Студопедия
Случайная страница | ТОМ-1 | ТОМ-2 | ТОМ-3
АвтомобилиАстрономияБиологияГеографияДом и садДругие языкиДругоеИнформатика
ИсторияКультураЛитератураЛогикаМатематикаМедицинаМеталлургияМеханика
ОбразованиеОхрана трудаПедагогикаПолитикаПравоПсихологияРелигияРиторика
СоциологияСпортСтроительствоТехнологияТуризмФизикаФилософияФинансы
ХимияЧерчениеЭкологияЭкономикаЭлектроника

Минералды заттар 1 страница

Читайте также:
  1. Annotation 1 страница
  2. Annotation 10 страница
  3. Annotation 11 страница
  4. Annotation 12 страница
  5. Annotation 13 страница
  6. Annotation 14 страница
  7. Annotation 15 страница

Ағзаның өмірлік процестерін реттеуде маңызды рөл атқарады. Олар макроэлемент және микроэлемент болып бөлінеді. Макроэлементтер – бұл денеде жоғары концентрацияда кездесетін минерал заттар (натрий, калий, кальций, магний, фосфор, хлор, күкірт). Микроэлементтер – бұл денеде өте аз мөлшерде кездесетін микроэлементтер: темір, марганец, кобальт, йод, фтор.

Макроэлементтер ұлпалардың түзілуінде, ағзаның қышқылды-сілтілі жағдайын, су-тұз алмасуын, осмотикалық қысымды реттеуге қатысады.

Микроэлементтер ферменттер, гормондар, дәрумендер құрамына кіреді немесе олардың әсерін белсендетеді, сонымен зат алмасу процестерінде, қан түзу процесінде, сүйек түзуге қатысады.

Кальций - сүйек ұлпасын қалыптастырады, жүйке ұлпасының қозуына, және бұлшық еттердің жиырылуына әсер етеді, қан ұюына қатысады, тамыр қабырғаларының өткізгіштігін төмендетеді. Кальций көзі - сүт өнімдері.

Калий - су-тұз алмасуын, осмотикалық қысым, қышқылды-сілтілі жағдайды реттеуде үлкен рөл атқарады. Калий бұлшық еттердің, сонымен қатар миокардтың қалыпты қызметі үшін қажет. Ағзадан су және натрийдің бөлінуіне ықпал етеді. Калийге теңіз орамжапырағы, картоп, бұршақтар, шабдалы бай болып келеді.

Магний - көптеген ферментерді белсендетеді, жүйке жүйесінің қозғыштығын төмендетеді; ішектердің қимыл-әрекет қызметін және өт бөлінуді күшейтеді; антиспастикалық әсерге ие, ішектен холестериннің бөлінуіне ықпал жасайды. Магний бұршақтарда, сұлы, тары, кептірілген жеміс-жидектерде көп мөлшерде кездеседі.

Фосфор - сүйек ұлпасының түзілуіне қатысады, ағзаның өмірлік процестерінде, әсіресе жүйке, бұлшық ет ұлпаларында, бауыр, бүйректе зат алмасу процестерінде үлкен рөл атқарады. Фосфор көзі - ірімшік, сыр, жұмыртқа, ет, балық, уылдырық.

Натрий және хлор - ағзаға ас тұзымен түседі. Натрий жасушаішілік және ұлпааралық алмасуда маңызды рөл атқарады, су алмасуына қатысады, қышқылды-сілтілі жағдайды реттейді. Хлор асқазан сөліндегі тұз қышқылының түзілуіне қатысады.

Темір - қан түзуді және ағзада ұлпа тынысын қамтамасыз етеді, эритроциттер гемоглобинінің, бұлшық ет миоглобинінің, маңызды ферменттердің құрамына кіреді. Темірдің ең жақсы көзі - ет өнімдері (олардың 20-25% темір сіңіріледі), бұршақтар, нан, жұмыртқа. Аз мөлшерде жеміс-жидектерде кездеседі.

Йод - қалқанша без гормонының түзілуіне қатысады. Әсіресе теңіз балықтары мен өнімдері: теңіз орамжапырағы, креветкалар йодқа бай.

Фтор - сүйектердің, әсіресе тістердің түзілуі үшін өте қажет. Теңіз балықтары мен өнімдерінде көп мөлшерде кездеседі.

 

Су

Су ересек адам денесі салмағының 2/3 бөлігін құрайды. Әсіресе судың мөлшері жас ағзада көп болады. Дененің қартаюы барысында ағза мен тіндерде судың мөлшері азаяды. Су адам денесінде маңызды рөль атқарады. Су зат алмасу процестерімен байланысты барлық биохимиялық және биофизикалық реакциялар жүретін орта болып келеді. Сонымен қатар ол қоректік заттарды тасымалдау қызметін атқарады. Су көмегімен зат алмасу кезінде пайда болатын керексіз заттар ағзадан сыртқа шығарылады, температуралық тепе-теңдік сақталады.

Су секрет және экскреттердің пайда болуы үшін қажет. Адамның суға қажеттілігі жоғалтқан судың мөлшеріне сәйкес келеді. Қалыпты жағдайда ересек адам 1 тәулік ішінде орташа 2300-2800 мл сұйықтық (зәрмен орташа 1500 мл, терлеу, булану арқылы 400-700 мл, тыныс алғанда 300-400 мл, нәжіспен 70-200 мл) жоғалтады. Сондықтан ересек адамның суға тапшылығы орташа есеппен 1кг дене салмағына 35-45 мл құрайды.

Ауыр физикалық жұмыста, сыртқы орта температурасы жоғарылағанда су жоғалту күшейеді, сондықтан суға қажеттілікті толық қанағаттандыру үшін қосымша 1200-1500 мл су (сүт, шырындар, сорпа т.б) қабылдау қажет.

Су ащы ішекте сіңіріледі, қанға шамамен 20 минуттан соң өтеді. Натрий тұздары, шектен тыс тамақтану, көмірсу және ақуыздарға бай тағамдар денеде судың жиналуына алып келеді. Ал калий және кальций тұздары денеден судың тез бөлінуіне әкеледі.

Сұйықтықты шектен тыс қабылдау жүрек-қан тамыр жүйесі және бүйрек қызметіне әсер етеді, ақуыздардың ыдырауына, денеден минерал тұздардың жуып шығарылуына алып келеді. Сұйықтықты қабылдаудың шектелуі қан көлемінің азаюына, қоюлануына алып келеді.

Тамақтану тәртібі

Тәулікті тамақтану құрамын ағзаның күнделікті энергетикалық шығынына, оның қажеттілігіне байланысты құру керек. Тәуліктік тамақтың құндылығы ағзаның қажеттілігіне сәйкес келуі керек. Ағзаның жалпы энергетикалық шығыны негізгі алмасу мен қосымша алмасудан тұрады.

Негізгі алмасу - бұл қоршаған ортаның температурасы 18-20˚С жағдайда, тамақтанудан 12-16 сағат соң психикалық тыныштық жағдайында ішкі мүшелердің қалыпты жұмысы және бұлшық ет тонусын бір қалыпты ұстауға қажет болған энергия шығыны.

Негізгі алмасу деңгейі ағза жасына, жынысына және конституциясына байланысты болады. Еркектерде негізгі алмасу әйелдерге қарағанда 10-15 есе жоғары, ал қарттарда ол төмен. Ағзаның энергетикалық шығындары килокалориямен (ккал) есептелінеді.

Тағамдық заттардың құрамын, олардың тамақтану заттарындағы калориясын арнайы кестелер арқылы анықтауға болады. Ағзаның физиологиялық қажеттіліктерін есепке алып тағамдық рацион калориясын есептеу қиын емес. Тағам құрамының калориялығы әр түрлі болуына қарамастан, тағам мөлшерін қабылдаған кезде асқазанды оптимальді толтырып, тойымдылық сезімін тудыру керек. Тойымдылық сезімінің созылу уақыты асқазандағы тағамның ыдырау ұзақтығына байланысты болады. Көмірсу тағамы асқазанда ұзақ тұрмайды, екінші орында ақуыздар, ең соңынан майлар ыдырайды.

Асқазан сөлінің бөлінуін күшейтетін күшті тітіркендіргіштерді (ащы дәмдегіштер, спиртті ішімдіктер) көп қабылдауға болмайды. Көкөністерді кеңінен қолдану ұсынылады, өйткені олар тағамның дәмдік қасиеттерін жақсартып, тәбетті қоздырады.

Сау адамның рационалды тамақтану негіздері:

1. Тәуліктік рационды, тамақтың жалпы мөлшерін сақтау (тамақтың жеткілікті энергетикалық құндылығы тәулігіне 2800-3000 ккал құрайды және адамның өмір сүру қалпына байланысты болады).

2. Ағзаның қалыпты қызмет жасауы үшін тамақты тәулігіне 4 рет қабылдаған пайдалы. Тәуліктік рацион келесі пропорцияларда құрастырылуы керек: таңертеңгі ас - тәуліктік рационның 25%, түскі ас -30%, түстен кейінгі ас (полдник) - 20%, кешкі ас - 25% құрауы қажет.

3. Түнге қарай ақуыз қабылдау ұсынылмайды, өйткені ол жүйке жүйесін қоздырады.

4. Ақуыз, майлар, көмірсулар (1:1:4), минералды заттар, дәрумендердің, судың түсуі балансталған болуы қажет және ағзаның энергия жұмсауына байланысты (жынысы, жасы, еңбек жағдайы) болып келеді.

Тамақтану арқылы 3 өмірлік функциялар жүзеге асады:

1. Пластикалық - жасуша мен тіндердің дамуы және үздіксіз жаңаруы қамтамасыз етіледі.

2. Энергетикалық - тыныш жағдайда және кез-келген жүктемелерде қажет болған энергиямен қамтамасыз етіледі.

3. Реттеуші - фермент, гормон және басқа зат алмасу процестерін реттеушілердің түзілуіне қажетті заттар қамтамасыз етіледі.

Сауықтыру тамақтандыруды ұйымдастыру

Емдік тамақтандыру (диетотерапия) – комплексті емдеудің ең маңызды элементі. Әдетте, ол емдеудің басқа әдістерімен (фармакотерапия, физиотерапевттік ем-шаралар) қатар жүргізіледі. Кейбір жағдайда ас-қорыту жүйесін немесе зат алмасу процестерін емдегенде емдік тамақтандыру басты емдік терапияға жатады, басқа жағдайда науқастың тезірек сауығуына жағымды тиімділігін береді.

Тәуліктік емдеу рационын диета деп атайды. Диеталық тәртіп аурудың ерекшелігіне, оның кезеңдеріне, сырқаттың жағдайына қарай белгіленеді.

Кез-келген диета емдік тамақтандырудың келесі негізгі принциптерімен сипатталуы керек:

1. Калориялығы және химиялық құрамы (ақуыз, май, көмірсу, минералды заттар, дәрумендердің белгілі мөлшері);

2. Тағамның физикалық қасиеттері (көлемі, салмағы, температурасы, консистенциясы);

3. Рұқсат етілген тағамдардың толық қамтылуы;

4. Тағамды өңдеудің ерекшелігі;

5. Тамақтану тәртібі.

Диетотерапияда қолданылатын принциптер:

1. «Сақтау, қорғау» принципі - белгілі бір мүшені тітіркендіретін немесе патологиялық процесті күшейтетін тамақтану факторларын (химиялық, термиялық тітіркендіргіштер т.б.) шектеу. Бұл принцип ас қорыту мүшелерінің аурулары диетотерапиясының негізгі принципі болып саналады.

2. «Жаттықтыру» принципі - алғашқы тағайындалған қатаң диетаны кеңейтуден тұрады. Бұл бір жақты толыққанды диета емес. Бұл жеңіл тағамды диетаны қолдану арқылы іске асады. Олар калориясы шектелген немесе химиялық құрамы қайта түзілген тағамдардан тұрады. Оларды 7-10 күнде 1 рет тағайындайды.

3. «Коррекция» принципі - аурудың өршуіне алып келетін кейбір тағамдарды азайту немесе мүлде алып тастау. Мысалы - қант диабеті ауруы. Кейде диета коррекциясының өзі қандағы қант деңгейін қалпына келтіреді.

Емдеу сауықтыру ұйымдарында М.И.Певзнер ұсынған 15 диета қолданылады.

Диеталық столдар

№ 1 диеталық стол – Асқазан, ұлтабар жарасы, қышқылдығы жоғары

созылмалы гастрит.

№ 2 диеталық стол – Қышқылдығы төмен созылмалы гастрит.

№ 3 диеталық стол – Іш қатумен сипатталатын тоқ ішек дискинезиясы.

№ 4 диеталық стол – Іш өтумен сипатталатын энтериттер.

№ 5 диеталық стол – Бауырдың және өт жолдарының аурулары.

№ 6 диеталық стол - Подагра ауруы.

№ 7 диеталық стол - Бүйрек аурулары.

№ 8 диеталық стол – Семіздік.

№ 9 диеталық стол – Қант диабеті ауруы.

№ 10 диеталық стол – Жүрек-қан тамыр жүйесі аурулары.

№ 11 диеталық стол – Туберкулез ауруы.

№ 12 диеталық стол- Жүйке-психикалық аурулар.

№ 13 диеталық стол – Жедел жұқпалы аурулар, қызба кезеңдері.

№ 14 диеталық стол – Несептің сілтілі реакциясы мен фосфор-кальций

тұздарының дамуымен сипатталатын фосфатурия.

№ 15 диеталық стол – Жалпы стол, арнайы диеталық стол тағайындауға

көрсетпелердің болмауы және ас қорыту жүйесі

қызметінің қалыпты болуы.

Тамақтану тәртібіне /диета/ сипаттама

№ 0 диета

Асқазан мен ішек операциясынан кейін бірінші күндері 3 күнге тағайындалады. Тамақ сұйық болуы керек. Құрамы: 10г қант қосылған шәй, жеміс-жидек киселі, алма компоты /алмасыз/, қайнатпа сарымайы бар күріш қайнатпасы және қанықтырылмаған ет сорпасы. Тамақ 2 сағат сайын беріледі.

№ 1 диета

Тағайындалуы: Асқазан, ұлтабар жарасы, қышқылдығы жоғары созылмалы

гастрит.

Сипаттама: асқазан және он екі елі ішектің кілегей қабығын механикалық, термиялық, химиялық қорғау.

Тамақ ауқымы толығымен ұнтақталған болуы керек, тек қана қайнатылған тағамдар қолданылады. Тамақты тәулігіне 5-6 рет қабылдау керек.

Дайындалатын өнім мен тағам түрлері: өткен күнгі қара және ақ нан, кептірілген ақ нан. Сүт, ұнтақталған көкөніс /орамжапырақтан басқа/, сүтті сорпалар. Буға піскен котлет, пісірілген тауық еті және балық. Буға піскен омлет. Тәтті жемістер, қайнатпалар, кисель, сүт, қаймақ, ірімшік, шәй.

Рұқсат етілмейтіндер: ауыр сіңірілетін көкөністер /қызылша, сәбіз/, сорпалар, тұздықтар, саңырауқұлақтар.

№ 2 диета

Тағайындалуы: Қышқылдығы төмен созылмалы гастрит.

Сипаттамасы: механикалық қорғайтын, бірақ асқазан сөлінің секрециясын күшейтетін тамақ. Тамақ дайындау әдісі – қайнатылған және пісірілген.

Дайындалатын өнім мен тағам түрлері: кептірілген және өткен күнгі жәй ақ нан. Ет және балық сорпасында дайындалған жарма мен көкөністер. Сиыр, тауық еттерін қуырмай қолдану. Пісірілген жеміс, көкөніс, жаңа сүт өнімдері, соустар, тұздықтар, кофе, шәй. Жентектелген жұмыртқа, қуырылған омлет.

Рұқсат етілмейтіндер: бұршақтар мен саңырауқұлақтар.

№ 3 диета

Тағайындалуы: Іш қатумен сипатталатын тоқ ішек дискинезиясы

Сипаттамасы: тамақ құрамында ішектің моторлы қызметін күшейтетін өсімдік клетчаткасына бай тағамдарды қолдану.

Дайындалатын өнім мен тағам түрлері: і рі тартылған ұннан пісірілген нан, майсыздандырылған сорпа, ет пен балық. Көкөністер (әсіресе жапырақты), інжір, қара өрік. Үгілмелі ботқалар. Ірімшік, айран, түйір жұмыртқа, өсімдік майы.

Рұқсат етілмейтіндер: шалқан, қара шалқан, сарымсақ, саңырауқұлақ.

№ 4 диета

Тағайындалуы: Іш өтумен сипатталатын энтериттер.

Сипаттамасы: ішекті химиялық, механикалық, термиялық қорғайтын тамақ. Тамақты дайындау түрі – буға пісірілген, ұнтақталған. Тәулігіне 5-6 рет қабылдау.

Дайындалатын өнім мен тағам түрлері: кептірілген ақ нан, майсыздандырылған күріш, манка сорпалары, суға және буға піскен ботқалар. Шырындар, итмұрын қайнатпасы, кисель, шәй. Суға және буға піскен ет.

Қолдануға болмайды: қант, кілегей.

Рұқсат етілмейтіндер: сүт, бұршақтар, тұздықтар, сүрленген тағамдар, өсімдік клетчаткасы, тұздалған тағамдар.

№ 5 диета

Тағайындалуы: гепатитте, холециститте, бауыр циррозында.

Сипаттамасы: Бауырды максималды қорғау. Құрамында көп мөлшерде көмірсуы бар заттарды, жануарлар майлары мен экстрактты заттарды шектеу керек. Қуырылған тағам түрлері жарамайды, тағамды ұнтақтамау керек, тәулігіне 5-6 рет қабылданады.

Дайындалатын өнім мен тағам түрлері: өткен күнгі нан, көкөністі жарма сорпалары (ет және балық сорпаларынан басқа). Пісірілген құс еті. Көкөністерді шикідей пайдалану керек. Қант, бал, тосап, сүт өнімдері. Жеміс-жидектер (қышқылдылардан басқа).

Рұқсат етілмейтіндер: саңырауқұлақтар, шпинат, қымыздық, лимон, дәмдегіштер, какао.

№ 6 диета

Тағайындалуы: Подагра ауруы.

№ 7 диета

Тағайындалуы: Бүйрек аурулары.

Сипаттамасы: бүйректі қорғау. Тұзды шектеу (1-5г), сұйықтықты шектеу (800-1000 мл), тәтті, экстрактты заттарды шектеу керек. Дайындалуы – қуыру, буға пісіру.

Дайындалатын өнім мен тағам түрлері: тұзсыз нан, майлы ет, балық, пісірілген құс еті, макарон тағамдары. Жұмыртқаны шектеу, курага, өрік қант, бал, сүт және сүт өнімдерін кеңінен қолдану.

Рұқсат етілмейтіндер: бұршақтар, қаймақ.

№ 8 диета

Тағайындалуы: Семіздік.

Сипаттамасы: майлар мен көмірсулар есебінен тамақтың энергетикалық құндылығын шектеу. Соған сәйкес ақуыздың мөлшерін көбейту. Тұздықтарды, экстрактты заттарды, сұйықтықтарды шектеу. Көкөністерді көбейту. Тәулігіне 5-6 рет қабылдау.

Дайындалатын өнім мен тағам түрлері: қара нан, пісірілген майсыз ет және балық. Қарамық ботқасы. Әр түрлі көкөністер (картоптан басқа) өсімдік майымен. Жеміс-жидектер. Майсыз сүт, сүт өнімдері, қант орнына ксилит қолдану.

Рұқсат етілмейтіндер: тәтті жемістер: құрма, жүзім, інжір; дәмдегіштер.

№ 9 диета

Тағайындалуы: қант диабеті.

Сипаттамасы: құрамында холестерині бар заттарды, рафинадталған көмірсуларды шектеу немесе мүлдем қолданбау. Дайындалуы – пісірілген, тағамдар, қуырылған тағамдар шектеледі.

Дайындалатын өнім мен тағам түрлері: қара бидай наны, қара нан, көкөніс сорпалары. Ботқалар: қарамық, сұлы. Жемістер, қышқыл сүт өнімдері. Майсыз ет және балық.

Рұқсат етілмейтіндер: тұздалған және маринадталған өнімдер. Манка жармасы, макарондар, тәтті жемістер. Қызылша, сәбіз, жасыл бұршақ картоп, жұмыртқа шектеледі.

№ 10 диета

Тағайындалуы: жүрек- қан тамыр жүйесі ауруларында.

Сипаттамасы: ас тұзын, құрамында холестерині бар өнімдерді, жануар майларын шектеу. Дайындалуы – суға пісірілген. Тәулігіне 5-6 рет қабылдау керек.

Дайындалатын өнім мен тағам түрлері: ірі үгітілмелі бидай ұны, ет сорпасынан сорпалар. Ет сорпасы аптасына 1 рет тағайындалады. Пісірілген балық, майсыз ет. Көкөністер өсімдік майымен қолданылады. Қарамық, сұлы, қышқыл сүт өнімдері кеңінен пайдаланылады. Тамақ дайындауда өсімдік майларын қолдану қажет.

Рұқсат етілмейтіндер: Қою шәй, кофе, какао, консерванттар, ауыр сіңетін майлар, алкоголь тиым салынады.

№ 11 диета

Тағайындалуы: өкпе туберкулезінде.

Сипаттамасы: дәрумені мен ақуызы көп май мен көмірсу шағындап көбейтілген калориялы тағам. Ас тұзы мен сұйықтық нормасы шектеулі. Сүт тағамдары. Тәулігіне 4-5 рет қабылдайды.

Дайындалатын өнім мен тағам түрлері: дайындау – аспаздық өңдеу әдеттегідей, онда азот экстрактивті заттары сақталған. Дәрумендер көп мөлшерде. Белок 120-140г, 100-20г май, 500-550г көмірсу.

Рұқсат етілмейтіндер: тұздалған және маринадталған өнімдер.

№ 12 диета

Тағайындалуы: жүйке және психикалық аурулар.

Жүйке жүйесін қоздыратын заттар- кофе, шәй, алкогольді ішімдіктер, тұздықтар, тұздалған, ащы тағамдар шектеледі. Дәрілік шәй (жалбыз, мелисса т.б.) қолданылады.

№ 13 диета

Тағайындалуы: жұқпалы ауруларда, қызбада.

Сипаттамасы: белоктар қалыпты жағдайда болуы керек, май мен көмірсу калориясын шектеу. 70-80г белок, 70г май, 300г көмірсу, 2200 калория. Көп мөлшерде С және басқада витаминдер тағайындалады, тәулігіне 5-6 рет қабылдау керек.

Дайындалатын өнім мен тағам түрлері: сусын, көп мөлшерде сұйық беру. Дайындалуы – тағамды үгіп немесе тартып беру, химиялық тітіркендіргіштер аз болуы керек.

Рұқсат етілмейтіндер: май, көмірсу калориясын шамалап беру.

№ 14 диета

Тағайындалуы: Несептің сілтілі реакциясы және фосфор-кальций

тұздарының дамуымен сипатталатын фосфатурия

Сипаттамасы: несептегі реакцияны қышқыл етіп өзгертуге көмектесетін тағамдар енгізу. Сұйықтықтың жалпы мөлшері 1,5-2л. Дайындалуы – аспаздық өңдеуі әдеттегідей, тәулігіне 4-5 рет.

Дайындалатын өнім мен тағам түрлері: сүт, ірімшік, сыр, сұйықтық жалпы мөлшері 1,5-2л. 80-100г белок, 100г май, 400г сутегі, 2800калорий.

Рұқсат етілмейтіндер: сілтілендіретін әсері бар тағамдар.

№ 15 диета

Тағайындалуы: барлық пациенттер ауырған жағдайда яғни жалпы стол.

Сипаттамасы: дәрумендердің екі есе көбейген толыққұнарлы тағам, майлы ет тағамдары шектеледі.

Дайындалатын өнім мен тағам түрлері: қара бидай наны, көп мөлшерде жеміс жидектер, көкөніс өнімдері, сүт, ақ нан, картопты гарнир ретінде ұсынады, тәулігіне 4-5 рет қабылданады.

Рұқсат етілмейтіндер: майлы ет.

-Аурухана мекемелері үшін 4 рет тамақтандыру, науқастардың кейбір топтарын /жүрек, ішкі жара ауруларын/ 5-6 рет тамақтандыру белгіленген. Науқастың тамақ қабылдау санына және сол мекеменің күн режиміне қарай тамақтану уақыты анықталады. Тамақты дер кезінде ішу науқастың тамақ қабылдау уақытына шартты рефлексін дағдыландырып, тәбеті мен ас қорытуын жақсартуға көмектеседі.

Ауруханадағы сауықтыру тағамдарын ұйымдастыруды бас дәрігер немесе оның орынбасары жасайды. Аурухананың бөлімшелерінде бұл іспен бөлімше басшысы айналысады, тамақтандыруды ұйымдастыруда басшылықты диетолог – дәрігер атқарады. Ол аурухана асханасын басқарады. Емдік тамақтанудың міндеттері – бұзылған зат алмасуды қалпына келтіру және ауру ағымына терапиялық әсер ету.

Диетаның қажеттілігі мен ұзақтығын дәрігер белгілейді және диета пациенттің ауруына, жағдайына, диетаны көтере алуына байланысты. Дәрігер диетаның мөлшерін медициналық картаға, тағайындау парағына белгілейді.

Бөлімшедегі мейірбике тағайындау парағын тексере отырып, күнделікті тамаққа талап қағазын (порционник) құрастырады. Тамаққа талап қағазында диеталық столдар, жеңілдену күндері және адамға арналған арнайы диеталардың саны туралы мәлімет болуы керек. Әр палатадағы диеталардың барлығы қосылып, жалпы тамаққа талап қағазын аға мейірбике құрастырады. Ол талап қағазына бөлім меңгерушісі қол қойып, сонан соң ғана ас дайындау бөлмесіне жіберіледі.

Дәрігердің кеңесі бойынша палаталық мейірбике науқасқа тағайындалған диетаның дұрыс және нақты орындалуын қадағалап, науқасқа диетаның маңызын, дұрыс және уақытылы қабылдануын, науқасқа келушілерден келген тағам түрлерін қадағалап отыруға міндетті.


Дата добавления: 2015-08-13; просмотров: 256 | Нарушение авторских прав


Читайте в этой же книге: Фенолфталеин сынамасы | Антропометрия | Кресло - каталкамен тасымалдау | Термометрия. | Дене биомеханикасы | Артериялык гипертензия | Сифонды клизма | Жатуды айтамыз; | Болуы керек. | Егде жас. |
<== предыдущая страница | следующая страница ==>
Терморегуляция| Минералды заттар 2 страница

mybiblioteka.su - 2015-2024 год. (0.027 сек.)