Студопедия
Случайная страница | ТОМ-1 | ТОМ-2 | ТОМ-3
АвтомобилиАстрономияБиологияГеографияДом и садДругие языкиДругоеИнформатика
ИсторияКультураЛитератураЛогикаМатематикаМедицинаМеталлургияМеханика
ОбразованиеОхрана трудаПедагогикаПолитикаПравоПсихологияРелигияРиторика
СоциологияСпортСтроительствоТехнологияТуризмФизикаФилософияФинансы
ХимияЧерчениеЭкологияЭкономикаЭлектроника

Детская хирургия каз

Читайте также:
  1. Балалар хирургиясы
  2. Балалар хирургиясы 1 страница
  3. Балалар хирургиясы 10 страница
  4. Балалар хирургиясы 11 страница
  5. Балалар хирургиясы 12 страница
  6. Балалар хирургиясы 13 страница
  7. Балалар хирургиясы 14 страница

$$$001

Балалардағы шыбық сүйегінің шығуына тән белгі:

A) Шынтақ буынындағы патологиялық қозғалыс

B) Шынтақ буынында қозғалыстың болмауы

C) Шынтақтағы ротациялық қозғалыстағы ауырсыну

D) Перифериялық нервтердің салдануы

E) Фолькманның ишемиялық контрактурасы

{Дұрыс жауабы}= B

{Күрделілігі}= 1

{Оқулық}= (Балалар хирургиясы. А.А.Дюсембав, К.С.Ормантаев, М.Санбаев, М.Т.Аубакиров, Семей, 2012 ж.)

{Курс}=7

{Семестр}=14

$$$002

4 жасар қыз бала, аппендэктомиядан кейін 3-ші күн. Шағымдары: зәр шығарудың және дефекацияның ауырсынуы. Нәжіс аз көлемде, шырыш аралас. Кейде іштің толғақ тәрізді ауырсынуы. Ректальды тексергенде – қатты ауырсынатын, тығыз, жоғары орналасқан инфильтрат. Диагноз қойыңыз:

A) Ішек аралық абсцесс

B) Жедел аппендицит

C) Перитонит

D) Дуглас кеңістігінің абсцессі

E) Диафрагма асты абсцесс

{Дұрыс жауабы}= A

{Күрделілігі}= 2

{Оқулық}= (Балалар хирургиясы. А.А.Дюсембав, К.С.Ормантаев, М.Санбаев, М.Т.Аубакиров, Семей, 2012 ж.)

{Курс}=7

{Семестр}=14

$$$003

Жаңа туған нәрестеде кіндіктің түсуінен кейін алғашқы күндерден бастап кіндіктен ішектік бөлініс шығуы байқалды. Кіндік домбыққан, қызарған. Бала салмақты аз қосады. Жүдеген. Физикалық дамуы жағынан қалыс қалған. Жалпы жағдайы күннен күнге нашарлауда. Қандай ауру жөнінде айтылған:

A) Флегманозды омфалит

B) Кіндік жарығы

C) Кіндік бауы жарығы

D) Меккел дивертикулы

E) Кіндіктің толық жыланкөзі

{Дұрыс жауабы}= E

{Күрделілігі}= 2

{Оқулық}= (Балалар хирургиясы. А.А.Дюсембав, К.С.Ормантаев, М.Санбаев, М.Т.Аубакиров, Семей, 2012 ж.)

{Курс}=7

{Семестр}=14

$$$004

Бір айлық балада әлсіздік, селқостық, 3 күн бойы нәжістің болмауы байқалған. Анамнезінде туғаннан бері нәжісі өз еркімен болмаған, тек тазалау клизмасынан кейін. Кейінгі кезде ата-анасы нәжіс пен газдың шығуы қиындықпен. Баланың жағдайы ауырлаған, тамақтанудан бас тартады. Ішінің көлемі ұлғайған. Болжам диагноз:

A) Гиршпрунг ауруы

B) Пилоростеноз

C) Мегаколон

D) Мегадолихосигма

E) Созылмалы іш қату

{Дұрыс жауабы}= A

{Күрделілігі}= 2

{Оқулық}= (Балалар хирургиясы. А.А.Дюсембав, К.С.Ормантаев, М.Санбаев, М.Т.Аубакиров, Семей, 2012 ж.)

{Курс}=7

{Семестр}=14

$$$005

6 жасар қыз бала іштің оң жақ аймағындағы тұрақты сыздап ауырсынуға шағымданады. Соңғы 2 жылда науқаста пиурия байқалады. Баланың жалпы жағдайы қанағаттанарлық. Физикалық зерттеу барысында патологиясыз. Зәр анализінде – белок, лейкоцитурия. Цистоскопия барысында патология анықталмады, урограммада оң жақта тостағаншалар мен түбек айқын түрде ұлғайған, түбек-несепағар сегменті тарылған, несепағар түзу, тарылған, орналасуы қалыпты. Болжам диагноз:

A) Бүйрек ісігі

B) Гидронефроз

C) Гидрокалиоз

D) Пионефроз

E) Уретерогидронефроз

{Дұрыс жауабы}= B

{Күрделілігі}= 2

{Оқулық}= (Балалар хирургиясы. А.А.Дюсембав, К.С.Ормантаев, М.Санбаев, М.Т.Аубакиров, Семей, 2012 ж.)

{Курс}=7

{Семестр}=14

$$$006

10 жастағы бала. Ішінің және қуықтың тұсынан ауырсынуға шағымданады. Жағдайы орташа ауырлықта. Дене температурасы 37,50С. Ауырсынуы зәр шығару каналы мен тік ішекке тарайды. Кіші дәретке отырғанда ашып ауырады. Ішті пальпациялағанда қуықтың тұсында және оң жақ мықынында ауырсыну байқалады. Қанында: лейкоцитоз - 11x109 г/л, нейтрофилез-78. Тік ішекті тексерген кезде - алдынғы жағы ауырады және бүлкілдейді. Сіздің болжам диагнозыныз:

A) Ретроцекалді жедел аппендицит

B) Жедел цистит

C) Жамбас қуысындағы жедел аппендицит

D) Бауыр астындағы жедел аппендицит

E) Мықын аймағындағы жедел аппендицит

{Дұрыс жауабы}= C

{Күрделілігі}= 2

{Оқулық}= (Балалар хирургиясы. А.А.Дюсембав, К.С.Ормантаев, М.Санбаев, М.Т.Аубакиров, Семей, 2012 ж.)

{Курс}=7

{Семестр}=14

$$$007

Жеті жастағы ұл бала іштің төменгі бөлігіндегі ауырсынумен, өздігінен зәр шығарудың болмауы шағымдарымен шұғыл түрде жеткізілді. Қарау кезінде қуық ұлғайған және ауырсынады. Зәр шығару он сағатқа дейін болмаған. Емдік тактика:

A) Эпицистостома, уретролитотомия

B) Инфузионды терапия, нефростомия

C) Консервативті ем, диуретиктерді тағайындау

D) Эпицистостома, қуыққа пункция жасау

E) Эпицистостома, антибиотиктерді тағайындау

{Дұрыс жауабы}= A

{Күрделілігі}= 3

{Оқулық}= (Балалар хирургиясы. А.А.Дюсембав, К.С.Ормантаев, М.Санбаев, М.Т.Аубакиров, Семей, 2012 ж.)

{Курс}=7

{Семестр}=14

$$$008

Бала 3 жаста. Анамнезі бойынша анасы байқаусызда баланың сол жақ қолынан тартып қалған, содан кейін балада мазасыздану. Қараған кезде сол жақ қолы кеуде бойымен сәл созылған, шамалы бүгілген және пронацияланған. Шынтақ буынындағы қозғалыс жедел ауырсыну шақырып, бала жылайды. Сіздің емдік тактикаңыз, неге:

A) Таңғышты тығыз орап таңу – қолдың ісінуін басады

B) Қаңқалы созу – буыннан шығуды біртіндеп орнына келтіреді

C) Шығуды жабық орнына келтіру – физиологиялық, азырақ жарақаттайды

D) Шығуды ашық жолмен орнына келтіру – толық орнына келтіруге мүмкіндік

E) Лейкопластырлық созу – терінің қабынуына жол бермейді

{Дұрыс жауабы}= C

{Күрделілігі}= 3

{Оқулық}= (Балалар хирургиясы. А.А.Дюсембав, К.С.Ормантаев, М.Санбаев, М.Т.Аубакиров, Семей, 2012 ж.)

{Курс}=7

{Семестр}=14

$$$009

Ұл бала, 6 ай бойы сырқат. Шағымдары: дене қызуының жоғарылауы, оң жақ санның ортаңғы 1/3 бөліміндегі жыланкөзден, ұсақ сұйек түйіршіктерімен іріңді бөлініс шығады, сан жуандаған. Рентгенограммада: санның ортаңғы 1/3 бөлімінде остеосклерозды остеопороз ошақтары, ұсақ сүйектері бар капсула анықталады. Дәрігердің диагностикасы және емдік тактикасы:

A) Юинг саркомасы, операция-сүйек ошағын резекциялау

B) Остеоид-остеома, операция-сүйек ошағын резекциялау

C) Сан сүйегінің түберкулезі, зақымданған ошақты алып тастау

D) Созылмалы остеомиелит, операция-секвестрді алып тастау

E) Остеомиелиттің склероздаушы түрі, сүйек ошағын резекциялау

{Дұрыс жауабы}= E

{Күрделілігі}= 3

{Оқулық}= (Балалар хирургиясы. А.А.Дюсембав, К.С.Ормантаев, М.Санбаев, М.Т.Аубакиров, Семей, 2012 ж.)

{Курс}=7

{Семестр}=14

$$$010

Науқас З., 3,5 жаста. Табан деформациясы келесі компоненттерден тұрады: эквинус, супинация, аддукция. Балтыр бұлшық еттерінің гипотрофиясы, балтыр сүйектерінің ішкі торсиясы. Сіздің тактикаңыз

A) Консервативтік, табанды дұрыс қалпында бинтпен орау

B) Консервативтік, кезеңді коррекциялаушы таңғыштар

C) Консервативтік, емдік денешынықтыру, массаж

D) Операция- Зацепин бойынша лигаментокапсулотомия

E) Табан сүйектерінің сына тәрізді резекциясы, лигаментокапсулотомия

{Дұрыс жауабы}= E

{Күрделілігі}= 3

{Оқулық}= (Балалар хирургиясы. А.А.Дюсембав, К.С.Ормантаев, М.Санбаев, М.Т.Аубакиров, Семей, 2012 ж.)

{Курс}=7

{Семестр}=14

$$$011

Анасының айтуы бойынша 5 айлық балада мазасыздану, анус аймағында тығыз түзіліс байқалады. Дене температурасы 380С. Жергілікті: анус аймағында 9 сағат тілі мөлшерінде көлемі 2см болатын түзіліс анықталады. Емдік тактика:

A) Жұмсақ тінді кесу, дренаждау, УВЧ, антибактериалды терапия

B) Жұмсақ тінді кесу, инфузиялық терапия, антибактериальды терапия

C) Инфильтратты радикальды кесу, УВЧ, антибактериальды терапия

D) Жмсақ тінді кесу, УВЧ, антибактериалды терапия

E) Жұмсақ тінді кесу, Вишневский майымен таңғыш, антибактериалды терапия

{Дұрыс жауабы}= A

{Күрделілігі}= 3

{Оқулық}= (Балалар хирургиясы. А.А.Дюсембав, К.С.Ормантаев, М.Санбаев, М.Т.Аубакиров, Семей, 2012 ж.)

{Курс}=7

{Семестр}=14

$$$012

Аталған аурулардың ішінде қайсысы қаңқа дисплазиясына жатады:

A) Дисхондроплазия, Блаунт ауруы, Моделунг ауруы, сүйек-шеміршек экзостоздары

B) Рахиттік деформациялар, остеохондропатиялар, сүйек-шеміршек экзостоздары

C) Дистрофиялық сүйек кисталары, Моделунг ауруы, рахиттік деформациялар

D) Остеохондропатиялар, Блаунт ауруы, дистрофиялық сүйек кисталары

E) Рахиттік деформациялар, остеохондропатиялар, дистрофиялық сүйек кисталары

{Дұрыс жауабы}= A

{Күрделілігі}= 1

{Оқулық}= (Балалар хирургиясы. А.А.Дюсембав, К.С.Ормантаев, М.Санбаев, М.Т.Аубакиров, Семей, 2012 ж.)

{Курс}=7

{Семестр}=14

$$$013

Ұл бала 7 жаста. Шағымдары: аз уақытқа дене температурасының әредік-әредік көтерілуі, мазасыздану, нәжісінің қараюы. Анамнезінде: 2 жыл бұрын Боткин ауруымен ауырған. Сіздің зерттеу жоспарыңыз:

A) ФГДС, қанның биохимиялық анализі

B) қанның жалпы анализі, қанның биохимиялық анализі

C) ФГДС, спленопортография, бауыр биопсиясы

D) колоноскопия, ирригография, бауыр УДТ

E) АІЖ-н контрастты зерттеу, бауырдың МРТ

{Дұрыс жауабы}= B

{Күрделілігі}= 2

{Оқулық}= (Балалар хирургиясы. А.А.Дюсембав, К.С.Ормантаев, М.Санбаев, М.Т.Аубакиров, Семей, 2012 ж.)

{Курс}=7

{Семестр}=14

$$$014

Бала 5 жаста. Ауру 6 сағат бұрын басталған. Оң жақ шап аймағында ісік тәрізді түзілістің пайда болуына, жүрек айнуына, құсуға шағымданады. Жергілікті: оң жақ шап аймағында көлемі 3х4см ісік тәрізді түзіліс анықталады, тығыз, консистенциясы эластикалы, ауырсынады, іш қуысына қайта енбейді. Сіздің болжам диагнозыңыз:

A) Ұрық бауының жедел кистасы

B) Қысылмаған шап жарығы

C) Шап лимфадениті

D) Шап крипторхизмі

E) Қысылған шап жарығы

{Дұрыс жауабы}= E

{Күрделілігі}= 2

{Оқулық}= (Балалар хирургиясы. А.А.Дюсембав, К.С.Ормантаев, М.Санбаев, М.Т.Аубакиров, Семей, 2012 ж.)

{Курс}=7

{Семестр}=14

$$$015

Нәресте 2400 г. Туғаннан 2 сағаттан кейін дәрігер кезенді түрде пайда болатын көгеруді, шырышпен құсуды, аузынан және мұрынынан көбікті бөлініс шығуын байқады. Диагноз қою үшін қандай тексерулер керек:

A) Өнешке зонд енгізу

B) Тік ішекке зонд енгізу

C) Іш қуысының рентгені

D) Кеуде қуысының рентгені

E) Трахеобронхоскопия

{Дұрыс жауабы}= A

{Күрделілігі}= 2

{Оқулық}= (Балалар хирургиясы. А.А.Дюсембав, К.С.Ормантаев, М.Санбаев, М.Т.Аубакиров, Семей, 2012 ж.)

{Курс}=7

{Семестр}=14

$$$016

Аппендицит. Операция кезінде аш ішектен Меккель дивертикулы табылды. Сіздің тактикаңыз:

A) Аппендэктомия, дивертикулды қалтыру

B) Аппендэктомия, девертикулды алып тастау

C) Дивертикул тұсынан стома салып кету

D) Дивертикулды 3 айдан кейін алып тастау

E) Дивертикулды 1 айдан кейін алып тастау

{Дұрыс жауабы}= A

{Күрделілігі}= 2

{Оқулық}= (Балалар хирургиясы. А.А.Дюсембав, К.С.Ормантаев, М.Санбаев, М.Т.Аубакиров, Семей, 2012 ж.)

{Курс}=7

{Семестр}=14

$$$017

Әкесі 1жасар баласын жоғары лақтырып тұрып, байқаусызда еденге құлатып алды. Бала басымен соғылып, қысқа уақытқа есінен тану, тынысының тоқтауы, тері жабындары бозаруы, бір ретті құсу болды. Соңынан бала ұйықтап қалды. Қарағанда оң жақ төбе көлемі 3х2 см аймағында ішке қарай, тереңдігі 0,7 см-ге кіріп тұр. Сол жақ білектің деформациясы, пальпацияда қатты ауырсынады. Неврологиялық статусында патологиялық белгілер жоқ. Диагноз қою үшін қандай тексеру жүргізу керек:

A) Бас сүйегінің және білек сүйектерінің рентгенографиясы, бастың КТ

B) Бас және білек сүйектерінің рентгенографиясы, люмбалды пункция

C) Бас және білек сүйектерінің рентгенографиясы, бас миын УДТ

D) Бас және білек сүйектерінің рентгенографиясы, артериалды қысымды өлшеу

E) Бас және білек сүйектерінің рентгенографиясы, көз түбін тексеру

{Дұрыс жауабы}= A

{Күрделілігі}= 2

{Оқулық}= (Балалар хирургиясы. А.А.Дюсембав, К.С.Ормантаев, М.Санбаев, М.Т.Аубакиров, Семей, 2012 ж.)

{Курс}=7

{Семестр}=14

$$$018

Қыз бала 4 жаста. Ауырғаннан екі сағаттан соң түсті. Ауыру оң жақ шап аймағында ісік тәрізді түзіліс пайда болудан жедел басталды. Құсу мен ауырсынуға шағымданады. Жергілікті: оң жақ шап аймағындағы ісік тәрізді түзіліс 3х4 см, тығыз, консистенциясы эластикалы, ауырсынады, іш қуысына енбейді. Емдеу тактикасы:

A) Тренделенбург қалпы, спазмолитиктер, ауырсынуды басатын препарататар

B) Шап аймағындағы ісік тәрізді құрылымды құрсақ қуысына күшпен енгізу

C) Жедел операция - жарықты кесу, Краснобаев бойынша пластика

D) Спазмолитиктер мен анальгетиктер тағайындау, шап аумағына жеңіл массаж

E) Шап аймағына жеңіл массаж жасау, шап аймағына жылытқыш салу

{Дұрыс жауабы}= D

{Күрделілігі}= 3

{Оқулық}= (Балалар хирургиясы. А.А.Дюсембав, К.С.Ормантаев, М.Санбаев, М.Т.Аубакиров, Семей, 2012 ж.)

{Курс}=7

{Семестр}=14

$$$019

9 жастағы бала жол апаты орнынан ауруханаға жеткізілді. Шағымы: ішінің ауырсынуы. Зәр шығарған жоқ. Жергілікті: ішінде аздаған кебу, пальпация кезінде қатты ауырсыну, іш пердесінің тітіркену белгісі оң. Қуыққа катетер енгізгенде қан аралас зәр шығады. Жалпы қан анализінде - Нв – 80г/л, эритроциттер -2,89*1012 г/л, лейкоциттер -12*109 г/л. Сіздің тактикаңыз:

A) Қуықты пальпациялау, экскреторлық урография,

B) Шолу рентгенографиясы, қуықты катетеризациялау, цистоскопия

C) Шолу рентгенографиясы, қуықты катетеризациялау, цистография

D) Шолу рентгенографиясы, қуықты катетеризациялау

E) Шолу рентгенографиясы, қуықты катетеризациялау, хромоцистоскопия

{Дұрыс жауабы}= D

{Күрделілігі}= 3

{Оқулық}= (Балалар хирургиясы. А.А.Дюсембав, К.С.Ормантаев, М.Санбаев, М.Т.Аубакиров, Семей, 2012 ж.)

{Курс}=7

{Семестр}=14

$$$020

9 жастағы ұл балада тексеру кезінде бетінің асимметриясы, басының алдыға еңкеюі және оңға қарай бұрылуы байқалды. Мойын аймағында оң жақтан тері астында тығыз бұлшық ет контуры көрінеді. Сіздің емдеу тактикаңыз және неге:

A) Ортопедтің диспансерлік бақылауында болу - емдеусіз, өз бетімен жазылады

B) Физиотерапия тағайындау – мойын бұлшықет аймағындағы гематоманың сорылуы

C) Мақталы-гипстік «жаға» салу – басты қалыпты жағдайда фиксациялайды

D) ЛФК және массаж тағайындау – бастың жағдайын жақсартады

E) Микулич бойынша миотомия – қалыпты жағдайға келтіруге жол береді

{Дұрыс жауабы}= E

{Күрделілігі}= 3

{Оқулық}= (Балалар хирургиясы. А.А.Дюсембав, К.С.Ормантаев, М.Санбаев, М.Т.Аубакиров, Семей, 2012 ж.)

{Курс}=7

{Семестр}=14

$$$021

Нәресте. Туғаннан кейін 3-ші аптада «фонтан» тәрізді құсу, терісінің құрғауы, еңбегінің батыңқылығы, салмағын жоғалту анықталады. Іші эпигастрий аймағында ұлғайған, «құм сағат» тәрізді перистальтиканың күшеюі. Диурездің азаюы. Сіздің диагнозыңыз:

A) Спазмолитиктер тағайындау, өйткені балада пилороспазм

B) Диуретик тағайындау, өйткені балада туған кездегі жарақат

C) Операция – пилоромиотомия, өйткені балада пилоростеноз

D) Шұғыл лапоротомия, өйткені балада туа біткен шек өтімсіздігі

E) Ішектерді стимуляциялау, өйткені балада туа біткен паралитикалық ішек өтімсіздігі

{Дұрыс жауабы}= C

{Күрделілігі}= 3

{Оқулық}= (Балалар хирургиясы. А.А.Дюсембав, К.С.Ормантаев, М.Санбаев, М.Т.Аубакиров, Семей, 2012 ж.)

{Курс}=7

{Семестр}=14

$$$022

Емханада профилактикалық қарау кезінде 3 айлық баланың сол жақ шап аймағында сопақ, ісік тәріздес, жұмсақ, консистенциясы эластикалы, ауырсынусыз түзіліс анықталды. Құрсақ қуысына женіл енеді. Қандай емдеу тактикасын қолданасыз, неге:

A) Диспансерлік есепке алу, 6 айлығында операция жасау – қысылмаған шап жарығы

B) Диспансерлік есепке алу, 1 жасында операция жасау – шап жарығының қысылуы байқалады

C) Диспансерлік есепке алу, 3 жастан асқанда операция жасау – шап жылғасының айқын деформациясы

D) Диспансерлік есепке алу, 5 жасында операция жасау – қысылмаған шап жарығы//

E) Шұғыл операция жасау – шап жарығының қысылуы байқалады

{Дұрыс жауабы}= A

{Күрделілігі}= 3

{Оқулық}= (Балалар хирургиясы. А.А.Дюсембав, К.С.Ормантаев, М.Санбаев, М.Т.Аубакиров, Семей, 2012 ж.)

{Курс}=7

{Семестр}=14

 

Дисциплина «Оториноларингология» по направлению «Хирургические болезни»:


Дата добавления: 2015-08-10; просмотров: 99 | Нарушение авторских прав


Читайте в этой же книге: Хирургические инфекции. Амбулаторная хирургия_каз | Жоспарлы хирургия | Хирургические инфекции. Амбулаторная хирургия_каз | Хирургиялық аурулар» бойынша « Офтальмология» пәні. | Онкология с маммологией_каз | Анестезиология және реанимация»_ каз | Клиническая анатомия и оперативная хирургия_каз | Дисциплина « Визуальная диагностика» по направлению | Берілген ауру кезінде ауырсыну синдромын жою үшін арналған препаратты ата және себебі? | A) Қолқадан шығады, себебі жоғарылаған бөлігі кеңейген |
<== предыдущая страница | следующая страница ==>
Торакальды хирургия_қаз| Оториноларингология _каз

mybiblioteka.su - 2015-2024 год. (0.035 сек.)