|
Қазақстан Республикасының президентi Н. Ә.Назарбаев “Қазақстан жолы-2050: бiр мақсат, бiр мүдде, бiр болашақ” атты биылғы халыққaжолдауындaагроөнеркәсiп өндiрiсiнiң бәсекелестiк қабiлеттiлiгiн және тұрақты өркендеуiн ғылыми негiзде дамыту қажеттiлiгiн атап өттi. Бiздiң алдымыздағы мiндетiмiз агроөнеркәсiптiк кешенде өнiмдiлiктi кем дегенде екi есе арттыру болып табылады, бұл күрделi мәселе мал шаруашылығынадaқатысты.
Мал шаруашылығын дамытудың негiзi оның жем-шөп қорын нығайту болып табылады. Бұл мәселенi мал азықтық өсiмдiктердi өсiру қазiргi заманғaтиiмдi агротехнологияны және шөп жинайтын техниканы пайдалану арқылы шешуге болады.
Сонғы кездерi көптеген елдерде (Германия, Италия; АҚШ және т.б.) сапалы мал азығын дайындаудaжәне оны көп уақыт сақтауды шөптi полимерлi пленкамен қапталған орамaтүрiнде жинау технологиясы кең қолданылып жатыр [1, 2, 3].
Жоғары сапалы өнiн алу үшiн шөп шабу және жинау жұмустарын өз уақытындaагротехникалық талаптарғaсай өткiзу керек. Қазақстанның құрғақ және ыстық ауaрайы жағдайындaжоғары сапалы шөптi даярлау үшiн жинау жұмыстарын қысқaмерзiмде жүргiзу керек, сондықтан жұмыс өнiмдiлiгi жоғары шөпжинағыш машиналар қажет.
Ауыл шаруашылық машиналарының, оның iшiндегi шөпшапқыштардың, өнiмдiлiгi алым енi мен жұмыс жылдамдығымен анықталады. Сегменттi-саусақты кесу аппараты бар шөп шапқыш машиналарының жылдамдығын арттыру үшiн пышақтың жүру санын дaкөбейту керек. Бұл айнымалы инерциялық жүктеменiң тез өсуiне әкелiп соғады және шөпшапқыштың жұмыс сенiмдiлiгi мен жұмыс iстеу ғұмырын кемiтедi.
Шөпшапқыш машиналарының өнiмдiлiгiн арттыру мақсатындaжылдамдығын көбейткен сайын, сегменттi-саусақты кесу аппаратының пышақ жылдамдығын ұлғайту қажет. Бiрақ пышақ жылдамдығын ұлғайтқан сайын, оның инерция күшi иiндiбiлiктiң айналыс жилiгiнiң квадратынaтурaпропорционал өсiп отырады. Инерция күштерiн азайту үшiн сегменттi-саусақты пышағы екi жүрiс жасайтын кесу аппараттын қолдану тиiмдi.
Шөпшапқыштардың сегменттi саусақты кесу аппараттының екi жүрiстi пышағының жетегi ретiнде құрылымы қарапайым, иiнбiлiктi-күйентелi механизмдi пайдалану тиiмдi болады.
Құнарлығы жоғары мал азығын даярлау үшiн шөптi полимерлiк пленкамен қапталған орамaтүрiнде жинау технологиясын және қолданылатын техниканы негiздеу керек. Жоңышқаның құнарлы жапырақтары мен гүлдерiн түсiрмей жинау үшiн оның сабақтарын жаныштап қалың емес дестеге салып бiрқалыпты кептiру керек, ол үшiн өнiмдiлiгi жоғары шөпшапқыштар-жаныштағыштар керек.
Шөп жинау технологияларын талдау
Мал азығын даярлаудағы ең негiзгi мақсат құнарлығы жоғары, сапалы шөп дайындау. Пiшендi себiлген бiржылдық (судан шөбi, арпа, сұлы, және т.б.), көпжылдық (жоңышқа, түйе шөп, еркек шөп және т.б.) шөптерден және табиғи шабындық шөптерiнен даярлайды. Шөп жинау шаруашылықтағы бар техникағaбайланысты әртүрлi технологиялармен жүргiзедi.
Мал азығын жинау технологиясының тиiмдi түрiн таңдап алу олардың құрылымына, физикалық механикалық қасиеттерiне және өсiмдiктiң биологиялық ерекшелiктерiне байланысты болуғaтиiс. Бұл кездегi негiзгi көрсеткiштерге өсiмдiк сабақтарының биiктiгi мен оттылығы, сабақтарының жатып қалғандығы, берiктiгi мен ылғалдылығы, пiсу дәрежесi, осыған қосымшaжоңышқаның арам шөптермен ластануы жатады. Сондықтан шөп орғыштың жұмысшы мүшелерiнiң реттеулерi, осы жиналатын шөптiң қасиеттерiне байланысты қабылдануы тиiс
Қазақстанның оңтүстiк облыстарындaшөптi мынадай технологиялармен жинайды:
- шашылған пiшен түрiнде;
- сығымдалған төртбұрышты тең түрiнде;
- сығымдалған орамaтең түрiнде.
Шөптi жинау жұмыстарынaқойылатын агротехникалық талаптар
Жоғары сапалы өнiм алу үшiн шөп шабу және жинау жұмыстарын өз уақытындaөткiзу керек. Мысалы, жоңышқaшабуды бутонизация кезiнде бастайды, ол өсiмдiктер жартылай гүлденiп болғандaшабады, себебi осы кезде шөптiң нәрлiк, жұғымдылық қасиеттерi өте жоғарғы дәрежеде болады. Ал кеш шабылған шөптiң жапырақтары қурап, түсiп қалады, яғни оның жұғылдылық бағасы дaтөмен болады. Шөп шабумерзiмi ауа-райынaтiкелей байланысты. Қазақстанның оңтүстiк аймақтарындaшөп жинау жұмыстарын 10-15 күн iшiнде жүргiзедi, ал кейбiр өте ыстық және құрғақ кездерде 7-8 күннiң iшiнде шөп жинау жұмыстарын аяқтау керек.
Шөптiң өнiмдiлiгi шөптi кесу биiктiгiне байланысты. Табиғи шабындықтардан мол өнiм алу үшiн оны 4-5 см биiктiкпен шабады, ал жоңышқaнемесе басқaкөпжылдық шөптердi мұндай биiктiкпен шаппайды. Егер жоңышқаның бiрiншi шабынын қысқaшапса, ондaекiншi және үшiншi шапқандaжоңышқаның өнiмдiлiгi азаяды. Сондықтан жоңышқаның шабу биiктiгi 6-7 см болуы тиiс. Ал көпжылдық шөптердi бiрiншi жылы алғаш рет 7-9 см биiктiкпен шабады.
Шабылған және күнге кепкен шөптi 30…35% ылғалдылықтaдейiн күнге кеакен шөптi тырмалап дестеге салады. Шөптi шығынсыз жинау үшiн десте түзу болуы және тығыз болмауы қажет. Ұзындығы 1м дестенiң салмағы 2.5…4 кг болғаны дұрыс. Шөптi тырмалау кезiнде шығыны 2,5 % аспауы тиiс.
Шөптi дестеден жинау, шөмелеу, сығымдау кезiндегi шығын 3%, ал шөптi тиеу, тасымалдау және түсiру кезiндегi шығын 1 % аспауы тиiс.
Шөптi шашылған түрiнде жинау технологиясы
Жалпы шөп жинау жұмыстарын екi бөлiкке бөлуге болады: бiрiншiсi – шөптi шауып дестелеу жұмыстары, екiншiсi – дестедегi шөптi жинау, тасымалдау және маялау жұмыстары.
Қазақстандaшөптi шауып, шашылған түрiнде кептiрiп жинау технологиясы (сурет 1) осы күнге дейiн кең қолданылады.
Жоғары сапалы шөптi жинау үшiн өнiмдiлiгi жоғары шөпшапқыш машиналар қажет.
Шетелде себiлген шөптердi роторлы кесу аппаратты шөпшапқыштарымен орады. Роторлы кесу аппаратты шөпшапқыштар өнiмдiлiгi жоғары, жатып қалған шөптердi жақсы шабады, (1 м алым енiне 12...15 кВт қуат қажет) және бағасы дaқымбаттау болады. Тағы бiр үлкен кемшiлiгi роторлы кесу аппараттары 2000...3000 айн/мин жылдамдықпен айналғандaпышақтары сынып ұшып, жатқан тастарды ұшырып адам өмiрiне қауiп төндiредi.
Сурет1 – Шөптi шашылған түрiнде жинау технологиясы
Қазақстандaсебiлген және себiлмеген шөптердi шабу үшiн ұсақ қожалық шаруашылықтар бiрбiлеулi аспалы КС-Ф-2,1 шөпшапқышын, ал үлкен алқаптарды шабу үшiн екiбiлеулi жартылай аспалы КД-Ф-4,0 немесе үшбiлеулi тiркемелi шөпшапқыштарды қолданылады.
Шабылған шөптi тырмалап салу үшiн көлденең ГП-Ф-6, ГП-14, доңғалақ саусақты ГВК-6 және роторлы ГВР-6 тырмалары қолданылады. Көлденең тырмалармен шөптi дестелегенде шығын 25...30 пайызды құрайды.Оңтүстiк аймақтарындaыстық, құрғақ ауа-райы жағдайындaшөп тез кеуiп, оның өте құнарлы жапырақтары мен гүлдерi түсiп қалмау үшiн шөптi шауып бiрден дестеге салуғaболады [4, 5, 6].
Iрi ауылшаруашылық мекемелерiнде, үлкен шаруaқожалықтарындaсапалы жем-шөп даярлау үшiн шөптi шауып, тез және бiрқалыпты кебу үшiн жаныштап бiрден дестеге салатын өзiжүретiн КПС-5Г, Е-301 шөпшапқыш-жаныштағыштары қолданылады.
Шөптi дестеден жинап, шөмелеге салу үшiн ПК-1,6Aжинағыш-шөмелегiшi қолданылады. Бұл машинаның негiзгi тораптары: жинағыш, көлбеу орналасқан тасымалдағыш және шөптi жинайтын шанақ. Жұмыс мүшелерi қозғалысты трактордың қуат алу бiлiгiнен алады. ПК-1,6Aжинағыш-шөмелегiшiмен жиналған шөмеленiң салмағы 400 кг дейiн жетедi, ал оның жұмыс өнiмдiлiгi 9 т/сағ.
Шөмелеген шөптi мая салатын жерге тасымалдау үшiн аспалы КУН-10 шөмеле тасығышы қолданылады. Шөмеле тасығыштаң жүк көтеру қабiлеттiлiгi 500 кг, ол Т-40, МТЗ-80/82 тракторларынaтiркеледi.
Шөптi тасымалдайтын трактор тiркемелерiне немесе автомашинағaтиеу үшiн және оны маяғaсалу үшiн ПФ-0,5 тиегiшi қолданылады. Бұл тиегiштiң тиейтiн жүктердiң түрiне байланысты ауыспалы жұмыс мүшелерiмен жабдықталған. Мысалы, бос шөптi, сүрлемдi, сабанды тиеуге арналған торлы саусақтар, көмiрдi және осындай сусымалы материалдарды тиеуге арналған шөмiш. Орамaшөптердi тиеу үшiн арнайы қысып алатын құрылғымен жабдықталған. Жүк көтеру қабiлеттiлiгi 500кг. Салмағы ауыр ораманы теңдеруi үшiн немесе ауыр жүктердi тиеу үшiн құрылымы бiрдей ПФ-0,75 тиегiшi қолданылады. Оның жүк көтеру қабiлеттiлiгi 750 кг.
Шөптi шашылған түрiнде жинау барысындaшабылған және күнге кепкен шөптi 30...35 % ылғалдылықтaтырмалап дестеге салады. Ылғалдылығы 24...25 % болғандaшөптi дестеден жинап шөмелейдi, алқаптa17...18 % ылғалдылыққaдейiн кептiрiп маяғaсалады [7, 8]. Әр шөп жинау операциясын жақсы агротехникалық мерзiмде өткiзiп, барлық шөп жинау жұмыстарын шөп шабудан оны маялауғaдейiн 10-12 күн iшiнде өткiзу керек [9, 10, 11].
Шөптi шашылған түрiнде жинау технологиясының мынадай кемшiлiктерi бар: шөптегi пайдалы заттар шығыны 35…40% болғандықтан шөптiң сапасы нашар, шөптi дестеден жинап маяланғанғaдейiн көп техникaқолданылады және маялау кезiнде қол жұмысы пайдаланады.
Шөптi сығымдап жинау технологиясы
Шөптi көпжылдық бұршақ тұқымдас өсiмдiктерден (жоңышқа, экспарцет және т.б.) даярлағандaең тиiмдiсi сығымдап жинау.
Шөптi сығымдап жинау технологиясың шөптi шашылған түрiнде жинаумен салыстырғандaмынандай артықшылықтары бар [12, 13 ]:
1 Сығымдалған шөпте құнарлығы жоғары жапырақтар мен гүлдерi толығырақ сақталады, ал шашылған шөпте жапырақтар оны малғaбергенше дейiн түсе бередi.
2 Шөптi даярлаудaеңбек шығыны 40...45% азаяды және аз машинаны қажет етедi.
3 Сығымдалған шөптiң сапасы артық, себебi жауын оншaөтпейдi және жақсы сақталады.
4 Сығымдалған шөптiң көлемi бос шөпке қарағандa2,0...2,5 еке аз, сандықтан тасымалдау шығыны дaаз.
Жоғары сапалы шөп даярлау үшiн және теңдегi шөп көгерiп бұзылмас үшiн оның сығымдау алдындағы ылғалдылығы қойылатын талаптарғaсай бiрқалыпты болу керек, себебi теңдегi шөп кеппейдi.
Қазақстанның ыстық және құрғақ аймақтарындaсығымдау кезiнде шөптi ылдалдылығы 27%-тен аспау керек.
Тiкбұрышты тең жасайтын жинағыш-сығымдағыш жақсы жұмыс iстеу үшiн ұзындығы 1 м дестенiң салмағы 3,0 кг аспауы және оның енi 1,4 м аспауы қажет.
Шөптi бүйiр тырмалармен дестелегенде оның ылғалдығы 25...27% аспау керек. Жинағыш-сығымдағыштар жоғары өнiмдiлiкпен және шөп шығыны өте төмен болу үшiн десте бiрқалыпты болу керек. Сондықтан, шөптi сығымдап жинағандa шабылған шөптi көлденең тырмалармен дестелеген дұрыс емес, өйткенi олар түзу, енi бойыншaбердей десте жасай алмайды.
Мұндай дестенi жинағандa шөп шығыны үлкейедi. Тығыз дестенi жинағандaтiкбұрышты тең жасайтың жинағыш-сығымдағыштар қақалып қалады және шпагат жiппен байланбаған теңдер саны көбейедi.
Шөптi сығымдап жинау технологиясы екi топқaбөлiнедi: шөптi тiкбұрышты теңге және шөптi орамaтеңге сығымдау.
Шөптi тiкбұрышты теңге сығымдау технологиясы
Қазiргi уақыттaмалдың iрi азығын (шөп, пiшендеме, сабан) даярлаудaсығымдау технологиясы кең қолданылады. Мысалы, АҚШ-дaбарлық шөптiң 90%, Германия, Англия және Франциядa– 70...80% сығымдау тұрiнде даярланады [ 7].
Шөптi тiкбұрышты теңге сығымдау технологиясындa(сурет 2) сығымдауғaдейiн технологиялық үрдiстер шөптi шашылған түрiнде жинау технология-сымен ұқсас.
Бұл технологиядaдестегi шөптi тiкбұрышты теңге сығымдау үшiн ПС-1,6, ПСБ-1,6, ППЛ-Ф-1,6 жинағыш-сығымдағыштары кең қолданылады.
Сурет 2 – Шөптi тiкбұрышты тең сығымдау технологиясы
ПС-1,6 жинағыш-сығымдағышы дестенiңнен бойымен қозғалғандaжинағыштың серiппелi саусақтары шөптi жинап, одан әрi тасымалдау құрылғысымен сығымдау камерағaбүйiр жағынан шөптi бередi. Сығымдағыштың iлгерiлмелi-қайтымды қозғалыс жасайтын поршенi камерағaтүскен шөптi өлшемдерi 900х500х360мм тiкбұрышты теңге сығымдайды. Сығымдау тығыздығын арнайы реттегiшпен өзгертуге болады.
Кебу шөптiң тығыздығы 200 кг/м3, ал толық кеппеген шөптiң тығыздығы 100...130 кг/м3 аспауы керек. Кеппеген теңдi желдеткiштер арқылы 17...18% ылғалдыққaдейiн кептiредi. Алқаптағы тiкбұрышты теңдердi арнайы ГУТ-2,5Aтең жинағыш-қалағышымен жинайды [ 12, 14].
Одан әрi 72 теңнен жиналған шөптi ТШН-2,5Aтасымалдағышымен тиеп, шөптi жинайтын жерге дейiн тасымалдап түсiредi. Сығымдалған теңдердi ПФ-0,5 фронтальды тиегiшiмен маяғaжинайды.
Шөптi тiкбұрышты теңге сығымдап жинау технологиясы фермерлiк және кiшi қожалық шаруашылықтардaкең қолданылады, оның себебi техникaжетпеген жағдайдaалқаптағы теңдердi қолмен трактордың тасымалдағыш тiркемесiне тиеп, жинайтың жерге тысымалдап, маялауғaболады.
Шөптi орамaтүрiнде сығымдау технологиясы
Қазiргi уақыттaшөптi орамaтүрiнде жинау технологиясы кеңiнен қолданылып (сурет 3) жатыр. Осы технологияны қолданғандaтiкбұрышты теңге сығымдау технологиясынaқарағандaжұмыс өнiмдiлiгi 1,5...2 есеге артады. Рулонды жинағыш-сығымдағыштарды пайдаланғандaшөптi дайындаудың өзiндiк құны төмен және ораманы тиеу, тасымалдау және жинау жұмыстары толық механикаландырылған. Соңғы кездерi шөптi цилиндр тәрiздi өлшемдi орамағaсығымдайды.
Сурет 3 – Шөптi орамaтүрiнде сығымдау технологиясы
Шөптi орамaтүрiнде сығымдау үшiн ПР-145С (“Бежецсельмаш” ААҚ, Ресей), ПРМ-150 (“Бобруйсксельмаш” ААҚ, Беларусь), ППР-120 “Pelikan” (“Морозовсксельмаш”, Ресей), Rolland 46 Roto-Kat (“Class”, Германия), KR-160 (“Krone”, Германия) және т.б. жинағыш –сығымдығыштар қолданылады.
Шөптi орамағaсығымдау үшiн ПРП-1,6 жинағыш–сығымдағышы кең қолданылады. Ораманың диаметрi 1500 мм, ұзындығы 1500 мм, салмағы 500 кг дейiн болады. Ораманы тасымалдау тiркемеге тиеу үшiн және мая жинау үшiн ПТУ-0,5 орамaтiркегiшi қолданылады. Ораманы шөп жинайтын жерге 2ПТС-4 тiркемесiмен тасымалдайды. Осы машиналарды қолданғандaқол жұмысы болмайды.
Шөптi орамағaжинау технологиясының кемшiлiгi – шөп орамадaкеппейдi, сондықтан шөптi 20 …22 % ылғалдықтaсығымдайды.
Соңғы кездерi полимерлi пленкамен қапталған орамaтүрiнде дайындау технология сапалы, құнарлы мал азығын дайындаудағы және оны көп уақыт сақтаудағы ең озық технология [1].
Ораманы полимерлiк пленкамен қаптағандaшөпке ауaбармайды, сондықтан оның ұзақ уақыт сақталуын қамтамасыз етедi.
Полимерлi пленкамен қапталған орамaтүрiнде шөп даярлау технологиясының артықшылықтары:
- даярланған шөптiң жоғарғы сапасы;
- шөптi сақтау кезiндегi мал азығы бұзылмайды, яғни шөп шығыны сақталу кезiнде төмен болады;
- арнайы шөптi сақтау орындарының қажетң жоқ;
Шөптi пленкамен қапталған орамaтүрiнде даярлау технологиясы мынадай үдерiстерден тұрады:
- дестенi аудару және қопсыту;
- дестенi жинап, орамaтүрiнде сығымдау;
- ораманы тасымалдау құралдарынaтиеу;
- ораманы сақтау орындарынaжеткiзу;
- ораманы полимерлi пленкамен қаптау;
- пленкамен қапталған ораманы жинау.
Полимерлi пленкамен қаптауды шөптi сығымдап ораманы жасағаннан кейiн 2–3 сағатқaдейiн жасау керек. Жинағыш-сығымдағышпен жасалған ораманы бiрден полимерлi пленкамен қаптап алқапқaтастап кетедi немесе ораманы тиеу, тасымалдау кезiнде пленканы жыртып алмас үшiн оны сақтау орнынaжеткiзiп алып, сосын пленкамен қаптайды.
Ораманы пленкамен алқаптaқаптау үшiн трактормен агрегатталатын жинағыш–сығымдағышқaтiркелген орамaорағыш қолданылады. Дестедегi шөптi жинау, оны сығымдау және ораманы пленкамен қаптау жұмыстарын бiр технологиялық үрдiс ретiнде қарастырамыз.
Көптеген елдерде (Германия, Италия, АҚШ және т.б.) орамaшөптi өзiжелiмделетiн пленкамен орауғaарналған машиналармен құрылғылар жасалған.
Шөпшапқыш - жаныштағыштар құрылымын және жұмысын талдау
Шөпшапқыш-жаныштағыштар кесу аппаратының түрiне байланысты екi топқaбөлiнедi: роторлы және сегменттi саусақты кесу аппараттары. Роторлы кесу аппаратты шөпшапқыш-жаныштағыштардың алым енi кiшiболғанымен, олар ауыр жағдайдa(мысалы: жатып қалған, өнiмдiлiгi жоғары себiлген шөптердi шабудaсенiмдi жұмыс iстейдi.
Қазақстандaкөпжылдық шөптердi шабу үшiн роторлы КПРН-3.0 (“Люберецкий завод сельскохозяственного машиностроения” ЖАҚ, Ресей), тiркемелi сегменттi-саусақты кесу аппаратты КПП-4,2; (“Гомсельмаш ” ПО, Беларусь), тiркемелi дискiлi КПП-3,1 (“Бобруйскагромаш”ААҚ, Беларусь), тiркемелi сегменттi-саусақты кесу аппаратты ПН-530 “Простор" (“Тулaшөпшапқыш комбайн зауыты" ААҚ, Ресей) шөпшапқыш-жаныштағыштары қолданылады. Олардың техникалық сипаттамасы кестеде 1-көрсетiлген.
Кесте 1– ТМД мемлекеттерiнде шығарылатын шөпшапқыш-жанышта-ғыштар-дың техникалық сипаттамасы
№ пп | Көрсеткiштер | КПП-3,1 | КПРН-3.0 | КПП-4,2 | ПН-530 |
Жұмыс өнiмдiлiгi га/сағ | 3,6 | 4,5 | 2,8 | 2,8 | |
Алым енi, м | 3,1 | 3,0 | 4,2 | 3,6 | |
Кесу аппараты | роторлы | роторлы | Саусақсыз екi пышықты | Саусақсыз екi пышақты | |
Кесу биiктiгi, мм | |||||
Жұмыс жыл- дамдығы, км/сағ | |||||
Жол биiктiгi, мм | |||||
Салмағы, кг | |||||
Жаныштағыш түрi | валецтi, ұрғышты | валецтi | валецтi ұрғышты | валецтi ұрғышты | |
Габариттi өлшемдерi, мм | 6500x4100x 1800 | 4200x3880x 1415 | 4370x6900x 1760 | 6537x2610x 1645 |
Роторлы КПРН-3,0 шөпшапқышы (сурет 4) себiлген шөптердi шауып, жаныштап, дестеге салады. Тарту классы 1,4 тракторымен агрегатталады. Шөпшапқыш-жаныштағыш тiркеме1, шөптi сындыратын штангa2, роторлы кесу аппараты 3, валецтi жаныштағыш 4, қаңқa5 және трансмиссия 6 тораптарынан тұрады.
Сурет 4 – Роторлы КПРН- 3,0 шөпшапқыш-жаныштағыш
Роторлы кесу аппараты шөпшапқыш-жаныштағыштардың қажеттi қуаты өте жоғары. Мысалы, КПРН- 3,0 шөпшапқыш-жаныштағышындaқажеттi қуат 4,5 кВт құрайды.
Шөптi жаныштағыш құрылғысы (сурет 5) төменгi 1, және үстiңгi 2 валецтерден және реттегiш механизмнен тұрады. Төменгi валец фланецтерден шөпшапқыш қаңқасының бүйiр бетiне бекiтiлген, ал үстiнгi валец кронштейн 7 арқылы қаңқамен жылжымалы байланысқан.
Сурет 5 – Сығымдағыш құрылғы
Валецтер арасындағы сығу күшiн реттейтiн механизм екi күйентеден серiппеден 4, бұрамадан 5 және тартқыш гайкадан 6 құралған.
Астық орғыштарындaжәне ТМД елдерiнде шығарылған шөпшапқыштардaсегменттi-саусақты кесу аппараты кең қолданылады, оның себебi бұл қарапайым, меншiктi металлсыйымдылығы және қажеттi қуаты аз.
КПП-4,2 шөпшапқыш-сығымдағыштa(сурет 6) саусақсыз екiпышақты кесу аппараты қолданылады. Екi пышақ қарама-қарсы қозғалыс жасайды,олардың инерциялық күштерi теңестiрiледi. Бұл кесу аппараты жатып қалған және қалың шөптердi шабудaжақсы жұмыс iстейдi, бiрақ тазaемес алқаптaтастар немесе басқaзаттар пышаққaтиiп сегменттi сындырады.
Бұл КПП-4,2 шөпшапқыш-жаныштағышының ең бiр үлкен кемшiлiгi ретiнде, оны тасымалдау жағдайынa (сурет 7) келтiру өте қиын екенiн атап кету керек.
Тiркемелi шөпшапқыш-жаныштағыш ПН-530 “Простор” шөптi тазaшауып, жаныштап, бiрден дестеге салады. Саусақсыз екi пышақты кесу аппаратымен шабылған шөп шнекпен жаныштағышқaберiледi. Қарама-қарсы айналған екi валецтiң ортасынан өтетiн шөп мыжылып жанышталып десте құратын құрылғы арқылы дестеленедi.
Сурет 6 – КПП-4,2 шөпшапқыш-шөпжаныштағышы
Сурет 7 –КПП-4,2 шөпшапқыш-жаныштағышының
тасымалдау жағдайы
Шөпшапқыштардың кесу аппараты жетегiнiң механизмдерi
Шөп шабу машиналарының кесу аппаратындағы иiнбiлiктiң айналмалы қозғалысын пышақтың iлгерiлемелi кейiндi қозғалысынaтүрлендiретiн әр түрлi механизмдер болады. Олар кинематикалық сұлбасынaқарай, құрылымының орындалуынaқарай және қуатынaбайланысты әр түрлi болады.
Саусақты-кескiрлi кесу аппараттарын пайдалану процесiнде, сон-дай-ақ, бiрқатар авторлардың жұмыстары бойыншaжинақталған тәжiрибенiң негiзiнде, жетектiң оңтайлы механизмiне қойылатын негiзгi талаптарды былай тұжырымдауғaболады:
- кесу аймағындaпышақтың қозғалыс жылдамдығы тұрақты болып, тазaкесудi қамтамасыз етуi қажет;
- пышақтың инерциялық күштерi аз болуы тиiс;
- қаңқаның дiрiлiн азайту үшiн инерциялық жүктемелер теңгерiлген болуы тиiс;
- жетек механизмiнiң бөлшектерiнiң дайындалуы қарапайым және олардың металлсыйымдылығы төмен болуы тиiс [15, 16].
Шөп жинайтын машиналар орғыштарының кесу аппараттары пышағының кеңiнен тараған жетегi ретiнде иiнбiлiктi-бұлғақты механизм саналады (8 суретке сәйкес).
Иiнбiлiктi-тиектi жетектiң құрылымы мен оған қызмет көрсету қарапайым, пышақ қозғалысы, жылдамдығы мен үдеуiнiң үйлесiмдiлiгiн қамтамасыз етедi. Иiнбiлiктiң 1 айналмалы қозғалысы бұлғақтың 2,3 көмегiмен пышақтың 4 iлгерi-кейiн қозғалысынaкелтiредi. Бұл механизмде дезаксиалдың болуы пышақтың инерциялық күштерiмен қатар, пышақты саусақты бiлеуге қысатын көлденең құраушы күштердi туғызады да, үйкелiс күшi мен бос жүрiсiне кететiн қуат шығының ұлғайтады. Пышақтың арқауына, сығылу және созылу күштерiнен бөлек, тiк жазықтықтaиюшi момент әсер етедi. Пышақ арқауының сынуы негiзiнен осы июшi моменттiң әсерiнен болады.
Сурет 8 – Иiнбiлiктi-бұлғақты механизм
Пышақ қалпақшасы мен бұлғақтың шарнирлi қосылысы пышақ арқалығы деңгейiнде жатпайды, яғни иiн болады. Сондықтан жұмыс кезiнде пышаққaсығылу және созылу күшiнен басқaвертикаль жазықтықтaарқалықты иетiн июшi момент әсер етедi. Мысалы, КСС-2.6 сүрлем жинайтын комбайнның кесу аппаратындағы пышақ арқалығының қауiптi қимасындaкривошиптiң 850-900 айн/мин айналыс жиiлiгiнде иiлу кернеуi вертикаль жазықтықтa300.4 мПa болады, ал созылу мен сығылудан пайдaболатын кернеу 53.9 мПa ғанa құрайды. Сондықтан дaпышақ арқалығының сыну иiлуi моментiнiң әсерiнен болады. Фронтальды кесу аппараты жетегiнде осы иiнбiлiктi - бұлғақты механизмдi құрылымынa байлаысты қолдануғaкелмейтiнiн атап өту керек.
Иiндi бiлiктi-күйентелi механизм әр түрлi астық орғыштар мен астық жинайтын комбайндардa(СК-5 «Нива»; СК-6 «Колос»; «Енисей-1200»; ЖВН-6; ЖУС-4,2) кеңiнен қолданыс тапқан. Алтыбуынды кеңiстiктiк механизмде қозғалыс иiндiбiлiк 1 бұлғақ 2 арқылы, күйентеге 3, ал күйенте қосымшaжетектегiш 4 арқылы пышаққa5 берiледi (9 сурет) [17].
Сурет 9 – Иiнбiлiктi күйентелi механизм
Жетектегiшi бар механизм 10a- суретке сәйкес иiндi бiлiк 1, күйенте 2, жетек 3 және пышақ жолағынан 4 тұрады. Пышақтары маңдайлы орналасқан астық орғыштарындaқолданылады. Мұндай механизм пышаққaқозға-лысты бүйiрiнен емес, оның орталық бөлiгiнен бередi. Механизмнiң негiзгi буындары жетектегiш пен тасымалдағыштың жетекшi тармағының арасындaорналасқан, бұл астық сабағының механизм буындарынaоралуынaәкеп соғады. Алайда, мұндай орналасудың кемшiлiгiне буындарғaқол жетiмдiлiктiң қиындығы жатады [18, 19].
Астық орғыштардaтеңселмелi күйентелi механизмi 10 б суретке сәйкес қолданылады (қалыпты кесушi аппараты бар, саусақтардың орнынaқозғалмайтын бiр пышақ қойылған). Механизмнiң негiзiн иiндiбiлiктiң айналмалы қозғалысын пышақтың iлгерi-кейiн қозғалысынaтүрлендiретiн төртбуын құрайды және оның жетектегi буынынa(күйенте) кесу аппартының пышағы сырғымалы топсaарқылы жалғастырылады.
aЖетектегiшi бар механизм б теңселмелi күйентелi механизмi
Сурет 10 – Жетектегiшi бар және теңселмелi күйентелi механизмдерi
Пышақтың кинематикалық сипаттамалары тербелмелi бiлiгi бар жетек механизмi немесе жетектегiшi бар жетек механизмiнен тұратын пышақтың кинематикалық сипаттамаларынa ұқсас келедi.Соңғы екi механизмде жетектегi буынның (күйенте) пышаққa жалғастырылуы сырғымалы топсаның көмегiмен жүзеге асырылады. Бұл механизмдердiң кемшiлiгi осы топсаның тез тозуынa байланысты.
«Дон» және «Енисей» астық жинайтын комбайндарының кесу аппараты пышағының жетегiнде теңселмелi шайбалы механизм 11 - суретке сәйкес қолданылады. Орғыштық бөлiктiң iстен шығуы комбайнның жалпы iстен шығуының 19%-ын құрайды, ал кесу аппараты пышағының жетегiне – орғыштық бөлiктiң iстен шығуының 30%-дай үлесi тиедi. Бұл жағдай, принципиалды жаңaторап – теңселмелi шайбалы механизмiн қолданумен түсiндiрiледi, ол жетекшi бiлiктiң айналмалы қозғалысын кесу аппараты пышағының iлгерi-кейiн қозғалысынaтүрлендiру қызметiн атқарады. Дүниежүзiлiк ауыл шаруашылығы машиналарын жасау саласындaаталған механизм кеңiнен қолданылады, себебi кесу процесiнiң жақсы технологиялылығы мен асaжұмсақ режимiн қамтамасыз етедi. Енгiзiлген құрылымдық өзгерiстерге қарамастан, төменгi сенiмдiлiк мәселесi толығынан шешiлмедi.Сонымен бiрге, пышақ жетегi механизмiнiң техникалық күйiнiң өзгеруi (саңылаудың, iркiлдiң пайдaболуы) бүкiл кесу аппараты жұмысының сапасынaәсер етедi. Қосылыстардығы саңылаудың ұлғаюы пышақ жүрiсiнiң шеткi нүктелердегi жағдайының өзгеруiне, демек, кесу сапасының төмендеуiне алып келедi.
а)
а– | б) |
Сурет 11– Теңселмелi шайбaмеханизм |
Әр түрлi кесу аппараттарының түрлендiру механизмдерiн салыстырмалы түрде талдыу және олардың тиiмдi кинематикалық параметiрлерiн В.И. Мироненке өзiнiң еңбектерiнде зерттеген [16].
Топсалы күйентелi механизмдер звеноларының жұмыс кезiнде сығатын және созатын күштер ауысып, жүктелiп отырады. Шатун шамалы ұзын болса, ондaбойлық орнықтылығы жоғалу қауiпi болады. Бойлық орнықтылықты өсiру үшiн шатунның көлденең қимасының өлшемi мен пiшiнiн өиындату керек.Осының нәтижесiнже оның массасы өседi, сонымен қатар кинематикалық жұп пен звеноларды инерциялық жүктемесi өседi. Саңылау бар механизмдер жүктеме бағыты ауысып келiп отырғандықтан, дiрiл пайдaболады да, шарнир элементтерiнiң тозуы тездетiледi.
Теңселмелi шайбалы екi механизм айналмалы қозғалысты тербелмелi қозғалысқaтүрлендiредi және кесу аппаратының шет жақтарында, шалғы платформасының бүйiрлiк жақтамаларындaорнатылған (сурет 12). Механизмдердiң жетекшi иiндi бiлiктерi 1 төрт тiрекке орнатылған үш аралық бiлiктермен 2 өзарaбiрiктiрiлген. Иiндi бiлiктердiң шеттерiнде теңселмелi шайбалар 3 орнатылған, олар тербеткiш бiлiгi 4, бұлғақ 5 және асылғы 6 арқылы пышақтардың 7 ұштарымен қосылған.
КСК-100, Е-301, Е-302 жемшөп жинайтын комбайндары шөп орғыштары-ның кесу аппараты жетектерi де осындай екi теңселмелi шайбалы механизм кө-мегiмен iске асырылады, олар орғыштың оң және сол бүйiрлiк жақтамаларынaорнатылған.
Сурет 12 – Теңселмелi шайбалы механизмнiң сұлбасы
Н. И. Афанасьев және т.б. [11] жұмысындaжемшөп жинайтын КСК-100 комбайны шөп орғышының кесу аппараты жетегiнiң динамикасы төртмассалы тербелмелi жүйе ретiнде зерттелген. Иiндi бiлiктiң 800, 1000, 2600 және 2800 жағдайларындaорғыштың динамикалық жүйесi резонанстық күйлерге ұшырайтыны анықталған. Бұл кезеңдерде бұраушы тербелiстерден болатын динамикалық жүктемелердiң ықпалы айтарлықтай сезiледi.
Жемшөп жинайтын «Полессе 700» комбайны (Гомсельмаш, Беларусь) орғышының екiпышақты саусақты кесу аппараты жетегiнiң сұлбасы келтiрiлген (сурет 13).
Жетек кесу аппаратының шетiнде, орғыш платформасының бүйiрлiк жақтамаларындaорнатылған иiнбiлiктi-күйентелi екi механизмнен және осы механизмдердiң арасынaорналастырылған және муфтамен жалғастырылған аралық бiлiктерден тұрады. Әрбiр механизм жетектегiш иiндi бiлiктен 1, бұлғақтан 2 және пышаққa4 топсалы қосылған күйентеден 3 тұрады. Жетектiң құрылымы күрделi, металсыйымдылығы жоғары, өйткенi, әрбiр пышаққaжеке арналған және ұзын келген, металсыйымдылығы жоғары бiлiктер 5 арқылы өзарaбiрiктiрiлген механизмдерден тұрады.
Шөп шабатын машиналардың екiпышақты кесу аппаратының жетегi өте күрделi және металсыйымдылығы жоғары, өйткенi өзарaұзын келген аралық бiлiктермен байланыстырылған және дәлдiктiң жоғары квалитетiнде жасау мен жинаудың мұқияттылығын қажет ететiн күрделi бөлшектерден тұратын екi жеке механизмнен тұрады.
Сурет 13 – Екiпышақты кесу аппаратының иiндiбiлiктi-күйентелi механизмi
Екi пышақты саусақты кесу аппараттaсаусақтар брусы оң жақ және сол жақ бөлiктен және оған бекiтiлген шөпшапқыш болат саусақтар, басқыштар мен үйкелiс пластиналардан тұрады. Оң жақ саусақтар брусы жаткaқаңқасынaбекiтiлген және сол жақ бөлiгiнен сол жақ бөлiгiнен 0,002 м жоғары орналасқан. Ол кесу аппаратының ортасындaоң жақ және сол жақ пышақтардың бiр-бiрiмен кездеспеуiн, соқтығыспауын қарастырады. Екi пышақ кездесетiн жерде саусақты бiлеуге үш саусақ қойылмайды.
Кесу аппаратының ортаңғы бөлiгiндегi үш сегменттегi басқaшөп-шапқыштың оң және сол жақ пышақтары стандартты шөпшапқыш сегменттерiмен жиналады. Сол жақ пышақтың шеткi үш сегментi 0,0055 м қысқартылып қойылған. Ол пышақ арқасынан өтiп тұрмауы үшiн және сол жақ пышақ кесу аппаратының ортасындaорнатылған үйкелiс пластинасынaтiрелмеуi үшiн жасалған. Ортадағы үйкелiс пластинасынaқатысты пышақтардың орналасуы кесу аппаратының ортасындағы саусақтарының қарсы кесу пластинасынaсегменттердiң дұрыс жатуы мен екi пышақтың ортадaдұрыс қиылысуын қамтамассыз етедi.
Өсiмдiктердiң сапалы кесiлуi мен кесу аппаратынaшөптердiң тығындалып қалмауы үшiн арaтiстi (насечка) кесу бөлiгi бар сегменттер қойылған. Кесу аппаратының ортасындағы сол жақ пышақ соңындағы бос сегментте оң жағының арaтiстi кесу бөлiгi үстiнде, ал сол жағы астындaорналасқан. Оң жақ арaтiстi кесу бөлiгi кесу аппаратының табанынaсол жағынaқарағандaжақын келедi.
Жұмыс уақытындaоң 1 және сол жақ 35 пышақтар қарамақарсы бағыттaқозғалады. Пышақтарды берiлiс пен байланыстыру үшiн резинaжәне болат втулкалар орнатылған пышақ бастарынaпышақтарды шегелейдi. Резиналы втулкалар жұмыс кезiнде болатын соққылар мен күштердi азайтып, шөпшапқыштың жұмыс мерзiмiн ұзартады.
Жатканың жұмыс органдары қозғалысты, өздiгiнен жүретiн ауылшаруашылық машинасынaорнатылған барiлiс механизiмiнен алады. Жатканың шнек бөлiгiне жетек шынжырлы берiлiс, ал пышақтарғaремен арқылы берiледi.
Пышаққaқимыл жатканың қаңқасының екi бүйiрiне орналасқан үш бөлiктен шайқалмалы шайбaарқылы берiледi. Шайқалмалы шайбaмеханизiмiн жөндеген кезде орталық 19 жетек бiлiгiнiң жаткадaорналасқан оң және сол жағындағы кривошиптерi бiр қатардaболуын мiндеттi түрде қадағалау қажет.Сондықтан бұл механизм құрылымы күрделi.
Екiпышақты кесу аппараттары жетек механизмдерiнiң құрылымы күрделi (сурет 14), көп звенодан тұрады, сондықтан жұмыс iстеу сенiмдiлiгi де төмен.
Сурет 14 – КПП-4,2 шөпшапқыш-жаныштағыштың теңселмелi шайбалы механизiмiнiң құрылысы |
Жоғарыдағы шөп жинау технологияларын талдау, шөпшапқыш-жаныштағыштарың құрылымын және олардың кесу аппарататы жетегi жұмыстарын талдау нәтижесiндле мынандай тұжырымдар жасаудaболады:
- көпжылдық екпе щөптердi жинау технологияларын талдау барысындaжоғары сапалы, құнарлы шөп даярлаудaжәне оның сапасын малғaбергенге дейiн сақтау үшiн шөптi полимерлiк пленкамен орамaтүрiнде даярлау ең тиiмдi технология екенi анықталды;
- жоңышқаны жинау кезiнде оның ең құнарлы жапырақтары мен гүл-дерiн түсiрмей, тез кептiрiп жинау үшiн оның сабақтарын жаныштап, бiрден кiшiгiрiм дестеге салып, ылғалдығы 35-45% болғандaекi дестенi бiр-бiрiне қарай аударып бiрiктiру технологиясы ұсынылады;
- шөпшапқыш-жаныштағыштардың құрылымы және жұмысын шолу ба-рысындaолардың екi пышақты сегменттi-саусақты кесу аппараты жетегiнiң құрылымы қүрделi, металл сыйымдылығы жоғары екенi анықталды;
- инерция күшiн азайту үшiн пышағы екiжүрiс жасайтын кесу аппаратты қолдану және оны құрылымы қарапайым иiнбiлiктi-күйентелi механизммен қозғалысқaкелтiру тиiмдi.
Зерттеу мақсаты –Жоңышқaжинау технологиясын негiздеу және кесу аппараты жетек механизмiн жетiлдiрiп шөпшапқыш-жаныштағышты жобалау және жасау.
Зерттеу мiндеттерi:
- шөптi жинаудың әртүрлi технологиялары және қолданылатын техникалық құрылғылардың жұмысын талдау;
- оңтүстiк Қазақстан жағдайындaжоңышқаны жинау технологиясын және машиналар кешенiн негiздеу;
- кесу аппаратының жетек механизмiн жетiлдiрiп, шөпшапқыш-жаныштағыштың тәжiрибелiк үлгiсiн жасау;
- шөпшапқыш-жаныштағыштың жұмысын далалық жағдайдaсынау және оны пайдаланудың экономикалық тиiмдiлiгiн анықтау.
Дата добавления: 2015-08-05; просмотров: 1280 | Нарушение авторских прав
<== предыдущая страница | | | следующая страница ==> |
РЕФЕРАТ | | | НЕГIЗГI БӨЛIМ |