Студопедия
Случайная страница | ТОМ-1 | ТОМ-2 | ТОМ-3
АвтомобилиАстрономияБиологияГеографияДом и садДругие языкиДругоеИнформатика
ИсторияКультураЛитератураЛогикаМатематикаМедицинаМеталлургияМеханика
ОбразованиеОхрана трудаПедагогикаПолитикаПравоПсихологияРелигияРиторика
СоциологияСпортСтроительствоТехнологияТуризмФизикаФилософияФинансы
ХимияЧерчениеЭкологияЭкономикаЭлектроника

Тақырып. Қаржылық есеп үлгілерінің сыныптамасы

Читайте также:
  1. АЗАЌСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ БЮДЖЕТ ШЫЄЫСТАРЫНЫЅ ЭКОНОМИКАЛЫЌ СЫНЫПТАМАСЫ ЕРЕКШЕЛIГIНIЅ ЌЎРЫЛЫМЫ
  2. Бюджет тїсімдерініѕ сыныптамасы
  3. Бюджет шыєыстарыныѕ функционалдыќ сыныптамасы 1 страница
  4. Тақырып. Қаржылық жалға алуды есепке алу
  5. Тақырып. ҚР алғашқы ислам қаржыландырудың бастау алуы мен ұйымдары
  6. Тақырып. Бірінші исламдық қаржы институттар

Сабақтың мақсаты Әрқашан да есеп тәжірибесінің сыныптамасы біркелкі болып келеді, өйткені заңдары бірдей болатын 2 мемлекетті табу қиын.

Дәріс сұрақтары:

1. Заңға бағынатын мемлекеттердің қаржыландыру жүргізу

2. Негізгі есеп үлгілері

Негізгі (түйінді)түсініктер – SEC, GAAP, IASB

Әрқашан да есеп тәжірибесінің сыныптамасы біркелкі болып келеді, өйткені заңдары бірдей болатын 2 мемлекетті табу қиын. Әрбір пайдаланушы өзінің мұқтаждықтарына бейімделген ақпараттық жүйені құрайды (management information system). Алайда заңңамалардың түрлері бойынша мемлекеттерді топтастыру мүмкіндігі бар. Мысалы:

1- заңдардың тармақты базасы бар болатын мемлекеттер;

2- жалпықұқықты бағыттағы заңңамалары бар мемлекеттер.

Бірінші жағдайда мемлекеттік заңдар «СІЗ МІНДЕТТІСІЗ» түрі бойынша қатаң ұйғарымдарының сериялары болып есептеледі. Жеке және заңды тұлғалар әрбір ең ұсақ болса да уақиғаға байланысты тіркелген заңның бір әрпін де бұлжытпауға борышты. Есеп стандарттары заңдардың дәрежесінде де пайда болады. Барлық есеп тәртіптері тәптіштеледі,осыдан есептің ең басты мақсаты салық есептеу және оларды әрі толық, әрі дер кезінде бақылау мүмкіндігі туады.

Мемлекеттердің екінші тобы заңдар «СІЗ МІНДЕТТІ ЕМЕССІЗ» шектеу түрінде болып есептеледі.Жеке және заңды тұлғалардың іс-әрекеттердің еркіндік шектері көрсетіледі. Бұл жағдайда есеп ережелері кәсіби бухгалтерлерді біріктіретін әр-түрлі құрылымдармен қалыптастырылып, мемлекетпен реттелуге жүгінбейді. Есеп жасампаз болуын қосады, атап айтқанда жүйелерді құрастыру, сметаларды жасау, шығындардың анализі, аудиторлық бақылау, салық және кірістердің жоспарлау есебімен айналысады.

Есеп және есептілік саласындағы ұлттық стандарттардың мазмұнына ең басты себептер әсер етеді. Олар:

• Есеп ақпаратты пайдаланушылардың түрлері(жеке тұлғалар, банктер немесе парламенттің құрылымдары);

• Стандарттардың авторлығы;

• Бизнестегі капитал салудағы негіз болып табылатын жеке және заңды тұлғалардың саны;

• Бұл бизнесті басқаратын инвесторлардың қатысу дәрежесі;

• Бағалы қағаздар нарығының даму деңгейі.

Қатты құқықты реттеу бағыттағы көптеген елдерде серіктестіктердің қаржылық қажеттіліктердің маңызды бөлігі парламент пен банктердің қаржыларымен құйылады, бірақ көбінесе жалпықұқықты бағдарламау елдеріндегі бизнесте бағалы қағаздардың нарығы және акционерлік меншік қолданылады. Әдетте есеп үлгілерінің сыныптамасында стандарттардың өңдеуіне «қоршаған ортаның» әсер ету идеясы пайдаланылады.

Басты 3 үлгілер келтіріледі. Өңдіруді дамытудың, басқарудың, ақпаратты пайдаланушылардың кәсіби мәдениеттің деңгейі сияқты жағдайлары ұқсас болып келетін елдер топтастырылады. Сондай-ақ саяси және әлеуметтік жағдайлары, салт-дәстүрлері, дағдылары, әдет-ғұрыптары қаншалықты ұқсайтыны маңызы бар.

Бұл үлгілерді аттауы осылай қабылданды: 1)Британдық-американдық-голландық, 2)Контиенталдық, 3)Оңтүстікамерикандық.

1. Британдық-американдық-голландық

Бұл үлгінің шаруашылық қызметінің есебі инвесторлар мен кредиторлардың ақпараттық сұраныстарына бадарланады. Жиі акционерлік капиталдың иелері бірлестіктерді оперативті басқарудан бөлінеді.

Бұл үлгіні қолданатын 3 басты елдер (Ұлыбритания,АҚШ және Нидерланды) бағалы қағаздар нарығы жақсы дамыған. Оған қоса, бұл елдерде бас бірлестіктердің осы есеп үлгісін қолданатын елдерде бөлімшелері бар көптеген мультиұлттық бірлестіктердің штаб-пәтерлері орналастырылады.

АҚШ-та шаруашылық есеп саясатын (GAAP) тәуелсіз бухгалтерлердің кәсіби ұйымы – есеп стандарттарын дайындау жөніндегі Кеңес дайындайды.

FASB – үкіметтік емес инстанция және оның қызметі еліміздің түрлі компанияларында қолданылатын есептің бірыңғай рәсімдері мен есептілік үлгілерін жетілдіруге бағытталған.

Бағалы қағаздардың екінші нарығында белсенді жұмыс істейтін АҚШ-тың ірі корпорациялары жыл сайын өздерінің есептерін федералды үкіметтің бөлімшесі – SEC бағалы қағаздар жөніндегі Комиссияға тапсыруға міндетті.

(SEC- Securities & Exchange Commission)

SEC те, FASB сияқты, бірақ өз тұрғысында стандарттар құрады және олардың орындалуын мұқият бақылайды. Бұл жағдайда үкімет мүдделердің құқығын қорғау үшін өзінің биліктік өкілеттіктерін қолданады.

SEC-ті үкіметтің «шынжырдағы күшігі» деп жай айтпайды («watch dog» agency of federal government).

UK (United Kingdom of Great Britain) үкіметтік емес кәсіби ұйымдар дайындайтын және жүйелі түрде жаңартылатын FRS қаржылық есептік стандарттары және SSAP стандарттық есептік тәжірибе нормалары қолданылады.

(FRS- Financial Reporting Standards)

(SSAP- Statements of Standard Accounting Practice)

2. Континенталдық модель

Бұл модель бойынша есеп Жапонияда және Еуропа елдерінде (Франция, ФРГ, Швейцария, Австрия, Бельгия, Италия, Дания және т.б.) тәжірибеге енген. Бұл елдерде бизнес банктермен тығыз байланыста және үкімет есептің міндетті түрде жариялануын талап етеді.

Барлық есептік рәсімдер кертартпа және заңнамалармен регламенттеледі. Франкотілді африкалық елдер де (Алжир, Ангола, Марокко, Сенегал және басқалары) осы ережелерге бағынады.

Мемлекеттің экономикалық саясатына сәйкес салық салу мәселесі мұнда басымдық болып табылады.

3. Оңтүстік Америкалық модель

Американың оңтүстік континетіндегі елдерде (Аргентина, Боливия, Бразилия, Чили, Уругвай және басқалары) қолданылады.

Үкіметтің қажеттілігіне бағдарланады және басқа модельдерден құнсыздану тақырыптарын жыл сайынғы түзетуімен ерекшеленеді.

Бұл елдерде ақша бірлігінің тұрақсыздығын және негізгі құралдарды бастапқы бағалау қағидасының бұзылуын ескеретін арнайы әдістемелер дайындалады.

Исламдық және интернационалдық модельдер

Әлемдегі жаңа тарихи оқиғаларға байланысты пайда болған тағы екі есепке көңіл аудару қажет. Олар әзірге британ-американдық, континенталдық және оңтүстік америкалық тәжірибелердің сенімді жұмыс істеуіне ықпал ететін нақтылық деңгейіне жеткен жоқ. Алайда, болашақта біздің олар туралы жиі еске алуымыз мүмкін.

4. Исламдық модель

Ислам мемлекеттеріндегіэкономикалық ынтымақтастықта жаңа ұйымдар тәжірибесіне енуде. Жаңа достық әлемнің жеті индустриалдық-дамыған елдерінің белгілі одағына қайшылықта құрылған.

Турция, Иран, Бангладеш және т.б. сияқты елдердің өздерінің заң жүйелерін құдай идеяларының ықпалымен құратыны таң қаларлық емес. Мысалы, Құранда өсімқорлыққа тиым салынған, есептік құжаттамалар қаржылық іске асырылғаннан тыс пайда тетігін көрсете алмайды. Мұнда компанияның ресурстары мен қарыздары нарықтық баға бойынша ескеріледі.

5. Интернационалдық модель

Атап айтқанда осы модельді халықаралық деп айтуға болар еді. Ол бухгалтерлік есептің интернационалдық қатынас құралы болатын деректі ескереді.

Мультиұлттық бизнес экономикалық коммуникацияға қатысатын елдердің әрқайсысының тәжірибесіне сәйкес құрылған есептердің үйлесуін талап етеді.

Әлемнің көптеген елдерінің кәсіби ұйымдары Халықаралық стандарттар жөніндегі комитеттің қызметін қолдайды.

Комитет түрлі елдердің есептік тәжірибесін қорыту және түрлі шетелдік кәсіпорындар – серіктестерді басқару персоналының өзара түсіністігі үшін бірыңғай көзқарасты (IAS) жетілдіруге тырысады.

(IAS- International Accounting Standards)

IAS пайдалану – әрбір МҰК (мультиұлттық корпорация) даусыз ерікті ісі және ел ішінде қабылданған ереже талаптарына бағыну қажеттілігін жоққа шығармайды.

Таяу Шығыстың тез дамушы елдерінде (онда ғана емес) инвестициялардың дамуымен ислам дәстүрлері бойынша қаржылық есеп үлкен әйгілілікке ие екені ешкім үшін құпия емес. Бір уақытта есептілікке қысым да өсе түседі: IASB дәстүрлі, халықаралық стандарттармен қайшылықтарды жою үшін бір әрекет жасауы қажет, ал оны «Үстіңгі жақтан» - бұл жерде біз ислам заңдары бойынша жалған-халықаралық есептілікті жасау жөніндегі жаңа нұсқаулар туралы айтамыз- немесе «төменгі жақтан» жасау керек. Соңғы нұсқа күн сайын шындыққа жанасуда, себебі қазір тап мұндай нұсқау ресми болмаса да, бар. Егер осыған ұқсас әрекеттер жасалса, онда мұндай реформа бір қатарлы емес болып бағаланады: ислам елдеріндегі діни дәстүрлер өте күшті. Оған қоса сарапшылардың басым бөлігі индустрия және нарықтардың дамуымен бүкіл әлем бойынша бухгалтерлік ережелерді үндестіруден қашықтықта қалу және ыңғайлылықты сезіну қиынға соғатынын мойындауға мәжбүр. Ислам елдеріндегі қаржылық активтер 2011 жылы 1,3 триллион долларды құраған, оның өсуі соңғы бес жыл ішінде 150 % құрады. Осы уақытта бухгалтерлік есептілікті реттеу халықаралық әзірлеушілердің қолында, олар стандарттарды әзірлеу кезінде Шариғат заңдарына сүйенеді. Бұл стандарттар өте ірі батыс инвесторларын жаңылыстырады- олардың ішінде жергілікті нарыққа кіруге ниет білдірген инвестициялық банктер де бар. Керісіншесі де дұрыс. Ислам банктері жұмыс істейтін елдердің көпшілігі қаржылық есептіліктің халықаралық стандарттарына сәтті көшкен. Алайда ХҚЕС дәстүрлі-исламдық емес транзакцияларды есепке алу үшін әзірленген, мұнда капиталға пайыздар есептеу және ақшалай алыпсатарлық жасауға рұқсат етіледі. Бұл жерде дау туындайды. Пайыздық кіріс тыйымын бұзбай пайда табу үшін, банкке көп артық әрекеттер жасауға тура келеді – мысалы, өз клиентінің атынан активтерді сатып алу (жылжымайтын мүлік сияқты) және клиент заңды иеленуге рұқсат алмағанша оны жалға беру. Қазіргі уақытта қолданыстағы ХҚЕС сәйкес – бұл қаржылық жалға беру сияқты қарастырылады, ал банкке лизингті кредит ретінде оған есептелетін пайыздармен бірге көрсету керек болады - бұл шариғат заңдарына қайшы келетіні анық,- дейді сарапшылар. «ХҚЕС дәстүрлі түрде нысан мазмұнына басымдылықты береді, ал Шариғат заңдары керісінше талап етілген нысанға сай болумен байланысты»-деп түсіндіреді PricewaterhouseCoopers директоры Эндрю Хокинс (Andrew Hawkins).

Бұл мәселенің шешімі бар ма? Бар. Сарапшылар IASB-ден ислам есептілігі тақырыбына арналған бір-жалғыз ресми нұсқау қажет дейді. Ол бүкіл әлем бойынша қолданылатын амалдарды және исламдық есептілікті халықаралық стандарттармен үндестіруді қамтамасыз етеді. IASB мұндай құжатты әзірлеуге ықпалды халықаралық ұйымдарды қатыстыруда – мысалы, Азия-Тынық мұхиттық аймақтың стандарттар әзірлеушілер тобы (AOSSG). Өз құзіретінде қаржылық есептіліктің стандарттарын әзірлеумен айналысатын 24 түрлі ұйымдар осы жылдың басында AOSSG-дің сұрауына теріс жауап берді, ал ол сұрау исламдық елдер мен одан әрі бөлек стандарттарда қалу мүмкіндігіне қатысты жүргізілген. Бұл мүмкін емес-деді сауалнамаға жауап берушілер- себебі бұл жағдайда ХҚЕС конвергенциясы жүзеге асырылмайды.

Алайда IASB ислам әлеміне «енуі» қандай жағдайда болмасын оңай да қарапайым болмайды. Дегенмен, халықаралық әзірлеушілер олардың жұмыс жоспарында мұндай тармақ бар екенін және олар осы іспен жақындағы айлар ағымында тығыз айналысуға кірісетінін айтқан, ХҚЕС бойынша Кеңесте исламдық есептіліксіз де бүгінгі күнде өте көп жұмыс бар екені туралы дерек құпия емес. Олар осы жаңа мәселемен жақындағы уақытта айналыса алу мүмкіндігі үлкен күмән тудыруда.

ХҚЕС негізгі ойына қатысты тағы бір сәт бар – бұл барлық әрекеттердің секторлары мен бағыттарына арналған «әмбебаптылық» идеясы. Исламдық қаржыларға арнайы стандарттар мен нұсқаулар қабылдау, ХҚЕС-тың бұл идеясы жұмыс істемейді дегенді білдіреді. Мысалы, ислам банктеріне жоғарыда көрсетілген мысалға сәйкес жалға беруді қайта санаттандыруға болар еді, бірақ IASB бұған барады ма? Екіталай, өйткені бұл барлық базалық бухгалтерлік қағидаттарды бұзу болып табылады, сонымен қатар дәстүрлі банктерге қатысты әділ емес болады, оған қарсы соңғылары бүлік шығарулары мүмкін.

 

 

Бақылау сұрақтары:

1. Есеп үлгілерінің түрлері мен тиімділігі?

2. Бақылаушы ұйымдар.

 

ӘДЕБИЕТТЕР: Негізгі: 1,2,3,4; Қосымша: 1,2,3,4,5.

 

 

6–Тақырып. Исламдық банктердің бухгалтерлік есепті жүргізуі жөніндегі нұсқаулық

Сабақтың мақсаты – Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі Басқармасының 2009 жылғы 27 сәуірдегі N 33 Қаулысы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2009 жылғы 2 маусымда Нормативтік құқықтық кесімдерді мемлекеттік тіркеудің тізіліміне N 5687 болып енгізілуіне сәйкес бухгалтерлік шоттар жүйесі

Дәріс сұрақтары:

1.ҚР заң шығарушы органжәне исламды қаржыланыру жөніндегі ережелер мен

нұсқаулықтар

2. Исламдық банктерде жүргізілетін бухгалтерлік есеп шоттар жүйесі

Негізгі (түйінді)түсініктер – бағалау принциптері, сұраныс пен ұсыныс.

"Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне ислам банктерін ұйымдастыру мен олардың қызметі және исламдық қаржыландыруды ұйымдастыру мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" 2009 жылғы 12 ақпандағы Қазақстан Республикасының Заңының қабылдануына байланысты, исламдық банктердің бухгалтерлік есепті жүргізуі н жетілдіру мақсатында Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің Басқармасы ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Қоса беріліп отырған Исламдық банктердің бухгалтерлік есепті жүргізуі жөніндегі нұсқаулық бекітілсін.
2. Осы қаулы Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелген күннен бастап он төрт күн өткеннен кейін қолданысқа енгізіледі.
3. Бухгалтерлік есеп департаменті (Шалғымбаева Н.Т.):
1) Заң департаментімен (Шәріпов С.Б.) бірлесіп осы қаулыны Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеу шараларын қабылдасын;
2) осы қаулы Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелген күннен бастап он күндік мерзімде оны Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің орталық аппаратының мүдделі бөлімшелеріне және аумақтық филиалдарына, Қазақстан Республикасының Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау жөніндегі агенттігіне және "Қазақстан қаржыгерлерінің қауымдастығы" заңды тұлғалар бірлестігіне жіберсін.
4. Осы қаулының орындалуын бақылау Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі Төрағасының орынбасары Д.Т. Ғалиеваға жүктелсін.

Ұлттық Банк
Төрағасы Г. Марченко

Исламдық банктердің бухгалтерлік есепті жүргізуі
жөніндегі нұсқаулық


Дата добавления: 2015-11-26; просмотров: 86 | Нарушение авторских прав



mybiblioteka.su - 2015-2024 год. (0.012 сек.)