Студопедия
Случайная страница | ТОМ-1 | ТОМ-2 | ТОМ-3
АвтомобилиАстрономияБиологияГеографияДом и садДругие языкиДругоеИнформатика
ИсторияКультураЛитератураЛогикаМатематикаМедицинаМеталлургияМеханика
ОбразованиеОхрана трудаПедагогикаПолитикаПравоПсихологияРелигияРиторика
СоциологияСпортСтроительствоТехнологияТуризмФизикаФилософияФинансы
ХимияЧерчениеЭкологияЭкономикаЭлектроника

Курс бойынша емтихан сұрақтары. 1. Инженерлік геология, ғимараттар мен геологиялық ортаның бірлескен

Читайте также:
  1. G2 критерийі бойынша бірнеше дисперсиялардың біртектілігін бағалау.
  2. Ақпараттық жүйелер мамандығына арналған Физикадан тест сұрақтары
  3. Аралық бақылау сұрақтары
  4. Аралық бақылау сұрақтары
  5. ашықтықтан оқыту бойынша оқытушылардың кәсіби құзырлылығын қалыптастырудың әдіснамалық негіздері
  6. Бақылау сұрақтары
  7. Бақылау сұрақтары

1. Инженерлік геология, ғимараттар мен геологиялық ортаның бірлескен жұмыстарын қарастыратын ғылым.

2. Топырақтану, топырақ туралы ғылым.

3. Топырақтанудың, инженерлік геологияның басқа техникалық ғылымдармен байланысы.

4. Инженер-құрылысшының кәсібіндегі инженерлік геология рөлі.

5. Геология негіздері.

6. Шығу тегі, жер заты, құрылуы және физикалық қасиеті (гравитациялық жылулық, магниттік).

7. Жердің даму тарихы. Төскелбет және біртектестер.

8. Минералдар және тау жыныстар.

9. Минерал мен тау жынысының генезисі, классификациясы, құрамы, құрылуы және физикалық қасиеті.

10. Тау жынысының жасы. Жер жылнамалық шкала.

11. Тау жынысының түбіндегі құрылым пішіні. Тектоникалық құбылыс. Сейсмика.

12. Сейсмикалық шкалалар, сейсмикалық аудандастыру.

13. Төрттік шөгіндінің генетикалық типінің шығу тегі және ерекшелігі.

14. Үгілу және олардың түрлері.

15. Элювий, делювий, пролювий, аллювий және басқа да типтік түзілімдер.

16. Гравитациялық процесстер және құбылыс.

17. Жер асты сулары туралы жалпы мәліметтер.

18. Тау жынысындағы су түрлері, оның халық шаруашылығында қолданылуы.

19. Жер асты суларының химиялық құрамы.

20. Геологиялық үрдіс және құбылыстың дамуындағы жер асты суының рөлі: құрылыс кезінде.

21. Жер асты суларының классификациясы. Арынсыз және арындық сулар.

22. Жер бетілік, топырақтық, пласт аралық сулар.

23. Су қозғалысының жылдамдығы және арын градиенті, сүзу коэффициенті туралы түсінік.

24. Аяқталған және аяқталмаған ұңғымаға судың ағып келуі.

25. Топырақ сүзу коэффициентін далалық және лабораториялық әдіспен анықтау.

26. Жер асты су қоры және оның классификциясы.

27. Табиғи фактор мен адамның инженерлік – шаруашылық әрекетінің жер асты су қорының өзгеруіне әсері.

28. Инженерлік геологиялық ізденіс жұмыстарының көлемі және құрамы.

29. Геофизикалық тәсілдер, барлаулық және тау қазындылары.

30. Зертханалық және камералық жұмыстар.

31. Азаматтық және өндірістік ғимараттың және үймереттің инженерлік-геологиялық іздеу ерекшелігі.

32. Топырақ табиғаты және оның физикалық қасиеті.

33. Топырақ, негіз, іргетас, үймереттің негізгі түсінігі мен анықтамасы.

34. Пән мағынасы, негізгі есептері мен оларды шешу әдісі.

35. Пайда болу тегі, топырақтың элементтік құрамы, сипаттамалық және физикалық жағдайы.

36. Классификациялық топырақ көрсетілімі.

37. Топырақ сығылуы және тығыздалуының заңдылығы.

38. Топырақтың су өткізгіштігі және ламиналары сүзгіштігі туралы заңдылығқ.

39. Кулон заңы және ығысудың контактілі кедергісі: беріктік жағдайы.

40. Топырақтардың негізгі және қосалқы физикалық қасиеттері.

41. Топырақтың іргетас табанымен кернеуі (контактілі есеп); топырақтың өз салмағына байланысты.

42. Артынды әрекетінен болатын топырақтың өз салмағына байланысты.

43. Топырақтың деформациялық түрлері.

44. Деформациялық серпінділік және деформациялық тығыздық.

45. Шөгіндінің қабат бойынша қосу әдісі және эквивалентті қабат әдісінің есебі.

46. Сусымалы және байланысқан топырақтың беріктік (тепе-теңдік шегі) жағдайы.

47. Топыраққа критикалық қысым (күш), топырақтың есептік кедергісі.

48. Топырақ массивінің сырғыма кезіндегі тұрақтылығы, тұрақтылықтың бұзылу есебі.

49. Қоршалған конструкцияларға топырақ қысымы.

50. Жер астындағы ғимаратқа топырақтың қысымы.

51. Физикалық қасиеттерді меңгеру. Жыныс түзуші минералдардың (силикаттар, қышқылдар және тағы басқа) сипаттамасы мен анықтамасы.

52. Магматикалық тау жыныстарын қаттау және анықтау.

53. Интрузиялық және эффузиялық жыныстар.

54. Шөгінді тау жыныстарын қаттау және анықтау.

55. Түйіртпекті, хемогендік және органогендік жыныстар.

56. Метаморфиялық тау жыныстарын қаттау және анықтау.

57. Топырақтың мемлекеттік стандарт талабына сай және ҚНжЕ сипаттамасына сай көптүрлілігі мен түрінің анықтамасы.

58. Құрылыс алаң жағдайының инженерлік геологиялық тұрғыдан бағалау.

59. Сыртқы күштің әсерінен пайда болатын топырақтағы кернеуін анықтау.

60. Топырақтың өз салмағынан болатын кернеу анықтамасы.

61. Ұңғыманы бұрғылау деректерін пайдаланып геологиялық қиманы құру.

62. Саз балшық топырағының физикалық қасиетінің негізгі көрсеткішінің анықтамасы (тығыздық, ылғалдылық).

63. Топырақ сипаттамасының классификациялық анықтамасы (құмды топырақтың түйіршікті құрамы, сазбалшық топырақтың ылғалдылық сипаттамасы).

64. Сусымалы топрақтың құлама бұрышының анықтамасы.

65. Құм топырақтың сүзгіш коэффиценттік анықтамасы.

66. Тік жазықтық қимасының прибор ығысуындағы топырақ кедергісінің анықтамасы (конструкциясы, зерттеу жүргізу тәртібі, ығысу диаграммасын құру).

67. Сулы сазбалшық топырағының сығылуының тәуелділік анықтамасы (одометр конструкциясы, зерттеу жүргізу тәртібі, сығылу қисығын құру).

68. Бір нүктеге бағытталған күш әсерінен кеңістіктік есеп жағдайындағы кернеудің таралуы (Бусинск есебі).

69. Жергілікті біркелкі таралған күштен пайда болатын кернеуін анықтау. Бұрышты нүкте әдісі.

70. Топырақ механикасының және оларды шешу әдісінің есебі.

71. Топырақ механикасымен танысудың объектісі.

72. Топырақтың дисперсиялық дене ретіндегі ерекшелігі.

73. Топырақ механикасының негізгі заңдылықтары.

74. Бір негізді және үш негізді сығудағы топырақ ығысуын сынау.

75. Іргетас шөгіндісін элементарлы қосу әдісімен есептеу.

 

Глоссарий

АБРАЗИЯ – түп жыныстардың толқын немесе ағын күштері әсерінен бірте-бірте мұжылу процессі.

АККУМУЛЯЦИЯ - құрлық бетінде немесе су алаптары түбінде минералды заттар мен органикалық қалдықтар қабатының жинақталу (түзілу) процесі.

АҚҚЫШТЫҚ ШЕГІ – тау жынысының ылғалдану дәрежесі; оның жаппай ылғалдануы барысында өз пішінін сақтау дәрежесінен айырылып, бірте-бірте қожырай бастау сәті.

АЛЛЮВИЙ (АЛЮВИАЛДЫ ТҮЗІЛІМДЕР) – ағын суларымен шайыла отырып, өзен аңғарында түзілетін шөгінді жыныстар жиынтығы.

АНДЕЗИТ – эффузивті жанартаулардан төгілген лавалардың қатаюы нәтижесінде қалыптасатын магмалық тау жынысы.

АРЫНДЫ СУ – сулы қабаттың беткі жазықтағы деңгейіне сәйкес келетін қысым мөлшерінен көбірек дәрежеде сығылатын, сондықтан жоғары шапшуға аспанға атқылауға барынша бейім жерасты су.

ГАББРО – интрузивті толық кристалды магмалық тау жынысы; эффузивті тектестері – базальт.

ГЕКСАОКТАЭДР – текше сингонияның 48 жақтан тұратын қарапайым түрлерінің бірі.

ГЕКСАТЕТРАЭДР – текше тетраэдрдың әрбір жағы есебінен 6 жақ пайда болуы нәтижесінде кескінделетін 24 жақты текше сингония.

ГЕКСАЭДР – текше сингонияның 6 жақты ең қарапайым түрі. Синонимі – текше.

ГЕМАТИТ – минерал, темір тотығы; темір өндіретін руда.

ГЕОДИНАМИКА – жер деп аталатын алып жүйе өңірінде етек алған барша процестерді, сол процестерді қамтамасыз ететін күштер өрісін зерттейтін ғылым.

ГЕОИД – жер бетінде салмақ күші потенциясының теңдес мағыналарын бір-бірімен ойша қосқанда пайда болатын шартты жазықтық.

ГИДРАТТАНУ – суда еріген зат бөлшектерінің су молекуласымен әрекеттесу процесі.

ДЕЛЮВИЙ (ДЕЛЮВИАЛДЫ ТҮЗІЛІМДЕР) – еңіс өңірлерді құрайтын түп жыныстардың жаппай үгілуі нәтижесінде бөлшектеніп, ерінді сулар мен жаңбыр суларының тасымалдауы нәтижесінде қайтадан шоғырланған кесектер мен түйіршіктер есебінен түзілетін тау жыныстарының тектік түрі.

ДӨҢБЕКТАСТАР – тау жыныстарының мөлшері 10 см-ден артық жұмырланған кесектері.

ЖАЙЫЛМА (ЖАЙЫЛМАЛЫ КЕМЕР) - өзен аңғарының сол өзен тасыған кезде су басып кететін бөлігі.

ЖЕЛІ ЖЫНЫСЫ – интрузивті массивтерден шашақтала тарамдалған желілер мен сығылмалар түрінде ұшырасатын тау жынысы.

ЖЕЛІЛІК СУ – тектоникалық жарылымдар өңірінде көптеп кездесетін жарықтар бойына шоғырланатын жерасты сулары.

ЖЕНТТАСТАР – мөлшері 10 мм және одан да ірі үшкір тастардан және оларды жымдастырушы ұсақ бөлшектерден тұратын тау жыныстары.

ЖЕРАСТЫ СУ – топырақта және бүкіл жер қыртысына тән тау жыныстарында әртүрлі физикалық күйде кездесетін сулардың жиынтық атауы.

ИНТРУЗИВТІ ЖЫНЫС – магманың жер қыртысы қойнауларында кристалдануы нәтижесінде қалыптасқан тау жынысы.

КІЛКІМЕ – төсеніші су өткізбейтін тау жыныстарынан тұратын грунттардың жауын-шашындарымен немесе ерінді сулармен қанығуы нәтижесінде уақытша пайда болатын шалшықтар.

ҚАБЫСУ – тау жынысын құрайтын түйіршіктердің өзара тартылыс күші; түйіршіктердің құрылымдық (молекулалық жымдасқыштық, кристалдық т.с.с.) байланыстары әсерінен туындайды.

ҚОЙНАУЛЫҚ – бастапқы эндотекті деген ұғымды білдіретін анықтауыш.

ҚҰБЫР ЕРНЕУІ – бұрғылау құбырының жер бетінен көрініс беру басталу орны.

ҚҰМДӨҢДЕР – жел әрекеті нәтижесінде теңіз немесе өзен жағалауларында жал-жал болып үйіліп қалатын құм дөңестер.

ЛАМИНАРЛЫ АҒЫМ – сұйықтарға ғана тән, көбінесе бірқалыпты өтетін, уақыт пен кеңістіктегі жалпылама сипаты әсер етуші күш өзгерістеріне немесе сырт жағдайлардағы өзгерістерге ғана тәуелді болып келетін ағымдар жүйесі.

НАҚТЫ ЖЕРЖЫЛНАМА – геохимияның геологиялық уақыт мөлшерін анықтау мәселелерімен айналысатын саласы.

НАҚЫШ – тау жыныстарын құрайтын бөлшектердің орналасу бағытынан, бір-бірімен ара-қатынасынан және таралу ерекшеліктерінен туындайтын олардың құрылымдық сипаттар жиынтығы.

СЕМУ – ылғалданған дисперсиялық тау жыныстарының (грунттардың) еру, мұздықтану және кебу барысында көлемін азайтуы.

СІҢБЕ СУ – жер бетінен біршама терең деңгейлерге дейінгі тау жыныстарына тән болмашы жарықшақтар мен майда кеуектер арқылы жылжи отырып жиналақталатын жерасты су.

СУАЙРЫҚ – таулы өлкелерде жарыса ағатын өзендер аңғарын бір-бірінен шектейтін шартты сызық.

СУТІРЕК - өз бойынан су молекулаларын өткізбейтін тау жыныстары.

ТАҚТАШААРАЛЫҚ СУ – екі сутіректі тақташалар аралығына орналасқан сулы тақташаға шоғырланатын жерасты су.

ТЕКТОНИКА – жер қыртысына тән нақтылы өңірдің тектоникалық бұзылыс ерекшеліктерімен және жалпылама даму тарихымен анықталатын құрылымдық сипаты.

ТІКҚАЗБА – пайдалы қазба кендерін іздестіру және барлау барысында, геологиялық түсірім шараларын жасақтауда немесе инженерлік-геологиялық және гидрогеологиялық зерттеулерді жүзеге асыруда. Жер бетінен басталып, тік төмен қазылатын, көлденең қимасы төрт бұрышты яки шаршы пішінді болып келетін (дудкалардан айырмашылығы да осында) тау қазындысы.

ТОПЫРАҚ СУЫ (ЫЛҒАЛЫ) – топырақ қабатында молекулалық тартылыс әсерінен жинақталған су (ылғал).

ЭКСТРУЗИВТІ ЖЫНЫС – тұтқыр лавалардың жанартау көмейінен өз тұтастығын сақтай отырып, сығымдала көтерілуі нәтижесінде қалыптасатын жыныстар түрі.

ЭКСТРУЗИЯ – тұтқыр лавалы жанартауларға тән әрекет түрі; тұтқыр лавалардың жанартау көмейінен сығымдала көтерілуі нәтижесінде әдетте сол жанартау ернеулері өңірінде лава күмбездері пайда болады.

ЭЛЮВИЙ - өзінің үгілу орнынан қозғалмаған үгілу өнімдері.

ЭФФУЗИВТІ ЖЫНЫС – жер бетіне шығып төгілген магма (бұларды лава деп атайтыны белгілі) есебінен қалыптасқан, негізінен лава ағымдары мен бүркемелерін түзетін магмалық жыныстардың жиынтық атауы. Синонимі – ақтарылма жыныс.

 

 


Дата добавления: 2015-12-08; просмотров: 253 | Нарушение авторских прав



mybiblioteka.su - 2015-2024 год. (0.013 сек.)