Читайте также:
|
|
40 жастағы ер кісі тіс дәрігеріне ерінінде ұзақ уақыт жазылмайтын тілікке, оның қышуына,еріннің ісіуіне, қабыршақ пен қабықтың пайда болуына шағымданды.
Өмір тарихынан: 2 жыл бұрын ЖИА - жүрек ишемия ауруымен ауырған, кардиологта «Д» тіркеуде тұрады. Кезеңмен кардикет, кардиомагнил қабылдайды. Стационарлы ем қабылдайды. Артериальды қан қысымы көтерілмеген. Анасы ишемиялық аурумен ауырып 52 жасында инфарктан көз жұмған. Шылым шекпейді.
Қарап тексергенде: еріннің қызыл жиегі кілегей қабығы ісінген, ерін аймағының терісі қабынған, кілегей қабатында бетінде тамшылы серозды жалқық бар нүктелі қоршаған ортадан шығыңқы орналасқан көптеген жаралар анықталды. («серозды құдық»). Гистологиялық тексеруде спонгиоз, эпидермистің тікенекті қабатында күлбіреуіктер анықталды.
Тағам қабылдағанда науқас өзін нашар сезінді: тері жабындысы лезде бозғылттанды, тері жабындысы суық термен жабылды.
Стоматологиялық диагноз қойыңыз. Жергілікті емнің алгоритмін құрастырыңыз. Жедел ситуацияның диагнозын қойыңыз және жедел жағдайға көмек көрсетуді ұйымдастырыңыз.
Терапиялық стоматология кафедрасының
Меңгерушісі м.ғ.д., профессор Баяхметова А.А.
Жауап эталоны №13:
Диагноз:Экзематозды хейлит
Жергілікті емнің алгоритмі
1. Ауыз қуысының санациясы.
2. Жергілікті жансыздандыру – 1-2 % ли-докаин ерітіндісімен ауызды булау, шабдалы майына 5 % анестезин ұнтағын қосып,аппликация жасау.
3. Антисептиклық шаю – 0,05 % хлоргексидин ерітіндісі, 3 % сутегінің асқын тотығы
4. Зақымдалу элементтерін ферменттермен өңдеу– 0,1 % трипсин ерітіндісі,0,9 % изотониялық ерітіндіге немесе дистилденген суға ерітілген хемотрипсин.
5 Еріннің домбығуын басу үшін глюкокортикостероидты жақпа - лоринден С, флуцинар, цедестодерм) ерін жиегін жұқа қабатпен тағам қабылдағаннан кейін күніне 2 рет. Ем курсы 7-10 күн.
6. Физиоем (көрсеткіш бойынша) – лазерлі терапия және кортикостероидты жақпамен фонофорез жасау.
Жедел жағдайлар ситуациясы: Жедел коронарлы синдром.
Жедел жәрдем көрсету алгоритімі
1 Медбикеге жедел жәрдем шақыруды бұйыру – реанимобиль немесе кардилогиялық бригаданы.
2. Науқасқа қолайлы жағдай жасау
3. Таза ауамен демалуын қамтамасыз ету
4.Ауалы жастық болған жағдайда, дымқылданған ауамен ингаляция жасау
5. 0,5 аспирин таблеткасын шайнату.
6. Артериальды қан қысымын және ЖҚЖ өлшеу.
Клиникалық жағдай № 14
40 жастағы әйел тіс дәрігеріне тілінің күюіне және қышуына әсіресе ащы,тұзды,қышқылды тамақ қабылдағанда күшейе түсетініне шағымданады.Бұл жағдай 2 ай бойы мазалаған.Қарап тексергенде:тілдің алдыңғы бетінде әр түрлі пішінді және жіп тәрізді бүртіктердің қайта орналасуына байланысты әр түрлі көлемді мүйізгектену,десквамация.ошақтары бар.Десквамация ошағында ашық-қызыл нүктелі түрінде саңырауқұлақ тәрізді бүртіктер ұлғайған.Тілдің жіп тәрізді бүртіктерінің десквамация ошағы және эпителийдің мүйізгектенуі бір бірімен ауысып,тілдің бетінде көшіп жүріп,бір бірімен бірігіп,әр түрлі фигуралар түзеді.
Дәрігердің қабылдауынан соң науқас разеткаға жақындап,зарядталып жатқан ұялы телефонын алмақшы болғанда электр желісінде ток күшейіп,науқасты тоқ ұрды.Науқас ес түссіз еденге құлады,тыныс алуымен жүрек жұмысы тоқтады.
Стоматологиялық диагноз қойыңыз.Жергілікті емнің алгоритмін құрастырыңыз. Жедел ситуацияның диогнозын қойыңыз және жедел жағдайға көмек көрсетуді ұйымдастырыңыз.
Терапиялық стоматология кафедрасының
Дата добавления: 2015-12-08; просмотров: 149 | Нарушение авторских прав