Студопедия
Случайная страница | ТОМ-1 | ТОМ-2 | ТОМ-3
АвтомобилиАстрономияБиологияГеографияДом и садДругие языкиДругоеИнформатика
ИсторияКультураЛитератураЛогикаМатематикаМедицинаМеталлургияМеханика
ОбразованиеОхрана трудаПедагогикаПолитикаПравоПсихологияРелигияРиторика
СоциологияСпортСтроительствоТехнологияТуризмФизикаФилософияФинансы
ХимияЧерчениеЭкологияЭкономикаЭлектроника

Зерттеу Әдістері

Читайте также:
  1. Дәріс. Құралда болу уақыты бойынша сұйық таралуы. Ағын құрылымын индикаторлы зерттеу әдісі.
  2. Зерттеу әдістемелерін таңдау мен зерттеу бағдарламасы
  3. Леуметтік психологияда баќылау ѓдісініњ зерттеу обьектісі не бола алады
  4. С. Мұқановтың қазақ әдебиеті тарихын зерттеудегі ізденістері

Үлгіні алу ережесі: талданатын өсімдік және топырақ үлгілері Қазақстан Республикасының Мемлекеттік санитарлық бас дәрігері Е.Е. Дүрүмбетов бекіткен «Унифицированные правила отбора проб сельскохозяйственной продукции, продуктов питания и объектов окружающей среды для определения микроколичеств пестицидов» № 2051-79 (№ 6.01.001.97 от 13.08.97 г.) атты әдістеме бойынша алынды [9].

Үлгіні алу мерзімі: Пестицидтердің ыдырау динамикасы мен қалдық мөлшерін талдау үшін үлгілер 0, 3, 7, 10, 14, 21, 28-ші күндерде алынды.

 

1-сурет Алма ағашына (Пеструшка сорты) өңделген пестицидтердің

ыдырау динамикасы мен қалдық мөлшерін анықтау үшін үлгілер жинау

кезі.

Алма бақтың қиғашынан әр 10-15 ағаштан алынып, өңделген ағаштың үш қабатынан, төрт жағынан 50-дей жапырақ жиналды. Егерде тәжірибе түрі 3-5 ағаштан болса, онда 1 ағаштан 15-20 жеміс алынып, орташа салмағы ұсақ жемістер үшін – 1-1,5 кг болуы керек. Сонымен қатар ағаштың - (жоғарғы, ортаңғы, төменгі) қабаттарынан және 4 жағынан 50-60 жеміс алынды (1-сурет).

Топырақ үлгісі: Егістік жердің көлемі 0,5-1,0 га болса, 25 м2-ден 4-6 учаскеге бөлінеді. Мұнда жер бедері, топырақ құрылымы мен оның қабаттары ескеріледі. Топырақ үлгісінің алынуы жер бедеріне, тереңдігіне байланысты алынады. Пестицидтермен өңделген топырақ қабаты: 0-10 см, 10-20 см, 20-30 см-дегі тереңдіктен, белгіленген жерден алынып, орташа салмағы 1 кг-ға жетуі керек.

Жемістер мен көкөністердің үлгілерін талдауға дайындау: Жемістің 1 кг үлгісін орташа үлгі деп алып, жақсылап араластырып, оның ¼ бөлігі талдауға алынды. Алма жемістерін екіге бөліп, бөлінген жемісті тұқымынан айырып, үгітеді. Осы үгітілген үлгіні елеуіштен өткізеді. Жемістер талдау алдында өлшеп алынды, содан кейін жуылып, тазаланып зертханалық үгіткіш көмегімен үгітілді.

Пестицидтерді өсімдік немесе топырақ құрамынан бөлу: Пестицидтің бөлінуі тербелткіш көмегімен және еріткіш қосу арқылы ерекшеленеді.Бөлу әдісі бойынша өсімдік 1,5-2,0 см2 өлшемінде туралып, колбаға салынып, ерітінді құйылады. Осы қоспаны 20-30 минут тербелткіш көмегімен шайқайды немесе үлгіні бір тәулікке қалдырады. Ерітінді құрамындағы суды сүзгі көмегімен, сусыз натрий күкірт қышқылы арқылы фарфорлы ыдысқа сүзеді. Сүзілген ерітіндіні сулы моншада кептіргеннен кейін, 2-3 мл органикалық ерітінділерде (ацетон, гексан) ерітіп, хроматограф құралында анықталады.

Пестицидтердің қалдық мөлшерін анықтау әдістері Т.А. Банкина және басқа авторлардың [10] мәліметтері бойынша, хроматография әдістері арқылы таза заттар алынады. Хроматография әдісі - физико-химиялық қосылыстардың таралу коэффициенттерін, адсорбциясын, комплексті қосылыстардың тұрақты-лығын, газ және сұйық фазадағы диффузия коэффициенттерін, гетерогенді және гомогенді каталитикалық реакциялардың кинетикасын зерттейді. Сонымен қатар бұл әдістің мақсаты – газ, бу, сұйық немесе ерітілген заттар қоспасын сорбциялық әдістермен бөлу.


Дата добавления: 2015-11-28; просмотров: 322 | Нарушение авторских прав



mybiblioteka.su - 2015-2024 год. (0.006 сек.)