Студопедия
Случайная страница | ТОМ-1 | ТОМ-2 | ТОМ-3
АвтомобилиАстрономияБиологияГеографияДом и садДругие языкиДругоеИнформатика
ИсторияКультураЛитератураЛогикаМатематикаМедицинаМеталлургияМеханика
ОбразованиеОхрана трудаПедагогикаПолитикаПравоПсихологияРелигияРиторика
СоциологияСпортСтроительствоТехнологияТуризмФизикаФилософияФинансы
ХимияЧерчениеЭкологияЭкономикаЭлектроника

Ндіріске қысқаша сипаттама.

Читайте также:
  1. Деуге арналған шикізаттарға сипаттама.
  2. Шикізатты өндіріске дайындау, сақтау және қабылдау.

Кіріспе

Нан өндіру – тұрмыста қарапайым процесс болып саналғанмен, нақты түрде ұнда, қамыр және нанда жүретін физикалық, коллоидтық және биохимиялық өзгерістердің күрделі кешені. Адамдар алғаш рет осыдан он бес жыл бұрын жабайы дақылдардың дәндерін шикі түрінде тағам етіп пайдаланған. Тас дәуірі кезінде жабайы дәндерді сабағынан ажыратып, таспен үгітіп, ұн жасап, оны сумен араластырып ботқа түрінде жеуді үйрене бастаған. Сабағынан оңай ажырату үшін тастарды қыздырып үстіне астықты жинап, салған. Осы әдіс арқылы адамдар күйген дәндердің дәмі жақсы болатынын түсініп, дәндерді қуырып, суға араластырып ботқа жасап, жей бастаған.

Нан қара бидай немесе бидай ұнынан су және тұз қосу арқылы дайындалатын, ашытқымен ашытылған, қамырдан пісірілетін тағамдық азық-түлік. Бұл адамның тағамдық рационының маңызды бөлігін алады және өсімдік ақуызының негізгі көзі. Нанның тағамдық құндылығы ұнның сорты мен қамырдың рецептурасына байланысты.

Нан, ғалымдардың айтуынша 15 мың жыл бұрын пайда болған.Алғаш нанды египеттіктер 5-6 мың жыл бұрын пісіре бастаған. Қазіргі кезде Римде 13-метірлік наубайшыға арналған ескерткіш сақталған.

Ресейде ежелден бастап нанды пісіру құрметті және жауапты іс болып табылады. Көптеген үйлерде нан пісіретін болған. Мәскеуде нан пісіретін көптеген үйлердің ішінде XII –ші ғасырда, ең ірілері Жаңа Арбатта, Измайловта, Кремілде орналасқан болатын. Ежелгі Римдегі наубайшылардын ауыр еңбегі рессейлік наубайшылардың еңбегімен тең. XX ғасырдың басында отандық наубайшылық өндіріс басталды. Қазіргі таңда олар мыңдаған заман талабына сай жабдықталған нан зауыттары. Қазіргі таңда Қазақстанда нан өндірісі басты тамақ өндірістерінің бірі болып табылады.

Нан өнімдері адам рационында әрдайым болады. Соңғы кезде жоғарғы сорт ұндарына сұраныс көбейіп келеді. Нанды және оның ассортиментерін өндіретін де, сататын да адамдар көбейді. Дән өндірушілер өздерінің экономикалық эффектілігін өсіру үшін өздерінің өнімдерін дән ретінде емес, одан шығатын өнім ретінде нарыққа шығарады. Осыдан келіп, шағын цехтар күн санап өсіп келеді.

Өндірістің көлемі ұлғайған сайын, қолданатын шикізатқа және дайын өнімге қойылатын талаптар да қатал болады. Бұл мақсаттарға мына жолмен жетуге болады: технологияны жаңарту, жабдықтарды модернизациялау, өндіріске ғылыми ізденістерді енгізу арқылы.

Елімізде нан өнімдерінің түрлі ассортиментері, түрлі технологияларды қолдану кең спектрлі машиналар мен механизмдерді қолдануды қажет етеді. Нан өнімдерін шығаратын машиналардың 600 түрі бар, және олардың барлығы наубайханаларда қолданылады.

Нанның аралас тамақтағы азық құрамы: ақуыз 70-85%, май 85-96%, көмірқышқыл 92-100% болады. 250 гр. нан мен 200 гр. батонды күнде пайдалануға кезінде адам организмі үштен бір қажетті энергияның жартысына жуық игеретін және игерілмейтін қышқылдарды сіңіреді. Органикалық қышқылдар 1/3 ақуызды алады. Бірақ ақуыз бен көмірқышқылдың тамақтағы қарқынды қатынасы 1:4 және 1:5 дейін құрайды. Ал нанда бұл қатынас 1:7-ге дейін жақындайды.

Нан өндірісінің технологиялық процессі өте қиын процестерге жатқызылады, онда шикізатты бағалайды, дайын өнімнің сапасымен шығымын қарайды. Қазаөстан Республикасында кіші наубайханалардан бастап қуаттылығы 150 тонна құрайтын, ассортимент түрі 150 атаумен шығарылатын автоматты – механизацияланған желілері бар нан зауыттары халықтың қажеттілігін қамтамасыз етуде.

 

 

ндіріске қысқаша сипаттама.

№1 Наубайхана Орал қаласының орталығында, оның басты көшесінде, Достық даңғ., 244 адресі бойынша орналасқан. Наубайхана 1952 жылы салынып, Орал қаласы және оның облысындағы басты нан өндірушілердің бірі болды. Ол үзіліссіз және демалыссыз жұмыс жасап тұрды. Өнімділігі толықтай автоматтандырылған, нан және нан өнімдерінің үлкен ассортименттері пісірілді.

ЖК «Исаев» № 1 нан зауыты 2003 жылы Исаев Хамзад Хатуевичтің жеке меншігіне айналдырылған. Қазіргі таңда №1 Нан зауытының жұмыс жасап жатқан 3 цехы бар. №1 Нан зауытының директоры Новопульцев В.А. болып табылады. Ал,өндірістің бас есепшісі Валиева М.В. Жалпы цехта 45 жұмысшы қызмет етеді. №1 Нан зауыты кіші өндіріс болып табылады. Нан цехының бас технологы Вячеслав Юрьевич,оның қарауында 3 технолог және 15 жұмысшы бар.Нан цехынын жұмыс жасау уақыты 24 сағат. Яғни, 3 бригада кезектесіп тәулік бойы жұмыс жасайды.Әр бригаданың басында бір технолог жұмыс жасайды.Олар күнделікті 7 түрлі нан өнімдерін шығарады(жоғары сортты, бірінші сортты, Бородинский, Астаналық,Багеттер Дворянский).Барлық өнідер қолмен жасалады. Сдоба цехының бастығы Галина Сергеевна.Оның қарауында 3 бригада жұмыс жасайды. Әр бригада да 4 адамнан тұрады. Олардың жұмыс жасау уақыты тәуліктік. Сдоба цехы 2 бөлмесі бар. Дайындау бөлмесі мен дайын өнімді сақтау бөлімінен тұрады.

Сдоба цехының шығаратын өнім ассортименттері (балалар бөлкесі, хала, мейіз қосылған бөлке, мак қосылған бөлке, славянка, повидло қосылған бөлке).

Сонымен қатар №1 Нан зауытында кондитерлік цехы бар. Оның жұмыс жасау кестесі 8:00-18:00. Кондитерлік цехтын технологы Гульнара Руслановна, оның қарауында 8 жұмысшы жұмыс жасайды. Кондитерлік цех мынадай ассортиментер өндіреді (пряник, кекс, фигуралы печенье, төртбұрышты печенье).

№1 Нан зауыты 2006 жылдын жазынан бастап алғаш болып барлық өнімдерін орауды және маркировкалауды енгізді. Орал және Аксай қалалары, сонымен қатар барлық аудан тұрғындары №1 Нан зауытының өнімдерін кеңінен тұтынуда.

Тұтынушыларды азық – түлік өнімдерімен қамтамасыз етуде нанның алатын орны бөлек. Сондықтан тағам өнімдері ішінде нан өнімінің сапасына ерекше көңіл бөлінеді. Сондықтан нан сапасынан бағалау әдістері жоғарыда келтірілген әдістер бойынша жүргізіледі.

 


Дата добавления: 2015-11-26; просмотров: 205 | Нарушение авторских прав



mybiblioteka.su - 2015-2024 год. (0.007 сек.)