Студопедия
Случайная страница | ТОМ-1 | ТОМ-2 | ТОМ-3
АвтомобилиАстрономияБиологияГеографияДом и садДругие языкиДругоеИнформатика
ИсторияКультураЛитератураЛогикаМатематикаМедицинаМеталлургияМеханика
ОбразованиеОхрана трудаПедагогикаПолитикаПравоПсихологияРелигияРиторика
СоциологияСпортСтроительствоТехнологияТуризмФизикаФилософияФинансы
ХимияЧерчениеЭкологияЭкономикаЭлектроника

АлҒы сӨз

 

Химиялық технология пәні - ұлттық университеттің химия факультетінде жалпы химия пәндерінің бәрінің соңында бұрын өтіп кеткен химия пәндеріне сүйеніп, оларды қорытатын оқу курсы. Қазіргі университеттерге арналған бағдарламаға сәйкес оқылатын курсқа химиялық технологияның теориялық негіздері, сонымен қатар химиялық өндірістердің ең маңызды түрлері енгізілген.

Студенттер лекциядан басқа лабораториялық практикумды орындайды. Сонымен қатар олар химия кәсіпорындарында танысу өндірістік практикасын өтеді.

Университет білімінің химиялық технология саласында өзіне тән ерекшелігі бар – негізгі қойылатын мақсат химиялық технологияның теориялық негізін зерттеп білу: химико-технологиялық процестердің физика-химиялық заңдылықтары, процестердің және аппараттардың теориясы, реакторлар теориясы, химиялық кибернетика, экономика негіздері, химия өнеркәсіптерін ұйымдастыру, жоспарлау және т.б. Жоғарыда келтірілген мәселелер туралы орыс тілінде жазылған көптеген оқулықтар болғанымен, дәл қазіргі уақытта университет білімінің ерекшелігі ескеріліп оқу бағдарламасына толық сәйкес келетін қазақ тілінде баспадан шыққан ешқандай оқулық жоқ, сонымен қатар оқу жоспарында лекцияға бөлінген уақыт әртүрлі себептермен азайтылуда.

Қазіргі кезде химиялық технологияны химиялық процестерді модельдеусіз зерделеу уақыт талаптарына сай келмейді. өйткені бағдарламалау, компьютерлерді ЭЕМ қолдану арқылы химиялық технологияның көптеген мәселелерін оңай шешуге болады. Сол себептен, бұрынғы кітапқа алғаш рет “Химиялық технология процестерін модельдеу” бөлімін жазып үшінші бөлім етіп енгіздік.

Сонымен, жоғарыда айтылғандарды ескеріп, бұрынғы Ы.Қ.Тойбаев, Қ.А.Жұбанов жазған “Химиялық технологияның негіздері” атты оқу құралын қайта қарап, өзгерістер енгізіп, жаңа бөлім жазып толықтырып, университет студенттері үшін осы кітапты оқулық ретінде ұсынып отырмыз.

Оқулық үш бөлімнен тұрады. Бірінші бөлімде химиялық технологияның мазмұны, химиялық өндірістердің шикізаттары, суда тазарту, химиялық өндірістердегі физико-химиялық әдістер, отындарды химиялық өңдеу қарастырылды.

Екінші бөлімде басты химиялық өнімдерді өндіру технологиялары: сутекті өндірудің технологиялық әдістері, байланысқан азот технологиясы, азот, күкірт қышқылын өндіру, минералдық тыңайтқыштар, күйдіргіш натр және хлор өндірісі. Органикалық синтез бен үлкен молекулалық қосылыстардың технологиясы жазылған.

үшінші бөлімде химиялық технология процестерін моделдеу, модельдердің типтері, оларға қойылатын талаптар, химиялық технология жүйелерінің (ХТЖ) математикалық моделін жасаудағы әртүрлі тәсілдер, жүйені талдаудағы эксперименттік – статистикалық әдіс, экспериментті жоспарлау, оптиумалды эксперименттік түрде іздеу, идеалдық ығыстыру және идеалдық араластыру реакторларының модельдері, ХТЖ-ның әртүрлі сипаттамалары, топохимиялық модельдер және т.б. қарастырылады.

Әл-Фараби атындағы ҚкзұУ катализ, коллоидтық химия және мұнай химиясы кафедрасының профессорлары жазған осы кітап студент қауымының көңілінен шығып, қазақ бөлімінің оқытушыларына да, студенттеріне де пайдасын тигізеді деген ойдамыз.

Кітап туралы ой-пікірлеріңізді мына мекен-жайға жіберулеріңізді өтінеміз: Алматы, Қарасай-батыр көшесі, әл-Фараби атындағы ҚазұУ, химия факультетінің деканаты.

 

БІРІНШІ БӨЛІМ

 


Дата добавления: 2015-09-03; просмотров: 244 | Нарушение авторских прав


Читайте в этой же книге: ХИМИЯЛЫҚ ӨНДІРІСТЕРДІҢ ШИКІЗАТЫ | ХИМИЯЛЫҚ өНДІРІСТЕРДЕГІ СУДЫҢ АЛАТЫН ОРНЫ ЖӘНЕ СУДЫ ТАЗАРТУ | ХИМИЯ өНДІРІСТЕРІНДЕГІ ЭНЕРГЕТИКА | ХИМИЯ-ТЕХНОЛОГИЯЛЫҚ ПРОЦЕСТЕРІНДЕ ҚОЛДАНЫЛАТЫН ФИЗИКА-ХИМИЯЛЫҚ ЗАҢДЫЛЫҚТАР | Nbsp;   К-ның физикалық мәні | ОТЫНДЫ ХИМИЯЛЫҚ өҢДЕУ | СУТЕКТІ өНДІРУДІҢ ТЕХНОЛОГИЯЛЫҚ ӘДІСТЕРІ | БАЙЛАНЫСҚАН АЗОТ ТЕХНОЛОГИЯСЫ | АЗОТ ҚЫШҚЫЛЫН өНДІРУ | КүКІРТ ҚЫШҚЫЛЫН өНДІРУ |
<== предыдущая страница | следующая страница ==>
Об интеллектуальном творчестве| ХИМИЯЛЫҚ ТЕХНОЛОГИЯНЫҢ ЖАЛПЫ МӘСЕЛЕЛЕРІ

mybiblioteka.su - 2015-2024 год. (0.006 сек.)