Студопедия
Случайная страница | ТОМ-1 | ТОМ-2 | ТОМ-3
АвтомобилиАстрономияБиологияГеографияДом и садДругие языкиДругоеИнформатика
ИсторияКультураЛитератураЛогикаМатематикаМедицинаМеталлургияМеханика
ОбразованиеОхрана трудаПедагогикаПолитикаПравоПсихологияРелигияРиторика
СоциологияСпортСтроительствоТехнологияТуризмФизикаФилософияФинансы
ХимияЧерчениеЭкологияЭкономикаЭлектроника

Мейірбикелер іс-Әрекеті

Мақсаты: ауруханалық жұқпалы аурудың алдын-алу, вирустік және бактериалдық жұқпа жұқтыру қауіп-қатерін алдын алу

Қолдану көрсетілімдері: жұқпа түскен құрал-саймандармен қол саусақтарын жарақаттағанда

Дайындаңыз: апаттық дәрі қобдишасын, залалсыздандырылған биксті, 2 лотокты, залалсыздандырылған карнцонгті, қауіпсіз жоюға арналған контейнерді.

Іс-әрекет алгоритмі:

1. Қолыңызды сабындап, ағынды суда жуыңыз;

2. Қолғапты шешіп, жарадан қанды сығып шығарыңыз;

3. Қолыңызды жуып, кептіріңіз;

4. Дәрі қобдишасынан крафт пакетін таңғыш материалмен алып, лотокқа салыңыз.

5. Дәрі қобдишасынан 70 % этил спирті және 5 % йод ерітінділерін алыңыз.

6. 70% этил спиртіне мол суландырылған залалсыздандырылған мақта шариктерімен жарақат бетін тазартыңыз (өңдеңіз).

7. Қан кетуді тоқтатпай, сабындап сумен жуыңыз.

8. Залалсыздандырылған мақта шариктерімен жарақат бетін құрғатыңыз.

9. Жарақат бетін 70% этил спиртімен қайталап тазартыңыз, сосын 5% йод ерітіндісімен өңдеңіз.

10. Жарақат бетіне бактериоцидті пластырьді (жабысқақ таңғыш) салыңыз.

11. Бактериоцидті пластырьден таңғыш салған соң резеңке саусаққап киіңіз. Қажет болған жағдайда залалсыздандырылған қолғапты киіңіз.

12. Қолданылған күтім заттарын және таңғыш материалды қауіпсіз жараға арналған контейнерге салыңыз.

13. Әкімшілікке хабарлаңыз (өдірістегі төтеннен болған жағдай туралы акті және журналды толтырыңыз).


НАУҚАСТЫҢ БИОЛОГИЯЛЫҚ СҰЙЫҚТЫҒЫ МЕЙІРБИКЕНІҢ

ҚОЛҒАБЫНА ТҮСКЕНДЕ ЖАСАЛАТЫН МЕЙІРБИКЕНІҢ

ІС-ӘРЕКЕТІ

Мақсаты: ауруханалық жұқпалы аурудың алдын-алу, вирустік және бактериалдық жұқпа жұқтыру қауіп-қатерін алдын алу.

Қолдану көрсетілімдері: медициналық қызметкердіңқолғабына науқастың биологиялық сұйықтығы түскенде.

 

Іс-әрекет алгоритмі:

1. Дезинфектантқа суландырған салфеткамен қолғапты тазартыңыз.

2. Қолғапты шешпей тұра ағынды суда сабынмен қолыңызды жуыңыз.

3. Қолғапты шешіңіз.

4. Қолыңызды сабындап жуып, құрғатыңыз.

5. Тері антисептигімен қолыңызды өңдеңіз.

6. Салфетканы, қолғапты қауіпсіз жоюға арналған контейнерге салыңыз.


КӨЗДІҢ СІЛЕМЕЙЛІ ҚАБЫҒЫН ТАЗАРТУ ҮШІН, АСПАДАҒЫ

АНТИСЕПТИКАЛЫҚ ЗАТТЫ ДАЯРЛАУ

Дайындаңыз: апаттық дәрі қобдишасын, залалсыздандырылған пинцетті, лотокты.

Іс-әрекет алгоритмі:

1. Дәрі қобдишасынан крафт-пакетін тамызғышпен және таңғыш материалмен, антисептикалық затты езуге арналған залалсыздандырылған ыдысты алып, лотокқа салыңыз.

2. перманганат калий бар пакетті ашыңыз және дистилденген суы бар ампуланы даярлаңыз.

3. Езуге арналған ыдысқа 50 г перманганат калийді салып, үстінен 10 мл дистилденген суды құйыңыз, 0,05% перманганат калий ерітіндісі болады.

4. Ыдысты тығынмен жауып, антисептикалық зат толық ерігенге дейін шайқаңыз.


МҰРЫН ҚУЫСЫ СІЛЕМЕЙЛІ ҚАБЫҒЫН ТАЗАРТУ ҮШІН,


Дата добавления: 2015-07-14; просмотров: 377 | Нарушение авторских прав


Читайте в этой же книге: МАЗМҰНЫ | I КЕЗЕҢ. Медицинада тағайындалған бұйымдарды зарарсыздандыру | Гигиеналық бҰлауды (ваннаны) жүргізу | Жартылай жату және жартылай отыру қалпы | Халі ауыр НАУҚАСТЫҢ Ауыз қуысын күту | КәрІжілік артериясынан тамыр соғуды аныҚтау | АН ҚЫСЫМЫН ӨЛШЕУ | Су балансын анықтау және есептеу | Халі ауыр науқасты мұрын-асқазан сүңгісі арқылы тамақтандыру | Ыша қағаздарын қою |
<== предыдущая страница | следующая страница ==>
АПАТТЫҚ ДӘРІ ҚОБДИШАСЫ| Бит анықталған кездегі санитарлық тазарту

mybiblioteka.su - 2015-2024 год. (0.006 сек.)