Студопедия
Случайная страница | ТОМ-1 | ТОМ-2 | ТОМ-3
АвтомобилиАстрономияБиологияГеографияДом и садДругие языкиДругоеИнформатика
ИсторияКультураЛитератураЛогикаМатематикаМедицинаМеталлургияМеханика
ОбразованиеОхрана трудаПедагогикаПолитикаПравоПсихологияРелигияРиторика
СоциологияСпортСтроительствоТехнологияТуризмФизикаФилософияФинансы
ХимияЧерчениеЭкологияЭкономикаЭлектроника

Бейне координаттары

Шығару құрылғысындағы бейне басының координаттарын анықтайды. Олар көбінесе (0,0) мәнде болады, бұл бейне басын құрылғының координаттар жүйесінің басталуымен бірлестіруге мүмкіндік береді.

 

Соңы

Соңы тақырыпты толықтыратын, бірақ файл соңынан орналасатын мәліметтер құрылымынан тұрады. Соңы форматтың оның алдындағы версиялармен сәйкестігін сақтауға мүмкіндік береді. Соңы да тақырыбы сияқты идентификатор өрісін қамтуы мүмкін, ол визуальдау программасы бұл құрылымды растрлық файлдың басқа элементтерінен ажырату үшін пайдаланылады.

Биттік, байттық және пиксельдік деңгейлердің RLE схемалары

Бұл тәсілдердің арасындағы айырмашылық символдар топтарына сәйкес келетін пакеттердің қалыптасуында болып табылады.

Графиктік файлдардың форматтарының көпшілігі өңделетін мәліметтер деңгейлеріне байланысты 3 RLE схемалар класын бөліп алуға болады.

Биттік деңгей RLE-схемалары

Бөліп қою жолдарының биттерін байттар мен сөздердің шекараларын есепке алмай топтарға кодтайды. Биттік топтардың жеткілікті санынан тұратын бір биттік, яғни монохромдық бейнелерді өңдеуге қолданылады.

Биттік деңгейдегі RLE схемаларды 1 ден 128 битке дейін топқа, олардан бір байттық пакеттер жасай отырып кодтайды. Бұл байттың 7 кіші биттері – бұл топтың санағышы, аға бит топтың мнін қамтиды.

7 –бит – (0/1), топ мәні

6-0 –биттер – топтың санағышы (0-127)

 

Мән Санағыш
               

 

  99(екілік кодта)
               

Қара түсті 100 пиксель

 

 

  127(екілік кодта)   71((екілік кодта)
                               
                               

Қара түсті 200 пиксель

 

Байтық деңгейдегі RLE-схемлар

Бірдей байттық мәндерді топтарға жекелеген биттер мен сөздерді есепке алмай кодтайды.

Әрбір пиксель 8 бит ақпарат қамтитын бейнелер үшін қолданылады.

RLE байтар топтарын 2 байтық пакеттерге кодтайды.

1- байт – топ санағышы (0-255)

2- байт – топ мәні (0-255)

 

99(екілік кодта) 0(екілік кодта)
                               
                               

100 қара пиксельдер

(мүмкін 256 түстер)

 

255(екілік кодта) 0 (екілік кодта) 43(екілік кодта) 0(екілік кодта)
                                                               
                                                               

 

300 қара пиксельдер

 

Кодталып қойылған мәліметтер ағынында литералдар – кодталмаған байттар топтарын сақтауға мүмкіндік беретін 2 байттық кодтау схемасы бар.

Мұндай схемада пакеттің 1 – байтындағы 7 кіші биттер топ санағышын қамтиды, ал 1 – байттың аға биті топ типін қамтиды:

1 – кодталып қойылған топ

0 – литердық топ, яғни келесі байттар +1 топының санағышы көрсететін санда бейненің кодталған мәліметтерінен тікелей оқылуы керек.

 

1- байт 1-127 – санағыш

2- байт 0-255 – топ мәні

 

  Топ санағышы Топ мәні
  99(екілік кодта) 0(екілік кодта)
                               
                               

 

Кодталған топ

 

 

  Мәндер санағышы  
    Мән1 Мән2 Мән3
                7 0 7 0 7 0 7 0
                       

 

Литеральдық топ

 

Бір пиксельге 1 байт ақпарат қамтитын бейнелер үшін тиімді.

Пиксельдік деңгейдегі RLE-схемалар

Бір пиксельдік мәнді сақтау үшін бейненің екі немесе одан да көп көршілес байттары пайдаланылатын болса қолданылады.

Пиксельдік деңгейде биттер есепке алынбайды, ал байттар түстік каналды идентификациялау үшін ғана еске алынады. Кодталған пакеттің өлшемі кодтауға жататын пиксельдік мәндердің өлшеміне тәуелді.

 

 

санағыш мән
       
7 0 7 0 7 0 7 0

 

RGB – 100 көк пиксель

 

 

1- байт – санағыш (0-255)

2- байт – 1 – канал пикселі (0-255)

3- байт – 2 – канал пикселі (0-255)

4- байт – 3 – канал пикселі (0-255)

Пиксельдегі биттер немесе байттар саны туралы мәліметтер бейне файлы тақырыбында жазылған, кодтау схемасы туралы мәліметтер де сонда.

Пиксельдік деңгейдегі RLE схемаларда санағыш байттар саны туралы емес, пиксельдер саны туралы мәліметтерді қамтиды.

Пиксельдік деңгейдегі литералдық топтар бар.

Топтың 1-байтының ең үлкен битінде топ литералды болып табылатынына көрсеткіш болады. Бұл байттың 7 кіші биттері топтың санағышын қамтиды. Қалған 3 байт топ мәні туралы ақпарат қамтиды.

Егер үлкен бит 1 орнатылса, онда бұл кодталған топ. Кодталған топтар топ мәнін оқу құралымен декодталады және +1 санағышта неше рет көрсетілсе сонша рет қайталанады.

Литералды RLE топтарды бір және 2 пиксельдік топтарды қамтитын мәліметтер ағынын өңдеуде қолдану осы топтарды кодтауға қарағанда неғұрлым тиімді, себебі теріс сығудан қорғайды, яғни сығу нәтижесінде мәліметтер көлемі ұлғайып кетуден сақтайды.

 

Өзін-өзі тексеру сұрақтары

1. Растрлық алгоритмдер дегеніміз не?

2. Кесінділерді векторлық формадан растрлыққа түрлендіру дегеніміз не?

3. Қарапайым қадамды алгоритм дегеніміз не?.

4. Түзу кесінділері үшін Брезенхем алгоритмі дегеніміз не?

5. Әріптердің растрлық мазмұны дегеніміз не?

 

Дәріс №6. Jpeg сығуы тәсілі, оның принциптерімен таныстыру

Жоспар:

- Jpeg сығуы

- Jpeg алгоритмі

- Mpeg сығуы

Jpeg сығуы

Joint photograph expert group – 1982 жылы қалыптасқан.

Сығу жоғалтулармен, бірақ күшті (20:1 – 25:1)

Jpg алгоритм болып табылмайды. Бұл сығу әдістерінің тұтастай бір жиыны.

Кодтау процесінде визуальды түрде байқау қиын болатын ақпарат алынып тасталады.

Jpg түсті және жартылай тонды фото бейнелерді кішірейту (сығу), басқа да күрделі графика үшін жасалған. Mpeg стандарты ішінде видеоны сығу үшін пайдаланылады.

Көлемі бейненің мазмұнына тәуелді. Сығу дәрежесі 25:1 құрайды, сапа жоғалтуы байқаусыз. Алғашқы файлдан ештеңе қалмайды.

Jpeg алгоритмі

Ол дискреттік косинус түрлендірулер (дкт) көмегімен кодтау схемасында негізделген.

Дкт әрқашан жоғалтулармен, бірақ минимальды жоғалтуларда жоғары сығу дәрежесін қамтамасыз етеді.

Jpeg схемасы көршілес пиксельдік мәндер арасындағы айырмашылық көп емес болатын көп түсті бейнелерды сығуда ғана қолданылады. Пиксельдік тереңдік >=5 бит түстік каналға: 65000 түстер.

Сығу процесі бөлінеді:

1. бейнені оптимальды түстік кеңістікке түрлендіру

2. пиксельдер топтарын орташаландыру арқылы субдискретизация

3. дкс –ды бейненің мәліметтерінің артықтығын төмендету үшін қолдану.

4. коэффициенттер блогын кванттау

5. нәтижелік коэффициенттерді кодтау

 

Jpeg - ті кері ретпен декодтау.

Бейнені түрлендіру

Алгоритм түстік кеңістіктің кез-келген типіне негізделген әрбір бейнені кодтайды. Jpeg әрбір компонентті жеке-жеке YCB or YCBCR моделіне түрлендіреді, себебі онда керекті мыналарға қол жеткізіледі:

Y – жарық

CB,CR – түстілік

Түстілік компоненттерін субдискретизациялау

Адам көзінің ақпаратқа сезгіштігінің төмендігін пайдаланып, түстік каналдарға пиксельдер санын азайта отырып, жарықтық каналдары үшін пиксельдер санын өзгетусіз қалдырып.

Жалпы қабылданған форматта сығылмаған мәліметтер түскенде, яғни барлық түстік каналдар үшін бірдеу мүмкіндік болғанда, компрессор Jpeg түстік каналдар мүмкіндігін пиксельдер каналдарын орташаландыру жолымен азайтады. Жарық тық каналы толық мүмкіндікте (1:1).

Дкт 8*8 пиксельдердің кез-келген блогына қолданылады, кеністікті оның спектрлік берілуіне түрлендіреді. Спектрлік берілуде жоғары және төменгі жиілікті ақпаратты бөлуге болады, және жоғары жиіліктегі ақпаратты төменгі жиіліктегіге зиянсыз алып тастауға болады, себебі жоғары жиіліктегі ақпарат адам көзімен қабылданбайды.

Спектрлық берілуге әсер ете отырып, жүргізу сапасы мен сығу дәрежесі арасында баланстауға болады.

Mpeg сығуы

Видеоны өңдеуде осы ассимметриялық сығу әдісі қолданылады. Сығу процесі ашуға қарағанда күрделірек.

Mpeg – те 2 тип пайдаланылады:

· кадрішілік

· кадраралық

Болжаулармен кодтау және интерполятивті кодтау.

Бірінен кейін бірі жүретін кадрлардың бірдей болатын мәліметтері көп болады, сондықтан бұл кадрлардың ақпаратының бір бөлігі ғана кодталады. Нәтижеде сығу дәрежесі жоғарылайды, себебі ақпараттың аз кодталады. Мұндай тип – болжаумен кодтау. Егер екі бағыттағы болжауды қолданса, мәліметтер өлшемін азайтуға болады.

Схема видео кадрды онымен, алдыңғы және келесі видео кадр арасындағы негізде кодтауға мүмкіндік береді.

Бұны интерполятивті кодтау деп атайды. Кадраралық және кадрішілік кодтауды қолдау үшін mpeg мәліметтер ағыны кодталған кадрлар 3 типін қамтиды.

 

Дәріс №7. Corel Draw графиктік редакторының жұмыс істеу орны, құралдар және олармен жұмыс.

 

Corel Draw графиктік редакторында құралдармен және басқаресурстармен негізгі терезе мен құжат терезесінде жұмыс жасалынады.

Негізгі терезе

Программа жүктелгеннен кейін қыстырма(заставка) терезе (кейінірек тоқтаймыз), содан кейін негізгі терезе пайда болады. Негізгі терезеде қолданушы интерфейсінің негізгі элементтері: меню қатары, құралдар тақтасы, құралдар жиыны, қалып-күй қатары және түстер палитрасы орналасады. Corel Draw графиктік редакторында Windows-тың стандартты батырмалары, командалары (жабу, ашу, бүктеу, қайта қалпына келтіру, буфермен жұмыс және тағы басқалар) қолданылады. Және де Параметрлер терезесінен парақтың пішімін (формат страницы) және бағдарын (альбомная и книжная оиентация), реннің түсін(фон), макеттерін келтіруге болады. Параметрлер терезесін ашу үшін Макет Парақ параметрлері (Размещение Настройка страницы) командасын орындау керек.

CorelDRAW қосымшасының терезесі

CorelDRAW-ды жүктегенде сурет салатын терезесі бар қосымша терезесі ашылады. Сурет салу терезесінің ортасындағы тіктөртбұрышты аймақ – сурет салу беті. Төменде CorelDRAW терезі және элементтері.

 

 

Элемент Түсініктеме
Мәзір қатары Ашылатын мәзірі бар аймақ
Қасиеттерпанелі Белсенді аспапқа немесе объектке қатысты командаларыбар ауыспалы панель. Мысалы, мәтін енгізу сайманыбелсенді болғанда, қасиеттер панелінде мәтін құру жәнеөңдеу қасиеттер панелі көрінеді.
Саймандар тақтасы Жылдам шақырылатын пернелері және басқа командалары бар ауыспалы панель
Тақырып жолы Сол кезде ашулы тұрған суреттің аты көрінетін аймақ.
Сызғыштар Суреттегі объекттердің жағдайы және өлшемін анықтау үшін қолданылатын тік және көлденең шекаралар
Саймандар тақтасы Суреттегі объект құру, өзгерту және толтыруға арналған аспаптары бар жылжымалы панель
Сурет салу терезесі Сурет салу аймағының сыртындағы қосымшаны басқару элементтері мен айналдыру жолағымен шектелген аймақ
Сурет салу беті Сурет салу аймағындағы тіктөртбұрышты аймақ. Жұмыс аймағының бұл бөлігін баспаға беруге болады
Түс палитрасы Түстердің үлгісі бекітілген панель
Баптау терезесі Белгілі бір аспапқа немесе есепке қатысты жұмыс атқаруға болатын командалар мен параметрлердың тобы бар терезе
Қалып-күй қатары Қосымшадағы объектінің қасиеті, мысалы, типі, түсі, өлшемі, бояу аймағы бар терезенің төменгі жақ бөлігіндегі аймақ. Қалып-күй қатарында тышқанның ағымдағы орны көрсетіледі.
Құжаттар новигаторы Беттер арасында ауысуды және бетті қосуды көрсететін басқару элементтері бар қосымша терезесінің төменгі жақ бөлігі
Навигатор Төменгі сол бұрыштағы оны басқанда кіші терезе ашылатын, оның көмегімен сурет бойынша қозғалыс жасайтын батырма

 

Стандартты саймандар тақтасы

Үнсіз келісім бойынша көрінетін стандартты саймандар тақтасы мәзір командаларын тез шақыру батырмалары мен басқару элементтерін қамтиды.

Панельдер жайлы мәліметтер

CorelDRAW программасында стандартты саймандардан басқа белгіді міндеттерге арналған панельдер бар. Мысалы, Мәтін саймандар тақтасында Мәтін сайманына жататын командалар бар. Саймандарды жиі қолдану керек болса, жұмыс алаңында үнемі тұратын етіп қоюға болады. Келесі кестеде стандартты саймандардан басқа панельдердің қызметі қарастырылады:

 

Саймандар тақтасымен танысу

 

CorelDRAW мәзірінде сәйкесінше саймандар тобы суреттеледі.Панельдегі немесе батырманың оң төменгі жағындағы кішкене бағыттауыш сызық мәзірдің бар екенін білдіреді.Мысалы, Форманы өзгерту мәзірі бағыттауышты басқанда өзара байланысқан аспаптар тобы ашылады.

Келесі кестеде CorelDRAW-дағы мәзір және саймандар берілген.

 

 


Дата добавления: 2015-07-11; просмотров: 692 | Нарушение авторских прав


Читайте в этой же книге: Глоссарий | Resolution | CMYK (Cyan, Magenta, Yellow, Key(Black)) | Mixer Brush Tool | Файлды ашу | АДАМ. БОЯУ | Elliptical Marquee | АДАМ. ГАЛСТУК |
<== предыдущая страница | следующая страница ==>
Дисплейлер (мониторлар).| Саймандар

mybiblioteka.su - 2015-2024 год. (0.02 сек.)