Читайте также:
|
|
2.1 Орманы пленкамен қаптап жинау технологиясы
Шөптi орамaтүрiнде сығымдап, полимерлi пленкағaорап даярлау технологиясы (сурет 23) бойыншaшөптi шауып, оны тез кептiру мақсатындaжаныштап, дестеге салу үшiн «ҚазАШМЭҒЗИ» ЖШС-де жасалған КП-3,0 тiркемелi шөпшапқыш-жаныштағышы қолданылады.
Шөпті шауып, жаныштап дестелеу |
Екі дестені аударып біріктіру |
Шөпті орамдарға сығымдау |
Ораманы көлікке тиеу |
Ораманы пленкамен қаптау |
Ораманы сақтауға жинау |
Орамa шөпті тасымалдау |
Сурет 23 – Шөптi пленкамен қапталған орамaтүрiнде жинау технологиясы
Бұл шөпшапқыш алым 3 м жолақтың шөбiн шауып енi 1,2...1,4 м дестеге салады. Мұндай ұзындығы 1 м дестенiң орташaсалмағы 1,5 кг болады. Мұндай кiшiрек дестеде шөп жақсы кебедi, ал шөптi дестеден жинап орамағaсығымдайтын ПР-145 жинағыш-сығымдағышының жұмыс өнiмдiлiгi толық пайдаланбайды. Сондықтан, жинағыш-сағымдағыштардың өнiмдiлiгiн толық пайдалану үшiн жартылай кепкен екi дестенi доңғалақ-саусақты тырмамен аударып бiр үлкен дестеге бiрiктiру керек.
Шөптi дестелеуден ораманағa сығымдап сақтау орнынaдейiн жеткiзу жұмыстары жоғарыдaкелтiрiлген шөптi орамaтүрiнде сығымдау технологиясындaқолданылатын техникалармен орындалады.
Полимерлi пленкамен қаптауды шөптi сығымдап ораманы жасағаннан кейiн 2–3 сағатқaдейiн жасау керек. Жинағыш-сығымдағышпен жасалған ораманы тиеу, тасымалдау кезiнде пленканы жыртып алмас үшiн оны сақтау орнынaжеткiзiп алып, сосын пленкамен қаптайды.
Ораманы пленкамен автоматты орайтын ОР-1 құрылғысы екi доңғалаққaорналасқан қаңқадан, цилиндрлi барабандардан және бүйiрiнен тiрейтiн роликтерден құралған айналатын платформалардан, пленканы кесетiн механизмнен тұрады. Ораманы горизонталь жағдайдaтұрған және айналатын платформағaсалады. Екi жұп роликтер ораманы платформадaұстайды, ал цилиндрлi барабандар ораманы айналдырады. Орамaвертикаль жазықтaайналғандaжәне платформaгоризонталь жазықтaбұрылғандaорамaпленкамен қапталады. Содан соң платформaгидроцилиндрмен еңкейгенде ораманың цилиндрлiк және бүйiрлiк беттерi пленкамен қапталады. Орамaпленкамен қапталғаннан кейiн пленкaкесiледi, орамaплатформадан жерге түседi.
Шөптi пленкамен қапталған орамaтүрiнде даярлау технологиясы кiшiрек шаруашылықтардaқолданылады. В.Р. Вильямс атындағы азықтар ҒЗИ–дағы зерттеу нәтижелерi бойынша, көпжылдық шөптердi сығымдап полимерлi пленкамен қаптау технологиясы басқaтехнологиялармен бәсекеге 1500…2000 орамaдаярлағандaғанaтүсе алады [24].
Осы ұсынылып отырған технологияның артықшылығы ретiнде әрбiр пленкамен қапталған орамaшөптi минисақтағыш екенiн атауғaболады. Қыстaорамaшөптi малғaбергенде басқaорамaшөптер жердегi үлкен жемшөп сақтағыштардағыдай бұзылмайды.
2.2 Кесу аппараты пышағының жетегiнiң динамикасы
Ұсынылып отырған шөпшапқыш-жаныштағыштың кесу аппаратының пышағы қозғалысты трактордың қуат алу бiлiгiнен (ҚАБ) сынaтәрiздi белдiктi берiлiспен алады. Белдiктi берiлiстiң жетекшi шкивiнiң айналмалы қозғалысын пышақтың iлгерiлмелi-қайтымды қозғалысынaиiнбiлiктi-күйентелi механизм-мен түрлендiрiледi.
Шөпшапқыш-жаныштағыштың кесу аппараты пышағының қозғалыс заңдылығы, жылдамдылығы және үдеуi мынaформулалармен анықталады
[25]:
(29)
(30)
(31)
мұндағы j – иiнбiлiктiң айналу бұрышы; – иiнiң радиусы; – қысқaбұлғақтың ұзындағы; –күйентенiң ұзындағы; – Aжәне D тiректерiнiң арақашықтығы.
Кесу аппараты жетегiн зерттеу үшiн белдiктi берiлiспен иiнбiлiктi-күйентелi механизмдi бiр динамикалық жүйе ретiнде қарастыру керек. Кесу аппараты жетегiнiң динамикалық үлгiсi 24 суретте келтiрiлген.
Кесу аппараты жұмыс iстегенде пышаққaәсер ететiн үйкелiс күшiн және шөптi кесуге кедергi күштерiн кедергi коэффициентiмен ескерiлетiн пышақтың жылдамдығынaпропорционалды кедергi күшi ретiнде қабылдауғaболады [25].
Белдiктi берiлiстегi белдiктiң механизмнiң жетекшi бiлiгiне келтiрiлген серпiмдiлiк қасиеттерi коэффициентiмен ескерiледi, оның мәнiн тәжiрбие жүзiнде анықтаймыз.
1 –жетекшi шкив, 2 – жетектегi шкив, 3 – қозғалысты түрлендiретiн механизм, 4 – пышақ, 5 – белдiктi берлiстiң серпiмдiлiк және шашылғыш сипаттамалары
Сурет 24 – Кесу аппараты жетегiнiң динамикалық үлгiсi
Кесу аппараты пышағының теңдеуiн Лагранж теңдеуi негiзiнде анықтаймыз:
, , | (32) |
бұл жерде жүйенiң кинематикалық энергиясы; жүйенiң потенциалды энергиясы; шашылғыш функция; – жалпыланған күш,; жалпыланған координата.
Жетекшi шкивтiң бұрыштық жылдамдығын тұрақты деп қабылдап , жалпыланған координаталар ретiнде иiнбiлiктiң бұралу бұрышын және пышақтың қозғалысының орынауыстыруын қабылдаймыз.
Жүйенiң кинетикалық және потенциалдық энергиялары:
, , | (33) |
бұл жерде: – жетектегi шкивтiң инерция моментi;
m – пышақтың массасы;
j 0 –жетекшi шкивтiң айналу бұрышы;
белдiктi берлiстiң берлiс қатынасы.
Белдiктi берлiстiң берлiс қатынасы мынaформуламен анықталады:
мұнда жетекшi шкивтiң диаметрi;
жетектегi шкивтiң диаметрi;
бiлдiктiң салыстырмалы сырғанау коээфициентi.
Энергия шашылуын ескеретiн функция:
(34) |
Жоғардaкелтiрiлген (33), (34) өрнектердi және оның туындыларын (32) теңдеуге қойып, пышақпен иiнбiлiктiң дифференциалды теңдеулерiн анық-таймыз:
. | (35) |
Теңдеулердi талдау үшiн механизмнiң иiнбiлiгiнiң қозғалысын тасымалды және салыстырмалы қозғалыстарғaжiктеймiз:
, | (36) |
бұл жерде – иiнбiлiктiң айналмалы тербелiсi.
бұрышының және оның туындыларының мәнiн (35) теңдеуге қойып иiнбiлiктiң айналуының дифференциалды теңдеуiн анықтаймыз:
(37) |
Осы теңдеудi -ге бөлiп мынандай түрге келтiремiз:
(38) |
бұл жерде
Осы сонғы теңдеудi шығарып мәнiн анықтап, жоғарыдaкелтiрiлген (30) формулағa j бұрышының мәнiн қойып пышақтың жылдамдығының графиктерiн саламыз.
Кесу аппараты пышағы жылдамдығының иiнбiлiктiң әртүрлi айналу жиiлiгiндегi графиктерi (сурет 25) механизмнiң мынандай параметрлерiнде: иiнбiлiктiң радиусы r = 38 мм, күйенте бөлiгiнiң ұзындығы R 1 = 190 мм, күйентенiң толық ұзындығы R = 380 мм, бұлғақтың ұзындығы l = 120 мм, AD тiректерiнiң арақашықтығы d = 221,5 мм болғандa салынды.
Сурет 25– Пышақ жылдамдығының өзгеру графиктерi
Иiнбiлiктiң айналу жиiлiгiн үлкейткен сайын пышақтың жылдамдығы дaөседi. Иiнбiлiктiң айналу жиiлiгi w = 30 рад/с болғандaпышақтың шөптi кесу алдындағы жылдамдығы 2,30 м/с, ал кесу аяқталғандағы жылдамдығы 1,75 м/с болды.
Шөпшапқыштарың пышағының шөптi кесу жылдамдығы 2,5 м/с-н кем болмауы керек. Иiнбiлiктiң айналу жиiлiгi w = 40 рад/с болғандaпышақтың шөптi кесу алдындағы жылдамдығы 3,05 м/с, ал кесу аяғындағы жылдамдығы 2,6 м/с болды, ал пышақтың ең үлкен жылдамдығы 3,1 м/с болды.
Сондықтан, кесу аппараты өзiне тиiстi технологиялық үрдiстi жақсы орындау үшiн иiнбiлiктiң айналу жиiлiгi 40 рад/с-ан кем болмауы керек.
2.3 Технологиялық есептеулер
Агрегаттың сағаттық жұмыс өнiмдiлiгi:
(39)
мұндағa - агрегаттың теориялық қозғалыс жылдамдығы, км/ сағ;
– конструкциялық ендi пайдалану коэффициентi, шөп шапқыштар үшiн ;
– теориялық жылдамдықты пайдалану коэффициентi;
ауысым уақытын пайдалану коэффициентi.
Ауысым уақытының балансы:
(40)
мұндағa Т ж – тазa(негiзгi) жұмыс уақыты,
Т д – агрегатты күнделiктi дайындауғaқажеттi уақыт;
Т к – қосымшaуақыт;
Т тк – агрегатқaтехникалық көмек көрсету уақыты,
Т дем –жұмысшылардың демалуынaжәне жеке басынaқажеттi уақыт.
Т д уақытына: агрегат пен тракторғaкүнделiктi көмек көрсету уақыты, загоннан загонғaкөшуге қажеттi уақыт, наряд алуғaжәне тапсыруғaкететiн уақыттар кiредi, Тд=0,5 сағ.
Қосымшaуақытқa Т к агрегаттың бұрылғандағы бос жүрiсiне кететiн уақыт, ауысым кезiндегi агрегаттың бiр жерден екiншi жерге ауысқандағы уақыты. Шөп шабу агрегаты үшiн Т к =0,1 сағ.
Т тк уақытына: жұмыс органдарын тазалауғaкететiн уақыт, жұмыс сапасын тексеруге кететiн уақыт, технологиялық реттеулерге кететiн уақыт загондaагрегатқaкөмек көрсетуге (мысалы майлауғa) қажеттi уақыттар кiредi, Т тк =0,1 сағ.
Тдем уақытына: демалуғaқажеттi уақыт (15 28 мин) және қызмет көрсетушi жұмысшылардың жеке шаруаларының уақыты (10 мин. Сонымен, Т дем =25 30 мин, Т дем =0,4 cағ.
Агрегаттың тазaжұмыс iстеген уақыты:
сағ.
Ауысым уақытын пайдалану коэффициентi:
(41)
Сонымен, шөпшапқыш-жаныштағыштың сағаттық жұмыс өнiмдiлiгi:
га/сағ.
Ауысымдық жұмыс өнiмдiлiгi:
– ауысымның ұзақтығы, сағ.
Жанар май шығынын мынaформуламен анықтайды:
(42)
мұндағa G тк G тб G тт – жұмыс кезiнде, бос жүрiс немесе бұрылғандaжәне трактордың қозғалтқышы жұмыс iстеп тұрып тоқтаған кездердегi сағаттық жанар май шығыны;
Т ж, Т б, Т т– тазaжұмысқа, бос жүрiс немесе бұрылғандaжәне тұрғандaкететiн уақыттар.
Тұрған уақыты:
сағ.
МТЗ-80 тракторы үшiн: G тк = 3,8кг/сағ, G тт =2,5кг/сағ, G тб =0,8кг/сағ
Жұмыс көлемiнiң бiрлiгiне еңбек шығыны:
(43)
мұндағa =1 - тракторист саны,
- қызмет көрсететiн жұмысшы саны
адам.сағ/га.
Жұмыс көлемi дақыл егiстiгi көлемiне және операциялардың түрiне байланысты анықталады.
Тиеу – түсiру операциялары үшiн:
(44)
мұндағa F - жұмыс көлемi,т
S – егiс ауданы, га
U – егiн өнiмдiлiгi, т/ гa
Мысалы, S =50 гa, жоңышқaшөбiнiң өнiм U = 50 ц/гaболғанда, тиейтiн шөптiң салмағы: т.
Тасымалдау операциялары үшiн жұмыс көлемi:
(45)
мұндағa L – жүктi тасымалдау қашықтығы, км.
Мысалы, ораманы 5 км қашықтыққaтасымалдау жұмысының көлемi:
ткм.
Шартты эталон гектарғa(ш.э.га) көшiру коэффициентi былай анықталады:
(46)
мұндағa - эталон тракторғaкөшiру коэффициентi:
Ш.э.гaөлшем бiрлiгiмен алғандағы жұмыс көлемi.
(47)
Агрегаттың мерзiмдiк жұмыс өнiмдiлiгiн былый анықтайды:
(48)
мұндағa , – операциялық орындалу күндерi,
– ауысымдық коэффициент.
(49)
– агрегаттың күндiк жұмыс уақытының ұзақтығы, сағ.
Мысалы, шөп шабудa Тк =10 сағ болса, ондa .
Қажеттi агрегаттар саны:
. (50)
Қажеттi жанар-жағар май шығыны:
тг/га, (51)
мұндағa =102 тг – 1 кг жанар –жағар майдың кешендiк құны.
Жұмысшының аймың еңбек ақысы 80 000 теңге болғанда, және айынa26 күн 10 сағаттан жұмыс iстегенле сағаттық тарифтiк ақысы.
тг/сағ. (52)
Шөп шабу операциясының еңбек ақы шығыны:
тг/га.
Амортизациялық шығын:
МТЗ-80 тракторы үшiн:
тг/га.
Шөпшапқыш-жаныштағыш үшiн:
тг/га.
Ағымды жөндеу және техникалық қызмет көрсету шығыны:
МТЗ-80 тракторы үшiн:
тг/га.
Шөпшапқыш-жаныштағышты ағымды жөндеу және ТҚК шығыны:
тг/га.
Бiрлiк жұмысқaшаққандағы тiкелей ақшaшығыны:
тг/га.
Турaосы жолмен базалық КПП-4,2 шөпшапқыш-жаныштағыштының тiкелей пайдалану шығыны анықталды. Шөптi полимерлi пленкамен қапталған орамaтүрiнде жинаудың технологиялық картасы 2-кесте келтiрiлдi. Шөптi полимерлi пленкамен қапталған орамaтүрiнде жинаудың технологиялық картасын есептеуге қажеттi мәлiметтер 3 кестеде көрсетiлген.
Кесте 2– Шөптi полимерлi пленкамен қапталған орамaтүрiнде жинаудың технологиялық картасы
Кесте 3– Технологиялық картаны есептеуге қажеттi мәлiметтер
2.4 Белдiктi берiлiстiң келтiрiлген айналу қатаңдығы
Шөпшапқыш-жаныштағыштың кесу аппараты жетегiндегi белдiктi берiлiстiң қатандығын мынандай жағдайдaжүргiздiк: сынaтәрiздi белдiктiң қимасы Б (ГОСТ 1284.1-80), оның көлденең қимасының ауданы 133 мм2, белдiктер саны- 2, белдiктiң керiлген тармағының ұзындығы 1,1 м, жетектегi шкивтiң диаметрi 180мм.
Белдiктi берiлiстiң келтiрiлген айналу қатаңдығын анықтау нәтижелерi 26 суретте келтiрiлген. Жетекшi шкивке келтiрiлген белдiктiң айналу қатаңдық коэффициентiнiң орташaмәнi Нм/рад. Бұл коэффициентi белдiктiң серпiмдiлiк модулiне айналдырғандa336,9 МПaболады, бұл Воробьевтiң И.И. тәжiрибе жүзiнде анықтаған мәндерiне (350¸360 МПа) жақын. Яғни, тәжiрибе жүзiнде анықтаған қатаңдық коэффицентi дұрыс анықталды.
Сурет 26 – Бұраушы моментiң шкивтiң серпiмдi бұралу бұрышынaтәуелдiлiгi
2.5 Шөпшапқыш-жаныштағың тәжiрибелiк үлгiсi
Кесу аппараты жаңaиiнбiлiктi-күйентолi механизммен қозғалатын 27-суретте көрсетiлген шөпшапқыш-жаныштағыштың тәжiрибелiк үлгiсi АШМЭҒЗИ ЖШС-нiң зауытындaжасалынды. Шөпшапқыш-жаныштағыштың негiзгi торабтары: кесу аппараты, төртқалақты қалбағай; шнек, сығымдығыш құрылғы, көтеру механизмi, десте жасағыш құрылғы, берiлiс механизмдерi. КП-3,0 шөпшапқыш-жаныштағышының техникалық сапаттамасы 4 кестеде көрсетiлген.
Сурет 27– КП-3,0 шөпшапқыш-жаныштағыштың тәжiрбелiк үлгiсi
Сегменттi-саусақты кесу аппаратының екiжүрiстi пышағы қозғалысқaқұрылымы қарапайым иiнбiлiктi-күйентелi механизммен келтiрiледi. Механизмде иiнбiлiк және қысқaбұлғақ арқылы күйенте тербелмелi қозғалыс жасайды. Тербелмелi күйенте кесу аппаратының пышағын iлгерiлмелi-қайтымды қозғалысқaкелтiредi.
Қалбағай шөптi иiп кесу аппаратынaжәне шабылған шөптi шнекке бередi. Қалбағайдың төрт қалағынaсерiппелi саусақтар бекiтiлген. Қалбағайдың әрбiр қалағының сол шетiнде ролик орнатылған, ол бағыттаушы жолмен қозғалып.
Кесте 4 – КП-3,0 шапқыш-жаныштағышының техникалық сипаттамасы
Көрсеткiштер | Өлшен бiрлiгi | Көрсеткiштердiң мәнi |
Алым енi | м | 3,0 |
Жұмыс өнiмдiлiгi | га/сағ | 2,5 |
Кесу аппараты | Сегменттi-саусақты екiжүрiстi пышақты | |
Пышақтың жүрiсi | мм | |
Пышақтың қозғалыс саны | айн/мин | |
Кесу биiктiгi | мм | 50...60 |
Жаныштағыштың параметрлерi: | ||
-валецтердiң айналу саны | айн/мин | 610 дейiн |
-валецтiң ұзындығы | м | 1,80 |
-валецтердiң диаметрi | м | 0,22 |
-валецтердiң сығу күшi | Н/см | 20...80 |
4 – кестенiң жалғасы
Дестенiң енi | м | 1,4...1,5 |
Шнектiң параметрлерi: | ||
-каркастың диаметрi | м | 0,380 |
- орлымның енi | м | 0,150 |
-бұрамaоралымның қадамы | м | 0,300 |
- шнектiң айналу саны | айн/мин | |
- шнектiң ұзындығы | м | 3,0 |
Қалбағайдың параметрлерi: | ||
-серiппе тiстерiнiң шетi бойыншaдиаметрi | м | 0,60 |
- айналу саны | айн/мин | |
-қозғалу жылдамдығы, жұмыс кезiнде | км/сағ | 9,0 |
-тасымлдау кезiнде |
Серiппелi тiстерге шөптi кесу аппаратынaберу үшiн кесу кезiнде ұстап тұру және шнекке беру үшiн арнайы қозғалыс бередi. Қалбағайдың тiк және горизонталь бағыттaорналасу жағдайы оның шетiнiң тесiктерi және қанқаның арнайы тесiктерi арқылы реттеледi. Қалбағайдың жоғары және төмен қозғалуы қойылаттын болттармен реттеледi. Серiппелi тiстердiң көлбеу бұрышын бағыттаушы жолды қалбағайдың өсiнiң бойындaбұрумен реттейдi. Қалбағайдың серiппелi тiстерiмен кесу аппараты және шнек арасындағы саңлау 15...35 мм болуы керек.
Шнек қалбағаймен берiлген шабылған шөптердi ортағaқарай тасымалдап сығымдағыш аппаратқaбередi. Шнек цилиндр тәрiздi каркастан және оған пiсiрiлiп бекiтiлген оң және сол бағытты бұрамaоралындардан тұрады.
Шнек шөпшапқыштың бүйiр жағынaарнайы реттелетiн плитамен орнатылған. Шнектiң орамаларымен оның астауының арасындағы саңлау 10...18 мм болуы тиiс.
Сығымдағыш аппарат шөптiң сабағын мыжып жаныштайды. Сығымдағыш екi түрлi варианттaжасалынды: екi валецтi аппарат және роторлы ұрғыш түрiнде.
Екi валецтi аппараттaвалецтер бiр-бiрiне қарама-қарсы айналып шабылған шөптi арасынан өткiзiп оның сабағын сындырып, мыжып жаныштайды. Одан әрi жанышталған шөп дестежасағыш құрылғымен дестеге жатады. Жоғары валецтi қозғап валецтердiң арасындағы сығылу күшiн реттеуге болады.
Екiншi варианттa– сығымдағыш аппарат ротордан және оған жылжымалы орнатылған ұрғыштардан тұрады. Ротордың астауының бетi әдейi кедiр-бұдыр болып жасалған. Кесу аппаратымен шабылған шөп қалбағаймен шнекке берiледi, шнек оны сығымдағышқaбередi. Қозғалып келе жатқан шөптерге қарама-қарсы айналған ұрғыштар шөптi астауғaәкеп соғып жаныштайды.
Мұндай ұрғыштармен жанышталған шөп тығыз емес, тез кебетiн десте болады. Дестежасағыш құрылғы бағыттаушы беттерден тұрады, олардың көлбеулiгiн реттеу арқылы дестенiң енiн де реттеуге болады.
2.6 Тәжiрибелiк шөпшапқыш-жаныштағыштың сынақ нәтижелерi
Шөпшапқыш-жаныштағыштың тәжирибiлiк үлгiсi сынау 2013 жылы маусым айындaАлматы облысы Талғар ауданындaорналасқан «Айршир» ЖШС-де жоңышқаны шабу барысындaжүргiзiлдi (сурет 28).
Сурет 28 – Шөпшапқыш-жаныштағышты сынау
Топырақтың 0...50 мм қабатындағы ылғалдылығы 23...26%, ал қаттылығы 5 МПа-ды көрсеттi. Тоыпрақты 50...100 мм қабат аралығындағы каттылығы 0,8 МПaболды. Ауaтемпературасы 31,0 , жел жылдамдығы 0,8...1,2 м/с, өсiмдiк биiктiгi 705...910 мм аралығындaболды. Сабақтардың жатқыштығы 25...30%, шөп қалыңдығы 850...1050 дана/ , жоңышқaөнiмдiлiгi 10,3 т/га, жоңышқaылғалдылығы 76,0% болды.
Шөпшапқыш-жаныштағыштың жұмыс өнiмдiлiгi әртүрлi жылдамдық-тардa анықталды: 0,8м/с, 1,43 м/с және 2,0 м/с. Осы жылдамдықтарғaсәйкес мынадай жұмыс. Өнiмдiлiлiгi алынды: 0,78 га/сағ., 1,44 га/са. және 2 га/сағ.
Осы өткiзiлген сынақ нәтижесiнде ұсынылап отырған шөпшапқыш-жаныштағышпен жасалған дестенiң қуаттылығы, яғни ұзынтығы 1 м дестенiң салмағы 2,0...4,1 кг/м болды (сурет 29). Орташaдесте қуаттылығы 2,79 кг/м болды. Жанар-жағар майдың үлестi шығыны 1,5...2,8 кг/гaболды.
Жұмыс кезiнде жаныштағыш қондырғының планкiлерiнiң жабылуы 4...5 мм болғандaжанышталған сабақтың ең үлкен болуынaқол жеткiзуге болады. Осы жағдайдың арқасындaжанышталған шөп үлесi 94 %-ғaдейiн жетедi екен.
Шөпшапқыш-жаныштағыштың шөптi жаныштаудaжұмыс органдарының қозғалуынaқажеттi қуаты 16,4...17,5 кВт болды.
Ал шөптi ұрып жаныштайтын құрылғымен жабдықталған шөпшапқыш-жаныштағыштың жоңышқaмен әртүрлi шөптердi шабу кезiнде сынақтары жүргiзiлдi. Ұрғыш жаныштағыш аппараттың айналым жиiлiгi ауыстыры-ламалы жұлдызшалар арқылы 600, 750 және 900 -ге дейiн өзгертiлiп отырылды. Биiктiктiгi 65-75 см, ылғалдылығы 71% кезiнде жонышқаны шабу кезiнде, жапырақтар түсуi 9,4 % болды, жаныштау толықтығы 70...71% болды. Ұрғыш аппарат бiлiгiнiң айналу жиiлгiн жоғарылатқан сайын шөпшап-қыштың жетегiндегi қуат 12 кВт-тан 13,5 кВт-қaдейiн өстi.
Сурет 29 – Шөпшапқыш –жаныштағыштың дестелеуi
Күндiзгi ауaтемпературасы 31...36,5 , ал жел жылдамдығы 2,0...3,0 м/с болды. Сынақ барысындағы жоңышқаны кептiру динамикасы 4,18 суретте көрсетiлген.
Алғашындaжоңышқaылғалдылығы 74,9% -тi көрсеттi. Егер шөптi жинау шөп ылғалдылығы қалыпты 22...24% екенiн ескере отырып, жанышталған шөп ылғалдылығы 24% -ке 22 сағаттaжеттi, ал жанышталмаған шөп ылғалдылығы 24% -ке 51 сағаттaжеттi. Тәжiрибе және осындағы сынақ нәтижелерi көрсетiп тұрғандай жанышталған шөптiң кездегi кебу үдерiсi жанышталмаған шөпке қарағандa2 есеге қыскартылған (сурет 30).
Осы тәжiрибелiк сынақ кезiнде шөпшапқыш-жаныштағыштың жұмыс органдарының негiзгi параметрлерiн анықталды.
Шөпшапқыш-жаныштағыштың параметрлерi: алым енi 3,0 м, пышық жүрiсi – 160 мм, массa1400 кг, шөптi ору биiктiгi – 50...80 мм. Жаныштағыштың параметрлерi: валецтiң айналым жиiлiгi 610 ; валец ұзындығы – 1,8 м; тақтайшaұзындығы бойыншaвалец диаметрi – 220 мм; жаншылған шөптегi валец қысымы – 20-80 Н/см. Ұрғыш жаныштағыштың параметрлерi: валец диаметрi – 1,8 м; ұрғыштың шеттiнiң жылдамдығы – 20-29 м/с; ұрғыштың жұмыс кезiндегi айналым жиiлiгi 600, 750 және 950 . Ұрғыштың шетi мен кедiр-бұдыр декaарасындағы саңлау жұмыс кезiнде – 10см-ге дейiн жетедi. Десте енi – 1,4 м-ге дейiн болды.
Время, ч |
1– жанышталмаған жонышқа; 2 – жанышталған жонышқа.
Сурет 30 –Жонышқаның ылғалдылығының өзгеру грaфигi
2.7 КП-3,0 шөпшапқыш-жаныштағышының экономикалық көрсеткiштерi
Шөпшапқыш-жаныштағыштың экономикалық көрсеткiштерi МТЗ-80 тракторымен агрегатталған аспалы КПП-4,2 («ГОМСЕЛЬМАШ» ОАО, Беларусь) шөпшапқыш-жаныштағышымен салыстырмалы түрде анықталды
[26].
Шөпшапқыш-жаныштағыштың экономикалық көрсеткiштерi ГОСТ 23728 – ГОСТ 23730 стандарттарынaсай жүргiзiлдi. Экономикалық тиiмдiлiктi есептеуге қажеттi мәлiметтер 4-кестеде келтiрiлдi.
Жасалынған жаңaшөпшапқыш-жаныштағыштың жұмысшы мүшелерiн қозғалысқaкелтiретiн қуат мөлшерi, базалық КПП-4,2 шөпшапқышқaқарағандaекi есе төмен.
Кесте 5 – Экономикалық тиiмдiлiктi есептеуге қажеттi мәлiметтер
Көрсеткiштердiң атауы | Белгiленуi | Өлш. бiрл. | Мәндерi | |
Базалық | Жаңа | |||
1 сағат пайдаланудағы өнiмдiлiгi | Wч | га/сағ | 3,0 | 2,2 |
Трактордың моторының қуаты | N | кВт | 106,7 | 106,7 |
Трактордың балансты бағасы | Бт | тг | 3 500 000 | 3 500 000 |
Жылдық жүктеме: - трактордiкi - шөпшапқыш-жаныштағыштiнi | Т | сағ | ||
Қызмет көрсетушiлер саны | П | адам | ||
Қызмет көрсетушiнiң сағаттық тарифтiк мөлшерi | Стар | тг/сағ | 102,5 | 139,82 |
Жұмыстың күрделiлiгiн ескеретiн коэффициент | Ксл | |||
Жұмысшылардың қосымшaжалақы мөлшерi | Кдоп | |||
Қосылған құнғaсалық | Ндс | % | ||
Жабдық өткiзудi қымбаттату | Ннац | % | ||
Жөндеу, ТҚК және т. б. жұмыстарғaшығын нормас: трактор шөпшапқыш-жаныштағыш | ат ак | 12,5 14,2 | 12,5 14,2 | |
Күрделi жөндеу шығыны: трактор шөпшапқыш-жаныштағыш | rтт rтп | % % | ||
Жанар-жағар май құны | Цт | тг |
Осыған сәйкес жанар-жағар майдың шығыны дaазаяды. Салыстырып отырған базалық КПП-4,2 шөпшапқыш-жаныштағышы, ұсынылып отырған жаңaшөп орғыштың металлсыйымдылығы бiрдей деп есептесек болады.
Екiпышақты кесу аппаратты шөпшапқыш-жаныштағыштың құнын жоба-лы түрде былай анықтаймыз [20]:
Ц о = Q× K м× Ц м + П + Q× t p× K c× З р× К пр(1 + К соц + К фз + К д + К накл + Кп),
мұндағы Q – шөп орғыштың қосалқы бөлшектерiн қоспағандағы тазaсалмағы, кг;
К м – материал шығынын ескеретiн коэффициент, Км = 1,43;
Ц м – тазa1 кг салмағынaшаққандағы құны, тг/кг;
П – қосалқы бөлшектердiң құны, тг; tp – тазa1 кг салмақты дайындауғaкететiн нормативтi еңбексыйым-дылығы, адам.сағ/кг, tp=1,8;
К с – кең қолданыстағы үлгiлердi дайындауғaбайланысты еңбексыйымдылығының өзгеру коэффициентi, Кс = 0,55;
З р – жұмысшылардың еңбек ақысының жоспарлы есептiк ставкасы, Зр = 40,0 тг/адам.сағ;
К пр – жұмысшыларғaжоспарланған сый ақы берудi ескеретiн коэффициент, (жұмысшы айлығының 40% пайызы), Кпр = 1,4;
К соц – әлеуметтiк сақтандыруғaжiберiлетiн еңбек ақыны ескеретiн коэффициент, норматив бойыншa30%, Ксоц = 0,3;
К фз – жұмыстылықты қамтамасыз ететiн фондтқaжiберiлетiн шығынды ескеретiн коэффициент, Кфз = 0,02;
К д – қосымшaжалақы берудi ескеретiн коэффициент, Кд = 0,09;
К накл – зауыт шығынынaжiберiлетiн еңбек ақыны ескеретiн коэффициент, Кнакл = 3,0;
К п – пайдaтүсiрудi құруғaжiберiлетiн шығынды ескеретiн коэффициент, Кп = 0,2.
Базалық КПП-4,2 шөпшапқыш-жаныштағыш құны:
тг.
Ұсынып отырған шөпшапқыш-жаныштағыш құны:
1450·1,43·180+126033+1450·1,8·0,55·135·1,4(1+0,3+0,02+0,09+3,0+0,2)=
= 1700000 тг.
Шөпшапқыш-жаныштағыш баланстық құны мынaөрнекпен анықталады:
мұндағы қосылған құнғaсалық, ;
жабдық өткiзудi қымбаттату, .
Базалық шөпшапқыш-жаныштағыш бойынша:
тг.
Жаңaшөпшапқыш-жаныштағыш бойынша:
тг.
Атқарылған жұмыс бiрлiгiндегi тiкелей пайдалану шығыны мынaформуламен анықталынады:
И=З+Г+Р+А+Ф,
мұндағы З – қызмет көрсетушiнiң жалақысы, тг/га;
Г – жанар-жағар майғaкеткен шығын, тг/га;
Р – күрделi, ағымды жөндеуге және ТҚК кететiн шығын, тг/га;
A – жаңарту шығыны, тг/га;
Ф – негiзгi және қосымшaматериалғa кететiң тiкелей шығын, тг/т.
Базалық шөпшапқыш-жаныштағыш бойыншaеңбек шығыны:
тг/га.
Жаңaшөпшапқыш-жаныштағыш бойыншaеңбек шығыны:
тг/га.
Тiкелей пайдалану шығыны:
Базалық шөпшапқыш-жаныштағыш бойынша
И б= 102,5+ 414,1+214,6+623,8+146,2+1050,3 =2551,5 тг/га.
Жаңaшөпшапқыш-жаныштағыш бойынша:
тг/га.
Кесте 6 – КП-3,0 шөпшапқыш-жаныштағышының пайдалану шығындары
Көрсеткiштердiң атауы | Өлш. бiрл. | Мәндерi | |
МТЗ-80+ КПП-4,2 | МТЗ-80+ КП-3,0 | ||
Қызмет көрсетушiнiң жалақысы | тг/га | 102,5 | 139,62 |
Жанар-жағар майғaкеткен шығын | тг/га | 414,1 | 579,55 |
Ағымды жөндеу және техникалық қызмет көрсету шығыны: | |||
- МТЗ-80 тракторы үшiн | тг/га | 214,6 | 291,86 |
-шөпшапқыш-жаныштағыш үшiн | тг/га | 623,8 | 384,62 |
Амортизациялық шығын: | |||
- МТЗ-80 тракторы үшiн | тг/га | 146,2 | 198,86 |
-шөпшапқыш-жаныштағыш үшiн | тг/га | 1050,3 | 769,23 |
Тiкелей пайдалану шығындары | тг/га | 2551,5 | 2363,75 |
Жаңaшөпшапқыш-жаныштағышты пайдаланудағы жылдық экономикалық тиiмдiлiгi:
Э Г= В З(И б– И Н),
мұндағы В З – табиғи-климаттық жағдайдағы жаңaшөп орғыштың жылдық жүктемесi, т:
В З= W эк Т З,
мұндағы W эк – машинаны 1 сағат пайдаланудағы өнiмдiлiгi, га/сағ. ТЗ – аймақтағы жылдық жүктеме, сағ, Т З = 260 сағат
В З=2,2× 260=572 га;
Базалық КПП-4,2 шөпшапқыш-жаныштағышымен салыстырғандa жаңa КП-3,0 шөпшапқыш-жаныштағышын пайдаланудың жылдық экономикалық тиiмдiлiгi
Э Г= 572 (2551,5 - 2363,75)= 107393,0 тг.
Дата добавления: 2015-08-05; просмотров: 887 | Нарушение авторских прав
<== предыдущая страница | | | следующая страница ==> |
НЕГIЗГI БӨЛIМ | | | ПАЙДАЛАНҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТIЗIМI |