Студопедия
Случайная страница | ТОМ-1 | ТОМ-2 | ТОМ-3
АвтомобилиАстрономияБиологияГеографияДом и садДругие языкиДругоеИнформатика
ИсторияКультураЛитератураЛогикаМатематикаМедицинаМеталлургияМеханика
ОбразованиеОхрана трудаПедагогикаПолитикаПравоПсихологияРелигияРиторика
СоциологияСпортСтроительствоТехнологияТуризмФизикаФилософияФинансы
ХимияЧерчениеЭкологияЭкономикаЭлектроника

Карл Лайнус Полинг

Читайте также:
  1. ТеорияЛайнуса Полинга(1947г):донорно-акцепторное взаимодействие свободных орбиталей комплексообразователя и не поделенных пар электронов лигандов.

(1901 ж.т.)

Америкалық биофизик және биохимик. Белоктың екінші реттік құрылымы­ның теориясын тұжырым­дады. Нобель сыйлығының лауреаты.

Қанның қызметі

1. асқорту – қан ұлпалар мен мүшелерге қоректік заттарды, суды, минералды тұздарды және витаминдерді тасымалдайды;

2. бөліп шығару – қан бөліп шығару мүшелері арқылы ыдырау өнімдері шығарады;

3. тыныс алу - өкпе мен ұлпалардыңарасында газ алмасу процесін қамтамасыз етеді;

4. регуляторлық - әр түрлі мүшелердің гуморальдық реттелуін аңықтайды, организмде гормондар мен басқа заттарды жеткізеді, олар мүшелердің қызметіне әсер етеді (күшейтеді немесе бесеңдетеді)

5. қорғаныш – қанның құрамында фагоцит қабілеті бар жасушалар болады және арнайы белоктар - антиденелер болады, олар ұлы организмдердің көбеюіне кедергі жасайды да олардың бөліп шығарады.

6. терморегуляторлық – қан организмнің тұрақты дене қызуын сақтайды.

 

Реографияның физикалық негізі

Реография – жалпы және аймақтық қан айналуды зерттеу әдісі. Бұл әдіс адам денесі арқылы пульстық толқын өткенде, жасушалардың электр кедергілерінің өзгерісін график түрінде тіркеуге негізделген.

Реография әдісі мүшелер мен ұлпалардың толық қан айналым жүйесінің жұмыс жасауын бағалайды.

Соңғы кезде компьютерлік реографтар кең түрде қолданылуда. Компьютердің мониторында сандармен берілген реограмма мен электродтардағы базалық кедергілерін тіркеуі көрсетіледі.

Интегралдық реография -жүректің систолдық, минуттық көлемі анықталады. Бүкіл дене үшін немес белгілі бір аймақтардағы базалық импеданс өлшенеді. Аймақтық импедансты анықтауда зертелінетін жерлерге электродтар қойылады. Хоффер әдісі (1970) қолданылады.

 

 

 

Оның тұжырымы бойынша интегралдық импеданс пен ағзадағы судың арасында сызықты байланыс бар, ол келесі формуламен өрнектеледі:

B=0.4(H²)/(Z²)+14

В—ағзадағы сұйық көлемі, (л); Н—адам бойының биіктігі, (см); Z—дене импедансы, (Ом). Интегралдық реография қанның соққылық көлемін анықтау үшін де пайдаланылады. Базалық импеданс пен пульстық өзгеруі және қан көлемі арасында байланыс бар. Осы байланысқа негізделіп Кедров дененің интегралдық реограммасы арқылы қанның соққылық көлемі есептеу формуласын ұсынды:

V= (∆R/R)*P

∆V—қанның соққылық шашыруы, (мл); ∆R—систола кезіндегі электр кедергісінің өзгерісі, (Ом); R—реограф генераторы тудыратын жоғарғы жиілікті тоққа дененің базалық кедергісі, (Ом); Р — дене массасы, (г).

 

Реографиялардың медицинада қолданылатын түрлері.

Реоэнцефалография - бас миы тамырларының жағдайын сипаттайды. Реоэнцелография (РЭГ) мидың ішкі қан айналым жүйесінде қолданылады (бас тамырларының жағдайын сипаттайды). РЭГ атреосклероздан пайда болған өзгерістерді, гипертониялық ауруларды, бас сүйегінің көк тамыр-лардағы қан айналым өзгерістерін анықтайды.

 

 


Реофазаграфия - (РВГ) көк тамыр жүйесін, тамырлардың тонус жағдайын бағалауға, шеткі қан айналымының интенсивтілігін зерттеу үшін қолданылады. Аяқ бөліктері (балтыр, табан, бақайлар, т.б.), иық, алақан, қол саусақтары дене бөліктеріндегі қан айналудағы ауытқуларды көрсетеді.

РЭГ зерттеуін жүргізгенде токтың оптималды жиілігі 80-150 кГц-болып табылады. Жиіліктің осы мәндерінде биологиялық объектіні терең түрде сканерлеуге (түсіруге) мүмкіндік береді.

 

Реопульмонографиялық- өкпедегі қан алмасуды бағалайды: өкпе артерия-сының реографиясы, қосымша әдістер арқылы өкпенің артериялды қысымын анықтау.

Реогепатография - бауырдың оң және сол бөліктерінің қанға толуын бағалау.

Жалпы реография медицинаның көптеген салаларында үлкен қолданыс табуда. Мысалы, хирургияда қан тамырларының қан өткізу қабылетін; терапияда систолдық көлемді, қанның минуттық көлемін және басқа да көрсеткіштерді анықтауда пайдаланылады.

 

 

Сұйықтықтардың тұтқырлығы тәжірибе жүзінде анықтауға арналған әдістер жиынтығын вискозиметрия деп, ал оған қажетті құралды вискозиметр деп атайды. Ұсынып отырған Оствальдтың капиллярлық вискозиметрі қолданылады. Вискозиметрдің бір ұшы капиллярлық түтік болып табылады.

 

 

Медициналық вискозиметр бірдей екі градуирленген капиллярдан тұрады. А1 капиллярына белгілі көлемде тазартылған су тартылып алынады да Б краны жабылады. Бұл А2 капиллярына, судың деңгеін өзгертпей зерттелінетін сұйықтық тартылып алынуына көмектеседі. Егер мысалы, Б кранын ашатын болсақ, бірдей уақыт ішіндегі сұйықтықтардың l орын ауыстыруы олардың тұтқырлықтарына кері пропорционал болады:

 

ŋ / ŋ0 = ℓ/ ℓ0 немесе ŋ= ŋ0 ℓ0/ ℓ

ŋ - зерттелініп отырған сұйықтықтың тұтқырлығы; ŋ0 - судың тұтқырлығы.

 

Егер судың тұтқырлығын бірге тең деп, ал сұйықтықтың жүріп өткен жолы вискозиметрдің бір бөлігін құрайды деп алатын болсақ, (7)-теңдеуге сәйкес сұйықтықтың тұтқырлығы сан жағынан судың жүріп өткен жолына тең.

 

Қанның ағуы жарақаттың ушығуы,адм өмірі үшін аса қауіпті болып табылады.Зақымдалған тамырдың сипатына байланысты қанның ағуы күре тамырлық,ұсақ тамырлық және үлпершектік болып бөлінеді.

Күре тамырдын қан ол зақымдалған кезде ағады.Қанның бұлайша ағуы өте қауіпті,өйткені қысқа мерзімде организмнен өте көп қан кетеді.Белгілері:қан алқызыл түсті,қан баяу ағады немесе атқылайды.

Көк тамырдан қан ол зақымдалған кезде ағады.Қан дүмпусіз үздіксіз ағыспен баяу шығады,түсі қошқыл қызыл немесе шиедей қызыл.

Ұсақ тамырлардан қан ағу дененің жұмсақ ұлпаларының ұсақ тамырлары зақымданғанда байқалады.Зақымданған ішкі органдардағы ұсақ қан тамырларының қанның ағуы (бүйрек,көкбауыр,бауыр) үлпершекті деп аталады.

Күре тамырдан аққан қанды тоқтату алғашқы медициналық көмектің негізгі міндеттерінің бірі.күре тамырдан аққан қанды уақытша тоқтатудың ең белгілі және жылдам әдісі-зақымдалған күре тамырдың жоғарғы жағынан саусақпен басу.Қан тамыры сүйектің жанына немесе үстінен өтетін тұстан жасаған оңай.

-ұйқы күре тамырын оны зақымдалған жерден төмен (жүрекке жақын) мойынның жұлынына қысады.Бұдан кейін жараға тазартылған таңғышты қаттырақ байлайды,содан соң жараға тазартылған,қысатын таңғыш қойып,оның үстіне бинттің,салфетканың,мақтаның немесе қолда бар заттың қалың,нығыз кесіндісін салып орайды.

Шықшыт күре тамырын беттегі жарадан қан аққан кезде сұқ саусақпен шықшыттың бұрышына қысады.

Самай күре тамырын баста қанауға бейім жара болғанда бас бармақпен құлақ қалқанының алдынан самай сүйегіне қысады.Саусақты одан 1-1.5 см қашықтықта ұстау керек.

Тақымдық күре тамырды бұғананың астындғы шұңқырда бірінші қабырғаға қысады,бұл қан ағуға бейім жарвқат.иықта,иық буынының маңайында немесе қолтықтың астында болғанда қолданылады.

Иық күре тамырын,егер қан ағуға бейім жара иықтың төменгі бөлігінде немесе білекте болса,екі басты бұлшық еттің бүйір жағынан ортан жілікке қысады.

Қолтық күре тамыры иықтың орта және төменгі бөлігінде.Жарадан қан аққан кезде ортан жіліктің шығыңқы басына қысады(иық буынның жоғары жағында сұқ саусақты тіреніш ете отырып қалған саусақпен күре тамырды қысады).

Шаптың төңірегіндегі санның күре тамырын орта және төменгі тұстағы сан күре тамыры зақымданған кезде түйілген жұдырық пен баса отырып,маңдай сүйегіне қысады.

Кәрі жіліктің күре тамырын ұшы зақымданған бас бармақтың білезігінің жанындағы сүйекке қысады.

Қанның аққан жері бойынша ол сыртқы жіне ішкі болып бөлінеді.сыртқы қан ағу аяқ-қол,бастың маңайы жарақаттанғанда жиі кездеседі,ішкі қан ағу,жүрек,өкпе,бауыр,көкбауыр,ішек-қарын тамырлары зақымданғанда пайда болады.Ішкі қан ағу қан кеуде,ішібас қуысынан сыртқа ағып шыққанда анық байқалады,ал қан жабық қуыстарға жиналса,көпке дейін білінбейді.

Сирақ немесе табан төңірегінде орналасқан жарадан қан аққан кезде тізе шұңқырындағы күре тамырды қысады,сол үшін үлкен саусақтарды тізе буынның алдыңғы жағының үстіне қояды,ал қалғандарымен тамырды сүйекке қысады.

Қан тамырын саусақпен басу едәуір күш-жігерді қажет етеді және оны күшті жақсы әзірленген адам жасағанның өзінде 15-20 минуттан артық ұстап тұра алмайды.Сондықтан да тамырды саусақпен бірден бпсып,мүмкін болатын болса күйдіргі немесе бұрауды жылдам қою қажет.

Тамшылай аққан қанды тоқтату үшін кәдімгі тазартылатын таңғышты,мүмкін болса қысатын таңғышты қою жеткілікті.Таңғышқа қан көбірек сіңсе,қайтадан орау қажет.Шынтақ буыны төңірегіндегі иық күре тамырын шынтақ буынында қолды ақырына дейін бүгу арқылы жабуға болады.

 

1. В.О. Самойлов «Медицинская биофизика» - С. Петербург, 2007

2. В.А. Тиманюк., Е.Н. Животова Биофизика – Киев 2004г

3. В.Ф. Антонов., А.М. Черныш. И др. Биофизика. – М.: Владос, 2006г

4. А.Н.Ремизов., А.Г. Максина., А.Я. Потаненко. «Медицинская и биологическая физика» М.: Высшая школа, 2004г

5. А.Н. Ремизов., А.Я. Потаненко. Курс физики, М.:- Дрофа 2002г

6. Патофизиология

Ересек адамда қанның орташа көлемі мөлшермен 4.5-5 л –ге жуық.Бұл дене массасының 6-7.5 %-на немесе 1/13-1/14 бөлшегіне сәйкес.Қан түйіршіктерден (эритроциттер,лейкоциттер,тромбоциттер) және сұйық бөлшегі-плазмадан тұрады.олардың арақатынасы немесе гемотокрит көрсеткіші 45:55.

Патологиялық жағдайда айналымдығы қан көлемі және эритроциттер мен плазманың арақатынасы әртүрлі өзгереді.

Барлық жағдайларда дененің сыртқы жағынан қан аққан кезде дене мүшелеріне қан тоқтатаын күйдіргіні,басқа қатты таңғыш орау арқылы қанды уақытша тоқтатуға болады.

Қан тоқтататын күйдіргі ені (1.5-2 см) жалпақ иілмелі резина кесіндісі.оның бір шетіне ілгек,екінші шетіне ілмелі бар жүзікше бекітілген.

 

(гемоглобиннің аздығы) қан кету болғанда, эритроциттерді құртумен сипатталатын қан ауруларында дамуы мүмкін.
Төмен гемоглобин қан құюда (донорлықта) байқалады

Гемоглобиннің төмен болуының себептері
Анемияның пайда болуының себебі темір немесе В12 витаминінің жетіспеушілігі болуы мүмкін. Көп жағдайда гемоглобин жүктілік кезде темір жетіспеуінен төмен түседі. Егер қалыпты мөлшер бойынша күніне 5-15 миллиграмм жиналса,ал жүктілік жағдайынжа 15-18 миллиграмм жиналуы керек.
Қандағы холестеринге талдау жасау
Холестерин немесе кейде хоестерол деп аталады. Ол – ағзадағы май алмасудың ең маңызды компоненті.
Ағзада холестерин мынадай себептер үшін қолданылады:
1. Жасушалардағы мембрананың дамуы үшін
2. Бауырдағы өт жолының жүруі үшін
3. Холестерол жыныс гормондарының синтезінде де қолданылады
4. Д витаминінің бөлінуі үшін

Қандағы холестерин мынадай формаларда болады:
1. Жалпы холестерин
2. Тығыздығы төмен(ЛПНП)липопротеин холестериндері
3. Тығыздығы жоғары (ЛПВП) липопротеин холестериндері
Тығыздығы төмен(ЛПНП)липопротеин холестериндері — ағзадағы негізгі холестериндерді орналастыру үшін қолданылады.ЛПНП зерттеуі қандағы холестериннің жоғарылығын анықтау үшін жасалынады. Жүрек, қан-тамыр аурулары дамыған кезде қан тамырлар қабырғаларында холестериндер жиналып қалады екен. Осыған байланысты атеросклероз бен жүрек аурулары дами түседі.
Тығыздығы жоғары (ЛПВП) липопротеин холестериндері адам ағзасындағы жасушалар арасында майлар алмасуын атқарады.
Жасушаға түскен жағдайда холестерин не жоқ болып кетеді, не жиналып қалады.
Холестерол ағзада пайда болады, сонымен қатар сырттан әкелінеді. Көп жағдайда ол бауырда (50-80%), бүйрек үстінде, ішектердің арасында қалыптасады.
Сонымен қатар холестерин көп жағдайда тамақтың құрамында болады:майлы еттерде,балықтарда, сары майларда,жұмыртқаларда, сүтте және мал өнімдерінен дайындалатын тағамдарда және т.б.

Холестерин мөлшерлері
Жалпы қандағы холестерин мөлшері — 3,0-6,0 ммоль/л.
Ер адамдар қанындғы ЛПНП холестеринінің болу мөлшері — 2,25-4,82 ммоль/л, ал әйелдерде —1,92-4,51 ммоль/л
Ер адамдар қанындғы ЛПВП холестеринінің болу мөлшері — 0,7-1,73 ммоль/л,ал әйелдерде — 0,86-2,28 ммоль/л.

Холестеринді өлшеу
Қандағы холестеринді анықтауға арналған талдау – жүрек аурулары,миокард инфаркт,атеросклероз мен бауыр ауруларын диагностикалаудағы маңызды этап. Ағзада жоғары деңгейдегі холестерин бар екені анықталса,онда гиперлипидемия ауруы қоза түседі. Ол мұрагерлікке де берілуі мүмкін. Әсіресе егер отбасы ішінде 50 жасқа дейінгі жас мөлшерінде миокард инфаркті мен инсульт болса, онда ол ұрпақтан ұрпақөқа беріліп отырылады. Қандағы холестериннің тым көп болуы тамырлар арасына жиналғандықтан, өту аралықты тарылтады. Холестериннің тығыздалуынан тромба қалыптасады,ол жұлынып шығып, тамырдың тығындалуына әкеліп соқтырады. Міне, осы жағдай атеросклероздың миокард инфаркті және т.б. аурулардың пайда болуына себепші болады.
Көп жағдайда холестериннің жоғары деңгейде болуы мал өнімдерінен шыққан майларды қолданатын адамдарда көптеп байқалады.

Қандағы холестерин деңгейін қалай төмендетуге болады?
Холестерин деңгейін диетаны өзгерту арқылы төмендетуге болады. Ережелердің өзі қарапайым – тәттіні, жұмыртқаны,майды аздан жеу керек, кәдімгі қол сүті емес,тек қана майлылығы аз сүт ішсе болды.
Сонымен қатар көкөніс пен балық тағамдарын жеуді көбейту керек.
ЛПВП холестериндері жүйке анорексиясында артатын болғандықтан, қатты ашулануға болмайды. Салаттар жеу керек.
Қандағы холестериндердің көбеюінің тағы бір себебі жыныс гормондары мен контрацептивтерді қабылдау болып табылады. Жүктілік кезінде холестерин де көбейеді.
Тіпті алькоголь мен темекі тартудан да холестерин жиналады. Бірақ холестериннің төмен болуының өзі де қауіпті.Бұндай жағдай аштықтак, қатты күйіп қалғанда кездеседі.



Дата добавления: 2015-08-13; просмотров: 1157 | Нарушение авторских прав


<== предыдущая страница | следующая страница ==>
Анемиялар| Принц нового поколения

mybiblioteka.su - 2015-2024 год. (0.018 сек.)