Студопедия
Случайная страница | ТОМ-1 | ТОМ-2 | ТОМ-3
АвтомобилиАстрономияБиологияГеографияДом и садДругие языкиДругоеИнформатика
ИсторияКультураЛитератураЛогикаМатематикаМедицинаМеталлургияМеханика
ОбразованиеОхрана трудаПедагогикаПолитикаПравоПсихологияРелигияРиторика
СоциологияСпортСтроительствоТехнологияТуризмФизикаФилософияФинансы
ХимияЧерчениеЭкологияЭкономикаЭлектроника

Азақстан көп конфессионал ретінде

Читайте также:
  1. Азақстан қоғамының саяси өмірінде қоғамдық қозғалыстардың орны және ролі
  2. Азақстан 2020 жылы 1 страница
  3. Азақстан 2020 жылы 2 страница
  4. Азақстан 2020 жылы 3 страница
  5. Азақстан 2020 жылы 4 страница
  6. Азақстан жер қорларының экологиялық жағдайы

28) Тоталитаризм саяси феномен ретінде.Тоталитаризм (лат. totalіs – тұтастай, түгелдей) – деспотизмнің бір түрі. Тоталитаризм орнаған мемлекетте қоғам өмірінің барлық саласы биліктің бақылауында болып, адам бостандығы мен конституциялық құқықтары жойылады, оппозиция мен өзге саяси ой өкілдері саяси қуғын-сүргінге ұшыратылады. Тоталитаризмнің тарихи үлгілері КСРО-да Сталин, Қытайда Мао Цзэ-дун, Солтүстік Кореяда Ким Ир Сен режимі кезінде, фашистік Италия мен Германияда орнады.

Барлық тоталитарлық жүйелердің ортақ 8 белгісі бар: бюрократияның бір партия арқылы саяси, экономикалық, әскери және идеол. үстемдік жүргізуі; саясиланған иерархиялық әлеуметтік құрылыс; міндетті түрде қолына жоғарғы саяси, экономикалық, әскери және идеололгиялық билік шоғырланған көсемнің болуы; қуыршақ парламенттің болуы; қоғамды қорқынышта және толық бағыныштылықта ұстау мақсатымен қуғын-сүргін науқанын жүргізіп тұратын қуатты қуғындау-жазалау органы; әскерилендірілген экономика, ішкі саясаттың әскери-өндірістік кешенге тәуелділігі; мәжбүрлеуші идеологияның болуы, оған мойынсұнбау ауыр қылмыс ретінде бағалануы; қоғамда жау бейнесінің қалыптастырылуы, сол жауға деген жек көрушілік режимнің мақсатына жету жолында бұқараның жұмылуына себепші болады.

Тоталитарлы саяси жүйе - мемлекеттің қоғамға және жеке адамға толықтай, тұтас бақылау орнатуымен сипатталатын саяси жүйенің бір түрі. Оған тән ерекше белгілер: азаматтардың құқықтары мен бостандықтарының барынша бұзылуы; барлық деңгейдегі биліктің жоғарыдан тағайындалуы; билік бөлінісі принципінің жойылуы, яғни, биліктің барлық - атқарушы, заңшығарушы, сот тармақтарының тұтасып кетуі; басында көсемі бар бір ғана билеуші партияның болуы және оның мемлекетпен тұтасып кетуі; басқа партиялардың және ұйымдардың қызметінің ресми "қозғалыс" қызметімен алмастырылуы; қоғамның барлық мүшелеріне бір ресми идеологиялық доктринаның таңылуы; тек қана мемлекеттік нысандағы бұқаралық ақпарат құралдарының болуы, қандай да болмасын ақпараттың қатаң "сүзгіден" өткізілуі; үздіксіз әрі тұтастай зорлыққа негізделген мемлекеттік ұйымдасқан лаңкестік

29) Геосаясат. Геосаясат адамдардың белгілі бір мақсатқа жету үшін билікті қалайша тудырып оны сақтауын бейнелеу үшін қолданылатын әдіс болып табылады. Мемлекет деңгейінде бұл әдіс мемлекеттің мүдделеріне жету және қызметін атқаруда саясат, экономика және әскери күшті қалайша қолданатынын көрсетеді. Бұл пікірлер алғашында аймақтың жалпы географиялық және тарихи жағдайын қарастырады, және сонымен қатар бес мемлекеттің саяси, экономикалық және әлеуметтік дамуын жеке-жеке қарастырады.Евразия континентінің төрінде орналасқан Орталық Азия көне Жібек жолындағы ең маңызды жерге ие болып, бірнеше ғасырлар бойы стратегиялық маңыздылыққа ие болды. Орталық Азия аймағының үш тарапында мықты мемлекеттер орналасқан – солтүстікте – Ресей, шығыста – Қытай және батыста – Еуропа. Орталық Азия бұл мемлекеттер арасындағы қатынас жолы және сонымен қатар бұларды бір-бірінен қорғайтын аймақ ретінде пайдаланылды. Атақты Британ ғалымы сэр Хэлфорд Маккиндер (1861-1947), геосаясаттың маманы келесідей пікір ұсынған болатын. Кімде кім Орталық Азияға билік орнатса, Евразия континентіне билік етеді, ал кім Евразия континетіне билік орнатса, онда ол әлемді билеуге мүмкіндік алады. Бұл Орталық азияның ғаламдық геосаяси қатынастардағы маңыздылығын көрсетеді. 1991 жылы Кеңес үкіметінің ыдырауы нәтижесінде Қазақстан, Қырғызстан, Тәжікстан, Түркменстан және Өзбекстан мемлекеттері тәуелсіздікке қауышты. Дегенмен, бұлардың халықаралық саяси және экономикалық қатынастардағы орны қырғи-қабақ соғысының аяқталғанына қарамастан әлсіз болатын. Олардың бай мәдениеті мен түрлі-түсті дәстүрлері басқа мықты мәдениеттер тарапынан қабылданбады. Алайда, жағдай Америкадағы 11-і қыркүйек лаңкестік шабуылдарынан соң өзгерді. Бұл шабуылдан соң АҚШ Ауғанстанға әскер енгізді, нәтижеде Орталық Азия аймағы анти-террористік шаралардың базасына айналып, халықаралық қауымдастықтың назарын өздеріне аударды.


Дата добавления: 2015-12-08; просмотров: 131 | Нарушение авторских прав



mybiblioteka.su - 2015-2024 год. (0.005 сек.)