Студопедия
Случайная страница | ТОМ-1 | ТОМ-2 | ТОМ-3
АвтомобилиАстрономияБиологияГеографияДом и садДругие языкиДругоеИнформатика
ИсторияКультураЛитератураЛогикаМатематикаМедицинаМеталлургияМеханика
ОбразованиеОхрана трудаПедагогикаПолитикаПравоПсихологияРелигияРиторика
СоциологияСпортСтроительствоТехнологияТуризмФизикаФилософияФинансы
ХимияЧерчениеЭкологияЭкономикаЭлектроника

Гигиеналық бҰлауды (ваннаны) жүргізу

Читайте также:
  1. Діспен жіңішке сүңгімен сүңгілеуді жүргізу
  2. Науқасты дайындау және ұлтабарға сүңгілеуді жүргізу
  3. СОӨЖ жүргізу жоспары

Мақсаты: жеке бас гигиенасын сақтау, аурухана ішілік жұқпаны алдын-ала ескерту.

Қолдану көрсетілімдері: дәрігердің тағайындауы бойынша.

Қарсы көрсетілімдері: кез-келген қан кету, науқастың халі ауыр жағдайы, қызба, жарақаттар, тері аурулары, жедел жұқпалы аурулар, миокард инфаркті, ми қан айналымының жедел бұзылуы.

Дайындаңыз: су термометрін, қайшыны, сүлгіні, жеке сабынды және жөкені, су сабынды, таза іш киімді, резеңке қолғаптарды, клеенка алжапқышты, зарарсыздандыратын ерітіндісі бар ыдысты, аяққа арналған тіректі.

 

Іс-әрекет алгоритмі:

 

1. Науқасқа алда болатын емшара барысын түсіндіріп, оның келісімін алыңыз.

2. Клеенка алжапқышты тағып, қолғапты киіңіз.

3. Шомылғыны алдымен салқын сумен, содан кейін оның көлемінің ортасына дейін ыстық сумен толтырыңыз, судың температурасы 350-370С болуы керек.

4. Науқастың шешінуіне көмектесіңіз.

5. Науқасты артқы жағынан шынтақ астынан ұстап, аяқтарын тірегішке тіретіп, шомылғыға отырғызыңыз, ал судың деңгейі науқастың төс сүйегінің семсерше өскініне дейін жетіп тұруы керек.

6. Егер науқас өз бетінше бұлауды ала алмайтын болса, жөкені қолдана отырып, келесі ретпен науқасты жуындырыңыз: басын, денесін, қолдарын, ішін, белін, аяқтарын, шат аймақтарын, бұт аралығын.

7. Науқастың иығын сүлгімен жабыңыз және оған шомылғыдан шығуға көмектесіңіз (қажет болған жағдайда, көмекті екінші адаммен бірге көрсетіңіз).

8. Науқасты тура сол ретпен сүртіңіз. Табиғи қатпарлар және саусақ аралықтары терісінің құрғақтығына көзіңізді жеткізіңіз.

9. Науқастың қолының және аяғының тырнақтарын алыңыз.

10. Науқасқа шашын тарауға, киімін және аяқ киімдерін киюге көмектесіңіз.

11. Шомылғыдағы суды ағызыңыз және оны зарарсыздандыратын ерітіндімен тазартыңыз, ағын сумен жуыңыз.

12. Қолданылған күтім заттарын, шомылғынызарарсыздандырыңыз.

13. Қолғаптарды шешіңіз, қолыңызды жуып, кептіріңіз.

 

Ескерту:

- бұлауды қабылдау уақыты – 25 минуттан артық емес;

- бұлауды қабылдаған кезде, науқасты бақылаусыз қалдыруға болмайды, міндетті түрде оның сыртқы түрін және пульсін қадағалау қажет;

- науқастың көңіл күйі нашарлаған жағдайда бұлау қабылдауды тоқтату керек, дәрігерді шақырып науқасқа алғашқы көмек көрсету қажет;

- желдеткішті жабыңыз, шомылғы алдындағы еденге резеңке төсенішті (ағаштан жасалған тіреуді) салыңыз. Шомылғыны щеткамен мұқият және тазалайтын заттармен жуыңыз, зарарсыздандыратын ерітіндімен тазартыңыз;

- толған шомылғыны – су кіндікке жетеді.


 

НАУҚАСТЫ ТАСЫМАЛДАУ

 

Науқастың хал-жағдайына байланысты қабылдау бөлімшесіне мамандандырылған бөлімшеге зембілмен немесе каталкамен, отырғыш- каталкамен, қолмен, жаяу тасымалдау әдісін дәрігер анықтайды.

 

Халі ауыр жағдайдағы науқасты каталкамен (қол арбамен)


Дата добавления: 2015-07-14; просмотров: 345 | Нарушение авторских прав


Читайте в этой же книге: МАЗМҰНЫ | I КЕЗЕҢ. Медицинада тағайындалған бұйымдарды зарарсыздандыру | АПАТТЫҚ ДӘРІ ҚОБДИШАСЫ | МЕЙІРБИКЕЛЕР ІС-ӘРЕКЕТІ | Халі ауыр НАУҚАСТЫҢ Ауыз қуысын күту | КәрІжілік артериясынан тамыр соғуды аныҚтау | АН ҚЫСЫМЫН ӨЛШЕУ | Су балансын анықтау және есептеу | Халі ауыр науқасты мұрын-асқазан сүңгісі арқылы тамақтандыру | Ыша қағаздарын қою |
<== предыдущая страница | следующая страница ==>
Бит анықталған кездегі санитарлық тазарту| Жартылай жату және жартылай отыру қалпы

mybiblioteka.su - 2015-2024 год. (0.006 сек.)