Студопедия
Случайная страница | ТОМ-1 | ТОМ-2 | ТОМ-3
АвтомобилиАстрономияБиологияГеографияДом и садДругие языкиДругоеИнформатика
ИсторияКультураЛитератураЛогикаМатематикаМедицинаМеталлургияМеханика
ОбразованиеОхрана трудаПедагогикаПолитикаПравоПсихологияРелигияРиторика
СоциологияСпортСтроительствоТехнологияТуризмФизикаФилософияФинансы
ХимияЧерчениеЭкологияЭкономикаЭлектроника

Кесте – Курстық жұмыс (жоба) бойынша балдардың жіктелінуі

Читайте также:
  1. G2 критерийі бойынша бірнеше дисперсиялардың біртектілігін бағалау.
  2. ашықтықтан оқыту бойынша оқытушылардың кәсіби құзырлылығын қалыптастырудың әдіснамалық негіздері
  3. Банктегі талдау және қаржылық есеп» пәні бойынша семестраралық тапсырмалар.
  4. Бірігіп істелінген жұмысқа берілген есептер.
  5. В.П.Образцов және Н.Д.Стражеско әдісі бойынша терең сырғымалы пальпация
  6. В072800 «Қайта өңдеу өндірістерінің технологиясы» (салалар бойынша) мамандығының академиялық күнтүзбесі
  7. Дәріс. Құралда болу уақыты бойынша сұйық таралуы. Ағын құрылымын индикаторлы зерттеу әдісі.
Балл бойынша өлшемдердің жіктелінуі
Курстық жұмысты (жобаны) жазу (орындау) 30-60
Курстық жұмысты (жобаны) қорғау 20-40
БАРЛЫҒЫ 50-100

 

Курстық жұмыстар бойынша баға міндетті түрде пән бойынша рейтингілік рұқсат алу бағасын есептеген кезде ескеріледі және балдық-рейтингілік жүйе бойынша бөлек қойылады (12-қосымша).

 

РБ1 (100) + РБ2 (100) + КЖ (100) х 0,6
   

 

мұнда: РБ 1 – 1-ші рейтингілік бақылау;

РБ 2 – 2-ші рейтингілік бақылау;

КЖ – курстық жұмыстың (жоба) бағасы;

3 – 2 рейтингілік бақылау + 1 курстық жұмыс (жоба).

 

Рейтингілік рұқсат алу бағасын есептеу тек курстық жұмыстың (жоба) бағасы оң сипатты иемденген жағдайда есептелінеді, яғни 50% және одан жоғары.

Оқу үдерісінде студенттер кәсіби практикалардың көптеген түрлерін өтеді: оқу-таныстыру, оқу, педагогикалық, өндірістік және т.б. Кәсіби практика мамандықтың МЖМБС негізінде сәйкес кафедраның жетекші оқытушыларымен жасалынған бағдарлама бойынша жүргізіледі. Практикалардың қорытындысы бойынша (оқу-таныстыру, оқу, педагогикалық, өндірістік және т.б.) студенттер есеп береді. Есепті практика жетекшісі тексереді және кафедра меңгерушісі бекіткен комиссия мүшелері алдында қорғалады. Диплом алды практиканың қорытындысы дипломдық жұмысты (жобаны) алдын-ала қорғау кезінде шығарылады

«Қазақстан тарихы» пәні бойынша мемлекеттік емтихан оқу процесінің бекітілген кестесіне сәйкес аралық аттестаттау кезінде өткізіледі. «Қазақстан тарихы» пәні бойынша МЕ қабылдау үшін күнтізбелік жылға құрамында төрағасы мен мүшелері бар Мемлекеттік емтихан комиссиясы құрылады. Отырыс әр студентке жеке хаттамамен безендіріледі. МЕ нәтижесі балдық-рейтингілік әріптік жүйе бойынша бағаланады және сәйкесінше ведомостарға түсіріледі.

Қорытынды аттестаттау студенттердің сәйкес мамандықтарын игеру үдерісінде иемденген білімідерін, ілімі мен құзыреттіліктерін тексеруге бағытталған.

ҚА МЖМБС қарастырылған формада жүргізіледі: тұтастай мамандық бойынша және бөлек фундаментальды пәндер бойынша мемлекеттік (кешенді) емтихан тапсыру және/немесе дипломдық жұмысты (жобаны) қорғау.

Қорытынды аттестаттауды өткізу үшін мелекеттік аттестаттау комиссиясы құрылады. МАК барлық отырыстарында хаттама толтырылады. МАК отырысы оның мүшелерінің жартысынан астамы қатысқан кезде өз күшін сақтайды.

Қорытынды аттестаттаудың бағасы мемлекеттік аттестаттау комиссиясының барлық мүшелерінің ойын ескере отырып және көрсетілген білімдеріне сәйкес балдық-рейтингтік әріптік жүйе бойынша қойылады. Қорытынды аттестаттаудың әрбір формасы бойынша жеке баға қойылады.

Мемлекеттік емтихан үшін баға емтиханның комиссия мүшелерінің ой алмастыруынан кейін қойылады. Баға дауыс беру нәтижесі бойынша көпшіліктің ойын ескеру арқылы анықталынады:

- «өте жақсы» бағасы бағдарламалық материалды және қосымша әдебиеттерді толық және жан-жақты игерген, материалдарды түсінуде, түсіндіруде және практикалық қолдануда шығармашылық мүмкіндігін көрсеткен түлектерге қойылады. «Өте жақсы» деген бағалауға А, 4,00 сандық баламасы бар, пайыздық мөлшері 95-100% және А-/3,67/90-94% сәйкес келеді;

- «жақсы» бағасы бағдарламалық материалды толық игерген, негізгі ұсынылған әдебиеттерді меңгерген, материалдарды түсінуде, түсіндіруде және практикалық қолдануда шығармашылық мүмкіндігін көрсеткен түлекке қойылады. «Жақсы» бағасына В+/3,33/85-89%, В/3,0/80-84% және В- /2,67/75-79% бағалары сәйкес келеді;

- «қанағаттанарлық» бағасы негізгі бағдарламалық материалды практикалық қызметке қажетті деңгейде меңгерген, негзгі ұсынылған әдебиеттермен танысқан, емтиханға жауап беру кезінде қателіктер жіберген, бірақта негізгі ескертулер мен елеулі қателіктер студенттің өздігімен түзетілген жағдайда қойылады. «Қанағаттанарлық» бағасына С+ /2,33/ 70-74%, С/2,0/65-69%, С-/1,67/60-64%, D+/1,33/55-59% және D/1,0/50-54% бағалары сәйкес келеді;

- «қанағаттанарлықсыз» бағасы бағдарламада қарастырылған негізгі материалдарды игеруде кемшіліктер білінген, теориялық білімді қолдану кезінде елеулі қателіктер жіберген және қосымша қайта оқусыз практикалық қызметке жіберілмейтін түлектерге қойылады. Бұл бағаға F/0/0-49% бағасы сәйкес.

Дипломдық жұмысты (жоба) қорғау бойынша баға ғылыми жетекшінің пікірін, рецензенттың бағасын, алдын-ала қорғауды және қорытынды қорғаудан алған бағасын ескеру арқылы қойылады.

Дипломдық жұмысты (жоба) ғылыми жетекшісінің берген пікірінде «қорғауға жіберіледі» немесе «қорғауға жіберілмейді» деген қорытынды сөз жазылуы керек.

Ғылыми ұйым немесе білім беру ұйымындағы кәсіби практикалық қызметі сәйкес маманның (ресми оппонент) сын пікірі, онда қорғауға ұсынылған дипломдық жұмыс/магистрлік диссертацияға жан-жақты сипаттама мен балл - бағасы («өте жақсы», «жақсы», «қанағаттанарлық», немесе «қанағаттанарлықсыз») және мамандыққа сәйкес біліктілік пен «бакалавр» немесе «магистр» академиялық дәрежесін беру мүмкіндігі жазылады.

 


Дата добавления: 2015-11-28; просмотров: 156 | Нарушение авторских прав



mybiblioteka.su - 2015-2024 год. (0.006 сек.)