Читайте также:
|
|
Мақсаты. Әрбір адамның кикілжің жағдайына байланысты белгілі бір мінез-құлық стилін анықтау. Әдістеменің сипаттамасы. Әдістеме агрессияның жағдайына байланысты мінез-құлықтың бес стилін – қарсыластық, бірлестік, компромисс, кикілжіңнен кетіп қалу және бейімделу стилін анықтауға арналған 12 пікірден тұрады. Олар әртүрлі қосындыда 30 жұпқа топтастырылған. Әрқайсысында респондентке өзінің мінез-құлқына сәйкес келетін пікір келтірілген. Нұсқау. Сауалнамаға қатысушыларға кикілжің жағдайына байланысты мінез-құлықтың 30 жұп нұсқасы беріледі. Әрбір жұпта мінез-құлықтың екі нұсқасының бірін таңдап, «а» немесе «б» белгілейді. Әр пікірге көп ойланбайтын, ойға келген алғашқы жауапты белгілеу қажет. Өткізу ұзақтығы 15-20 минут. Кикілжің жағдайда көрінетін мінез-құлық тактикасын анықтауға арналған әдістеме.
Мен кикілжіңді жағдайда...
а) Кейде мен даулы сұрақты шешуді басқаның мойнына артамын.
б) Біз дауда немен қалатынымды талқылағанша, екеуімізде немен келісетінімізге зейін аударуға тырысамын.
а) Мен компромистік шешім табуға тырысамын.
б) Мен дауды өзімнің және басқа адамның қызығушылығын ескере отырып, шешуге тырысамын.
а) Әдетте мен дауда өзімнің айтқаныма жетуге ұмтыламын.
б) Кейде өзімнің қызығушылықтарымды басқа біреудің қызығушылықтары үшін құрбан етемін.
а) Әдетте мен екі жақты шешім негізінде келісімге келуге тырысамын.
б) Мен басқа адамның көңіліне тимеуге тырысамын.
а) Даулы жағдайды шешу барысында, мен әрқашанда біреуден көмек күтемін.
б) Пайдасы жоқ кернеуден қашу үшін, мен бәрін істеуге тырысамын.
а) Мен үшін жағымсыз болатын ситуациялардан кетуге тырысамын.
б) Мен өзімнің айтқаныма жетуге тырысамын.
а) Мен даулы сұрақты өз уақытысында шешу үшін, оны кейінге қалдырып қоюға тырысамын.
б) Басқа жағдайда өзімнің айтқаныма жету үшін, бұл дауда бір нәрсеге келісе салуға болады деп ойлаймын.
а) Әдетте дауда мен айтқаныма жетуге тырысамын.
б) Кикілжің жағдайында мен ең бірінші дау пайда болу себебін, кімнің қызығушылықтары кемсітілгенін анықтауға тырысамын.
а) Меніңше, туындаған қандай да бір келіспеушілік үшін уайымдап, толқудың қажеті жоқ сияқты.
б) Мен дауда өзімнің көзқарасымды дәлелдеу үшін барлығына барамын.
а) Мен өзімнің мақсатыма жету үшін талпынамын.
б) Екі жақты қызықтыратын проблема шешімін табуға тырысамын.
а) Дауда мен ең бірінші қандай қызығушылықтар кемсітілген туралы, дау не үшін пайда болғаны туралы себептерін анықтауға тырысамын.
б) Мен басқаны тыныштандыруға және ең алдымен екеуіміздің қарым-қатынасымызды сақтауға тырысамын.
а) Әдетте мен дау шығаратын позицияны ұстанбауға тырысамын.
б) Егер де ол маған келісімге келуге талпынса, онда мен оған өз пікірінде қалуына мүмкіндік беремін.
а) Мен дауда орташа позицияны ұстанамын.
б) Мен өзімнің айтқанымды орындатқызғанша айтқанымнан тайынбаймын.
а) Мен басқаға проблемаға деген өз көзқарасымды білдіріп, оның пікірін сұраймын.
б) Мен басқаға көзқарастарымның дұрыстығын дәлелдеуге тырысамын.
а) Ең басты басқаны тыныштандырып, қарым-қатынасымызды сақтап қалуға тырысамын.
б) Мен қарым-қатынастағы кернеуден кетіп қалуға тырысамын.
а) Басқаны ренжітпеуге тырысамын.
б) Әдетте мен басқаны өзімнің позициямның дұрыстығына көз жеткіздіруге тырысамын.
а) Әдетте мен дауда айтқаныма жетуге ұмтыламын.
б) Қарым-қатынастағы кернеуден қашу үшін мен барлығына дайынмын.
а) Дауда басқаны ренжітпеуге тырысамын.
б) Егер де ол келісімге келуге талпынса, онда мен оған өз пікірінде қалуына мүмкіндік беремін.
а) Дауда мен ең бірінші қандай қызығушылықтар кемсітілгені туралы, дау ненің айналасында пайда болғаны туралы білуге тырысамын.
б) Мен даулы сұрақты уақытымен соңына дейін шешу үшін кейінге қалдыруға тырысамын.
а) Мен біздің келіспеушілігімізді тез арада шешуге тырысамын.
б) Мен екеумізге де ортақ келісімге келуге тырысамын.
а) Қарым-қатынасты түзету барысында басқаның көңілін аулаймын.
б) Мен әрқашанда проблеманы ашық та тура талқылауға тырысамын.
а) Дауда менің және оның көңілінен шығатын орта позицияны табуға тырысамын.
б) Мен өз позициямды дәлелдеймін.
а) Мен дауда әрқайсымыздың қызығушылығымызды қанағаттандыруға тырысамын.
б) Кейде даулы сұрақты шешуді басқаға жүктеймін.
а) Егер де басқаға оның позициясы өзіне өте маңызды болса, мен келісімге келуге тырысамын.
б) Мен басқа адамды ортақ келісімге шақырамын.
а) Даулаушыға өзімнің көзқарасымның дұрыстығын дәлелдеуге тырысамын.
б) Даулы сұрақтарды шешу барысында екіншінің пікірін ескеруге тырысамын.
а) Әдетте дауда мен орта позицияны ұстанамын.
б) Мен әрқашан дауда әрқайсымыздың қызығушылықтарымызды қанағаттандыруға тырысамын.
а) Дауласпауға тырысамын.
б) Дауда басқаны ренжітпеуге тырысамын.
а) Әдетте мен дауда айтқаныма жетуге ұмтыламын.
б) Даулы жағдайды шешу барысында, мен әрқашанда біреуден көмек күтемін.
а) Мен дауда орта позицияны ұстанамын.
б) Меніңше, туындаған қандай да бір келіспеушілік үшін уайымдап, толқудың қажеті жоқ сияқты.
а) Мен басқа адамды ренжітпеуге тырысамын.
б) Екі жақты да қызықтыратын проблема шешімін табуға тырысамын.
Нәтиженің өнделуі. Зерттелінуші өзін бағалап біткен соң, әдістеменің кілтіне сәйкестендіріліп, әрбір шкалаға байланысты индивидтің жинаған балы есептелінеді.
Дата добавления: 2015-12-08; просмотров: 292 | Нарушение авторских прав