Студопедия
Случайная страница | ТОМ-1 | ТОМ-2 | ТОМ-3
АвтомобилиАстрономияБиологияГеографияДом и садДругие языкиДругоеИнформатика
ИсторияКультураЛитератураЛогикаМатематикаМедицинаМеталлургияМеханика
ОбразованиеОхрана трудаПедагогикаПолитикаПравоПсихологияРелигияРиторика
СоциологияСпортСтроительствоТехнологияТуризмФизикаФилософияФинансы
ХимияЧерчениеЭкологияЭкономикаЭлектроника

Тәжірибелік бөлім

Читайте также:
  1. Дробянкалар бөлімі.
  2. Жоғары оқу орнының әкімшілігі мен оның құрылымдық бөлімдері туралы ақпарат
  3. І Бөлім Агрессияның психологиялык теориялық негізі
  4. Кіші бөлімі. Әкімшілік-шаруашылық бөлім жөніндегі денсаулық сақтау ұйымы басшысының орынбасары
  5. Кіші бөлімі. Денсаулық сақтау ұйымының басшысы
  6. Кіші бөлімі. Зертхана маманы
  7. Кіші бөлімі. Зертханашы

08.06.15ж. - 09.06.2015ж.- Маңғыстау облысы Ішкі Істер Департаменті бізді өзіміздің тұратын жеріміз бойынша мені Мұнайлы аудандық ішкі істер бөліміне жіберді. Жекекші анықтау бөлімі Қуанышбеков ағай Аталған уақытта сол жерден тәжірибеден өттім. Кадр бөлімінің жұмысымен таныстым. Алғаш сол жерге барып, одан кейін жетекшіге бөлді. Негізгі жұмысы жұмысқа қабылдау немесе жұмыстан ауысу не жұмыстан шығу кезінде кадрға барып құжаттарын тапсырады екен. Анықтаушы маған жұмыс уақытының тәртібі таңертеңгі сағат 9.00 бастап кешкі 18.00 аяқталатынын айтты. Түскі ас 12.30 дан бастап 14.30 аралығында болады екен.

Маңғыстау облысы ішкі істер департменті 1973 жылы құрылған. Одан кейін Қазақстан тәуелсіздік алғанннан кейін жаңа реформалар жүргізілді. Қазіргі Маңғыстау облысы ішкі істер департаментінің басшысы Дәлбеков Қайрат Сұлтанбайұлы болып табылады. Ал Мұнайлы ауданы ішкі істер бөлімінің басшысы А. Жақсыбаев. Мұнайлы ауданы 2007жылы 4 маусымында құрылды. Аудан құрамына Маңғыстау селосы, Баянды, Қызылтөбе, Дәулет, Атамекен, Батыр, Басқұдық, Маңғыстау 1,2, 3, 4,5 және Қызылтөбе-2 елді мекендерін қамтиды.

15.06-19.06.2015ж- Маңғыстау облысы Ішкі істер департаментінің қызметін реттейтін нормативтік актілерге мыналар жатады: Қазақстан Республикасының Конституциясына, Қазақстан Республикасының заңдарына, Президент актілеріне, Қазақстан Республикасы Үкіметінің басқа да нормативтік актілеріне, Ішкі істер органдары туралы заң, сондай- ақ халықаралық келісім- шарттары мен міндеттемелеріне сәйкес жүзеге асырады.

22.06.-26.06.2015ж- Мекеме тағайындалған тәжірибе жетекшінің барлық талаптарын орындадым, еңбек және өндірістік тәртібін сақтадым. Еңбек қауіпсіздік талаптарымен таныстырды. Өрт қауіпсіздік талаптарын қатаң сақтауымды талап етті. Іште темекі шегуге тыйым салынғанын ескертті. Қылмыстық іспен таныстым. Толық материалдар жинадым.

29.06.-03.07.2015ж- Тәжірибе білімін ойдағыдай жан-жақты алдым, Практика көп болса жақсы болар еді. Теорияда оқыған мен практикада жүзеге асыру бір бөлек іс-әрекет. Екеуін қатар алып жүрген жақсы. Сонда ғана сапалы, бәсекеге қабілетті маман болып шығасың деп ойлаймын.

06.07.-10.07.2015ж- Тәжірибеден жақсы өттім деген ойдамын. Керекті материалдарды толық жинадым. Тәжірибе жетекшісінің мінездеме алдым. Тәжірибені қорытындылайтын болсам, Маңғыстау облысы ішкі істер органдарының жүйесіне жетекшілік ететін, сондай-ақ қаралған заңдар шегінде, облыстағы қоғамдық тәртіп пен қоғамдық қауіпсіздікті қамтамасыз етуді сала-аралық үйлестіруді жүзеге асыратын құқық қорғау қызметі саласында мемлекеттік саясатты жүзеге асырушы орталық атқарушы орган болып табылады.

ОРЫТЫНДЫ

Iшкi iстер органдарына қызметке жасы он сегiзден кем емес, өзiнiң жеке, моральдық, iскерлiк, кәсiби қасиеттерi, денсаулығы мен дене бiтiмi, бiлiм деңгейi жөнiнен өзiне жүктелген мiндеттердi атқаруға қабiлеттi Қазақстан Республикасының азаматтары қабылданады.

Iшкi iстер органдарына қызметке қабылдау мемлекеттiк қызметшiлер кадрлары туралы республикалық деректер орталығына алдын ала сұрау салынған және азаматтар мiндеттi арнайы тексеруден өткен жағдайда жүзеге асырылады.

Iшкi iстер органдарына қызметке қабылдау қызметке тағайындау жолымен, соның iшiнде контракт жасасу жолымен жүзеге асырылады. Бұл ретте контрактының нысаны мен шартын Iшкi iстер министрi белгiлейдi.

Iшкi iстер органдарының оқу орындарына оқуға орта бiлiмi бар, он сегiз жасқа толмаған адамдар алынады. Iшкi iстер министрлiгi оқу орындарының күндiзгi бөлiмдерiне оқыған уақыт мерзiмдi әскери қызмет өткеруге теңестiрiледi. Бұл ретте iшкi iстер органдарының қаражаты есебiнен оқу ақысы төленiп iшкi iстер министрлiгiнiң оқу орындарына, басқа оқу орындарына оқуға түскен адамдармен контракт жасалады, онда оқу орнын бiтiргеннен кейiн iшкi iстер органдарында әрi қарай қызмет атқару шарты мен мерзiмi қарастырылады.

Iшкi iстер органдарының қатардағы және кiшi басшы құрамдағы лауазымдарына отыз екi жастан аспаған, орта және аға басшы құрамдағы лауазымдарға қырық жастан аспаған адамдар қабылданады. Ерекше жағдайларда осы жас шегi Iшкi iстер министрiнiң шешiмiмен өзгертiледi.

Қатардағы және басшы құрамдағы лауазымдарға тағайындалған немесе iшкi iстер органдарының кадрларына алынған әскери мiндеттiлер, соның iшiнде курсанттар мен iшкi iстер органдары жүйесi оқу орындарының тыңдаушылары белгiленген тәртiппен әскери есептен шығарылады және iшкi iстер органдарының арнайы есебiнде тұрады.

Iшкi iстер органдарына алғаш қызметке тұрушы адамдар мiндеттi түрде бастапқы арнайы оқудан өтедi және олар үшiн сынақ мерзiмi белгiленедi. Сынақ мерзiмiн және тағылымдамадан өту тәртiбi мен шартын Iшкi iстер министрi белгiлейдi.

Iшкi iстер органдарына қызметке алынған азамат мәтiнiн Республика Президентi бекiткен ант бередi.

Iшкi iстер органдарына қызметке қабылдау тәртiбi, қызметкерлердiң қызмет өткеруi, олардың өкiлеттiгi мен жауапкершiлiгi осы Заңмен, Республика Үкiметi бекiткен Iшкi iстер органдарының қатардағы және басшы құрамдағы адамдарының қызмет өткеруi туралы ережемен, басқа да құқықтық нормативтiк актiлермен белгiленедi.

Iшкi iстер органдарына қызметке бұрын сотталған және қылмыстық жауапкершiлiктен ақтауға болмайтын негiздер бойынша босатылған, сондай-ақ мемлекеттiк қызметтен, өзге құқық қорғау органдарынан, соттардан және әдiлет органдарынан терiс себептермен босатылған адамдар қабылданбайды.

Iшкi iстер органдарының қызметкерлерi мемлекеттiк өкiметтiң өкiлдерi болып табылады және мемлекеттiң қорғауында болады.

 

 


Дата добавления: 2015-12-07; просмотров: 275 | Нарушение авторских прав



mybiblioteka.su - 2015-2024 год. (0.016 сек.)