Студопедия
Случайная страница | ТОМ-1 | ТОМ-2 | ТОМ-3
АвтомобилиАстрономияБиологияГеографияДом и садДругие языкиДругоеИнформатика
ИсторияКультураЛитератураЛогикаМатематикаМедицинаМеталлургияМеханика
ОбразованиеОхрана трудаПедагогикаПолитикаПравоПсихологияРелигияРиторика
СоциологияСпортСтроительствоТехнологияТуризмФизикаФилософияФинансы
ХимияЧерчениеЭкологияЭкономикаЭлектроника

Дисплейлер (мониторлар).

Дербес компьютердің маңыздықұрама бөліктерінің бірі – оның видеожүйесі болып табылады, ол монитор және видеоадаптерден тұрады. Монитор экранда текстік және графикалық ақпаратты бейнелеуге арналған. Қазіргі уақытта мониторлардың көп түрлері бар. Оларды келесі негізгі белгілеріне қарап сипаттауға болады:

ü Бейнелеу режимі:

1. Растрлық дисплейлер;

2. Векторлық дисплейлер.

Электронды-сәулелі түтікше базасындағы бейне регенерациясы бар векторлық дисплейлерде өте қысқа жарықтану уақыты бар люминофор қолданылады. Мұндай дисплейлерде люминофордың жарықтану уақыты өте аз болғандықтан ЭСТ-де бейне секундына бірнеше рет қайта салынуы немесе регенерациялануы қажет. Регенерацияланудың ең аз жылдамдығы 30 (1/с), ал дұрысы 40-50 (1/с) болу керек. 30-дан кемжылдамдық бейненің жыпылықтауына әкеледі.

Дисплейлік буфер – ЭСТ-де бейнені шығаруға қажетті барлық ақпаратты қамтитын жадының үзіліссіз аумағы.

Растрлық құрылғыны әрбіреуі жарықтанатын дискретті ұяшықтар (нүктелер) матрицасы ретінде қарасмтыруға болады. Осылайша ол нүктелі-сурет салу құрылғысы болып табылады.

Сурет 1. Растрлық кескін

 

ü Экран типі:

1. ЭСТ негізіндегі дисплейлі;

2. Сұйықкристалды (ЖК);

3. Плазмалық.

 

2 суретте видеомониторларда қолданыладын ЭСТ схемалық түрде көрсетілген.

Сурет 2. Электронды-сәулелік трубка

 

Сұйықкристалды дисплей экраны арасында сүйық кристалдан тұратын қоспасы бар екі шыны пластинадан тұрады. Сұйық кристаллдар электр зарядына байланысты өзінің оптикалық қасиеттерін өзгертіп отырады. СҚД-дің негізгі жетістігі – оның көлемі.

Газоплазмалық мониторлар арасында газдық қоспа бар екі прастинадан тұрады. Олар электр импульстарының әсерінен жарықтанады. Бірақ оларды тасымалданатын компьютерлерде қолдануға болмайды, себебі олар тоқ көзін коп тұтынады.

Диагональ бойыншаөлшемі (әдетте 14" –нан 21"-ге дейін).

Жарықтық қылқалам (light pen).

Бұл жарыққа сезімтал құрылғы, ол экранның ақпараттық жүйеге мәліметтер енгізу нүктесінің координаттарын алуға арналған.

Жарықтық қылқалам формасы бойынша қаламсапты еске түсіреді. Қылқалам ұшында жарық сигналына жауап қататын фотоэлемент орналасқан.

«Тышқан» манипуляторы.

Пернетақтамен қатар тышқан маңызды ақпарат енгізу құрылғысыболып табылады. Қазіргі программалық өнімдерде тышқан программаны басқарудың негізгі құрылғысы болып табылоады.

Әрекет принциптеріне байланысты тышқандар төмендегілерге бөлінеді::

1. Механикалық;

2. Оптико-механикалық;

3. Оптикалық.

Джойстик ақпаратты енгізудің координаталық құрылғысыболып табылады. Ол көбінесе компьютерлік ойындар аумағында қолданылады.

Джойститер мынадай болады:

1. Аналогтық;

2. Цифрлық.

Трекбол (Trackball) – бұл ақпарат енгізу құралы, оны үлкен шаригі бар төңкерілген тышқан сияқты елестетуге болады. әрекет принципі мен мәліметтерді беру принципі тышқандыкіндей.

Өзін-өзі тексеру сұрақтары

1. Компьютерлік графиканың аппараттық жабдықтарына нелер жатады?

2. Дисплей дегеніміз не? Олардың қандай түрлері бар?

3. Плоттер дегеніміз не? Олардың қандай түрлері бар?

4. Принтер дегеніміз не? Олардың қандай түрлері бар?

5. Сканер дегеніміз не? Олардың қандай түрлері бар?

6. Цифрлық фотоаппараттар дегеніміз не? Олардың қандай түрлері бар?

7. Бейнекамералар дегеніміз не? Олардың қандай түрлері бар?

8. Видеожүйелер: режимдер мен сипаттамалары қандай? Форматтарын атаңыз.

 

Дәріс №5. Растрлық алгоритмдер

Жоспар:

- Кесінділерді векторлық формадан растрлыққа түрлендіру.

- Қарапайым қадамды алгоритм.

- Түзу кесінділері үшін Брезенхем алгоритмі.

- Кесінділерді туралау.

- Тұрақты жарық түзулері.

- Әріптердің растрлық мазмұны.

- Литерлерді пропорциональды орналастыру және төменгі түсіндірме элементтер.

- Литерлерді туралау.

- Дөңгелектердің растрлық мазмұны.

Сегізжақты симметрия. Брезенхем алгоритмі. Растрлық файлдар және оларды ұйымдастыру

 

Тақырыбы
Палитра
Растрлық мәліметтер
Соңы

 

Егер файлдық формат бірнеше бейнені сақтауға мүмкіндік берсе, онда файлда тақырыптан кейін бейнелер каталогы орналасады, онда файлдағы барлық бейнелер алғашқы позицияларының жылжуы туралы ақпарат болады.

 

Тақырып
Палитра
Бейнелер каталогы
1 бейненің растрлық мәліметтері
2 бейненің растрлық мәліметтері
...
N бейненің растрлық мәліметтері
Соңы

 

Егер файлдық формат әрбір бейнеге өзінің палитрасы болуға мүмкіндік берсе, онда ол тікелей сол бейненің мәліметтерінің алдында орналасады. Мұндай жағдайда құрылымы мындай түрде болады.

Тақырып
Бейнелер каталогы
Палитра 1
1 бейненің растрлық мәліметтері
...
Палитра N
N бейненің растрлық мәліметтері
Соңы

Тақырып – ASCII мәліметтер форматындағы файлда сақталатын барлық растрлық мәліметтер туралы жалпы ақпаратты сақтайтын сиволдар мен мәліметтер бөлімі.

Тақырып өрістерінің типтік жиыны.


Дата добавления: 2015-07-11; просмотров: 521 | Нарушение авторских прав


Читайте в этой же книге: Саймандар | Resolution | CMYK (Cyan, Magenta, Yellow, Key(Black)) | Mixer Brush Tool | Файлды ашу | АДАМ. БОЯУ | Elliptical Marquee | АДАМ. ГАЛСТУК |
<== предыдущая страница | следующая страница ==>
Глоссарий| Бейне координаттары

mybiblioteka.su - 2015-2024 год. (0.007 сек.)