Читайте также:
|
|
Зерттеу мақсаты: 12-13 жасар балалардың агрессиясын жеңілдетуге бағытталған психологиялық түзету-дамыту жолдарын өңдеу.
Зерттеу міндеттері:
1. Түзету-дамыту жұмыстарын жүйелеп бағдарлама құру.
2. Бағдарламадағы әдістерді қолдану арқылы сыналатын топқа тиімділігін бағалап тексеру, зерттеу.
3. Зерттеу барысынан алынған нәтижелерді талқылау.
4. Зерттеуге алынған экспериметті топтағы балалардың агрессивтілік әрікетіне түзету-дамыту жұмысының тиімділігін қорытындылау.
Зерттеу объектісі – 8-9 жас аралығындағы 20 бала алынды, Астана қаласындағы №33 бастауыш мектеп кешені.
Бұлар әр түрлі әлеуметтік жағдайдағы ұлдар және қыздар.
Зерттеу пәні ретінде 8-9 жастағы балаларды агрессивті әрекеттің пайда болу процесі алынды.
Агрессивті мінез-құлықтың қалыптасуына әсер ететін факторлар.
Әлеуметтік үйренудің когнетивті-бихевиористік концепциясы тұрғысында социализация процесі индивид өмір сүретін қоғам мен сонда қабылданған әдеттегі жауап реакцияларының дамуымен байланысты. Когнетивті-бихевиористік концепция шеңберінде балалардағы агрессияны әлеуметтік үйренудің нәтижесі деп қарастыруға болады. Агрессиялы әрекет-қылықты бекіту мен дамыту негізін ата-аналар баланы алғашқы жылдарда қалай тәрбиелегеніне байланысты. Агрессивті мінез-құлықтың қалыптасуына әсер ететін шартсыз факторлардың бірі-жанұядағы қатынас. Ата-аналарының агрессивтілігінен, агрессивтілік және қылмыстық тенденциясын туындататын күрделі конфликтілер себебінен бала агрессивті болады. Ата-ана тарапынан агрессивті мінез-құлықтың шектен тыс болуы балаға зиян келтіреді. Бала міндетті түрде өзінің ашу-ызасын ішінде жинауға мәжбүр болған жағдайда онда аутоагрессия күшейе түседі. Қатал жазалау жаңа фрустрацияға әкеледі. Жасырын агрессивтілік болған жағдайда балада мазасыздану, жайсыздық жоғарылай бастайды. Агрессивті әрекет ата-анасының ашуын көтере алмаған жағдайда және кедергіге жауап бере алмаған кезде, балада мазасыздану жоғарылай бастайды. Осыған байланысты агрессияның дамуының маңызды шарты тек әлеуметтік үйрену ғана емес, ата-ана махаббатының болмауы немесе олар тарапынан үнемі жазалаудың болуына байланысты туындайтын фрустрация да жатады.
Балалардың агрессивті реакцияларының өзіндік бағалауы мен кореляциялану мәселесі: өзіндік бағалау жоғары болған сайын жалпы агрессия көрсеткіштері де соғұрлым жоғарылай береді. Өзіндік бағалау жоғарылаған сайын физиологиялық агрессияға бейімділіктің көрінуі жоғарылайды. Парциалды өзіндік бағалау, яғни лидерлікке қабілетті, өзіндік бағалау, өзін жоғары бағалауға бейімділік негативизм сияқты агрессия формасымен кореляцияланады. Адамда агрессивтілік мінезбен байланысты әр түрлі екі мотивациялық бағыт бар, яғни агрессияға және оны тоқтатуға қарсы бағыттар. Агрессиялы бағытта индивид қоршағандардың - әрекетін өзіне қауіпті деп бағалап, ол өз агрессиясын қолданады. Ал агрессияны басу бағыты – индивид өз әрекетінде агрессия қажет емес, ұят болады деп бағалауға бейім болу ниетінен тұрады.
Эмоциялар іс-әрекетке ықпал жасау тұрғысынан стеникалық және астеникалық болып бөлінеді. Стеникалық эмоциялар адамға қуат беріп, іс-әрекетке ынталандырады. Бұл жағдай адам тау қопаруға дайын тұрады. Керісінше кейде толғаныстан адамның аяқ алысы байланады, енжарлық басады - бұл астеникалық эмоция көрінісі. Осыдан, жағдайға, дара ерекшеліктерге орай эмоция адам қылығына әртүрлі ықпал жасауы мүмкін. Мысалы, қорқыныш сезімнің саналы болуынан адам өзін жинақтап, қатерге қарсы шабуылға шығады. Ал сол қорқыныш адамды шідерлеп, «тізесі қалтырайтын» дәрежеге де келтіреді. Енді түрлеріне жеке –жеке тоқталсақ:
- Қуаныш – орындалуы күмәнді болып тұрған қажеттіліктің толық
қанағаттандарылуына байланысты туындайтын ұнамды эмоцияналды күй.
- Таңдану – күтілмеген оқиғаға байланысты пайда болатын эмоциялық
белгі. Таңдану бұрыннан бар сезімдерді тежейді. Осыдан кейін толығымен таңдануға себеп болан нысанға ауысады, кейін ол қызығушылық ниетке жол ашады.
- Қасірет – алғашында азда болса сенім күттірген маңызды өмір
қажеттігінің орындалмауы не оның орандалмайтыны жөнінде ақпарат алудан болатын жағымсыз эмоциялық күй.
- Қаһар – субъектіге өте маңызды қажеттіктің күшті кедергіге ұшырап,
олырдалу мүмкіндігінің кенеттен жойылуына байланысты пайда болып, дүлей көрініс беретін ұнамсыз Эмоциялық қалып.
- Жеркену - тікелей қатынаста болған объекттердің (заттар, адамдар,
құбылыстар, оқиғалар ж.т.б) жеке адам идеологиясында адамгершілік не эстетикалық талғамына ымырасыз қарама-қарсылықты болуынан туындайтын ұнамсыз сезім түрі.
- Жек көру-адам аралық қатынастарда субъекттің көзқарас, өмірлік
салты мен сезім объекті қылықтарының Бір-біріне сәйкес келмеуінен жүз беретін ұнамсыз көңіл-күй.
- Қорқыныш- субъектте өз тіршілігіне шын немесе болуы мүмкін қатер
жөнінде
- ақпарат алумен бірге пайда болатын сезімдік құбылыс.
- Ұят-субъекттің өз қылық-әрекеттері, ниеттері және сырт келбетінің
басқалар күткендей не өз принциптеріне орайлас болмағанын түсінуден келіп шығатын ұнамсыз сезім түрі. Эмоциялық толғаныстар біртекті болмайды. Бір объектің өзі бір-біріне қайшы келген әрқилы сезімдік күйді пайда етеді. Бұл құбылыс амбиваленті (екі ұшты) деп аталады. Амбиваленті жағдай адамдағы тұрақтағы қалып пен нақты оқиғаға байланысты оның сезімі арасындағы қайшылықтан туындайды; мысалы; махаббат және қызғаныштан болатын өшпенділік екеуі бірге жүр
Күрделі эмоция
Күрделі эмоциялардың бірі –көңіл.
Адамдарды кейпіне қарап шат, жайдары, жылы жүзді, ақжарқын,
ызалы, түсі суық т.бдеп ажыратады.
Өте күшті эмоциялық әрекет көрінісі –аффект қысқа да қарқынды өтуімен ерекшеленеді. Бұл сезім құбылысы субъект үшін өте қажетті болған өмір жағдайларының кенеттен өзгеріске түсуінен болады. Аффекте адамның қозғалыс әрекеттері ұстамсыз күйге келіп, ішкі ағзалар қызметі күйзеліске ұшырайды: тілден қалады, жүрегі ұстайды, есінен танады ж.т. Бұл қорыққаннан да қатты қуаныштан да болады.
Дені сау адам бойын аффект кернеген кезде ақыл есінен танбайды. Адам бойында қаншалықты ашу-ыза болғанымен, оны долылыққа жеткізбей, аффектіні ауыздықтап, ерік күшіне бағындыруына болады. Осы орайда, халық даналығында «Ашу дұшпан, ақыл дос, ақылыңа ақыл қос» деген мақалдың тағлымдық маңызы зор.
Адамның көңіл-күйінің кейпін білдіретін жәйттің бірі психологияда фрустрация деп аталады. Жоспарланған ісі мен мүдделі мақсаты түрлі себептер мен кедергілерге ұшырап, адам оған ренжиді, көңілі құлазып, қайғырып, күйзеледі, ашуға булығады. Қанағаттанбаушылық сезімінен жан дүниесі қиналады.Адамның сезімі мен эмоциясы жағымсыз күйге ұшырайды. Фрустрациялық жағдайда көңіл өшпенділік, кейіс пен қаһар тудыруға бейім келеді.
- Эмпатия – қайғы – қасіретті жағдайлар мен қиыншылықтарға
ұшыраған өзгелерге жанашырлық білдіріп, солардың ауыр халі өз басыңа түскендей сезіну. Адамдардың бір бірінің күйзелісті жағдайларға ұшырауын терең түсініп, оған жанашырлық білдіруі олардың өмір тәжірбиесіне, мінез құлқындағы адамгершілік қасиеттеріне де байланысты болып отырады.
- Құмарлық. Құмарлық көрінісі анық, ұзақ уақытқа созылады. Ол
әрқашан белгілі бір затқа бағытталады. Құмарлық - адамның белсенді іс-әрекетін оятатын күшті сезім. Оның ұнамды және ұнамсыз жақтары бар. Мысалы оқуға деген құмарлық адам қабілетін тәрбиелейді, мәдениетін дамытып, өмірдегі мақсат - мүддесіне жеткізеді. Ал ұнамсыз құмарлық адамның еркін нашарлатады, жан дүниесін аздырып, Бей-берекетсіздікке ұшыратады.
Балалардың агрессивтілік мінезінің мотивтеріне кино мен теледидардың әсерін жатқызуға болады. Осыған байланысты агрессиялы әрекеттің төрт түрлі мәселелері қозғалады: меңгеру эффектісі, яғни коммуникация арқылы қалыптасқан агрессияны не күшейтеді? Эмоциялық салдардан туындаған мәселе; жағдай немесе шарттар мәселесі. Эксперименттік зерттеулер көрсеткендей балалар ақпараттық құралдар арқылы агрессивтілік мінездің жаңа түрлерін меңгереді: «қабілеттендіруші», «қоздырушы» моделдері. Сонымен баланың жасына тән заңдылық агрессия деңгейінің өсуімен байланысты болады. Егер бала өзінің агрессивті әрекеттерін қадағалауды үйренбесе, өсе келе агрессиялық басым болып өз жалғасын табады.
Біз жұмысымыздың басында, әдістемелерді өңдеу барысында бізге балалардың агрессиясының анықтауға көмектесетін зерттеу материалдарын жинадық. Мұнда мынандай әдістемелер қарастырылды:
Зерттеуді ұйымдастыру 2 бағыттан тұрады:
1. Агрессияның ситуативті шкаласы (қосымша А).
2. Астеникалық жағдайдың шкаласы /Шкала астенического состояния ШАС/ (Қосымша Б). [49].
Дата добавления: 2015-12-08; просмотров: 436 | Нарушение авторских прав