Студопедия
Случайная страница | ТОМ-1 | ТОМ-2 | ТОМ-3
АвтомобилиАстрономияБиологияГеографияДом и садДругие языкиДругоеИнформатика
ИсторияКультураЛитератураЛогикаМатематикаМедицинаМеталлургияМеханика
ОбразованиеОхрана трудаПедагогикаПолитикаПравоПсихологияРелигияРиторика
СоциологияСпортСтроительствоТехнологияТуризмФизикаФилософияФинансы
ХимияЧерчениеЭкологияЭкономикаЭлектроника

Дробянкалар бөлімі.

Читайте также:
  1. Кіші бөлімі. Әкімшілік-шаруашылық бөлім жөніндегі денсаулық сақтау ұйымы басшысының орынбасары
  2. Кіші бөлімі. Денсаулық сақтау ұйымының басшысы
  3. Кіші бөлімі. Зертхана маманы
  4. Кіші бөлімі. Зертханашы
  5. Кіші бөлімі. Оптик және оптикометрист
  6. Кіші бөлімі. Сарапшы-дәрігер

Төменгі, жоғары сатыдағы споралы және жалаңаш тұқымды

өсімдіктер систематикасы»

Дәріс № 2

Тақырыбы: Прокариоттар. Бактериялар бөлімі.

 

Дәрістің мақсаты: Бактериялардың құрылысы, көбеюімен, адам өміріндегі маңызы.

 

Дәрістің мақсаты: Бактериялар. Бактериялардың жалпы сипатамалары және олардың жіктелуі, құрылым ерекшеліктері, таралуы мен көбеюін оқып-білу. Олардың табиғаттағы маңызы.

 

Түйінді сөздер: Дробянкалар, колониялы, зооспора, спорофит, спорангий, зигота. Актиномицеттер. Миксобактериялар. Спирохеттер. Микоплазмалар

 

Дәрісте қаралатын сұрақтар:

1 Бактериялар. Нағыз бактериялар класы. Бактериялардың құрылысы.

2 Бактериялардың қоректенуі. Таралуы. Көбеюі. Классификациясы.

Бактериялардың өкілдері, олардың ерекшеліктері. Адам өміріндегі маңызы.

Қолданылатын әдебиеттер тізімі:

1. Ахметов Ә., Мырзақұлов Жоғары сатыдағы өсімдіктер систематикасы. А., 2000.

2.Әметов Ә. Ботаника. Алматы, 2000, 2005 ж.

3. Макенова М. Ботаника курсының практикумы. Алматы, 2000 ж.

4. Лотова Л.И Ботаника. 2007ж

5. Мұсақұлов Т.М., Ахметов Ә. Жоғары сатыдағы өсімдіктер. Алматы,1999ж.

6. Қужантаева Ж., «Төменгі сатыдағы өсімдіктер систематикасы».Оқулық. Алматы, 2004ж

7. Искендирова Р.А. Төменгі, жоғары сатыдағы споралы, жалаңаш тұқымды өсімдіктер систематикасы, оқу-әдістемелік құралы. Алматы,2010ж

8. Искендирова Р.А. Төменгі, жоғары сатыдағы споралы, жалаңаш тұқымды өсімдіктер систематикасы, оқу құралы. Алматы,2011ж.

 

Дробянкалар бөлімі.

Дробянкалар өз атын көбеюіне байланысты алынған. Жасушаларының жәй екіге бөлінуі, ядролық аппарытының бөлінуімен аяқталады. Дробянкаларға жататын организмдердың мембранамен қоршалған ядросы болмайды. ДНК-сы шеңбердің ішінде жататын жалғыз ғана жіпше түзеді. Жасуша бөлінбес бұрын созылып жіңішкереді, содан соң біртіндеп теңдей екі бөлікке бөлінеді. Олпрда пластидтерде, митохондрияда болмайды.Жасуша қабықшасының негізін гликопептид муреин түзеді. Дробянкалардың талшықтары болмайды, бола қалғанның өзінде олардың құрылысы қарапайым болып келеді. Бактериялардың жіктелуін бір ізге келтірген ғалымдар Н.А.Красильников(1949-1974), Д.И.Никитин(1979) болды. Қазақстанда бактерияларды зерттеумен айналысқан ғалым академик А.Н.Илялетдинов(2001).

Н.А.Красильников(1974) жылы бактериялар бөлімін 5 класқа бөлді:

1. Нағыз бактериялар немесе эубактериялар(Eubacteria)

2.Актиномицеттер(Actinomycetes)

3. Миксобактериялар(Myxobacteria)

4. Спирохеттер(Spirochaetea)

5. Микоплазмалар(Mollicutes), осылардың ішінде табиғатта кең таралғаны нағыз бактериялар немесе эубактериялар.

Бактерияларды табу, зерттеу ХVII ғ ұлғайтып көрсететін аспаптың шығуына байланысты дамыды. Ұсақ ағзаларды алғаш рет голландиялық Антон Левенгук(1632-1723) ашқан. Ол 150-270 есеге дейін ұлғайтып көрсететін микроскоп жасап, сонымен қолына ілінген заттардың (тоқтау су, теңіз суының тамшысы, бұрыштың тұнбасы және т.б) барлығын қараған. Бактерия жайлы алғашқы дерек 1683 жылы А.Левегуктың Лондандағы Король қоғамына бактерияның мөлшерін, пішінін, қозғалысын сипаттап жіберген хатында баяндалған.

1870-1880 жылдары француз ғалымы Луи Пастер ағзаларда ауру тудыратын, тағамдарды білдіретін ұсақ ағзалар бар екенін тәжірибе жүзінде дәлелдеді. Олардың кейбір түрлерінің ауасыз ортада тіршілігін жалғастыратынын көрсетіп, микробиология ғылымының дамуына орасан зор үлес қосты.

Микробиология(грекше «микрос»-кішкене, «лотос»- ғылым)- көзге көрінбейтін, ұсақ тірі ағзалардың құрылысын, қасиеттерін, пайдасы мен зиянын зерттейтін ғылым.

Левенгуктың ашқан жаңалығы микроағзалар дүниесін зерттеуге, микробиологияның дамуына жол ашты. Соның нәтижесінде бактериялардың табиғатта таралуын толық зерттеп білу мүмкіндігі туды.

Бактериялар бөлімі. Бактерия(грекше «бактерион»- таяқша)- біржасушалы ағза. Бактериялардың пішіндері таяқша, шар, оралма тәрізді болады. Оның әрбір жасушасы қабықша мен цитоплазмадан, оқшауланбаған ядро затынан тұрады. Оқшауланған ядросы болмағанымен цитоплазмада ядролық зат шашыранды түрде орналасады. Жасушаның өте тығыз көп қабатты қабықшасы болады. Ол қорғаныш, тірек қызметін атқарып, бактерияның пішінін қалыптастырады. Цитоплазманың құрамында нәруыз және май заттары бар. Бактериялар негізінен түссіз, тек кейбіреулерінде ғана аздап бояғыш заттар кездеседі. Бактериялардың талшықты тобы болады. Олар өте тез қозғалады. Ылғалды ортамен +10 +40 С температура аралығында жақсы дамиды және қолайсыз жағдайда ұзақ шыдай алады.

Тіршілігіне қолайсыз жағдайлар туса (мысалы қорек, ылғал жеткіліксіз болса, температура күрт төмендеп немесе көтерілып кетсе), бактериялар спора түзеді. Спора(грекше «спорос»- сеппе,екпе)- тығыз қабықпен қапталған ерекше жасуша. Спора күйінде бактерия қоректенбейді және қозғалмалы, тыныштық күйде сақтала береді. Өйткені споралары қорғаныштық қызмет атқарып, бактерияларды сыртқы орта жағдайларына(қатты суық, құрғақшылық, суға қайнату және т.б) өте төзімді етеді. Ол топырақта 20-30 жылға дейін тіршілік ете алады. Қатты соққан желдің әсерінен споралар алыс жерлерге таралады. Қолайлы жерге түссе, қоректеніп бактерияға айналады. Осылай спораларға айналу арқылы бактериялар өз тіршілігін сақтайды.

Бірақ бактерия спораларының көбеюге ешқандай қатысы жоқ. Бактериялар барлық жерде: ауада, суда, топырақта, өлі денелермен тірі ағзаларда кездеседі. Суық болса да Арктика, Антрактида, қте ыстық Сахара шөлінде де 80 С ыстық қайнарларда да, жер асты суларында да кездеседі.

Басқа ағзалар сияқты бактериялар да айналадағы сыртқы ортадан қоректік заттарды сіңіру арқылы қоректенеді. Жасушасына енген қоректік заттардың бір бөлігі цитоплазманың құрамына енеді. Екінші бөлігі энергиялы қор заттарын құрайды.

Жасушасында хлорофилі болмағандықтан бактериялардың көпшілігі дайын ағзалық заттармен қоректенеді. Табиғатта бактерияларға қорек болмайтын зат жоқ десе де болады. Олар: асфальт, мұнай, ағаш, пластмасса және т.б заттармен де қоректене береді. Тек аз ғана түрлері бейағзалық заттардан ағзалық зат түзеді. Бактерияларды қоректенуіне қарай сапрофиттер және паразиттер деп екі топқа бөледі. Көптеген бактериялар жануарлардың өлекселері мен өсімдіктердің қалдықтарында мекендейді.

Өлі ағзалардың денесінде тіршілік ететіндер- сапрофиттер. Сапрофит(грекше «сапрос»- шіріген, «фитон»- өсімдік). Адамның, жануарлардың, өсімдікктердің денесінде мекендеген, тірі ағзаның жасушаларынан ағзалық заттарды сорып қоректенетін бактериялар паразиттер(грекше «параситос»- басқаның есебінен қоректену) деп аталады.

Барлық тірі ағзаларр сияқты бактерияларда тыныс алады. Көптеген бактериялардың тыныс алуы жасыл өсімдіктерге өте ұқсас. Тыныс алу кезінде ауадан оттегін сіңіреді де, көмірқышқыл газы мен химиялық энергияны бөліп шығарады. Табиғатта мұндай бактериялар топырақтың, судың, азықтардың үстіңгі қабықтарында тіршілік етеді. Қолайлы жағдайда(ауа,су, қорек жеткілікті болғанда) бактериялар балғу арқылы көбейеді. Мұндайда бір жасуша екіге бөлінеді. Пайда болған жас жасуша әрбір 20 минут сайын бөлініп отырады. Қанша жылдам бөлінгенімен, олардың қолайсыз жағдайға кездескендері тіршілігін тез жояды.

Әйгілі адамдар мен ғалымдар деректері микробиология ғылымын дамытуға үлес қосты. Солардың нәтижесінде бактериялардың пішіні, құрылымы және тіршілік әрекеті едәуір толық зерттелді. Қоректенуіне қарай сапрофиттер және паразиттер тобына бөлінеді. Қолайсыз жағдайда спора түзіп қорғанады. Бөліну арқылы көбейді.

Бактериялар орасан көп мөлшерде кең таралған. Ірі қалалардың 1 м2 ауасында 10-15 мың, ал сапалы сүтте 500 мыңға дейін актериялар болады. Антрактиканың 1г мұзынан 100-ге деәін бактерия табылған. Жыртуға арналған жердің 1г топырағында 1 миллиардтан 20 миллиардқа дейін микроағзалар болады. Бактериялардың көпшілігі 0С-де өмір сүруін тоқтатады, бірақ тіршілігін жоймайды.

Бактериялар классификациясы. Тірі дүние жүйесінде бактериялар клеткалылар империясына, прокариоттар дүние тармағына немес бытыраңқылар(монера) дүниесіне жатады. Молекулалы-биологиялық зерттеулерге байланысты бактерияларда екі дүние тармағын: Архебактериялар және Эубактериялар(Серавин, 1991) немесе үш дүние тармағын: Архебактериялар, Эубактериялар және Оксифотобактериялар(Мамонов және т.б, 1992) қарастырады.

Бактерияларды микроскопиялық ядросы жоқ организмдердің тобы ретінде және ескі оқулықтардағы бактерияны бір бактериялар дүние деңгейінде қарастыру, қазіргі кезде ескірген. Л.Н. Серавиннің(1991) пікірінше, бактериялар- бұл ерекше клеткаға дейінгі (прокариотты) бактериоидты деңгейлі құрылысы бар организмдер, оның құрылысы: процитке, процит отарына, полипроциттерге бөлінеді.

Бактериялар біздің планетаның қарапайым организмдері болып табылады, олар құрылысы және тіршілік ету процестері бойынша әртүрлі болып келеді.

Цианобактериялар(көк- жасыл балдырлар). 2 мың түрге жуық 54 бактериялар тіршілік етеді. Бұл үш млрд жыл бұрын пайда болған өте көне организмдер, клеткалардың пішіні доғал, цилиндр, таяқша тәрізді. Цианобактериялар біржасушалы болуы мүмкін немесе көпжасушалы жіпше құрайды. Клетканың жарғақшасы целлюлоза, нуклеин және пектин затттарынан тұрады. Сыртынан клеткалар тығыз қапшық тәрізді сілемеймен қапталған. Барлық прокариоттар сияқты оларда ядро болмайды. Цианобактериялар клеткаларының түсі әр түрлі – көк жасылдан күлгін, қызыл, қараға дейін, мұндай спектр ерекше пигменттер жинағымен анықталады. Олар- хлорофилдер, ксантофилдер және фикобилиндер. Цианобактериялар жасушаның екіге бөліну арқылы көбейеді. Тіршілік ету ерекшелігі фотосинтезбен атмосфералық азотты азотфиксациялау қабілеті болып табылады. Көне дәуірде Архей заманында атмосферасы оттегімен цианобактериялардың фотосинтезі қызметінің арасында байыған цианобактериялардың негізгі бөлігі тұщы суларда, ал кейбір аздау түрлері теңіздерде мекен етеді. Шалшық сулардың қарқынды гүлдеуі цианобактериялардың көбеюімен байланысты. Азотфиксациялайтын цианобактериялар ауа азотын меңгеріп оны басқа организмдер пайдалана алатын қолайлы қосылыстарға айналдырады. Цианобактериялардың маңызы: зат және энергия айналымында үлкен рөл атқарады.


Дата добавления: 2015-11-26; просмотров: 610 | Нарушение авторских прав



mybiblioteka.su - 2015-2024 год. (0.008 сек.)