Студопедия
Случайная страница | ТОМ-1 | ТОМ-2 | ТОМ-3
АвтомобилиАстрономияБиологияГеографияДом и садДругие языкиДругоеИнформатика
ИсторияКультураЛитератураЛогикаМатематикаМедицинаМеталлургияМеханика
ОбразованиеОхрана трудаПедагогикаПолитикаПравоПсихологияРелигияРиторика
СоциологияСпортСтроительствоТехнологияТуризмФизикаФилософияФинансы
ХимияЧерчениеЭкологияЭкономикаЭлектроника

Сұлтандар

Шыңғысханның бүкіл ұрпақтары сұлтандар деп аталды. Олар қожалар сияқты «ақсүйектер» қатарына қосылды. Халық арасында оларды төрелер деп атады. Төрелер жеке әлеуметтік артықшылықты топты құрады. Олардың текті тұқымнан шыққанын қазақтармен көршілес жартылай көшпелі және отырықшы диқан халықтар да мойындады. Мәселен, XVIII ғасырдың бүкіл барысында Қазақстандағы осы топтан шыққан өкілдерді Башкұртстанда және Орта Азия мемлекеттеріндеп хан тағына отыруға арнайы шақырулар жиі-жиі болып тұрды.
Сұлтандардың айрықша артықшылық жағдайы қазақтардың дәстүрлі әдет заңында нақты кәрініс тапты. Сұлтандардың ісін билер соты қарай алмайтын. Олардың ісі тек хан сотында ғана қарала алатын. Сұлтандарға олардың денесіне зақым келтіретін жаза қолдануға тыйым салынатын. Сұлтанға тіл тигізіп, масқаралағандар айып төлеуге міндетті болған. Ал оны өлтіріп қойған адам әдеттік заңның талабы бойынша құн төлейтін. Ол құнның мөлшері қатардағы жеті қарапайым көшпелілердің құнына тең болатын. Олар өздерінің қыздарын әдетте тек сұлтандар мен қожаларға ғана ұзататын. «Қара сүйектен» қыз алып некеге тұрғандар қарамандар деп аталатын. Сұлтандар жеке-жеке ауыл болып, көшіп-қонып жүретін. Бұл әлеуметтік топтың белгілі өкілдері Сұлтанбет төре, Орыс Сұлтанбетұлы, Шоқан Уәлиханов, Ғұбайдулла Уәлиұлы, Қасым Абылайұлы, Саржан Қасымұлы және басқалары болды.
Кіші жүз бен Орта жүзде хан билігі жойылғаннан кейін сұлтандардың айрықша артықшылық құқықтары бірте-бірте жойыла бастады. Олардың сословиелік айрықша артықшылығына берілген алғашқы қатты соққы патша үкіметінің 1867-1868 жылдарда қабылдаған әкімшілік реформалары болды. Сол кезден бастап сұлтандар өздерінің құқықтары жағынан қатардағы қарапайым қазақтармен теңестірілді.

Ожалар

Қарастырылып отырған кезде дін өкілдері — қожалардың жағдайы нығая түсті. Қазақ қоғамында олар таңдаулы топ — ақсүйектер саналды. Олар қазақтардың дәстүрлі рулық-тайпалық құрылымына кірген жоқ, өздерінің арғы аталарын Мұхаммед пайғамбардың туыстарынан тараған деп есептеді. Қожалар көшпелі қо- ғамның рухани өмірінде өте үлкен рөл атқарды. Олар ислам дінін насихаттады, оның негізгі қағидаларын уағыздап түсіндірді. Қожалар ағартушылық қызмет те атқарды. Іс жүзінде барлық салттық жоралар — балаларды сүндетке отырғызу, неке қию, үйлену, қайтыс болған адамдарды жерлеу, аруақтарға арнап ас беру міндетті түрде солардың қатысуымен өткізілді.
Қазақтар қожаларды әдетте Қазақстанның оңтүстігінен және Орта Азия қалаларынан шақыртатын. Көшпелі және жартылай көшпелі өмір салты жағдайында қазақтардың әрбір руында қожалардың 2—3 отбасы болатын. Олар хандардың, сұлтандардың және ықпалды билердің ауылдарында өздерінің жеке шаруашылығымен айналысып, емін-еркін жүріп жатты. Өте сирек жағдайда өз алдына жеке ауыл болып отырды. Қожалар бірте-бірте қазақ халқының өмір салтын қабылдай берді. Олар қазақтардың генетикалық шығу тегін, тұрмыс-тіршілігін, материалдық және рухани мәдениетін өте жақсы білді. Қожалар қатардағы қарапайым қазақтарға қыз бермейтін, некесін қидырмайтын десе де болатын.
Патша үкіметі олардың Қазақстан аумағында емін-еркін көшіп-қонып жүруіне шек қою саясатын қолданды. Отаршыл әкімшілік оларды мұсылман елдерінің, соның ішінде, әсіресе Түркияның саясатын жүргізушілер деп ойлады. Ресей ислам дінін таратуда XVIII ғасырдың аяқ кезінен бастап қожаларға қарсы қысым жасап, Еділ татарларына едәуір қолдау көрсетуге көшті. Қожалар алым-салық төлеудің барлық түрінен босатылған болатын. Дәстүрлі билер соты оларға тән жазасын қолдануға рүқсат етпейтін. Қожалар қазақ халқының рухани мәдениетін дамытуда елеулі рөл атқарды. Мәселен, Күдері қожа айтыстарға түсіп, халық арасында кеңінен танылды. Белгілі ағартушы-ғалымдардың бірі — қожадан шыққан Мұхамед Салық Бабажанұлы.


Дата добавления: 2015-09-03; просмотров: 304 | Нарушение авторских прав


Читайте в этой же книге: Жауабы:Патша өкіметінің көші-қон саясаты 1 страница | Жауабы:Патша өкіметінің көші-қон саясаты 2 страница | Жауабы:Патша өкіметінің көші-қон саясаты 3 страница | Жауабы:Патша өкіметінің көші-қон саясаты 4 страница | Жауабы:Қазақстандағы «қайта құру» саясаты (1985-1991 жж.). | Хантұсындағысыртқысаясат | ТМД-ның Қазақстанға әсері | ТМДмемлекеттеріменинтеграциялықпроцестері | Көтерілістің шығу себептері | Жауабы:.Қазақстан Республикасының Тіл туралы Заңы |
<== предыдущая страница | следующая страница ==>
Азақтардың қоныстануы мен жалпы саны| Төлеңгіттер

mybiblioteka.su - 2015-2024 год. (0.005 сек.)