Студопедия
Случайная страница | ТОМ-1 | ТОМ-2 | ТОМ-3
АвтомобилиАстрономияБиологияГеографияДом и садДругие языкиДругоеИнформатика
ИсторияКультураЛитератураЛогикаМатематикаМедицинаМеталлургияМеханика
ОбразованиеОхрана трудаПедагогикаПолитикаПравоПсихологияРелигияРиторика
СоциологияСпортСтроительствоТехнологияТуризмФизикаФилософияФинансы
ХимияЧерчениеЭкологияЭкономикаЭлектроника

Азақстан Республикасының ішкі істер органдарының түсінігі мен жүйесі

Читайте также:
  1. Азақстан қоғамының саяси өмірінде қоғамдық қозғалыстардың орны және ролі
  2. Азақстан 2020 жылы 1 страница
  3. Азақстан 2020 жылы 2 страница
  4. Азақстан 2020 жылы 3 страница
  5. Азақстан 2020 жылы 4 страница
  6. Азақстан жер қорларының экологиялық жағдайы
  7. Азақстан көп конфессионал ретінде

КІРІСПЕ

 

Кез келген мемлекет өмірдің барлық қоғамдық салаларында, адамдар арасындағы өзара қарым-қатынастарда қатаң тәртіп пен сақтықты орнатуға мүдделі. Онсыз қоғамның бірқалапты дамуы, экономиканың, мәдениеттің, игіліктің көтерілуі және халықтың қауіпсіздігінің артуы мүмкін емес.

Сондықтан мемлекет азаматтардың, олардың бірлестіктерінің, шаруашылық ұйымдардының, мемлекеттік органдарының, олардың лауазымды адамдарының құқықтары мен міндеттерін, жауапкершілігін белгілейді. Мемлекет өзі қабылдаған заңдарды барлық адамдардың қатаң сақтауын, заңдардың талаптарын бұзушылардың заңмен жауапқа тартылуын әрдайым қадағалап отырады.

Мемлекеттің мұндай қызметі, яғни заңдар талаптарынан ауытқуларға жол бермеу үшін азаматтардың құқықтары мен бостандықтарын қорғау жөнінде, шаруашылық және қоғамдық ұйымдардың, мемлекеттік органдардың қызметіндегі белгіленген тәртіпті сақтау – бақылау және қадағалау қызметі деп аталады.

Құқықты қорғау қызметі, негізі, үш нысанда жүзеге асырылады: а) құқық бұзушылықтан сақтандыру жөніндегі әр алуан шаралар жүргізу жолымен; ә) заңды істерді қарау және шешу жолымен; б) құқық бұзушыларды заңмен жауапқа тарту жолымен.

Мемлекеттің құқықтық қорғау қызметін жүзеге асыру үшін құқықтары мен міндеттері арнаулы заңдармен реттелініп әр түрлі органдар құрылады.
Қазақстан Республикасында қандай құқық қорғау органдары құрылған? Оған мыналар жатады: полиция органдары, ұлттық қауіпсіздік органдары, прокуратура, әділет министрлігі, әр алуан мемлекеттік инспекциялар (өрт, санитарлық, қаржы және т.б., сот органдары,адвокатура, нотариаттар, кедендік органдар, ішкі және шекара әскерлері, Президент күзетінің қызметі және т.б.).

Құқық қорғау органдары, негізінен, Қазақстан Республикасының Ішкі істер министрлігінің, Ұлттық қауіпсіздік комитетінің, Прокуратураның және Әділет министрлігінің құрамында әрекет етеді. Біз бұл зерттеу жұмысымызда ішкі істер органдарының қызметі мен міндеттеріне, және олардың құрылымына толығырақ тоқталатын боламыз.

 

 

азақстан Республикасының ішкі істер органдарының түсінігі мен жүйесі

Қазақстан Республикасының ішкі істер органдары Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес анықтау, алдын ала тергеу мен жедел іздестіру қызметін, сондай-ақ қоғамдық тәртіпті сақтау мен қоғамдық қауіпсіздікті қамтамасыз ету, адам мен азаматтың құқықтары мен бостандығына, қоғам мен мемлекеттің мүдделеріне қылмыстық және өзге де заңға қарсы қол сұғушылықтардың алдын ала және жолын кесу жөніндегі атқарушылық және өкім етушілік функцияларын жүзеге асыратын арнайы мемлекеттік орган болып табылады.

Маңғыстау ішкі істер басқармасы 1973жылы құрылды. Ішкі істер басқармасының алғашқы бастығы болып полковник И.Н. Брагин тағайындалды. Облыстың ішкі істер департаменті Ақтау, Жаңаөзен қалалық, Бейнеу, Маңғыстау, Түпқараған, Қарақия, Мұнайлы ауданы ішкі істер бөлімдерінен тұрады. Департаментке сонымен қатар 35 дербес басқарма, бөлім, бөлімше, топтар қарасты. Жалпы облыс департаментінің штатында екі мыңға жуық әр түрлі ұлт өкілдерінен тұратын тәртіп сақшыларының құрамы қызмет етуде. Маңғыстау ішкі істер департаментінің бастығы- полковник Д. К. Сабуров.

Ішкі істер министрлігі,оның құрамына кіретін департаменттер мен өзге де құрылымдық бөлімшелер, оған бағынатын облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың ішкі істер басқармалары және қалалық, аудандық, ауылдық, көліктегі жол бойының ішкі істер органдары, ішкі әскерлер, оқу орындары мен өзге де ұйымдары ішкі істер органдарының бірыңғай жүйесін құрайды. Ішкі істер органдарының бүкіл жүйесінің қызметіне лауазым бойынша ішкі әскерлердің қолбасшысы болып табылатын ІІМ басшылық жасайды. Оны Республика Премьер - министрінің ұсынуы бойынша Президент қызметке тағайындайды және қызметтен босатады. Ішкі Істер Министрлігі ішкі істер органдарының бірыңғай жүйесіне басшылық жасайтын Қазақстан Республикасының орталық атқарушы органы болып табылады.

Ішкі істердің аумақтық органдары - облыстық, республикасылық маңызы бар қалалардың ішкі істер департаменті және көліктегі, қалалық, қалалардағы аудандық, ауылдық, жол бойының ішкі істер бөлімдері ішкі істер органдары жүйесінің негізгі буыны, аталған органдар ішкі істердің өздерінен жоғары тұрған органдарына және жергілікті атқарушы органдарға тікелей бағынады.

Аудандық ішкі істер бөлімінің құрылымына кіретіндер: әкімшілік қызметтің кезекшілік бөлімімен қоса жедел- іздестіру бөлімдері, алдын ала тергеу, анықтау бөлімдері, секретариат, штаб, кәмілеттік жасқа толмағандардың істері жөніндегі инспекция, полицияның аумақтық бөлімшелері

Ішкі істер органдарының біртұтас жүйесін Қазақстан Республикасының Ішкі істер министрлігі, оның құрамына кіретін департаменттер мен өзге де құрылымдық бөлімшелер, облыстардың, республикалық маңызы бар қала мен Республика астанасының, көліктегі оған бағынатын ішкі істер департаменттерi, қалалық, аудандық, қалалардағы аудандық, кенттік, желілік ішкі істер органдары және қылмыстық-атқару жүйесінің органдары мен мекемелері, ішкі әскерлер, білім беру ұйымдары, мекемелер және өзге де ұйымдар құрайды.

Ішкі істер органдарының құрамында криминалдық полиция, әкімшілік полиция және полицияның өзге де қызметтері, сондай-ақ Ішкі істер министрлігінің әскери құрылымдар мәртебесі бар әскери-тергеу органдары мен әскери полициясы құрылады.

Криминалдық, әкімшілік және өзге де полиция қызметтерінің бөлімшелерін, сондай-ақ Ішкі істер министрлігінің әскери-тергеу органдары мен әскери полициясын құруды, қайта құруды және таратуды Қазақстан Республикасының Ішкі істер министрі жүзеге асырады.

Iшкi істер органдары жүйесінің штат саны лимитін Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің ұсынуы бойынша Қазақстан Республикасының Үкіметі бекітеді.

Криминалдық полицияның негізгі міндеттері қылмыстарды анықтау, оның алдын алу, жолын кесу, оны ашу және тергеу, ішкі істер органдарының жүргізуіне жататын қылмыстар туралы істер бойынша анықтама ісін жүргізу, тергеуден, анықтамадан және соттан жасырынған, қылмыстық жазаны атқарудан және өтеуден жалтарған, хабарсыз кеткен және Қазақстан Республикасының заңдарында белгіленген өзге де жағдайларда адамдарды іздестіруді ұйымдастыру және жүзеге асыру болып табылады.

Криминалдық полицияны жедел-іздестіру, тергеу, ғылыми-техникалық және Қазақстан Республикасының Ішкі істер министрлігіне тікелей бағынатын, оның алдында тұрған міндеттерді шешу үшін қажетті өзге де бөлімшелер құрайды.

Әкімшілік полицияның негізгі міндеттері қоғамдық тәртіпті сақтау, қоғамдық қауіпсіздікті қамтамасыз ету, қылмыстар мен әкімшілік құқық бұзушылықтарды анықтау, оның алдын алу және жолын кесу, қылмыстарды ашу, Қазақстан Республикасының заңдарында белгіленген құзыретінің шегінде анықтама мен әкімшілік іс жүргізуді жүзеге асыру, ұсталған және қамауға алынған адамдар, оның ішінде белгілі бір тұратын жері, құжаттары жоқ адамдар ұсталатын жерлерде құқық тәртібін қамтамасыз ету, кәмелетке толмағандар арасындағы қадағалаусыздық пен құқық бұзушылықтарды анықтау және жолын кесу, өз құзыреті шегінде көші-қон процестерін реттеуді және халықтың көші-қоны саласындағы жұмысты үйлестіруді жүзеге асыру, жол қозғалысының қауіпсіздігін қамтамасыз етуге мемлекеттік қадағалау және бақылау жасау, Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес ішкі істер органдарына жүктелген лицензиялау мен рұқсат ету қызметiн жүзеге асыру болып табылады.

Әкімшілік полицияны полицияның учаскелік инспекторлары мен кәмелетке толмағандар ісі жөніндегі учаскелік инспекторлар қызметтері, сақшылық қызмет, лицензиялық және рұқсат ету жүйесі, табиғат қорғау және ветеринариялық, көші-қон және жол полициясы бөлімшелері, ішкі істер органдарының арнаулы мекемелері және әкімшілік полицияның алдында тұрған міндеттерді шешу үшін қажетті өзге де бөлімшелер құрайды.

Әскери-тергеу органдарының негізгі міндеттері әскери қылмыстарды және әскери қызметшілер жасаған, ішкі істер органдары тергеуге тиісті қылмыстарды анықтау, олардың алдын алу, жолын кесу, ашу және тергеу болып табылады.

Әскери-тергеу органдарын әскери-тергеу департаменті, әскери-тергеу басқармалары мен тергеу, жедел-іздестіру, жедел-техникалық және өздерінің алдында тұрған міндеттерді шешу үшін қажетті өзге де бөлімшелерден тұратын бөлімдер құрайды.

Әскери-тергеу органдары Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес бұған уәкілдік берілген лауазымды адамдар арқылы өз құзыреті шегінде ішкі істер органдарының барлық құқықтарын пайдаланып, солардың міндеттерін атқарады. Әскери-тергеу органдары Қарулы Күштер есебінен қызметтік үй-жаймен, байланыс құралдарымен қамтамасыз етіледі.

Ішкі істер министрлігінің әскери полициясы арнаулы орган болып табылады және ішкі әскерлердегі құқық тәртібін қамтамасыз етуге, әскери қылмыстар бойынша, сондай-ақ ішкі әскерлердің әскери қызметшілері жасаған басқа да қылмыстар бойынша анықтаманы жүзеге асыруға, олардың арасындағы қылмыстар мен әкімшілік құқық бұзушылықтардың алдын алуға, анықтауға, жолын кесуге, әскери қылмыстарды ашуға, ішкі әскерлердің әскери қызметшілерін іздестіруге арналған.

Ішкі істер министрлігінің әскери полициясы бұған уәкілдік берілген лауазымды адамдар арқылы жүктелген міндеттерді өз құзыреті шегінде орындау үшін ішкі істер органдарының өкілеттігін пайдаланады. Бұл орайда әскери қызметшілердің және әскери қалашықтар, ішкі әскерлердің әскери бөлімдері мен құрамалары бөлімшелерінің аумағында жүрген өзге де адамдардың құжаттарын тексеруді жүзеге асыруға құқығы бар.

Әскери полиция Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің ішкі әскерлері есебінен қызметтік үй-жайлармен, автокөлікпен және байланыс құралдарымен қамтамасыз етіледі, оларды пайдалану мен ұстау шығындарын да солар көтереді.

Әскери полицияның әскери қызметшілері әскери атақтарына сәйкес айырым белгілері бар әскери нысандағы киім киіп жүреді. Бұл орайда киімнің әскери полицияның белгіленген үлгідегі кеудеге, жеңге тағатын арнаулы айырым белгілерімен толықтырылуы мүмкін.


Дата добавления: 2015-12-07; просмотров: 516 | Нарушение авторских прав



mybiblioteka.su - 2015-2024 год. (0.014 сек.)