Читайте также: |
|
Адамның жаны мен тәнінің қалыпты жағдайлардағы дамуындағы дисгормониялық ауытқулар ішкі және сыртқы себептерге байланысты.
Тамақтанудың жақсаруы мен урбанизацияға байланысты балалардың дамуы жылдамдап, физиологиялық акселерация деген түсінік пайда болды. Физиологиялық акселерацияның физиологиялық және психикалық түрі бар. Дене бітімі дамуынан псих-қ дамудың артта қауіпі ретардация деп аталады. Ретардация да дене бітімі және психикалық болып 2-ге бөлінеді. Дене бітімі акселерациясы мен мидың нашар дамуы тұқым қуалауға байланысты.
Эндогендік себептерге жас және соған байланысты себептер мен жеке адамның ауруға дейінгі ерекшеліктері жатады. Жас адамның ерекшеліктеріне байланысты невроздың түрі қалыптасады. Мысалы истериялқ реакциялар жиі ұстамсыз адамдарда дамиды. Жабысқақ түрдегі невроздар мазасыз күмәншіл адамдарда жиі болады.
Психологиялық дамудағы экзогендік себептерге – аурудың зардабынан (менингит, энцефалит)болған және бассүйек ми зақымданғаннан кейінгі мидағы кемістік. Туу кездегі болған зақымданудан кейін де өмір бойы сақталатын ми кемістігі болады. (мидың ең аз(минемальды дисфункциясы «ММД» не «ерте резидуальды –органикалық мидың кемістігі» деп аталады)
Резидуальды органикалық мидың кемістігі бассүйек пен ми зақымданған уақытта пайда болады., дәрі сезімталдығы жоғары болады. Соматикалық әсіресе ауыр және ұзаққа созылған аурулар нервтік –психикалық бұзылуды оңай тудырып, олардың өтуін ауырлатады. Ересек адамдар арасында қан тамырлары аурулары мен ісік пайда болудан басқа да тұқым қуалайтын 1,5 мыңнан астам аурулар бар. Бір жағынан тұқым қуалайтын ауруы бар адамдар міндетті түрде ауырмайды, екінші жағынан мутация арқылы пайда болатынын көрсетті.
Мутациялар сыртқы себептердің, мутагендердің арқасында пайда болады, мысалы: клеткаларға сәулелелердің, химиялық заттардың әсері. Артынан бұл өзгерістер тұқым куалайды,осыған байланысты ауру тудыратын фенотип пайда болды.Сыртқы факторлардың тек мутация пайда болуында ғана емес, тұқым қуалайтын аурулардың білінуінде де маңызы зор.
Тұқым қуалайтын ауруларға әсер ететін сыртқы себептер митозды өзгертеді (митоз –аутосомдардың бөлінуі, ал мейоз – жыыстық хромосомалардың бөлінуі). Осының салдарынан санасы келе балалар туады. Туған балалардың сана кемістігінің 80 % сыртқы себептерге байланысты екені белгілі. Сыртқы себептер тұқым қуалайтын факторлардан айнымайтын дамуда өзгерістер тудырады. Экологиясы нашар аудандарда тұқым қуалайтын аурулардың кең тарағаны жоғарыда айтылғанды айқындайды. Мысалы, Семей ядролы аймағында туған балалар дың арасында тұқым қуалайтын,соның ішінде психикалық аурулармен ауырғандардың саны көбейді.
Сыртқы себептер организмнің тұқым қуалайтын ауруларды тез қабылдауын анықтауға үлкен көмек көрсетеді.Тұқым қуалағыштық жағдайдың бәрінде де ауру пайда болу міндет емес. Мұндай жағдайдың 1/3 де ауру пайда болып, ал 2/3 де ауру дамымайды. Ауру пайда болу үшін сыртқы себептердің жиынтығы қажет. Ресейдің медицина ғылымдар академиясының психиатрия институтының мәліметтері бойынша тұқым қуалағыштық себептердің мәні әсіресе бала кезде зор. 10 жасқа дейінгі ауырған балалардың жақындарының 51% осы аурумен зақымданған,40 жастан кейін ауырғандарда бұл процент 19 –ға дейін төмендейді. Жас ұлғайған сайын тұқым қуалағыштық себептің әсері азайып,тал сыртқы факторлардың әсері жоғарлайды.
Тұқым қуалайтын аурулар арасында хромосома патологиясынан пайда болған аурулар үлкен орын алады. Бұл хромасомалы аурулар. Бұл аурулар жағдайында психикалық дамуда өзгеріс болады.Мысалы,көп кездесетін Даун ауруы.Қазіргі кезде Даун ауруының пайда болуы аутосомадағы өзгерістерге Байланысты әрбір клетканың ядросында хромосомалар бар. Адамда олардың саны 46, аутосома саны 44 және 2 жыныс хромосомаласы бар. Олар жұптасып орналасады,22 пар аутосома, 1 пар жыныстық хромасома) Даун ауруында хромосомалық карта болып саналатын кариотипте (кариотипті анықтау үшін қанның лейкоциттері не ауыздың кілегей қабатын алады) өзгерістер болады: 21 пар хромосомада 2 хромосома орнына 3 хромосома болады (3 хромосома түрі) Бұл өзгерістер тұқым қуады. Аурудың тұқым арқылы берілуі хромосомалардағы ДНҚ (әр клеткадағы дизоксирибонуклеин қышқылының ұзындығы 6 м) арқылы. Онда тұқым қуалағыштық барлық мәлімет,соның ішінде патологиялық ақбарлар сақталады.
“Стресс” сөзі қазіргі уақытта біздің күнделікті тілдік қолданысымызға енген, оның құрамдас бөлігіне айналып отыр. Күнделікті өмірдегі шектен тыс психикалық ауыртпалықтар стрестік ситуацияларды туындатады. Стресс- адамда қандай да бір күшті сыртқы әсерлердің ықпалынан туындайтын қысым күйі. 1936 жылы “nature” журналында «Редакторға хат» бөлімінде жас зерттеуші Ганс Сельенің «Әр түрлі жағымсыз агенттердің әсерінен туындайтын синдром» деген қысқа мақаласы жарық көрді; осы кезден стресс туралы концепция бастау алады. “Стресс” термині (ағыл.)- қысым, күштену дегенді білдіреді, медицинада оны алғаш рет Ганс Селье еңгізген.
Стресс туралы негізгі ілімді салған Ганс Селье(1907-1982)-дәрігер, дүние жүзіне әйгілі Канадалық биолог, Дүниежүзілік стресс институтының директоры, елу жыл бойы жалпы бейімделу синдромы мен стресс мәселелерін қарастырған. Стресстік механизмдерді зерттей келе Селье стрессорлық реакциялардағы гормондардың рөлін анықтаған.
Әйгілі француз физиологы -стресс туралы ілімнің пайда болуына көп уақыт дейін тірі организмнің ішкі ортасы сыртқы ортаның кез-келген толқуларында да тұрақтылықты сақтауы қажеттілігін атап көрсетті. Оның ойынша «дәл осы ішкі орта тұрақтылығы еркін және тәуелсіз өмірдің шарттары болып табылады». 50 жылдан соң американ фмзиолог Кеннон «гомеостаз» терминін енгізді, (ежелгі грек тілінен –homois- бірдей және jtasis-күй), яғни тұрақтылықты сақтау қабілеті. Ашыққанда, қорыққан кезде, ашуланғанда, ауру тітіркендіргіштердің әсері кезінде дем алу жиілеп, жүрек соғуы жиілеп, артериялық қан қысымы көтеріледі, осыдан қанның оттегімен қоректенуі өсіп, оны ұлпалар мен органдарға жеткізу жеңілдейді. Бұл реакциялар спецификалық емес сипатқа ие және ішкім орта тұрақтылығын сақтауға,немесе гоместазға ықпал етеді.
Селье алғаш рет организмнің кез-келген ауыртпалыққа стреотипі жауап беруі мәселесін қарастырды. Әр түрлі аурулармен ауратын науқастарда көптеген белгілері мен симптомдары бірдей? Көп қан кетуде де инфекциялық ауруларда да жалпы әлсіреу,тәбет пен бұлшық ет күшінің жалғауы, апатия, дене салмағының төмендеуі және т.б. Селье мұны «ауру синдромы» деп атап, егеуқұйрықтарға зерттеу жүргізеді. Оларға біздерден, тазартылған, токсиндік сұйықты бергенде органдарда бірдей уақытта өзгерістердің стереотипті жиыны пайда болған. Бұл синдромға кіргендер: 1) бүйрек үсті безінің қыртысының өсуі және белсенділігі; 2) айырша безінің атрофиясы; 3) асқазан-ішек трактында жаралардың пайда болуы
Қазіргі уақытта жүрек-қантамыр жүйесі аурулары (жүректің ишемиялық ауруы, миокард инфракты) барлық өлім жағдайларының 50 % жағдайларының себебі стресс болып отыр. Эмоционалдық шектен тыс қысымнан туындайтын-стресстік аурулар немесе Селье айтқандай бейімделу ауруларына мыналар жатады: асқазан- ішек трактатының кейбір аурулары, невроздар, қатерлі ісіктер, диабет және т. б.
Зерттеушілер мен клиницистердің айтуынша, стрессорлық реакцияның ең соңғы негізгі органы жүрек-қан тамыр жүйесі болып табылады. Шектен тыс стресстен туатын жүрек қан тамыр аурулары: жүректің ишиемиялық ауруы, инфаркт миокардты, гипертония, аритмия, Рейко ауруы.
Жүректің ишиемиялық ауруы стреспен тығыз байланысты. Зерттеулер көрсеткендей, жауапкершілікті жұмыс, агрессивтілік, организмнің мүмкіндіктерінен асқан интенсивті және темпі жоғары өмір сүру салты жастардың осы ауруға ұшырауына негіз болады. Сонымен қатар: майлы диета, өте майлы тамақ стресстің организмге әсері үшін катализатор болып табылады.
Психоәлеуметтік бұзылулар артериялық қысымның көтерілуінде маңызды роль атқарады, және бұл процесс созылмалы болып, гипертонияға әкеп соғуы мумкін. Жүрек аритмиясының пайда болуы ұсақ қан тамырларының бітелуі немесе симпатикалық жүйке жүйесі қызметінің бұзылуымен байланысты.Мигрень және Рейно ауруы стресс әсерінени болатын қан тамырлар спазмасының бұзылуымен байланысты. Рейно ауруларында суық немесе эмоциялық дистресс қол,аяқ сүйектері мен саусақтардың қан тамырларының спазмасын, яғни тарылуын тудырады.
Шектен тыс стресс пен асқорыту органдардың аурулары ежелден бір-бірімен байланысты екені белгілі болған. Шектен тыс стресс әсеріне болатын асқазан-ішек трактаның аурулары: асқазан мен он екі елі ішек жарасы, жаралы колит. Ашу мен ызадан туындайтын эмоциялар асқазанда қышқыл мен пепсиннің көп бөлінуімен қоса жүреді, ал депрессия кезінде асқазан сөл бөлуімен қоса жүреді, ал депрессия кезінде асқазан сөл бөлуі азаяды. Әдетте асқазанның қабығалары ішкі қышқылдан қорғаныш қабатпен бөлініп тұрады. Ал жараның пайда болуы эмоционалдық және генетикалық факторларға тәуелді. Асқазан ауруына бейім адамдарда стресс жағдайында жара пайда болады, организмнің иммундық қызметі әлсірейді.
Жаралы колит, жуан ішектің шырышты қабығының жаралануымен стпатталады. Ашу және ренішпен байланысты эмоциялар ішектеи жараларды тудырады. Стрестен туындайтын дем алу жүйесінің бұзылулары -аллергия, бронх астмасы. Аллергия – бұл кейбір адамдардың белгілі бір заттарға болатын шектен тыс сезімталдығы. Адам аллергияға ұшырағанда организм қорғаныш реакциясымен жауап береді.
Бронхиальдық астма дем алудың қиындауымен және дем шығару фазасында сырыл дыбыстарының шығуымен сипатталады, бұл орталық жүйке жүйесінің, араласуымен түсіндіріледі және эмоционалдық, стрессогендік, психоәлеуметтік әсерлерге жауап реакциясы болып табылады. Кейбір ерекше адамдарда конфликтілі ситуациялар дем алудың өзгеруі. Айтылатын шағымдар: белгісіз ауру сезімдері, жүрек айныуы, құсу, кеудедегі жағымсыз сезімдер, т.б. Гипержелдету «күрес-қашу» реакциясы, яғни организм оттегі концентрациясын арттырып, ал көмірқышқыл концентрациясын азайту арқылы әрекет жасауға дайындалады бірақ ешқандай әрекет жасалмайды.
Стресс ревматизмдік артриттердің, бел қақсауының себебі болады. Стреспен байланысты тері аурулары:экзема, бездеулер, (крапивница) қызылша, псориоз аурулары туындайды. Стресс қант диабетін тікелей тудырмаса да, оның алғышарты болып табылады. Адамның психикалық қызметінің бұзылуымен байланысты аурулардың ішінде үлкен орынды невроздар алады және біздің заманымызға тән жүйке жүйесіне түсетін шектен тыс ауыртпалықтармен байланысты.
Дата добавления: 2015-08-13; просмотров: 1497 | Нарушение авторских прав
<== предыдущая страница | | | следующая страница ==> |
Психосоматикалық бұзылулардың дамуы мен тұрақты болуы | | | Студенттердің өздік жұмыстарын ұйымдастыруға қойылатын талаптар. |