Студопедия
Случайная страница | ТОМ-1 | ТОМ-2 | ТОМ-3
АвтомобилиАстрономияБиологияГеографияДом и садДругие языкиДругоеИнформатика
ИсторияКультураЛитератураЛогикаМатематикаМедицинаМеталлургияМеханика
ОбразованиеОхрана трудаПедагогикаПолитикаПравоПсихологияРелигияРиторика
СоциологияСпортСтроительствоТехнологияТуризмФизикаФилософияФинансы
ХимияЧерчениеЭкологияЭкономикаЭлектроника

І Бөлім Агрессияның психологиялык теориялық негізі

Читайте также:
  1. Бастапқы мәліметтерді нормалау негізінде өзен ағындысын моделдеудің алгоритмі
  2. Доминанто», «Қозудың оптимальдық алабы» теориялары қай психикалық құбылыстың физиологиялық негізі?
  3. Дробянкалар бөлімі.
  4. Жоғары оқу орнының әкімшілігі мен оның құрылымдық бөлімдері туралы ақпарат
  5. Кіші бөлімі. Әкімшілік-шаруашылық бөлім жөніндегі денсаулық сақтау ұйымы басшысының орынбасары
  6. Кіші бөлімі. Денсаулық сақтау ұйымының басшысы

АЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТРЛІГІ

ЕУРАЗИЯЛЫҚ ГУМАНИТАРЛЫҚ ИНСТИТУТ

Педагогика кафедрасы

Ахметова Жулдыз

 

Жеткіншектердің агрессиясын әлеуметтік-психологиялық феномен ретінде зерттеу

Дипломдық жұмыс

5В010300 – Педагогика және психология

 

Астана 2014

 

АЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТРЛІГІ

ЕУРАЗИЯЛЫҚ ГУМАНИТАРЛЫҚ ИНСТИТУТ

Орғауға жіберілді” _______ кафедра меңгерушісі п.ғ.д., профессор Б. Сарсекеев “_____”_____ 2014 ж.

Дипломдық жұмыс

Жеткіншектердің агрессиясын әлеуметтік-психологиялық феномен ретінде зерттеу

 

5В010300 – Педагогика және психология

Орындаған студент Ахметова Жулдыз

Ылыми жетекшісі аға оқытушы Ж.И.Пахрутдинова

 

 

Астана 2014

 

МАЗМҰНЫ

Кіріспе......................................................................................................................4

 

І–Бөлім Агрессияның психологиялық теориялық негізі.......................................................................................................................10

 

1.1 Агрессия және оның қазіргі кездегі психологиялық қөзқарастары мен түрлері....................................................................................................................10

1.2 Жеткіншек бойында кездесетін агрессивтілік әрекеттің пайда болуы мен жүргізілетін психологиялық түзету-дамыту жұмыстары..............33

ІІ – Бөлім Жеткіншектердің аггрессивтілігін эксперименталды зерттеу....................................................................................................................60

 

2.1 Зерттеу әдістемелерін таңдау мен зерттеу бағдарламасы...........................60

2.2 Зерттеу барысы мен нәтижелерді өндеу.......................................................63

Қорытынды..........................................................................................................67

 

Қолданылған әдебиеттер тізімі.........................................................................69

 

Қосымша...............................................................................................................72

 


КІРІСПЕ

 

Зерттеудің көкейкестілігі. Қазақстан Республикасының білім беру жүйесін дамытудың мақсаттары мен міндеттерін, құрылымы мен мазмұнын және негізгі стратегиялық бағыттарын айқындайтын білім беруді дамыту тұжырымдамасы мемлекеттік тәуелсіздікті қалыптастыру мен нығайтудың, елдің прогресшіл дамуының негізін құрайды. Бұл тұжырымдамада көрсетілгендей ағымдағы жағдай және білім беруді дамытуды тежейтін факторлар бөлімінде негізгі мәселе мектеп жасына дейінгі жас кезеңдегі эмоциялық дағдарыстар деп көрсетіледі [1]. Сондықтан соңғы жылдары балалардағы агрессивтілік жағдай бой көрсетіп келеді.

Осы бала бойындағы агрессиялы әрекеттің пайда болуын психологтар жан-жақты түсіндіреді. Агрессияның қай түрі болса да, бұл өзгеге қиянат көрсету дегенді байқатады. Агрессияның қай түрін зерттейтін психологиялық бағыт болмасын әр қайсысы өзінше түсіндіреді. Ғылыми зерттеу жұмыстарын талдау нәтижесінде жалпы білім беретін мектептердегі оқушылар мен жетім балалар үйіндегі жетім балалардың әлеуметтік дамуының ерекшелігі олардың біреулері отбасында, ал екіншілері отбасынан тыс мекемелерде тәрбиеленуінде ғана емес, сондай-ақ олардың қоғамдағы белгілі бір орынды иеленулеріне де байланысты екені байқалды. Ал, бұл жайлы жинақталып, бір жүйеге келтірілген мәліметтер өте аз. Осыған байланысты отбасынан тыс мекемелерде тәрбиеленіп жатқан жасөспірім тұлғасының педагогикалық, психологиялық, әлеуметтік- педагогикалық даму мәселелеріне тоқталып, жан-жақты зерттеу қажеттілігі байқалды.

Біз зерттеу барысында агрессивті балалармен тәрбиеленушілердің ерекшеліктерін, даму өзгешелігін зерттеген психолог ғалымдардың еңбектеріне сүйене отырып, агрессивті балаларға тек психологиялық ғана емес, сонымен қатар оларды әлеуметтендіруде “әлеуметтік-педагогикалық”білімдермен, жұмыстар жүйесінің, ақпараттық көмектің қажетті екендігін көрдік. Көптеген теориялық деректерді талдау барысында біздің тарапымыздан қазіргі жағдайда агрессивті балаларға көмек көрсету жүйесінде түрлі әлеуметтік институттарында тәрбиеленетін мекемелер қызметінің бірнеше жұмыс бағыттары айқындалды. Атап айтар болсақ, әлеуметтік, медициналық, психологиялық, ұйымдастырушылық-тәрбиелеушілік. Мұндағы тәрбиеленушілердің қоғамдық ортаға бейімделуі баланың әлеуметтік статусына сай емес, медициналық тұрғыдан бұл типтегі балалар тұқым қуалаушылық тұрғысынан дертке шалдыққан немесе нерв жүйкелері тозу арқылы ашушаң, ызақор болып келеді. Мұның барлығы айналып келгенде олардың әлеуметтенуіне кедергі келтіріп, әлеуметтендірудің тиімділігін төмендетеді яғни, балалар шынайы өмірге даярланбайды. Оларды қоғамдық өмірге даярлауда өздерімен қатар бірге алып жүретін адамдардың қажеттігі туындайды. Біздің ойымызша олар, ең алдымен, әлеуметтік педагогтар, содан кейін психологтар, жалпы педагогтар.

Оларды әлеуметтендіруге қиыншылық тудыратын себептерге тоқталар болсақ, олар әлеуметтік бейімделу деңгейлерінің, әлеуметтік белсенділік-терінің, әлеуметтік құзыреттіктерінің, әлеуметтік құндылықтарының қалыптасуы төмендегідей болып отыр. Оларды әлеуметтендіру әлеуметтік педагогтар, тәрбиеші, педагог қоғам жүйесі арқылы іске асырылуы тиіс деген тұжырым жасауға болады. Демек, жетім балаларға әлеуметтік-педагогикалық тұрғыдан көмек көрсету, өмір сүруге үйрету, өзімен қатар алып жүру әлеуметтік педагог, психологтардың, тәрбиешілердің, кәсіби іс-әрекеттерінің жүйесі болып табылады. Бұл агрессивті балаларды өзімен қатар алып жүру баланың бойындағы жеке қасиеттерге сүйену арқылы іске асырылады. Агресситві балалардың тұлғалық әлеуметтенуіне бағытталған педагогикалық алғы шарттар жасалуы және теориялық тұрғыдан жүйеге келтірілуі, әдістемелік тұрғыдан нақты қарастыру, кезек күттірмейтін мәселе деп айтуға болады.

Агрессивті балалар шектеулі қарым-қатынастың шеңберіндегі әлеуметтік байланыстардың тұйық жүйесінде өмір сүреді. Отбасының, білім беру жүйесінің әлеуметтендіру әсері барынша кемиді, достарымен, құрдастарымен қарым-қатынас шеңбері тарылады. Қоғам мекемедегі баланы шеттетіп, оны өзінен және де мәдени құндылықтар мен заңдылықтардан алшақтатады. Балаға қоғамнан алшақтату жағдайында әлеуметтік мәдени тәжірибені жеткізу қиындайды, ол ересек болған кезде де орны толмас тапшылық болып қалады.

Агресситті балаларды зерттеу барысында көптеген психологиялық мектептер өздерінің ой-пікірлерін ұсынады, мысалы, психоаналитикалық бағытты ұсынғандар: З. Фрейд [2], А. Адлер [3], К. Юнг [4], және т.б анықтауы бойынша агрессия — инстинкті, қастандық әрекет, бұл сана мен санасыздықтың арасындағы дау-дамай, адамның психологиялық қорғанысының бір түрі.

Әрекетке тиесілі бағыт: бұл жерде агрессиялық қимыл, эволюциялық процеске емес жағдайға байланысты қарастырылған. Дж. Доллард [5], Л. Берковитц [6], С. Розенцвейгтер [7] агрессияны - фрустрация әсері деп қарастырған.

Гуманистік бағыт: (К. Роджерс) [8] түсіндіруі бойынша агрессия – бұл шектелген бостандыққа индивидтің мәжбүр болған жауабының әрекеті. Агрессияны түсіндіру – бұл психологиялық қорғаныстың жан-жақты әр түрі.

Әлеуметтік оқыту бағыты: (С.Н. Ениколопов [9], Д. Зильман [10]) бұл түжырымның құрамына агрессиялылық – яғни үйрету нәтижесінде қалыптасқан әрекет, мінез көрінісі болып қалыптастырылады.

Қазақстан Республикасы Президентінің 2004 жылғы 11 қазандағы №1459 Жарлығымен бекітілген Қазақстан Республикасының 2005-2010 жылдарға дейінгі Стратегиялы даму жоспарында — бала тәрбиесі мен білім беру жүйесін нығайтуда баланың эмоциялы күй-жағдайына көбірек көңіл бөле отырып дамыту негізгі мәселесі болып қарастырылған [11].

Бүгінгі таңда осы проблема ауқымды, өзекті мәселе. Қоғамның дамуындағы жеке адамның эмоциясы тұрақты нормада болуының қоғамға әсері, экономикалық техниканың жетістіктеріне жетуге итермелейтіндігі. Президент Н.Ә. Назарбаевтың Қазақстан халқына Жолдауында былай деді: «Біріншіден, осы өңірде тұрақсыздық пен діни экстремизм етек жая бастауы. Екіншіден, географиялық орналасуы жағынан алғанда Қазақстан бел ортасында тұрған өңірде есірткі таратудың тыйылмай отыруы» [12]. Нашақорлық, өзгеге қиянат зорлық көрсету сияқты осындай жағдайлар адам бойында кері әсердің жиылуы, агрессивтілік әрекеттің осылай бой көрсетуі - өзін және өзгені талқандауы. Бұл көрініс баланың тұлғалық дамуында қалыптасуының алдын алу, мүны мектепке дейінгі жастан бастап қолға алу қажеттілігі. Яғни ерте мектепке дейінгі жас, тұлғаның оң көрсеткішті құндылықтарының дамуының негізгі фундаменті. Балаға ерте жастан ішкі кері әсерін, өзіне немесе өзгеге бағыттау емес, оны ойын арқылы затқа ауыстыру жолдарын үйретіп отырған жағдайда, бала өсе келе осы артық энергияны еңбекке, спортқа т.б. яғни қоғамға пайда келтіретін тұстарына жұмсап, үлестіріп отырады (жеңілдейді).

Отандық ғалымдар арасында, мінез-құлықтың ауытқуын Г.А.Уманов [13], Л.К. Керимов [14], З. Зұбайраева [15] және т.б. педагогикалық тұрғыдан қарастырған. Ш.Е.Жаманбалаеваның еңбектерінде девиантты мінез-құлықтың әлеуметтік аспектілері қарастырылған [16].Бұл зерттеулер әрине, біздің мәселеге де қатысты, өйткені жетім балаларды, девиантты қиын балалар қатарына да жатқызады.

Біздің зерттеу жұмысымыздың теориялық бөлімінде агрессия анықтамалары мен сипаты, агрессивтіліктің пайда болу себептері мен шығу көздері талданады. Осының негізінде мектеп жасына дейінгі балалардың бойында кездесетін агрессияның айқын дәлелдемелер арқылы түрлері көрсетілген.

Осындай жағымсыз агрессия туындауының алдын-алу мақсатында балалардың өзімен және олардың ата-анасымен жүргізілетін бірқатар психологиялық кеңес беру шараларын тиімді қолдану жолдары айқындалады.

Зерттеу нәтижелері көрсеткендей агрессиялы балалармен психологиялық түзету-дамыту жұмыстары мынадай төрт бағытпен жүргізілген жағдайда едәуір агрессиялы күйді жеңілдететіндігін дәлелдейді.

Агрессиялы баланың ызалы кезінде олармен мүмкіншілігінше ыңғайлы карым-қатынас құра отырып, агрессиялы күйін жағымды жаққа қарай өзгертуге тырысу қажет. Әртүрлі жағдайларда баланың өзін-өзі ұстай білуге психологиялық тренингтер арқылы үйрету керек. Агрессиялы балалармен дау-дамай кезінде жағымды қарым-қатынас жасаудың тиімді жолдарын қарастырған жөн. Балалармен психологиялық жағдай құру арқылы эмпатия, адамға деген сенімділік қасиеттерін дамытуға байланысты психологтың өзі үлгі болатындай болу қажет.

Адамның өзіндік агрессиялы күйлерін реттеп, бақылау жасау арқылы адам көптеген жетістіктерге жетуі даусыз.

Балаларға неғұрлым көбірек психологиялық көмек көрсетіп, ойындар ұйымдастыру арқылы олардың сеніміне кіріп кері әсерден арылуға көп мүмкіншілік жасауға болады.

Зерттеудің мақсаты: балалардың агрессивтілік күй-жағдай ерекшеліктерінің сипатын ашу, сонымен қатар, агрессивтілік кері әсерлерден жеңілдету негізінде психологиялық көмек көрсету жолдарын айқындау.

Зерттеу нысаны: Жеткіншек жастаға балалар

Зерттеу пәні: Жеткіншектердің агрессивтілігін түзету процесін жеңілдету жолдары.

Зертеудің міндеттері:

1. Агрессияның табиғи шығу жолдарын және балалардың агрессивті әрекетін теориялық зерттеу.

2. Жеткіншектердің эмоциялық күйінде көрінетін агрессия түрлерін ашып көрсету.

3. Жеткіншектердің агрессиялық әрекетін эксперименталды зерттеу.

Зерттеу жұмысының болжамы: Жеткіншектердің агрессивтілігі арнайы ұйымдастырылған психокоррекциялық ойын сабақтар негізінде жеңілденеді

Зерттеу көздері: біздің зерттеу жұмысымызға өзек болған агрессияны инстинкті, қастандық әрекет, сана мен санасыздықтың арасындағы дау-дамай, агрессиялық қимылды эволюциялық процеске емес жағдайға байланысты түсіндірулеріндегі шектелген бостандыққа индивидтің мәжбүр болған жауабының әрекеті қорғаныс реакция туралы ілімі; әлеуметтік оқыту бағытын агрессиялылық үйрету нәтижесінде қалыптасқан әрекет, мінез көрінісі ретінде қарастырған тұжырымы.

Зерттеу жұмысының жаңалығы: Эмоциялық күйлер сипатын көрсететін мәселе бойынша ізденген авторлардың тұжырымдамасында бала агрессиясы және оның түзету-дамыту жолдарына аз көңіл бөлінген, аяқталмаған тұстары көп.

Агрессиялық қалып мәселесінің қазіргі уақытта бала бойындағы, мектеп жасына дейінгі шақтан бастап ауқымды бой көтеруі. Ата-аналар осы проблема бойынша өзін, баласын агрессиядан арылтып, жеңілдету мақсатында психологтан көмек сұрап келуінің жиілеуі.

Біздін зерттеу жұмысымыз, аталған мәселені шешуге арналады.

Зерттеу жұмысының практикалық мәні: Қазіргі қоғамымызда кез келген әрекетке агрессиялы жауап берудің алдын алу мақсатында, оның едәуір ерте көріну себептерін түсіндіруде, агрессиялы әрекетті болдырмау тұрғысында бұл зерттеудің маңызы зор болып табылады. Балалардағы эмоциялық тұрақсыздықты реттеу мақсатында жүргізілген жұмыстар, олардың агрессиясын жеңілдетуге бағытталған бағдарлама, сол бағдарлама бойынша жасалынған практикалық сабақтардағы психокоррекциялық жұмыстарды бала бақшада, сондай-ақ мектепте бастауыш сыныптағы балаларға да қоладануға тиімді және ол өз жемісін береді. Балалардың агрессиясын жеңілдетуге бағытталған психокоррекциялық жұмыстар нәтижесі бойынша жасалған нұсқаулар мен кеңестер бала бақша тәрбиешісіне, мектеп мұғалімдеріне, мектеп психологы мен ата-аналарға таптырмайтын қазына болып табылады.

Зерттеу әдістері: теориялық зерттеу әдістері, әдебиеттерді талдау әдісі, диагностикалық әдіс: бақылау әдісі, агрессияның ситуативті шкаласы, астеникалық жағдайдың шкаласы /Шкала астенического состояния ШАС/, ойын әдісі, пиктограмма әдісі, эксперимент әдісі, интерпретациялау әдісі.

Диплом жұмысының құрылымы:

Диплом жұмысы кіріспеден, екі бөлімнен, қорытынды мен пайдаланылған әдебиеттер тізімінен, қосымшалардан тұрады.

Кіріспе бөлімде зерттеудің көкейкестілігі, мақсаты, нысаны, пәні, міндеттері, ғылыми болжамы, зерттеу көздері, ғылыми жаңалығы, практикалық мәні, зерттеу әдістерінен тұрады.

Агрессияның психологиялық теориялық негізі атты бірінші бөлімінде а грессия және оның қазіргі кездегі психологиялық қөзқарастары мен түрлерімен жеткіншек бойында кездесетін агрессивтілік әрекеттің пайда болуы мен жүргізілетін психологиялық түзету дамыту жұмыстары анықталған. Жеткіншектердің аггрессивтілігін эксперименталды зерттеу атты екінші бөлімде зерттеу әдістемелерін таңдау мен зерттеу бағдарламасы мен зерттеу барысы мен нәтижелерді өндеу берілген. Қорытындыда зерттеу жұмысының нәтижесі түйінделеді.

 

 

І Бөлім Агрессияның психологиялык теориялық негізі


Дата добавления: 2015-12-08; просмотров: 713 | Нарушение авторских прав



mybiblioteka.su - 2015-2024 год. (0.012 сек.)