Студопедия
Случайная страница | ТОМ-1 | ТОМ-2 | ТОМ-3
АвтомобилиАстрономияБиологияГеографияДом и садДругие языкиДругоеИнформатика
ИсторияКультураЛитератураЛогикаМатематикаМедицинаМеталлургияМеханика
ОбразованиеОхрана трудаПедагогикаПолитикаПравоПсихологияРелигияРиторика
СоциологияСпортСтроительствоТехнологияТуризмФизикаФилософияФинансы
ХимияЧерчениеЭкологияЭкономикаЭлектроника

В.И.Вернандскийдің биосфера және ноосфера туралы ілімі.

Читайте также:
  1. Q]3:1:Прокуратура органы жедел іздестіру шараларын тоқтату туралы қаулы қандай жағдайда шығарылады?
  2. Ағымдағы және ұзақ мерзімді активтер ерекшеліктері
  3. Адам әлеуетінің даму индексі және халық денсаулығының негізгі көрсеткіштері.
  4. Адами даму және адам өмірінің әр түрлі аспектілері
  5. Адами даму концепциясындағы экономикалық өсім және еңбекпен
  6. Азақстан қоғамының саяси өмірінде қоғамдық қозғалыстардың орны және ролі
  7. Аксиология. Ғылыми-техникалық прогресс және экология

Биосфера (грекше: bios - өмір, sphaira - шар) – ғаламшардың тірі және өлі затының жүйелі әрекеттесу ауқымы. Ол ғалами экожүйе, сондықтан біздің ғаламшарымыздың барлық биогеоценоздарының (эко- жүйелерінің) жиынтығы болып келеді.

Биосфера – ғаламшардағы тірі ағзалар мекендейтін жердің күрделі сыртқы қабаты екені туралы 1875 ж. австриялық геолог Э.Зюсс бірінші рет ғылымға енгізген. Оны ғалым жердің барлық организмдер бар негізгі қабаттарының: атмосфера, гидросфера және литосфераның тірі ағзалар кездесетін аумағының арақатынасы деп ұғынған.

Бірақ биосфера және оның жер бетінде жүріп жатқан процестері туралы ілімнің негізін салған академик В.И. Вернацкий болды. Осы ілім бойынша, биосфера +50%-дан –50%-ға дейін температурасы болатын термодинамикалық қабат болып саналады. Оның шегарасы жоғарғы шегі 20-25км озон қабатынан, гидросфераның барлық бөлігін және жер қыртысының 2-3км ге дейін тереңдікке дейін болып табылады.

Биосфера – жер шарының осы бір айрықша қабығына қарай n-төмендегдей ерекшеліктерге тән:

1. Биосферада сұйық күйдегі судың мөлшері айтарлықтай көп.

2. Оған күн энергиясы тасқыны ықпал етеді.

3. Биосфера сұйық, қатты және газ күйіндегі заттардың бөліну беттерінің болуы тән.

Биосфера дамуын үш кезеңге бөлуге болады:

1. Алғашқы кезең – биосфераның қалыптасуы мен дамуының алғашқы кезеңі;

2. биотехносфера – биосферадағы адамзат қоғамының іс-әрекеті негізгі фактор болды;

3. Ноосфера – ондағы зат пен энергия алмасу табиғи үрдістерін қоғам қадағалап отыратын ақыл-ой қабаты.

Жерде адам қоғамының пайда болуы биосфера эволюциясының үшінші сатысын бөлуге мәжбүрледі. Орталық жүйке жүйесінің эволюциясы адамды әлемдегі ең құдіретті күшке айналдырылып, экожүйе мен биосфераның қызметін толық өзгерту қабілетіне ие болды. Қазіргі кезеңде «адам-табиғат» арақатынасы күрделі сипат алуда.

Ноосфера ұғымын Француз пәлсапашысы Э.Леруа (1927) ұсынғаң. (грекше noos-ақыл, сана; sphaira – шар). Академик В.И. Вернадский белгілеген биосфераның биогеохимиялық негізін бастама ретінде қабылдап, «ноосфера» ұғымын сана сферасы деп дамытты. Сана сферасын адамның саналы әрекеті жердегі дамудың басты анықтаушы факторы болған кезеңімен, өркениетті адамның пайда болуымен және қалыптасумен байланысты биосфера дамуының жоғарғы сатысы деп білген. Ол ноосфераны жердің жаңа геологиялық құбылысы деп атады, онда адам алғаш геологиялық күш деп есептелінеді, «адам санасының рөлі және ол бағыттайтын адам еңбегі күшті, өсіп келе жатқан геологиялық күшке айналатын биоспераның даму сатысы болып табылады» деген. Ол төрт сатыны көрсетеді:

1) Ғылыми шығармашылықтың дамуы адамның өзі тұратын биосфераны өзгертетін күш болып табылады;

2) Биосфераның өзгерістері ғылыми ойдың өзгеруімен қатар жүретін қүбылыстар;

3) Биосфераның бұл өзгерістері адам еркінен тіс стихиялы түрде, табиғи процесс ретінде жүреді;

4) Тіршілік ортасы – биоспера планетасының ұйымдасқан қабықшасы болғандықтан, оның геологиялық тарихына да оны өзгертудің жаңа факторы – адамзатттың ғылыми жүмысының енуі биосфераның жаңа фазаға, жаңа күйге – ноосфераға өтуі табиғи процесс.

Биосферада адам қолайлы тұрмыс құруы үшін міндетті түрде жаңартылған, өзгертілген әрекет жасауы керек. Бірақ адамның табиғат заңдарын мойындамауы, биосфераның түгелдей болмаса да, адамзаттың тіршілік ету – етпеуіне күмән туғызатын шекке жетіп тұрмыз.

Адам миының сандық қабілеті төмен, ал сапалық энергетикалық жағынан қабілетінің, сондай-ақ басқару мүмкіншілігінің жоғарылығы мен сипатталатын «құрылғы». Бірақ адам өз әрекетінің салдарын түсінуге көрегендік жасай алмай отыр. Биосфераның қазіргі күйін ноо-сфера болуға лайықты деп айту әлі ерте. Сондықтан әзірше ноосфера – болашақта адамдардың саналы әрекеті биосфераның тұрақты дамуының басты анықтаушы факторы болатын кездегі оның дамуының гипотетикалық сатысы. «Ноосфера» ұғымынан басқа «антропосфера» және «техносфера» ұғымын жиі пайдаланады.

Антропосфера – адамзаттың тұратын және уақытша енетін (спутниктердің көмегімен және т. б.) Жер сферасы. «Антропосфера» деген ұғымды адамзаттың кеңістіктегі орны мен оның шаруашылық әрекеті деп түсінеді.

Техносфера - адамның техникалық қызметінің арқасында өзгер- тілген биосфераның бөлігі. «Техносфера» ұғымын қазіргі сатыда адамның шаруашылық әрекетінің сапасыздығының арқасында ноосфера туралы айту ерте екендігін айқын көрсерту үшін қолданады.

Ноосфера – сана сезім сферасы туралы ілімі – Вернадский ілімінің биік шыңы. Oл ғаламшар үрдісіндегі тіршіліктің, тірі заттың геологиялық орнын, мәнін ашты. Вернадский адамды ең қуатты геологиялық күш деп бағалады.


Дата добавления: 2015-12-08; просмотров: 734 | Нарушение авторских прав



mybiblioteka.su - 2015-2024 год. (0.007 сек.)