Студопедия
Случайная страница | ТОМ-1 | ТОМ-2 | ТОМ-3
АвтомобилиАстрономияБиологияГеографияДом и садДругие языкиДругоеИнформатика
ИсторияКультураЛитератураЛогикаМатематикаМедицинаМеталлургияМеханика
ОбразованиеОхрана трудаПедагогикаПолитикаПравоПсихологияРелигияРиторика
СоциологияСпортСтроительствоТехнологияТуризмФизикаФилософияФинансы
ХимияЧерчениеЭкологияЭкономикаЭлектроника

Медициналық симуляцияның сценарийі

Читайте также:
  1. Д) дәрігерлік лауазым мен орта медициналық қызметкерлердің саны
  2. Науқасты және медициналық құрал-саймандарды
  3. Науқасты және медициналық құрал-саймандарды ІШті тесуге (лапароцентезге) ДАЙЫНДАУ

Клиникалық жағдай: «Жедел пиелонефриттің диагностикасы»

 

Ситуациялық есеп: Сіз – кезекші дәрігерсіз. Қабылдау бөлімшеге 20 жастағы С науқас түсті.

Ø Анамнез жинап науқасты қарауды жүргізіңіз

Ø Лабораторлық, аспапты зерттеу әдістерінің нәтижесін талдаңыз

Ø Диагнозды құрастырыңыз

Ø Науқастың жүргізу тактикасын анықтаңыз

 

Қорытынды нәтиже (outcomes):

Ø Бүйрек патологиясы бар науқасты сұрау мен физикалық тексеруді жүргізу

Ø Жедел пиелонефрит пен оның асқынуларының клиникалық диагностикасы

Ø Жалпы қан, зәр анализдерінің, Нечипоренко сынамасының, биохимикалық қан анализы (жалпы белок; креатинин; мочевина; калий) бүйрек УДЗ-ң интерпретациясы

Ø Жедел пиелонефриті бар науқасты жүргізу тактикасы, функциональды жағдайының мониторингісі

 

Бейімделген әртіске (науқасқа) арналған сценарийдің мәтіні және оның рөлінің сипаттамасы:

Шағымы: сол жақ бел аймағындағы ауру сезіміне, 39,0°С дейін дене температурасының жоғарлауына, қалтырауға, жалпы әлсіздікке, тәбетінің болмауына

Сұрақтың мәні Әртіске арналған сұрақтың формулировкасы Жауабы
Ауру сезімінің локализациясы мен сипатын анықтау Науқастың қай жерінде ауру сезімі бар және ауру сезімі қандай? Ауру сезімі сол бел аймағында, сыздайтын сипатта, тұрақты
Ауру сезімінің иррадиациясы Ауру сезімі шап аймағына, аяққа беріле ме? Жоқ. Ешқайда берілмейді
Ауру сезімінің дене қозғалысы мен орналасуына байланыстылығы Қозғалыс кезінде немесе орын ауыстырғанда ауру сезімі күшейе ме? Ауру сезімі қозғалыс пен орын ауыстырумен байланысты емес
Дене қызуының жоғарлау ұзақтығы Дене қызуының ұзақтығы және нешеге дейін көтерілген? Температура 3-ші күн мазалайды, 39,0°С дейін. Дене қызуының болуын бел аймағындағы ауру сезімінің пайда болуымен байланыстырады

Анамнезінде: 3 күн бұрын жедел ауырған, қатты тоңғаннан кейін алғашқыда жиі ауру сезімді зәр шығуы пайда болды, сосын бел аймағындағы ауру сезімі, дене температурасының жоғарлауы байқалынды. Температура 38-39 градусқа дейін, қалтыраумен, тершеңдікпен бірге өтеді.

Қарап тексергенде: бойы 165 см, салмағы 52 кг. Бетінің гиперемиясы, дене температурасы 39 градус. ТАЖ 20 рет минутына, сырылдар жоқ. Жүрек тондары тұйықталған, ырғағы дұрыс. ЖСЖ 110 рет минутына, АҚ 120/90 мм с.б. Бүйректерді пальпациялағанда сол жағында ауру сезімі бар. Бүйрек аймағында «ұрғылау» симптомы сол жағында оң.

 

Жалпы қан анализі Гемоглобин – 120 г/л Эритроциттер - 4,2 х 1012 /л Түсті көрсеткіш 0,9 Тромбоциттер - 2709/л Лейкоциттер – 18,0 х 109/л Таяқшаядролы нейтрофилдер – 10% Сегментядролы нейтрофилдер – 80% Эозинофилдер – 0 Базофилдер - 0 Моноциттер – 2 Лимфоциттер – 8% Нейтрофильдердің ұлағыш түйіршілігі+ ЭТЖ – 42 мм/сағ Жалпы зәр анализі Көлемі – 70 мл Түсі – сары Мөлдірлігі – тұнық Салыстырмалы тығыздығы – 1020 Реакция – қышқыл Белок – 0,099 г/л Жалпақты эпителий – 0 – 2 к/а Лейкоциттер – 30-40 к/а, кейбір жерде толық (сплошь) Кілегей +++ Тұздар оксалаттар + Бактериялар +++
Нечипоренко сынамасы: Лейкоциттер – 25000 Эритроциттер – 1000 Цилиндрлер – 100 Қанның биохимиялық анализі Мочевина – 4,9 ммоль/л Креатинин – 53 мкмоль/л Белок – 70 г/л Альбуминдер 42,3% Глобулиндер 57,7% a1 – 1,4% a2 – 10,6% b – 15,9% g –29,8 % Глюкоза – 3,9 ммоль/л СРБ - ++

ШФЖ: Кокрофт-Голт формуласы бойынша есептеу.

 

ШФЖ= , коэффициент ер адам үшін =1,

әйел адам үшін =0,85.

УДЗ – бүйректерінің орналасуы қалыпты. Оң бүйрек 11,4 х 6,3 см, паренхима қалыңдығы 1,4см, ЧЛС 2,8 см, деформацияланбаған. Сол бүйрек 12,5 х 6,2 см, паренхима қалыңдығы 1,4 см, ЧЛС 2,3 см. Сол бүйректің паренхимасының ошақты қалыңдауы, өлшемінің ұлғаюы, қозғалғыштығының төмендеуі байқалынады.

Бағалау парағы (check-list)

«Жедел пиелонефриттің диагностикасы» клиникалық жағдайы бойынша

 

Тапсырушының коды: _______________________ Емтихан күні _____________________________

Емтихан қабылдаушы:__________________________________________________________

 

Қадамдарды бағалау критерийлері Баллмен бағалау
Дұрыс орындады Ескертулермен орындады Орындай алмады
         
  Шағымдар мен анамнез жинау 1,0 0,5  
  Аурудың симптомдарын қосымша сұрақ қою арқылы детализациялау 1,0 0,5  
  Физикалық тексеру 1,0 0,5  
  Зәр шығару жүйесін зерттеп қарау 1,0 0,5  
  «Ауру синдромының» салыстырмалы диагностикасын жүргізу 1,0 0,5  
  Алдын ала қойылатын диагнозды негіздеп тұжырымдау 1,0 0,5  
  Лабораторлы зерттеу жоспарын тағайындау 1,0 0,5  
  Аспапты зерттеу жоспарын тағайындау 1,0 0,5  
  Жалпы қан мен зәр анализдерін интерпретациялау 1,0 0,5  
  Биохимиялық анализдерді интерпретациялау 1,0 0,5  
  Нечипоренко сынамасын интерпретациялау 1,0 0,5  
  Кокрофт-Голт формуласы бойынша ШФЖ есептеу 1,0 0,5  
  Бүйректің УДЗ-н интерпретациялау 1,0 0,5  
  Қорытынды диагнозды негіздеу және тұжырымдау 2,0 1,0  
  Емнің коррекциясы үшін зерттеуді тағайындау 1,0 0,5  
  Емдеу тактикасын анықтау 2,0 1,0  
  Емнің эффективтілігінің критерийлерін атау 1,0 0,5  
  Науқаспен оптимальді қарым-қатынас құру және үрей –қорқу сезімін басу 1,0 0,5  
БАРЛЫҒЫ      
           

 

«Жедел пиелонефриттің диагностикасы» клиникалық жағдайы бойынша


Дата добавления: 2015-07-11; просмотров: 182 | Нарушение авторских прав


<== предыдущая страница | следующая страница ==>
Лечение.| жауаптар эталоны

mybiblioteka.su - 2015-2024 год. (0.006 сек.)