Студопедия
Случайная страница | ТОМ-1 | ТОМ-2 | ТОМ-3
АвтомобилиАстрономияБиологияГеографияДом и садДругие языкиДругоеИнформатика
ИсторияКультураЛитератураЛогикаМатематикаМедицинаМеталлургияМеханика
ОбразованиеОхрана трудаПедагогикаПолитикаПравоПсихологияРелигияРиторика
СоциологияСпортСтроительствоТехнологияТуризмФизикаФилософияФинансы
ХимияЧерчениеЭкологияЭкономикаЭлектроника

Табиғатты және табиғи қорларды ұтымды пайдаланудың негізгі аспектілері

Читайте также:
  1. Q]3:1:Әкімшілік іс жүргізудің прокурордың негізгі міндеті
  2. Ағымдағы және ұзақ мерзімді активтер ерекшеліктері
  3. Адам әлеуетінің даму индексі және халық денсаулығының негізгі көрсеткіштері.
  4. Адами даму және адам өмірінің әр түрлі аспектілері
  5. Адами даму концепциясындағы экономикалық өсім және еңбекпен
  6. Азақстан қоғамының саяси өмірінде қоғамдық қозғалыстардың орны және ролі
  7. Аксиология. Ғылыми-техникалық прогресс және экология

Қоршаған ортаны қорғау саласында ҚР халқаралық ынтымақтастықтар іске асырылады. Болып жатқан әр түрлі экологиялық мәселелер жаһандық сипат ала бастады. Осы жаһандық экологиялық мәселелерді болдырмау мақсатында әр түрлі табиғат қорғау қызметтері іске асырылуда. Қазіргі кезде экологиялық мәселелермен айналысатын 100-ден астам халқаралық ұйымдар жұмыс істейді. Мысалы, БДҰ, БАҰ, ЮНЕП, ЮНЕСКО және т.б өзге елдер сияқты Қазақстан республикасы да қоршаған ортамен табиғи ресурстарды қорғау заңнамасына сүйенеді. ҚР Экологиялық кодексі, жарлықтар, нормативтік актілер т.б. жатады.

6.2-сурет. Табиғи қорларды тиімді пайдалану жолдарының жіктелуі.

 

- Өндіру жұмыстары жүргізілген таулы аймақтарда жер рекультивациясын кеңінен жүргізу

- Адамның биологиялық түр ретінде оның тіршілігінің шектеуші факторы ол қажетті табиғи ресурстарының тауысылуы.

Қазақстанда табиғат байлықтарын қорғауға байланысты арнайы заңдар қабылданған. 1991 жылы 18 маусымда "Қазақстан Республикасының айналадағы табиғи ортаны қорғау туралы” заңы, ал 1992 жылы қаңтардың 18-інде Қазақстан Республикасы Жоғарғы Кеңесінің "Арал өңірі халқының тіршілік жағдайларын түбірінен өзгерту жөніндегі шұғыл шаралар туралы” арнайы қаулысы қабылданды. Ірі өнеркәсіп орындарда қалдықсыз технологиялық әдістерді енгізу, тұйық жүйе бойынша істеуге көшу, жанармайлардың ауаны ластамайтын түрлерін пайдалану да ғылымның алдында тұрған кезек күттірмейтін мәселе болып отыр.

Өндіріс орындарында табиғатты ластауға жол бермейтін құрылыс материалдарын ойлап шығару, оларды пайдаланудың мерзімін ұзартуға басты көңіл бөлінуде. Бұл салада Қазақстан ғалымдарының қосқан үлесі мол.

Қазақстандық өнертапқыш ғалым Ғ. Наурызалин ауа, су өткізбейтін құрылыс материалын жасаудың жаңа әдісін тапты. Оның ойлап тапқан құрылыс материалы дүниежүзілік деңгейдегі материалдардан ең берік деп саналатын "Бетон-20”-дан 100 – 1000 есе сапалы болып шықты. Ал Қазақстандық орман шаруашылығы саласындағы ғалымдар терек ағашының әрі өсімтал, әрі құрғақшылыққа төзімді іріктемесін шығарып, оны Арал теңізінің суы тартылған сортаңды жерлерін бекіту үшін өсіруді ұсынып отыр. Сонымен бірге, "Қазақстан орманы” деген бағдарлама бойынша да 2010 жылға дейін республикадағы жасыл желекті алқапты 4,6 процентке жеткізу көзделуде, ал қазіргі кездегі орман алқабы республика жерінің 3,7 процентіне ғана тең. 1992 жылдан бастап Қазақстан Біріккен Ұлттар Ұйымына толық мүше болып кірді. Оған мүше 175 мемлекеттің ішінде жер ауқымы жөнінен Қазақстан 9-орында, халқының саны жөнінен 41-орында, ал ядролық қару-жараққа ие әлемдегі 8 елдің бірі болып отыр. Тіпті Арал өңірінің экологиялық жағдайын жақсарту БҰҰ-ның жанындағы айналадағы ортаны қорғау жөніндегі бағдарламасына да енгізілді. Халықаралық деңгейде жүргізіліп отырған БҰҰ-ның басшылығымен жүргізілетін "Адам және биосфера” бағдарламасының жұмыстарына да Қазақстан ғалымдары белсене атсалысуда. Қазақстандағы Алматы, Ақсу-Жабағылы, Қорғалжын қорықтарының ғылыми қызметкерлері де бұл салада өз үлестерін қосуда. Қазақстанда қорғалатын территориялар жүйесін дамыту

1993 жылы Көкшетау облысында әйгілі Бурабай ұлттық тынымбағы, ал сол жылы Оңтүстік Қазақстан облысында атақты "Ордабасы” тарихи, әрі табиғи қорығы да ұйымдастырылды. Алдағы уақыттарда Қазақстан Республикасы Ұлттық Ғылым академиасының ұсынысы бойынша 2000-жылға дейін Қазақстанда 21 мемлекеттік қорықтар ұйымдастыру көзделіп отыр. Оның әрқайсысы Қазақстанның әр түрлі табиғи жағдайларының ерекшелігін ескере отырып ұйымдастырылады. 1994 жылы Қаратау және Торғай қорықтарын ұйымдастыру жұмыстарын аяқтау көзделіп, алдағы уақытта Алакөл қорығын ұйымдастыру жоспарда тұр.

 

 

Бақылау сұрақтары:

1. Табиғатты қорғау адамзатттың ең басты міндеті.

2. Табиғатты пайдалану мен қоршаған орта қатынасы.

3. Қоршаған ортаны әуел бастан қорғау оны оңтайландырудан тиімді.

4. Табиғи қорлардың жіктелу принциптері

5. Табиғи қор, қор айналымы және потенциялы.

6. Табиғи қорлардың әлеуметтік-экологиялық мәселелері.

7. Экологиялық таза және сарқылмайтын энергия көздерін пайдалану.

8. Табиғи қорларды тиімді пайдалану жолдары.

9. Қалдықтарды қайта өңдеу және қордың тұйық айналымы.

10. Қалдықсыз немесе аз қалдықты технологияларды пайдалану.

Дәріс №7


Дата добавления: 2015-12-08; просмотров: 229 | Нарушение авторских прав



mybiblioteka.su - 2015-2024 год. (0.008 сек.)