Студопедия
Случайная страница | ТОМ-1 | ТОМ-2 | ТОМ-3
АвтомобилиАстрономияБиологияГеографияДом и садДругие языкиДругоеИнформатика
ИсторияКультураЛитератураЛогикаМатематикаМедицинаМеталлургияМеханика
ОбразованиеОхрана трудаПедагогикаПолитикаПравоПсихологияРелигияРиторика
СоциологияСпортСтроительствоТехнологияТуризмФизикаФилософияФинансы
ХимияЧерчениеЭкологияЭкономикаЭлектроника

Науқасты және медициналық құрал-саймандарды

Читайте также:
  1. A) қол жетімді тұрғын үй және жылжымайтын мүлік нарығын дамыту
  2. D) үйсіз-күйсіз адамдарды, көше жезөкшелерін және ұсақ қылмыскерлерді
  3. D) Материалдық және рухани
  4. XIV – ғ.және XV ғасырдың басындағы Мәскеу княздығының архитектурасы.
  5. Адам және саясат
  6. Бап. Патенттік сенiм білдірілген өкілдің куәлігін қайтарып алу және оның күшін жою
  7. Басты беріліс, дифференциал және жартылай өс. Олардың атқаратын қызметі

Жұлынды (люмбальды) ТЕСУГЕ дайындау

Мақсаты: диагностикалық (жұлын сұйықтығын зерттеу үшін) және емдік (антибиотиктерді және т.б. дәрілерді жұлынға енгізу үшін).

Қолдану көрсетілімдері: менингиттер (мидың жұмсақ қабығының қабынуы).

Дайындаңыз: залалсыздандырылған: 5 мл, 10 мл, 20 мл шприцтерді инелерімен, тесуге арналған мандрені бар инені, пинцеттерді, салфеткаларды және мақта шариктерін, лотокты, қөректі ортасы бар пробиркаларды, қолғапты, манометриялық түтікті, тері антисептигін, 5% спиртті йод ерітіндісін, 0,5% новокаин ерітіндісін, лейкопластырьді, қауіпсіз жинауға және жоюға арналған контейнерді.

 

Іс-әрекет алгоритмі:

 

1. Науқасқа алда болатын зерттеу туралы мәліметті беріп, оның келісімін алыңыз.

2. Асептика ережесін қатал жағдайда сақтай отыра, тесуді дәрігер жасайды.

3. Науқасты емшара кабинетіне немесе манипуляция жасайтын жерге апарыңыз.

4. Науқасты оң жақ қырымен кушетканың шетіне қарай жақындатып, жастықсыз жатқызыңыз, басын алға кеудесіне қарай еңкейтіп, аяқтарын тізесінен барынша бүгіп, ішіне қарай тартыңыз (арқасы «доға» тәрізді майысу керек).

5. Арқаға берілген қалыпты бекіту үшін, сол қолдың алақанын төмен қаратып науқастың қыр астына тығып жіберіп, оң қолмен науқастың аяқтарын ұстаңыз. Тесуді жасаған уақытта екінші көмекші науқастың басын ұстайды.

6. Тесуді ІІІ және ІV бел омыртқалар арасына жасайды.

7. Қолыңызды гигиеналық деңгейде тазартып, оларды тері антисептигімен өңдеңіз, қолғапты киіңіз.

8. Тесетін жердің терісін 5% йод ерітіндісімен, сонан кейін тері антисептигімен, ал сосын иодпен тазартыңыз.

9. Жұмсақ тіндерге инфильтрациялық анестезияны (жансыздандыруды) жүргізу үшін 0,5% новокаин ерітіндісін шприцке сорып алып, дәрігерге беріңіз, сосын пункциялық инені мандренімен лотокқа салып беріңіз.

10. 10 мл мөлшердегі жұлын сұйықтығын пробиркаға алыңыз. Жолдама жазып, оны клиникалық лабораторияға апарыңыз.

11. Бактериологиялық зерттеу үшін 2-5 мл жұлын сұйықтығын қөректі ортасы бар пробиркаға алыңыз. Жолдама жазып, биологиялық материалды бактериологиялық лабораторияға жіберіңіз.

12. Жұлын сұйықтығы қысымын анықтау үшін манометриялық түтікті дәрігерге беріңіз.

13. Пункциялық инені шығарып алған соң, тесілген жерді 5% спиртті йод ерітіндісімен өңдеңіз.

14. Залалсыздандырылған салфетканы тесілген жердің үстіне қойып, лейкопластырмен жабыстырыңыз.

15. Науқасты ішімен жатқызып каталкамен палатаға апарыңыз.

16. Науқасты жастықсыз кереуетке ішімен жатқан қалыпта 2 сағат бойы жатқызыңыз.

17. Науқастың хал-жағдайын бір тәулік бойы бақылаңыз.

18. Қолғапты шешіңіз.

19. Шприцтерді, мақта шариктерін, қолғаптарды қауіпсіз жинауға және жоюға арналған контейнерге салыңыз. Қолданған құралдарды зарарсыздандыру ерітіндісі бар ыдысқа салыңыз.

20. Қолыңызды жуыңыз, кептіріңіз.

 


 


Дата добавления: 2015-07-14; просмотров: 364 | Нарушение авторских прав


Читайте в этой же книге: Дәрілік ерітіндіні теріге сылап жағу | Ампуладан дәрілік ерітіндіні сорып алу | Флаконнан дәрілік ерітіндіні сорып алу | Тері ішіне инъекцияны ОРЫНДАУ | Инсулинді енгізу | Бұлшық етке инъекцияны орындау | Көк тамырға иньекцияны орындау | Сұйықтықты көк тамырға тамшылатып енгізу үшін | Енгізуді орындау | Плевра қуысын тесуге (торакоцентезге, плевроцентезге) дайындау |
<== предыдущая страница | следующая страница ==>
Науқасты және медициналық құрал-саймандарды ІШті тесуге (лапароцентезге) ДАЙЫНДАУ| Тазарту клизмасын қою

mybiblioteka.su - 2015-2024 год. (0.005 сек.)