшін «Дарын» мемлекеттік бағдарламасы іске асырылу үстінде. Бұл бағдарлама жасөспірімдер мен жеткіншектерге тәрбие мен білім берудегі білім органдарының негізгі стратегиялық іс-шараларын белгілейтін болады. Ерекше дарынды балаларды шетел оқу орындарына жіберіп отыру мақсатында1 993 жылдан бастап «Болашақ» бағдарламасы жұмыс істеп келеді.
Бүгінгі таңда шетелге барып білім алу мәселесімен басқа да мемлекеттік емес білім ұйымдары, орталықтар, қорлар айналысуда. Тәуелсіздік алған жылдар ішінде білім берудің қыры мен сыры, мазмұны айқындала түсіп, оларды қаржыландыру мен басқару негізі едәуір өзгерді. Бұл салада жаңаша құқықтық-нормативтік база құрылып, қалыптасты. Білім берудің қосымша және баламалық мекемелері өмірге келді. Осыған орай мемлекеттік оқу орындарын қолдап-қуаттаудың мүлдем жаңа мүмкіндіктері ашылды. Білім алу мен білім берудің ықпалдастық дәрежедегі әлемдік кеңістігі ұлғайды.
XXI ғHYPERLINK "http://kk.wikipedia.org/wiki/21_ғ."асырда білім адамзаттың даңғыл даму жолын анықтайды, сондықтан республикада білім беру жүйесін дамытудың өзекті мәселелеріне баса көңіл бөлінеді. Ең бастысы, білім беруді ұлттық экономика мен қоғамның әлеуметтік сұраныстары талаптарына сай дамытуды қамтамасыз ету қажет.
Бұл талаптарға сай бүгінде Қазақстан Республикасы білім беру саласында халықаралық ақпарат кеңістігі жүйесіне қосылу әрекеті жүзеге асырылуда. Республиканың оқу орындары, қаржыландыру формаларына қарамастан, бүгінде халықаралық кәсіптік білім беру саласының коммерциялық жәнеи нновациялық қызметін қабылдауда.
Дүниежүзілік білім беру үдерісіне сәйкес Қазақстанда үздіксіз білім беру жүйесі енгізілуде. Бұл бүгінде кадрларды даярлау, қайта даярлау және мамандығын жетілдіру жүйесін құрудан көрініс табуда, жекелеген жағдайларда бұл жүйе тұрғындарды еңбекпен қамту қызметімен бірлікте әрекет етеді. Нарықтық экономика маман кадрлар даярлаудың әр түрлі жүйесін талап етуде.
79. VI-ХII ғасырдағы ортағасырлық Қазақстан қалалары
Орта ғасырларда Қазақстанның оңтүстігінде қалыптасқан әлеуметтік-экономикалық өрлеу барысында Талас,Іле,Шу өңірлерінде көптеген саяси орталықтар пайда болды.Осының нәтижесінде қолөнердің,сауда мен мәдениеттің шоғырланған орталықтары-қалалар қалыптасты.
Орта ғасырлық қалалар феодалдардың ордалары мен бекініністерінің жанында пайда болды да, онда бай шонжарлардың үй-жайлары,қолөнер мен сауда қүрылыстары салынды.Қалалардың сыртынан ор қазылып, дуалдармен қоршалды.Қаланың шахристан деп аталатын орталық бөлімінде қала билаушілері,олардың жақын туыстары мен қызметшілері,дихандар,сәудегерлермен дін қызметшілері тұрды.
Феодалдық қатынастардың дами түсуіне байланысты қаланің әлейметтік құрылымы өзгереді.Қала шетіндегі қол өнер мен сауда орналасқан рабадтардың рөлі артты.Қол өнершілер ең алдымен қала шонжарларының қажетін өтеді.Олардың басы бос болғанымен іш жүзінде жер мен қүрылыстың иесі шонжарларға тәуелді балды.
Жетісудың оңтүстік батысындағы қалалар Қырғыз жотасынан аққан өзендер бойына салыныпты.Олар:Мерке,Аспара,Үзгент,Сұяб,Сауран,т.б. Осы қалардың барлығы маңызды сауда жолының бойынла немесе қолйлы жағдайға ие болған қуатты,берік қамалдардың жанында салынған.
Жетісудың маңызы ерекше қаласының бірі-Құлан.Құлан қаласы 8 ғ-дан белгілі.10ғ-да Қүлан Берік қамалға айналды.Қала ортасында мешіт болған.Құлан қаласы қазіргі Луговой қаласының орнында деген болжам бар.Бүл қалада түріктердің ірі-ірі әскерлері түрған.Қаланың ішінде өте мықты ішкі қамалы мен қала билеушісінің бекінісі болды,ал шахристанда маңызды әскери-әкімшілік орталығы орналасты.
Орта ғ-ғы Іле бойындағы қалалардың жұрты мүнаралы дуалмен қоршалған,аздап көтерінкі тік бұрышты алаң бітімдес болып келген.Іле алқабының Орта Азия қалаларынан қашықта болуы табиғат жағдаиы егіншілікпен мал шаруашылығының дамуына қолайлы болунан мүнда қалалы қаныстар салу 9-10ғ-да ғана қолға алынды. Қоныстар феодал шонжарлардың ордалары негізінде және түрақты қыстау орындарында пайда болды.Бүл қоныстарды егіншілікпен қатар қолөнермен сауда дамыды және олардың кейбіреулері біртіндеп қалаға айналды.Олар –Талхиз,Екіоғыз,Қаялық қалалары еді.
Архиологиялық зерттеушілердің мәліметі бойынша Тараздың алып жатқан жер көлемі шамамен 6,5га, Отырар-20га,Құлан-12га,Талхиз- 9га болыпты.Жазба деректерде қала тұрғындарының саны туралы мәліметтер жоқтын қасы.Сондықтеа қала халқының саны есептеудің бір жолы археологиялық мәліметтер бойынша қаладағы үйлардің саны мен 1га орналасқан халықтың тығыздығын анықтауға негізделді.
Қала халқының этникалық қүрамы әр түрлі болған.Қала түрғындарының қатарын соғыс,жұрт,мал індетінің ауыр зардабының салдарынан отырықшылыққа көшүге мәжбүр болған көшпелілер үнемі толықтырып отырған.
Орта ғасырлық қалаларда ісләм діні кең тарай бастады.Оны таратушы Хорасының билеүшісі, кейіннен Бағдатта халиф тағына отырған Әл-Мамун болды.Хорасының шонжарларынан қолду тапқан ол ісләм дінін уағыздауға белсене ат салысты.
«Қала» деген үғымның әр кезіндегі қоғамда түрлі мағынасы балған.Қала деп оның түрғындары қолөнермен және сауда мен айналысатын елді мекенді айтқан.Қаланы айқындайтын белгілерге оның аумағының үлкендігі,бекіністері,ақша сағатын сарайының барлығы,қолөнер орталықтары,қолайлы сауда жолында орналасуы,т.б. жатады.
10-12ғ-да Қазақстанда және Орта Азияда қалалық қоныстар шапшаң өсті.Бірқатар жаңа қалалар-Қарашоқ,Қарнақ,Қойлық,Екіоғыз,Ашназ,Башынкент,т.б. пайда болды.
Шу,Талас,Сырдария алқаптарында қала қоныстары арта түсті.Екі қалалардың аумағы үлғайды,шаруашылық орталығы шахризтаннан рабатқа ауысты.10-12ғ-да Отырардың аумағы тез өсті.Онда рабадқа халық симай кеткендіктен екінші оралым қамал қабырға тұрғызылды.
10-12ғ-да Тараз қаласы тез өсті.Қалада және оның айналасында тамаша сәйлетті,сәнді ғимараттар бой көтерді.Іле алқабында Талхиз қаласы қала дуалының шегінен шығып,28га- дай жерді алып жатты.Қала мәдениетіОрталық Қазақстандағы Ұлытау бөктерінде,Сарысу,Нұра,Кеңгір өзендері алқаптарында да кеңінен өркендеді.
Қала түрмысының өрлеуі шаруашылықтын ілгерілеуімен және феодалдық қатынастардың дамуы мен байланысты болды.Қалаларда жер жеке адамдардың меншігінде болғандықтан ол табыс көзіне айналып,сауда орындары,керуен сарайлары, моншалар салуға пайдаланды.Сондықтан феодалдар қалалардан көбірек жер алуға ұмтылды.
Испиджаб 10-12ғ-да сауда орталығы ретінде әйгілі болды.Онда көптеген бағалы заттар өндірілді.Сыртқы мата,қару-жарақ,мыс пен темір шығарылды.Испмджаб-жері қүнарлы,ағашы көп,ағын суы мол және бау-бақшалары жемісті,халықтарының қоныстануына қолайлы қала болған.Испиджабтың жұрты Шымкент қаласының шығысына таман 12 шақырым жерде.Қала жұртының үстіне осы заманғы үйлердің салынуы оны зерттеуді қиындатып отыр.
Отырарда шахристан мен қала орталық бөлігі ғана емес, сонымен қатар рабадта дуалмен қоршалған.Археологиялық қазбалар шахристан өте тығыз салынғанын,тұрғын үйлердің қабырғалары шикі кірпішпен қаланған,үй еденденрінің және ірге тасыныңкүйдірген шаршы кірпішпен салынғанын анықтады.Рабадтағы құрылыстар бір-бірінен алшақ орналасқан.Мұнда су қоймалары,каналдар,бау-бақшалар,егістіктер болды.Қалада су құбырлары жұмыс істеді, канал жағасындағы рабад жерінде қоғамдық моншалар салынды.
Сырдарияның орта ағысы тұсында Весидж қаласы бой көтерді.
Дата добавления: 2015-09-03; просмотров: 250 | Нарушение авторских прав
<== предыдущая страница | | | следующая страница ==> |
Тәуелсіз Қазақстан білім мен ғылымның дамуы | | | Бөкей Ордасы: Жәңгір хан |