Студопедия
Случайная страница | ТОМ-1 | ТОМ-2 | ТОМ-3
АвтомобилиАстрономияБиологияГеографияДом и садДругие языкиДругоеИнформатика
ИсторияКультураЛитератураЛогикаМатематикаМедицинаМеталлургияМеханика
ОбразованиеОхрана трудаПедагогикаПолитикаПравоПсихологияРелигияРиторика
СоциологияСпортСтроительствоТехнологияТуризмФизикаФилософияФинансы
ХимияЧерчениеЭкологияЭкономикаЭлектроника

Тұщы сумен қамтамасыз ету және оны тиімді пайдалану мәселелері

Читайте также:
  1. Ағымдағы және ұзақ мерзімді активтер ерекшеліктері
  2. Адам әлеуетінің даму индексі және халық денсаулығының негізгі көрсеткіштері.
  3. Адами даму және адам өмірінің әр түрлі аспектілері
  4. Адами даму концепциясындағы экономикалық өсім және еңбекпен
  5. Азақстан қоғамының саяси өмірінде қоғамдық қозғалыстардың орны және ролі
  6. Азіргі кездегі ипотекалық несиелендірудің мәселелері мен даму перспективалары
  7. Аксиология. Ғылыми-техникалық прогресс және экология

Жер бетіндегі әр түрлі мақсаттарға пайдаланылатын тұщы судың қоры қаншама мол болғанымен, жалпы есеппен алғанда, ішуге жарамды су табиғатта аз. Әлемдегі су ресурсын адамзат баласы қалай пайдаланса да аздық етпейді, бұл жердегі проблема – ағзаға зиянын тигізбейтін таза суда, ішетін ауыз суда болып тұр. Мәселе – тұщы судың мол қорында емес, оның химиялық құрамы қандай элементтерден тұратындығында. Судың адамға қажеттілігін ауамен салыстыруға болады.

ХХІ ғасырда басты стратегиялық ресурс мұнай емес, тұщы су болмақ. Парсы шығанағындағы әміршіліктерінің тұрғындары қазірдің өзінде шикі мұнайды литрлеп, басқа-бас ауыстыратын болса, ұтымды сауда жасадым деп қуанады. БҰҰ-ның болжамдары бойынша, жер бетіндегі тұщы судың жетіспеушілігі, атмосфераның глобалды жылуынан да көп проблема туғызуы мүмкін. Бүгінгі күннің өзінде 1,1 млрд жуық адам тұщы суды емін-еркін пайдалануға қолы жетпей жүрсе, 2030 жылдарға таман жер бетінің 2,7 млрд тұрғыны ауыз су тапшылығынан қатты қиналатын болады.

БҰҰ мәліметтері бойынша ΧΧΙ ғасырда ғаламдық жылынудан гөрі судың жетіспеуі өткір мәселе болады. Су қорының жетіспеуі тек кедейлік пен мешеулікке ғана әкеліп соқпай, этникалық және мемлекетаралық қақтығыстардың себебі болады.

Ғалам халқының санының өсуі су қажеттілігін күрт арттырады. Әсіресе, бұл Азия құрлығының тұрғындары үшін қиындық туғызады, өйткені олардың негізгі тамағы суда өсетін күріш.

Су – өмір көзі. Бірде бір өндіріс сусыз жұмыс істей алмайды. Сусыз атмосфера оттегімен толықтырыла алмайды. Су үлкен (геологиялық) және кіші (биохимиялық) зат айналымына қатысады. Қазіргі көзқарас бойынша өмір суда пайда болған. Адам ағзасында 60 % -дай болады. Табиғи экожүйедегі судың алатын орны ерекше. Мысалы,

− бидайдың 1т өндіру үшін 2500 т су,

- күріштің 1т – 4500т су,

- мақтаның – 10 000 т,

- аммиактың – 1000 т,

- синтетикалық каучуктың –2000 т,

- синтетикалық талшықтың – 2500-5000 т және т.с.с.

Адам үшін су тек биологиялық ғанаемес, әлеуметтік те фактор болып келеді. Биологиялық мақсат үшін адам тәулігіне 5л су жұмсаса, одан басқа тағы 1500-2000л жұмсайды.

Судың бағасы жылдан-жылға өсіп барады. Араб әмірлігінде 1л ауызсуды 1л шикі мұнайға айырбастауға болады. Табиғи ауыз су ұлт байлығына айналып барады. Дүкендерде ауыз судың сатылуы қалыпты жағдайға ұласты.

Жер ғаламшарындағы су қоры 1.400 000 км3, бірақ оның көбі ащы. Су қорын пайдаланғанда оның айналым жылдамдылығын ескерген жөн. Тұщы судың 70 % -дайы мәңгі мұздық пен мәңгі қардың үлесінде, бірақ адам мұндай “өлі” табиғи су қорын пайдалана алмайды. Жердің терең қойнауындағы суды да пайдалану қиын. Сондықтан адамның қолы жететін су қорының 0.003 % ғана ішуге жарамды.

Су – Жер шарындағы ең көп таралған айрықша зат, химиялық құрамы жөнінен сутек оксиді болып табылады. Оның өзіне тән қасиеттері бар, бұл қасиеттерінің географиялық қабықта жүретін процестері үшін маңызы зор.

Біріншіден, су қалыпты жағдайдыңөзінде үш бірдей қалыпты күйде бола алады. Судың бір күйден екінші күйге ауысуы үшін белгілі бір мөлшерде жылу жұмсалады (булану, қар мен мұздың еруі) немесе бөлініп шығады (конденсация, судың қатуы) Мысалы, 1г суды буландыру үшін жұмсалатын жылу 1г мұзды ерітуге қажет жылудан 7 еседей артық болады.

Екіншіден, басқа заттармен салыстырғанда су қатқан кезде көлемін ұлғайтады. Табиғатта судың мұндай өзгерістерге түсуінің өзіндік маңызы бар. Су айдындарының бетін жапқан мұз судың төменгі қабаттарының одан әрі салқындауына жол бермейді Өйткені су қатқан сайын қатты бола берсе, су айдындары түбінен бастап қатар еді, мұның өзі қоршаған ортаға, судағы тіршілікке кері әсерін тигізген болар еді.

Үшіншіден, су еріткіш болғандықтан табиғатта таза күйінде болмайды, яғни оның құрамында еріген күйде азды – көпті бөгде заттар кездеседі. Суда тұздардың шоғырлану мөлшері, яғни тұздылығы әркелкі болады.

Төртіншіден, су баяу жылынып, баяу суынады. Бұл судың жылу сыйымдылығының өте жоғары болуымен түсіндіріледі.

Тірі және өлі табиғатта жүретін түрлі процестер мен құбылыстардың адам тіршілігіне жұмсалатын заттардың ішінде судың маңызы зор. Мұздарды, батпақтарды қосып есептегенде, жер бетінің 77,5% - ын су алып жатыр. Су қорларына – мұхиттар, теңіз, өзен, көл, жер асты сулары, мұздықтар, атмосферадағы ылғал кіреді. Су адамдар мен жануарлардың организміне еніп, онда болатын зат және энергия айналымына тікелей қатысады. Көптеген процестер тек сулы ортада ғана жүре алады. Белок суда пайда болған және осы ортада дами алады, ал белок тірі клетканың негізі болып табылады. Жер бетіндегі биологиялық өнімдердің 43% - ын, ал оттегінің 50% - дан көбін мұхиттар мен теңіздер береді.

Су қоры – халық байлығы, өкінішке орай жер бетіндегі тұщы судың қоры өте аз. өзендер мен көлдердегі тұщы сулардың қоры, гидросфера ресурсының бір пайызына да жетпейді екен. Құрлық бетінің әр түрлі жерлеріндегі тұщы сулардың қорлары әр түрлі. Мысалы, Аляскада 1 адамға 2 миллион м3, Жаңа Зеландияда 100 мың м3, бұрыңғы Кеңестер Одағында 18,3 мың м3, ал Қазақстан Республикасы тұщы су қоры тапшы мемлекеттер қатарына жатады. Қазақстанда 1987 жылы халық шаруашылығына жұмсалған судың жалпы мөлшері 38 км3-ге жетті.

Бүкіл ел бойынша экономика барлық салаларындағы жыл сайын су тұтынудың көлемдерi ел бойынша негiзiнен 35 куб.км шамасында құрайды, шалағай сулардың арқасында – 85%. Суды қолданудың негiзгi еншiсi ауылшаруашылық өндiрiсіне келедi, елдегі ортақ су тұтынудан – 75%. Егiн егетін жерлердiң бiртiндеп азаюына байланысты судың шығыны азаяды. Сонымен бiрге, нормативтен тыс суды жоғалту, су көздерінің жүдеуіне, өнiмнiң өзiндiк құнының шығынын көбейтеді, сонымен бiрге суға тарифтардың өсуiне оның бәсекеге түсуін төмендетеді. Мысалға: әлемдегi күрiштiң 1 тоннасының өндiрiсiне орташа 5 мың куб. м су шығындалады, Қазақстанда – 10,4 куб.м. Мақтаның 1 тоннасын өсiруде су шығыны әлемде - 3 мың. куб.м., Қазақстанда 4,3 мың.куб.м суды құрайды [14].

Өнеркәсiп секторында суды орташа 5 куб.км. су тартқышта 5,8-7,8 куб.км. су тартқышта, немесе 18-22% шамасында тұтынады. Су тартқыштағы ең үлкен меншiктi салмақты жылу энергетиктер, түстi металлургия, мұнай өндiрiсiнiң кәсiпорындары алады. Сонымен бiрге, көп салалар мен кәсiпорындар бойынша, бір өнiмге салқын судың шығыны жоғары болып қалады. Өнеркәсiптiк өндiрiсінің салаларының көпшілігінде және бөлек алған кәсіпорында, қайтадан және қайталап сумен жабдықтау деңгейінің төмендігінен, су сақтайтын және сусыз технологияларының дұрыс орындалмауының және су беру жүйелерiнiң қанағаттанарлықсыз күйі, оның ПӘК-нің төмендігінен шығарылатын өнiмнiң бiрлiгiне салқын су шығыны жоғары болып қалады.

Коммуналдық-тұрмыстық мұқтаждықтарға шамамен 1,3 куб.км. су шығындалады, немесе 4-7%. Сонымен бiрге бiр тұрғынға меншiктi судың шығынының көбею тенденциясы байқалады. Қазақстанда жылына бір адам 2264 куб.м тұтынады. Салыстырсақ, дамыған елдердегi су тұтынуы 2 есе дерлiк аз (АҚШ та - 1870 куб. м, Канадада - 1602 куб. м). Мұндай жағдайда судың көп шығындалуының (20-30% ға дейiн) негiзгi себептерi үйлердегi су өткiзетiн жабдықтартың тозуы, су жеткізетін басқару жүйелерінің автоматтандырылмағандығы, ауыз суды өңдеуге ескі технологиялардың қолданылуы, үйлердегі санитарлық - техникалық құралдардың деңгейiнiң төмендігі, суды жұмсау нормасының көптігі, су шарушылық желiлердiң жеткiлiксiз дамуынан болып табылады.

Қазақстанда біршама минералды және жер асты суы қорлары орналасқан. Шекарааралық су қорлары ерекше мәселе болып қалады. 44 куб.км. шектi мемлекеттерден келеді: Қытай – 18.9, Өзбекстан – 14.5, Қырғызстан - 3, Ресейлер – 7.5 куб. км. Тиiстi мекемелер көрші елдермен шекарааралық өзендер мен суаттардың қорларының суларын пайдалану мәселесiн реттеу бойынша жұмыс жүргiзiлдi. Қазақстан бұл жұмыстарды 2000 жылдың 23 қазанында бекітілген шекарааралық су ағындары мен халықаралық көлдерді қорғау және қолдану туралы Конвенциясының халықаралық құқықтық акттерінiң негiзінде жасайды. Көршi - ҚХР, Тәжiкстан, Түрiкменстан, Қырғызстан және Өзбекстан мемлекеттер бұл конвенцияға қатыспағандықтан, шекарааралық су мәселелерiн реттеу жұмыстарында күрделiлiктер туғызады.

Планетамыздағы адамзаттың тұщы суды пайдалануы жыл сайын өсіп келеді. Ал, мұхиттардың, теңіздердің тұзды сулары шаруашылықта мардымсыз болса да қолданылып жүр. Біздің республикамызда су тұщытқыш станциясы Ақтау қаласында ғана бар. Егер ерте кезде, бір адам басына шаққанда, тәулігіне 12-18 литр су пайдаланса, XX ғасырда мәдениеті дамыған елдерде оның шамасы орта есеппен 200-400 литрге жетіп отыр.

 


Дата добавления: 2015-12-08; просмотров: 960 | Нарушение авторских прав



mybiblioteka.su - 2015-2024 год. (0.006 сек.)