Студопедия
Случайная страница | ТОМ-1 | ТОМ-2 | ТОМ-3
АвтомобилиАстрономияБиологияГеографияДом и садДругие языкиДругоеИнформатика
ИсторияКультураЛитератураЛогикаМатематикаМедицинаМеталлургияМеханика
ОбразованиеОхрана трудаПедагогикаПолитикаПравоПсихологияРелигияРиторика
СоциологияСпортСтроительствоТехнологияТуризмФизикаФилософияФинансы
ХимияЧерчениеЭкологияЭкономикаЭлектроника

Оқу процесінің кестесі

Читайте также:
  1. Жұмыс оқу бағдарламасы.
  2. Р қаржы құқығы» пәні бойынша СӨЖ тапсырмаларын орындау және тапсыру кестесі
  3. Р қаржы құқығы» пәні бойынша СОӨЖ тапсырмаларын орындау және тапсыру кестесі
  4. Танысу тәжірибенің жұмыс жоспар-кестесін құру бойынша ұсыныстар

Пәнді оқытудың мақсаты.Экономикада орныққан нарықтық қатынастар жағдайында, оның дамуының негізгі факторларының бірі – қаржы тетігін белсенді түрде пайдалану болып табылады. Қаржылық тұтқалар арқылы мемлекет елдің экономикалық өркендеуіне едәуір ықпал етеді. Мемлекеттің әлеуметтік-экономикалық және саяси дамуы үшін қаржылық қатынастарды реттеудің зор маңызы бар. Қаржылық құқық нормаларын терең оқып-үйрену, оның тетіктері әрекетін түсіну қазіргі уақыттың талабы екендігі даусыз. Кейінгі жылдары қаржылық қатынастарды реттейтін заңнамалық негіз белсенді түрде қалыптасу үстінде. Қаржылық құқыққа деген мүдделік пен қызығушылық басқару құрылымдары тарапынан ұдайы өсіп, бұл ғылыммен мемлекеттік билік органдары, жергілікті өзін-өзі басқару органдары және азаматтар, әсіресе кәсіпкерлер тығыз айналысу қажеттігін түсініп отыр.

Қаржылық құқықты оқыту мақсаты – студенттерді қаржылық құқықтың өзекті мәселелерімен таныстыру, оларды көптеген нормативтік-құқықтық материалдарды ажырата білуге, сондай-ақ қаржылық – құқықтық қатынастарды реттеуге бағытталған нормативтік құжаттарды дұрыс қолдануға үйрету

«ҚР қаржы құқығы» пәнін оқып-үйренуге байланысты студенттерге келесі міндеттер қойылады: жаңа қаржы заңдылықтарын білу; нақты құқықтық жағдайда нормативтік актілерді қолдана білу; қаржылық құқықтық қатынастарды біліп, субъектілердің қаржылық-құқықтық жауапкершілігінің шегін білулері қажет.

 

Курсты оқу нәтижесінде студент білуі тиіс:

- құқық жүйесіндегі қаржы құқығының орыны мен маңызы туралы түсінігі;

- пәннің мақсаты мен міндеттерін, оның өзге оқу пәндерімен арақатынасын, заңгерлерді дайындаудағы маңызын, қаржы саласындағы заңнамалық қызметтерде қолданылатын негізгі құжаттарды дайындау ережесін;

- қаржы құқығының түсінігін мен анықтамасын, негізгі категорияларын;

- қаржылық қатынастарды құқықтық реттеудің әдістерін;

- қаржы жүйесі элементтерінің даму ерекшеліктері мен қызмет етуін, қалыптасу заңдылықтарын олардың негізгі сипаттамасын, ҚР мемлекеттік органдарының құзыретті мен ұйымдастыруын;

-мемлекет қызметтінің бір бағыты ретіндегі қаржылық бақылаудың түсінігі мен мәнін;

- қазақстанның қаржы жүйесінің қазіргі даму үрдісін;

- қаржы қызметін реттейтін ҚР нормативтік құқықтық актілерін.

Теориялық ережелер көлімі мен проблемаларды игеру нәтижесінде студент істей алуы тиіс:

- пән бойынша заңнамалық түсініктер мен категорияларды пайдалана алуы;

- қаржылық құқықтық қатынаспен байланысты туындайтын және заңдық айғақтарды талдай алуы;

- мемлекеттің қаржы жүйесінің негізгі институттарына сипаттама беру мен олардың құқықтық қайнар көздерінің ерекшеліктерін талдай білу;

- алған құқықтық білімдерінің нәтижелерін тәжірибеде пайдалана білу;

- әлеуметтік ғылыми әдебиеттер мен анықтамалық оқу құралдарын пайдалана білу;

- қаржы құқығын оқу нәтижесінде алған білімдерін қоғамдық және экономикалық мәселелермен байланыстыра білу;

- қаржылық – құқықтық зерттеулерді құқықтың түрлі салаларын оқу барысында қолдана білу (қаржы құқығы нормаларын дұрыс қолдану мен талқылай білу, заңдық айғақтар талдау, зерттеу үшін сұрақтарды дұрыс қоя білу, нормативтік актілерге сараптама жүргізе білу);

- алған құқықтық білімдерінің нәтижелерін тәжірибеде пайдаланып, заңнамалық құжаттарды дұрыс құрастыру мен рәсімдей білу;

 

Курсты оқу нәтижесінде студент меңгеруі тиіс:

- қаржылық-құқықтың зерттеу объектісі болып табылатын түрлі құқықтық құбылыстарды талдауды, заңдық айғақтарды, құқықтық нормалар мен құқықтық қатынастарды, құқық қолдану тәжірибесін игеру;

- заңдық терминдерді қолдана отырып өз ойын еркін ойлау қабілетімен жеткізу;

- құқықтық ақпараттарды өз бетінше іздене білуі;

- өзбетінше жұмыс жасай білу тәжірибесі арқылы салық салу саласындағы ұқсастықтар мен құқықтық мәселелерді шешуде пікір-сайыс және ғылыми шығармашылықта бола білу;

- салық құқығы нормаларын жүзеге асыра білу.

Курсты оқу нәтижесінде студент жетік білуі тиіс:

- мемлекеттің қаржы қызметі барысында туындайтын шешімін таппайтын сұрақтар бойынша нақты салықтық дауларды шеше білетін болуы, мемлекеттік кәсіпорындар, ұйымдар мен мекемелердің қаржылық-шаруашылық қызметінің ерекшеліктеріне қарай оны қолдану мен сұрақтар бойынша қорытынды беруде жетік болуы тиіс.

Студенттердің міндеттері:

- қаржылық құқықтық нормалар мен қаржылық құқықтық қатынастар туралы, қаржылық құқығының негізгі түсініктері туралы нақты болжамдай білуі;

- мемлекеттің қаржылық қызметінің негіздері туралы болжамдай алуы;

- мемлекетпен бекітілген және өндіріп алынатын салық және міндетті төлемдердің жүйесі мен түрлерін меңгеру, салық салуға жататын объектіні анықтай білу;

- ҚР ақша айналымының тәртібі мен валюталық қатынастардың ерекшелігін;

- қаржылық құқықтық қатынас субъектілерінің заңды жауапкершілігі туралы оны қаржы заңнамаларын бұзғаны үшін жүзеге асыра алуы;

- нормативтік актілер мен ситуацияларды талдай отырып теориялық білімдерін тәжірибелік қызметте қолдана алуы.

 

Оқу процесінің кестесі

Сабақ түрі (сағат) Блок және апта бойынша сағаттардың бөлінуі Барлығы
                             
    Дәріс     -     -     -     -     -  
  Тәжірибелік (семинар сабағы) -   -   - -   - -   - -   - -    
  СӨОЖ                                  

 


Дата добавления: 2015-07-15; просмотров: 130 | Нарушение авторских прав


<== предыдущая страница | следующая страница ==>
ХОРЕОГРАФИЯ| Р қаржы құқығы» пәні бойынша /20 сағат/ дәрістік сабақтардың жоспары

mybiblioteka.su - 2015-2024 год. (0.007 сек.)