Студопедия
Случайная страница | ТОМ-1 | ТОМ-2 | ТОМ-3
АвтомобилиАстрономияБиологияГеографияДом и садДругие языкиДругоеИнформатика
ИсторияКультураЛитератураЛогикаМатематикаМедицинаМеталлургияМеханика
ОбразованиеОхрана трудаПедагогикаПолитикаПравоПсихологияРелигияРиторика
СоциологияСпортСтроительствоТехнологияТуризмФизикаФилософияФинансы
ХимияЧерчениеЭкологияЭкономикаЭлектроника

Халі ауыр НАУҚАСТЫҢ Ауыз қуысын күту

Читайте также:
  1. Плевра қуысын тесуге (торакоцентезге, плевроцентезге) дайындау

Мақсаты: науқастың жеке бас тазалығын сақтау, ауыздың уылуы дамуының және ауыз қуысының басқа да қабыну ауруларының алдын алу.

Қолдану көрсетілімдері: төсекте жатқан халі ауыр, әлсіреген, қызуы көтерілген науқастарға.

Дайындаңыз: залалсыздандырылған: 2 науаны, 2 пинцетті, тіл ұстағышты, ауыз кергішті, дәке сүрткілерін, тампондарды, 2 шпательді, алмұрт тәрізді баллоншаны немесе Жане шприцін, мензуркаларды, вазелинді, ішінде антисептикалық ерітіндісі бар флакондарды, сүлгіні, ішінде суы бар стаканды, қолданылған заттарды салатын науаны, қолғаптарды, ішінде зарарсыздандыратын ерітіндісі бар ыдысты, қауіпсіз жоюға арналған контейнерді.

 

Іс-әрекет алгоритмі:

 

1. Науқасқа емшара барысын түсіндіріп, оның келісімін алыңыз.

2. Ауыз қуысын, қызыл иекті, тілді мұқият қарап тексеріңіз.

3. Мензуркаға антисептикалық ерітіндіні құйыңыз.

4. Науқасқа Фаулер қалпын беріңіз.

5. Науқастың басын қырына қарай бұрыңыз, мойнын және кеудесін клеенкамен жабыңыз, астыңғы иегінің астына науаны қойыңыз.

6. Қолыңызды гигиеналық деңгейде жуыңыз, қолғапты киіңіз.

7. Науқастан тістерін сығылыстыруын өтіңіз (егер тіс протездері болса, оны алып тастаңыз).

8. Науқастың ұртын шпательмен керіп, антисептикалық ерітіндіде суланған дәке тампонын пинцетпен алып, оларды ауыстыра отырып, әрбір тісті қызыл иегінен бастап, азу тістерден күрек тістерге қарай сол жақтың сыртқы бетін тазартыңыз.

9. Оң жағын да осы реттілікпен тазартыңыз.

10. Ауыз қуысын, қызыл иекті, тістерді жоғарығыдай ізбе-ізділікпен алдымен сол жақтың ішкі бетінен бастап, сосын оң жақтың ішкі бетіне де дәке тампондарын ауыстыра отырып, тазарту жүргізіңіз.

11. Тілді залалсыздандырылған дәке сүрткісімен орап, сол қолмен немесе тіл ұстағышпен абайлап оны ауыздан тартыңыз. Шпательге ораған дәке сүрткісімен тілдегі бозамықты 2-3 рет сүрткіні ауыстыра отырып, тілдің түбірінен ұшына дейінгі бағытта жан-жағын сүртіңіз.

12. Дәке сүрткісімен антисептикалық ерітіндіге сулап халі ауыр науқастың тілін тіл түбірінен ұшына дейінгі бағытта тазартыңыз.

13. Пинцетті, шпательді, тіл ұстағышты қолданған материалдарға арналған науаға салыңыз.

14. Науқастың ауызын шаюға көмектесіңіз немесе ауыз қуысына алмұрт тәрізді баллоншамен немесе Жане шприці көмегімен шайдырыңыз. Ауыз бұрышын шпательмен керіп, кезекпен сол жағын, сосын оң жақ ұрт аймағын ерітіндімен орташа қысымдағы ағыс екпінімен жуыңыз.

15. Ауыз айналасындағы теріні құрғақ сүрткімен сүртіңіз, залалсыздандырылған сүрткіге салфеткаға шпательмен вазелин жағып, еріндерін майлаңыз.

16. Құралдарды ішінде зарарсыздандыратын ерітіндісі бар ыдысқа, дәке тампондарды, сүрткілерді қауіпсіз жоюға арналған контейнерге салыңыз.

17. Қолғапты шешіп, қолыңызды жуып, құрғатыңыз.

 

Ескерту:

- ауыз қуысын шаю іс-әрекеті халі өте ауыр науқастарға қолданылмайды, себебі сұйықтық науқастың жоғарғы тыныс жолдарына кетіп қалып, кенеттен өліп кету қауіпі бар;

- халі өте ауыр науқастардың ауыз қуысының шырышты қабығын және тістерін антисептикалық ерітіндімен күніне 2 рет сүртіп тазарту керек.

- Еріндерінде жарық болса, ауыз кергішті қолданбайды.


 


Дата добавления: 2015-07-14; просмотров: 382 | Нарушение авторских прав


Читайте в этой же книге: МАЗМҰНЫ | I КЕЗЕҢ. Медицинада тағайындалған бұйымдарды зарарсыздандыру | АПАТТЫҚ ДӘРІ ҚОБДИШАСЫ | МЕЙІРБИКЕЛЕР ІС-ӘРЕКЕТІ | Бит анықталған кездегі санитарлық тазарту | Гигиеналық бҰлауды (ваннаны) жүргізу | АН ҚЫСЫМЫН ӨЛШЕУ | Су балансын анықтау және есептеу | Халі ауыр науқасты мұрын-асқазан сүңгісі арқылы тамақтандыру | Ыша қағаздарын қою |
<== предыдущая страница | следующая страница ==>
Жартылай жату және жартылай отыру қалпы| КәрІжілік артериясынан тамыр соғуды аныҚтау

mybiblioteka.su - 2015-2024 год. (0.006 сек.)