Студопедия
Случайная страница | ТОМ-1 | ТОМ-2 | ТОМ-3
АвтомобилиАстрономияБиологияГеографияДом и садДругие языкиДругоеИнформатика
ИсторияКультураЛитератураЛогикаМатематикаМедицинаМеталлургияМеханика
ОбразованиеОхрана трудаПедагогикаПолитикаПравоПсихологияРелигияРиторика
СоциологияСпортСтроительствоТехнологияТуризмФизикаФилософияФинансы
ХимияЧерчениеЭкологияЭкономикаЭлектроника

Жедел жағдай – естен тану.

Читайте также:
  1. B. жедел гепатитке
  2. Q]3:1:Прокуратура органы жедел іздестіру шараларын тоқтату туралы қаулы қандай жағдайда шығарылады?
  3. VI. ИКҚК пайда болған жағдайда медициналық көмек көрсетуді ұйымдастыру
  4. Азақстан жер қорларының экологиялық жағдайы
  5. Астеникалық жағдайдың шкаласы /Шкала астенического состояния ШАС.
  6. БҮЙРЕКТІҢ ЖЕДЕЛ ЖЕТІСПЕУШІЛІГІ
  7. Використання шахтного метану.

1. Науқасқа көлденең жағдай жасап басын біраз төмен орналастыру керек. Жағасын ағытып, таза ауаның келуін қамтамасыз етеміз

2. Мұрынына мүсәтір спирті сіңірілген мақта анжыны жақындату керек, бетіне суық су себу.

3. Естен тану уақыты ұзарып бара жатса 1 мл 10% кофеина немесе 2 мл кордиамин ерітіндісін егу керек.

 

Клиникалық жағдай №8

36 жастағы науқас сол жақ бетінде және ауыз қуысында ұстама тәрізді ауру сезіміне, сол жақ бет әлпетінде бөрткендердің пайда болуына шағымданады. лет обратился с жалобами на острую приступообразную боль в левой половине лица и полости рта, появление высыпаний на коже лица слева. Ауырғанына 4 күн болған, алғашында дене температурасының 39о дейін көтерілуінен басталған. Қарап тексергенде: еріннің қызыл жиегі құрғақ, сол жақ көз бұрышы аймағы, самай, мұрын қанатша терісіндегі ашық қызарған аймағында беттері сарғыш қабықпен жабылған күлбіреуіктер мен эрозиялар анықталды. Сипап тексергенде қатты ауыратынын айтты.Ауыз кілегей қабығы қызарған, ісінген, сол жақ өтперлі қатпарда эрозиялар бар. Аймақтық лимфа түйіндері ұлғайған, сипап тексергенде ауырады. Диагноз қойыңыз және салыстырмалы диагностика жүргізіңіз. Емдеу шараларының жоспарын анықтаңыз.

 

 

Терапиялық стоматология кафедрасының

Меңгерушісі м.ғ.д., профессор Баяхметова А.А.

 

Жауап эталоны№8

Диагноз: белдеме теміреткі диагнозы шағымы негізінде (ауыз қуысында ұстама тәрізді ауру сезіміне, сол жақ бет әлпетінде бөрткендердің пайда болуына), ауру тарихында (ауырғанына 4 күн болған, алғашында дене температурасының 39о дейін көтерілуі), мәліметтерге, қарап тексергенде ауыз кілегей қабығында бет әлпетінде нерв жолы бойында бөрткендердің пайда болуы негізінде қойылды.

Салыстырмалы диагностикасы жедел герпестік стоматит, күлбіреуікше, Венсан стоматиті, егер теріде орналасса бөрте қабынумен.

Жергілікті ем:

1.Жара ошақтарын антисептиктермен өңдеу

2.Жара ошақтарына вирусқа қарсы 0,25-0,5% оксалин қойыртпағын жағу немесе 32 ЕД 1 мл интерферон ерітіндісін қолдану.

3.Кератопластиктер каротолин, А дәрумен майы.

Жалпы ем:

Этиотропты ем жүргізу

1.Вирусқа қарсы жоғарғы спектрлі препараттар Неовир

2.Витаминдер тобы В1 және В12 дәрумендері

3.Физикалық ем ИГНЛ

 

Клиникалық жағдай № 9

35 жастағы науқас стоматологқа сөйлегенде пайда болатын ауру сезіміне, ас қабылдаудың қиындауына, ерінінде, тілде, ауыз қуысының кілегейлі қабығында, қатты таңдайда орналасқан эрозиялардың әсерінен дауысының қырылдап шығуына шағымданады.

Объективті: еріннің қызыл жиегінде геморрагиялық және серозды қабықпен жабылған эрозиялар бар. Ауыз қуысының кілегейлі қабығында күлбіреуікшелер ашылғанда «жалаңаш», қақсыз,қанамайтын, ашық-қызыл түсті эрозиялар пайда болады.Эрозияның табанынан алынған жағындыда өзгерген эпителиальді клеткалар, Тцанк клеткалары табылады. Никольский симптомы оң.

Зақымдалу элементтерін медикаментозды өңдеуде 10 % лидокаин ерітіндісімен аэрозольді анестезия қолданылды, осыдан соң науқастың кенеттен жағдайы нашарлап кетті.Науқас кенет тұншыға бастады,жалпы әлсіздік,көкірек қуысында ауру сезімі,құлағында шуыл,бас айналу,«көздің қараңғылануы»,өлім қорқынышы пайда болды.Кейін науқас есін жоғалтты.

Стоматологиялық диагноз қойыңыз.Жергілікті емнің алгоритмін құрастырыңыз.Жедел жағдайдың диагнозын қойыңыз және жедел жағдайға көмек көрсетуді ұйымдастырыңыз.

 

 

Терапиялық стоматология кафедрасының


Дата добавления: 2015-12-08; просмотров: 153 | Нарушение авторских прав



mybiblioteka.su - 2015-2024 год. (0.007 сек.)