Студопедия
Случайная страница | ТОМ-1 | ТОМ-2 | ТОМ-3
АвтомобилиАстрономияБиологияГеографияДом и садДругие языкиДругоеИнформатика
ИсторияКультураЛитератураЛогикаМатематикаМедицинаМеталлургияМеханика
ОбразованиеОхрана трудаПедагогикаПолитикаПравоПсихологияРелигияРиторика
СоциологияСпортСтроительствоТехнологияТуризмФизикаФилософияФинансы
ХимияЧерчениеЭкологияЭкономикаЭлектроника

азақстан Республикасының салық жүйесінің даму жылдары.

Читайте также:
  1. Азақстан қоғамының саяси өмірінде қоғамдық қозғалыстардың орны және ролі
  2. Азақстан 2020 жылы 1 страница
  3. Азақстан 2020 жылы 2 страница
  4. Азақстан 2020 жылы 3 страница
  5. Азақстан 2020 жылы 4 страница
  6. Азақстан жер қорларының экологиялық жағдайы
  7. Азақстан көп конфессионал ретінде

 

1991 жылы 1991 жылғы желтоқсанның 24-інен бастап біздің елімізде тұңғыш салық жүйесі жұмыс істей бастады. Ол «Қазақстан Республикасындағы салық жүйесі туралы» заңға негізделді. Бұл заң салық жүйесін құрудың қағидаттарын, салықтар мен алымдардың түрлерін, олардың бюджетке түсу тәртібін белгілеген алғашқы кұжат еді  
1992 жылы 1992 жылғы қаңтардың 1-іненбастап1995 жылғы мамырға дейін салықтар мен алымдардың 43 түрі жұмыс істеді,яғни 16 жалпымемлекеттік салық, 10 жалпыға міндетті жергілікті салықтар мен алымдар, 17 жергілікті салықтар мен алымдар енгізілді.
1993 жылы Қазақстан Республикасының Жоғарғы Кеңесі 1993 жылы 23 қаңтарда қабылдаған Қазақстан Республикасының Орман кодексіне 68-баптың 4-тармағы мынадай редакцияда жазылсын: "4. Орманды пайдалану үшін төленетін ақының ставкалары, мемлекеттік бюджетке есептеу және төлеу тәртібі Қазақстан Республикасының Салық кодексіне сәйкес айқындалады.". 3. Қазақстан Республикасының Жоғарғы Кеңесі 1993 жылғы 31 наурызда қабылдаған Қазақстан Республикасының Су кодексіне 1) 12-баптың он үшінші абзацы мынадай редакцияда жазылсын: "су ресурстарының жоғарғы қабатының көздерін пайдалану үшін төленетін ақы ставкасын белгілеу;"; 2) 47-бапта: 3-тармақта "Қазақстан Республикасының заңдарымен белгіленгендегіден басқа реттерде," деген сөздер алынып тасталсын; 5-тармақта "Үкіметі" деген сөз "Салық кодексі" деген сөздерге ауыстырылсын; 3) 48-бап алынып тасталсын. 4. "Жануарлар дүниесін қорғау, өсімін молайту және пайдалану туралы" Қазақстан Республикасының 1993 жылғы 21 қазандағы Заңына 1) 10-баптың бесінші абзацында ", сондай-ақ оны қорғау мен өсімін молайту үшін" деген сөздер алынып тасталсын; 2) 33-бапта: төртінші бөліктің үшінші абзацында ", сондай-ақ жануарлар дүниесін қорғау және өсімін молайту" және "мерзімдері мен" деген сөздер алынып тасталсын; мынадай мазмұндағы бөлікпен толықтырылсын: "Жануарлар дүниесін пайдалануға рұқсат жануарлар дүниесін пайдалану үшін төленетін ақының мемлекеттік бюджетке толық енгенін растайтын құжат бар болған кезде ғана беріледі."; 3) 35-бапта: бірінші және екінші бөліктер мынадай редакцияда жазылсын: "Жануарлар дүниесін пайдалану үшін мемлекеттік бюджетке енгізілуге тиіс ақы алынады. Жануарлар дүниесін пайдалану үшін төленетін ақының ставкалары, мемлекеттік бюджетке есептеу және төлеу тәртібі Қазақстан Республикасының Салық кодексіне сәйкес айқындалады.";    
1994 жылы -Жер салығы 1994 жылы енгізілді.Жер салығын төлеу барлық жер иелері, жер пайдаланушылар, соның жалгерлер мен жер иелері үшін міндетті болады.Жеке меншік құқығындағы,тұрақты жер пайдалану құқығындағы және бастапқы өтеусіз уақытша жер пайдалану құқығындағы салық салу обьектілері бар заңды және жеке тұлғалар жер салығын төлеушілер, жер учаскесі(жер үлесі) салық салу обьектісі болып табылады.Жерлерге салынатын базалық салық мөлшерлемесі заңмен белгіленеді. Жер салығын анықтау үшін жер учаскесінің алаңы салық базасы болып табылады.   -«Кәсіпорындардың пайдасы мен табыстарына салық салу туралы» 1994 жылғы қаңтардың 1-індегі Қазақстан Республикасы Президентінің жарлығына сәйкес салық салу объекті баланстық пайда–барлық шығындардың сомасына азайтылған барлық табыстардың сомасы болып белгіленді.Салық мөлшерлемесі –30 %, ал банктік және сақтық қызметтен алынатын пайда – 45 %, дивидендтер мен пайыздардан алынатын табыс – 15 % болды.   -ҚР салық жүйесінің даму тарихында 1994 жылғы ең бірінші нәтижелі қайта құру маңызды болды. Өзгертулер екі үлкен салықты қамтыды: 1) жеке тұлғаның табыс салығын; 2) кәсіпорын пайдасының салығын.  
1995 жылы -«Салық және бюджетке төленетін басқа міндетті төлемдер туралы» 1995жылғы сәуірдің 24-інде Қазақстан Республикасы Президентінің заң күші бар жарлығы шықты. Бұл жарлықтың тапсырмалары: салық салуды төмендету, салықтардың санын қысқарту, Қазақстанның салық жүйесін әлемдік стандартқа сай болуына қол жеткізу болып табылды. Бұрынғы 45 салықтар мен алымдар едәуір қысқартылып, олардың саны небәрі 11 болып қалды. Оның ішінде бесеуі мемелекеттік, алтауы жергілікті салықтар.   - корпоративтік табыс салығының заңи тұлғалар үшін 30% негізгі мөлшерлемесі және төлеушілердің жекелеген санаттары және табыстардың түрлері үшін сараланған мөлшерлемелері (10 нан 20 %- ға дейін) енгізілді.
1996 жылы "Мемлекеттің жеке меншікке сататын немесе жер пайдалануға беретін жерлері үшін төлем ставкаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1996 жылғы 8 мамырдағы N 576 қаулысына (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 1996 ж., N 20, 174-құжат) мынадай өзгерістер енгізілсін: " Мемлекет немесе мемлекеттік жер пайдаланушылар жер учаскелерін жалға өткізу кезіндегі жалға берудің жыл сайынғы төлемінің мөлшері тараптардың келісімімен (шартымен) тағайындалады деп белгіленсін. Жалға берудің төлем мөлшері мынадай шектерде белгіленеді: төменгі шегі - жер салығы мөлшерінің 80 проценті; жоғарғы шегі - жер салығы мөлшерінің 120 проценті; Жер салығының мөлшері Қазақстан Республикасының салық заңдарына сәйкес айқындалады";
1997 жылы Тікелей инвестицияларды мемлекеттік қолдау туралы" 1997 жылғы 28 ақпанда Қазақстан Республикасының кодексіне өзгерістер мен толықтырулар енгізілді  
1998 жылы "6-1. Тауарларды экспорттық операциялар бойынша сауда-делдалдық қызмет үшін сатып алу құнынан және өндірістік қызмет үшін нақты қалыптасқан шығыннан төмен бағамен сатып алған кезде сату бағасының және саудаделдалдық қызмет үшін сатып алу бағасы мен өндірістік қызмет үшін нақты туындаған шығындардың арасындағы айырмаға 20 проценттік ставка бойынша салық салынуға тиіс.";   66-баптың 4-тармағы мынадай мазмұндағы абзацпен толықтырылсын: "Қазақстан Республикасының резиденттері өткізген жеке өндіріс өнімдерінің (қоғамдық тамақтандыру саласында өндірілетіндерін қоспағанда) мынадай түрлерінің айналымына: шұжық өнімдеріне, консервіленген етке, балық өнімдеріне, көкөністерді өңдеу өнімдеріне, нан ашытқысына, сыра қайнату солодына 10 проценттік ставка бойынша салық салынады."; 163-бап мынадай мазмұндағы 6-1-тармақпен толықтырылсын: "6-1. Қазақстандық табыс көзінен табыс алатын, тауарларды (жұмыстарды, қызмет көрсетулерді) Қазақстан Республикасының аумағында сататын Қазақстан Республикасында тіркелмеген резидент емес үшін қосылған құнға салынатын салықты төлемегені үшін тиесілі салық сомасының 100 проценті мөлшерінде Қазақстан Республикасының резидентіне айыппұл салынады.";   ) 5-баптың 29) тармақшасы мынадай мазмұндағы е-1) тармақшасымен толықтырылсын: "е-1) зейнетақы жарналарын тарту және зейнетақы активтерінен алынған инвестициялық кірістерді бөлу мен есепке алу жөніндегі қызметін ұйымдастыру бойынша жинақтаушы зейнетақы қорларының көрсететін қызметтері;";  
1999 жылы - 1999жылы тамызда ҚР Президентінің “Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы” Жарлығы Парламентте қабылданып, заңға айналды; - 1999 жылы 1 қыркүйекте ҚҚС-ты бөлу механизміне бірнеше өзгертулер енгізілді. - фермер қожалықтары үшін жалпыға бірдей жер салығы енгізілді.   - 1999 жылы салық салу объектісінен 26 % мөлшерлеме бойынша заңи тұлғаларлардың еңбекке ақы төлеу қорының 30 % мөлшеріндегі сақтық жарналарының орнына (Зейнетақы қорына – 23,5 %; міндетті медициналық сақтандыру қорына – 1,5%; Халықты жұмыспен қамтудың мемлекеттік қорына−2%) әлеуметтік салық енгізілді (2001 жылдың шілдесінен мөлшерлеме 21%−ға дейін төмендеді, ал 2004 жылдан регрессивті мөлшерлемелер – 20%-дан 7%−ға дейін жұмыс істеді). Егер 1998 жылы мемлекеттік бюджеттегі бюджеттен тыс қорлардың үлесі 18,4 %-ды құраса, әлеуметтік салықтың үлесі 1999 жылы 17,9% − ды құрады.  
2000 жылы Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2000 жылғы 30 маусымдағы N 991 қаулысына өзгерістер енгізу туралы Қазақстан Республикасының Үкіметі қаулы етеді: 1. "Қазақстан Республикасының салық төлеушілерін есепке алудың автоматтандырылған бірыңғай деректер банкін құру туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2000 жылғы 30 маусымдағы N 991 P000991_ қаулысына (Қазақстан Республикасының ПҮКЖ-ы, 2000 ж., N 27, 327-құжат) мынадай өзгерістер енгізілсін: "3. Қазақстан Республикасының Мемлекеттік кіріс министрлігі 2001 жылғы 1 шілдеге дейінгі мерзімде мынадай мемлекеттік органдармен: 1) Қазақстан Республикасының Әділет министрлігімен; 2) Қазақстан Республикасының Ішкі істер министрлігімен; 3) Қазақстан Республикасының Табиғи ресурстар және қоршаған ортаны қорғау министрлігімен; 4) Қазақстан Республикасының Ауыл шаруашылығы министрлігімен; 5) Қазақстан Республикасының Көлік және коммуникациялар министрлігімен; 6) Қазақстан Республикасының Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігімен; 7) Қазақстан Республикасының Энергетика және минералдық ресурстар министрлігімен; 8) Қазақстан Республикасының Статистика жөніндегі агенттігімен; 9) Қазақстан Республикасының Көші-қон және демография жөніндегі агенттігімен; 10) Қазақстан Республикасының Жер ресурстарын басқару жөніндегі агенттігімен бірлесіп Қазақстан Республикасы салық төлеушілерінің және салық салу объектілерінің мемлекеттік тізілімін жүргізу үшін ақпарат алмасудың хаттама-регламенттерін әзірлесін және бекітсін.  
2001 жылы -2001 жылғы 12 маусымда «Салық және бюджетке төленетін басқа төлемдер туралы» заңның жаңа нұсқасы қабылданды, онда елдегі өзгеріп отырған экономикалық және әлеуметтік жағдайларға байланысты салық салудың қағидалары мен нормалары толықтырылып өзгертілді. -2001 жылдың 1 шілдесінен бастап, 2001 жылдың 3 мамырындағы “ҚР заңына өзгертулер енгізу туралы “Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы” ” заңына сәйкес ҚҚС барлық салық төлеушілер үшін 16% болды. -2001 жылдың тамыз айында ҚР 240-11 заңына сәйкес салық полициясы органдарының қызметі туралы мәселелеріне байланысты ҚР бірқатар заң актілеріне өзгерістер енгізілді, онда салық полициясының аты қаржы полициясы болып өзгертілді.    
2002 жылы 2001жылы 12 маусымда Қазақстан Республикасының жаңа Салық кодексі қабылданып, ол2002 жылдың қаңтарынан қолданысқа енгізілді   Жаңа Салық кодексі 2002 жылдың 1-ші қаңтарында Қазақстан Республикасында мынадай салықтар енгізген:   ─ корпорациялық табыс салығы; ─ жеке табыс салығы; ─ қосылған құн салығы; ─ акциздер; ─ жер қойнауын пайдаланушылардың салықтар мен арнайы төлемдері; ─ әлеуметтік салық; ─ жер салығы; ─ көлік құралдары салығы; ─ мүлік салығы. Алымдар: ─ заңды тұлғаларды мемлекеттік тіркегені үшін алым; ─ жеке кәсіпкерлерді мемлекеттік тіркегені үшін алым; ─ жылжымайтын мүлікке құқықтарды және олармен жасалған мәмілелерді мемлекеттік тіркегені үшін алым; ─ радиоэлектрондық құралдары және жиілігі жоғары құрылғыларды мемлекеттік тіркегені үшін алым; ─ механикалық көлік құралдары мен тіркемелерді мемлекеттік тіркегені үшін алым; ─ теңіз, өзен кемелері мен шағын көлемді кемелерді мемлекеттік тіркегені үшін алым; ─ азаматтық әуе кемелерін мемлекеттік тіркегені үшін алым; ─ дәрі-дәрмек құралдарын мемлекеттік тіркегені үшін алым; ─ автокөлік құралдарының Қазақстан Республикасының аумағы арқылы жүру алымы; ─ аукциондардан алынатын алым; ─ елтаңбалық алым; ─ жекелеген қызмет түрлерімен айналысу құқұғы үшін лицензиялық алымы; ─ телевизия және радио хабарларын тарату ұйымдарына радиожиілік спектрін пайдалануға рұқсат беру үшін алым.   2002 жылдың 28 тамызындағы № 934 «Қазақстан Республикасындағы мемлекеттік басқару жүйесін жетілдіру» туралы Қазақстан Республикасын Жарлығы бойынша Мемлекеттік Кіріс Министрлігі оны Қаржы Министрлігіне қосу арқылы таратылды. Сөйтіп, Қазақстан Республикасының Қаржы Министрлігінің Салық комитеті құрылып, салық комитеті қайтадан Қаржы министрлігінің құзырына өтті.  
2003 жылы 2003 жылдан бастап «елтаңбалық алым» алынып тасталды  
2004 жылы Мемілекеттің реальді секторына салық ауыртпашылығын төмендетуге мақсатталған салық саясатының бағыттары (2004 жылдың 1 қаңтарынан бастап): - ҚҚС-ның ставкасы 16%-дан 15%-ға төмендетілді; - Әлеуметтік салық бойынша регрессивтік шкала орнатылды (20%-дан 7%-ға дейін); - Шағын бизнес субъектілеріне арналған арнаулы салық режимінің шеңбері кеңейтілді; - Жеке табыс салығының ставкалары төмендеді (бұрын 5%, 10%, 20%,30% 2004 жылдан бастап 5%, 8%, 13%, 15%,20%); - Мұндай химиялық өнеркәсіп ұйымдарына корпорациялық табыс салығы бойынша ерекше тәртібі орнатылды; - Қаржылық лизинг бойынша салық салу жетілдірілген (ҚҚС-тан қаржылық лизинг мақсатында пайдаланылатын негізгі құралдардың импортталуы босатылды); - ҚҚС-тан микрокредиттерді беру операциялары босатылды. - Корпорациялық табыс салығы бойынша инвестициялық преференцияларды беру жолдары кеңейтілді; - Халықаралық сапа стандарты және экологиялық менеджмент талаптарына сәйкес келетін менеджмент жүйесін енгізген ұйымдар үшін корпорациялық табыс салығын есептеудің жеңілдікті тәртібі орнатылды
2005 жылы Салық кодексіне 2005 жылы акциз салығына қосымша ретінде «экспортталатын ішкі мұнайға, газ конденсатына рента салығы»қосылды - 2005 жылы алымдарға өзгерістер енгізілді, яғни: «жылжымалы мүлік кепілін мемлекеттік тіркегені үшін алым» және «кеменің немесе жасалып жатқан кеменің ипотекасын мемелекеттік тіркеу үшін» және туындылар мен сабақтас құқықтар обьектілерін пайдалануға лицензиялық шарттарды мемлекеттік тіркеу үшін алымдары қосылды. - 2005 жылы төлемақыға өзгеріс енгізілді. Радиожиілік спектрін пайдаланғаны үшін төлемақыға қосымша ретінде «қалааралық және халықаралық телефон байланысын бергені үшін төлемақы» төлейді.
2006 жылы 2006 жылдың 1қаңтарынан бастап келесі өзгерістер енгізілген: 1. Амортизациялық саясат жетілдірілген. 2. Арнайы экономикалық аймақтардың аумақтарында қызметін жүзеге асыратын ұйымдарға салық салу режимі өзгертілген. 3. Қосылған құн салығы бойынша есепке қою шарты өзгерген. Өткізу бойынша айналымның ең төмен деңгейі айлық есептік көрсеткіштің 15000 еселенген шамасын құрайды. 4.Жеке тұлғалардың мүлкіне салынатын салық ставкалары төмендетілген. 5.Жеке кәсіпкерлер және оңайлатылған декларация негізіндегі арнаулы салық режимін пайдаланатын заңды тұлғалардың мүлік салығы салық салу объектілерінің орташа жылдық құнына 0,5% ставка бойынша есептеледі. 6.Оңайлатылған декларация негізіндегі арнаулы салық режимін қолдану тәртібі кеңейтілген. Арнайы экономикалық аймақтардың аумақтарында қызметін жүзеге асыратын ұйымдарға салық салу режимі бойынша өзгерістері: 1. Бюджетке төленуге тиісті корпорациялық табыс салығының сомасы жүз пайызға азайтылды; 2. Жер салығын есептеу кезінде тиісті ставкаларға 0 коэффициенті қолданылады; 3. Мүлік салығын есептеу кезінде салық салу объектілерінің жылдық орташа құнына 0 пайыз ставка қолданылады; 4. Әкімшілік және өндірістік мақсаттағы объектілерді салу және пайдалануға беру процесінде толық тұтынылатын тауарларды арнайы экономикалық аймақтардың аумағында өткізуге қосылған құн салығы 0 ставка бойынша салынады; 5. Арнайы экономикалық аймақтардың аумағын тауарлардың өткізілуі бойынша қосылған құн салығы жалпыға бірдей тәртіппен есептелінеді. Оңайлатылған декларация негізіндегі арнаулы салық режимі Мынадай талаптарға сай келетін шағын бизнес субъектілері:   Жеке кәсіпкерлер үшін: • жеке кәсіпкерлердің өзін қоса алғанда, қызметкерлердің шекті орташа тізімдік саны салық кезеңі ішінде 25 адам болса; • салық кезеңі ішінде шекті табысы 10000,0 мың теңге болса; • салық ставкасы шкала бойынша табыстан 3 пайыздан 5 пайызға дейін болса.   Заңды тұлғалар үшін: • қызметкерлердің шекті орташа тізімдік саны салық кезеңі ішінде 50 адам болса; • салық кезеңі ішінде шекті табысы 25000,0 мың теңге болса; • салық ставкасы шкала бойынша табыстан 3 пайыздан 7 пайызға дейін болса оңайлатылған декларация негізіндегі арнаулы салық режимін қолданады.  
2007 жылы -2007 жылдан бастап қосымша құн салығының ставкасы 1%-ға азайтылды. - 2007 жылдың 1 қаңтарынан бастап шағын шағын бизнес субъектілері үшін салық салудың кемітілген бірыңғай мөлшерлемесі енгізілді.  
2008 жылы -2008 жылдан бастап әлеуметтік салық шамамен 30%-ға азайтылып, ол жұмыс берушілерді жұмысшылар жалақысын өсіруге ынталандырды. -Барлық жеке тұлғалар үшін табыс салығының 10%-дық белгіленген мөлшерлемесі енгізілген. Еңбекақысы аз жұмысшылар санатының табыс деңгейін сақтау мақсатында айлық есептік көрсеткіштің орнына олардың салық салынатын табысынан ең аз жалақы мөлшерін алып тастауды ұсынған болатын.және ол орындалды. -«Салық кодексін қолданысқа енгізу туралы»2008 жылғы 10 желтоқсандағы № 100- IV ҚР Заңының 4 бабына сәйкес корпоративтік табыс салығының келесі ставкалары әрекет етеді:   1) 2009 жылдың 1 қаңтарынан 2013 жылдың 1 қаңтарына дейін 20%; 2) 2013 жылдың 1 қаңтарынан 2014 жылдың 1 қаңтарына дейін 17,5%;   -2008 жылдан бастап ойын бизнесі салығы енгізілді  
2009 жылы -2009 жылдың 1-қаңтарынан бастап «Салық және бюджетке төленетін басқа міндетті төлемдер туралы»Заңына негізделіп Қазақстан Республикасының Салық кодексі (Салықтық кодекс) қолданысқа енгізілді. Жаңа кодекс арқылы енгізілген ең басты өзгеріс – кезең-кезеңмен корпоративтік табыс салығының (КТС) мөлшерлемесін азайту. Яғни аталған салық түрін 2009 жылдың 1 қаңтарынан бастап – 30 пайыздан 20 пайызға; 2010 жылдың 1 қаңтарынан басап – 20-дан 17,5 пайызға; ал 2011 жылдың 1 қаңтарынан 15 пайыздық мөлшерлемеге көшіру ұсынылған,. Басты өзгерістердің тағы біреуі – 2009 жылдың 1 қаңтарынан бастап қосылған құн салығының (ҚҚС) мөлшерлемесін 13-тен 12 пайызға төмендетілді. Бұл ҚҚС-ң қазақстандық ставкасын әлемдегі бұл салықтың стандартты ставкаларының ішіндегі ең төмендерінің бірі етті және 2009 жылдан бастап ҚҚС сомасынан асып кеткен соманы түгелімен қайтаруға өту қарастырылған. Онымен қоса, ҚҚС-ын салудың еуропалық классикалық моделіне көшу арқылы негізгі салық заңдылықтары жаңартылды. Бұл халықаралық тасымал экспортына және ішкі айналымдағы салық салуға қатысты жүзеге асырылады   -2009 ж жеке тұлғалардың көлік салығын төлеу уақыты желтоқсан айының 31-не дейін ұзартылады. Зейнетақы жарналары мен әлеуметтік төлемдер бойынша салық есебін беру уақытын созу мүмкіндігі берілді. -2009 ж Әлеуметтік салықты реформалау аясында 13-тен 5%-ға дейінгі ставкалы салықтың регрессивті шкаласынан 11%-дық тұрақты салық ставкасына өту қарастырылған. -2009 жылы қосымша құн салығының ставкасы 12 пайызға тең мөлшерде болды..   Салық кодексінің 283-бабына енгізілген өзгерістерге сәйкес, бензин (авиациялықты қоспағанда) және дизельдік жанармай бойынша салық базасы өндірілген, өткізілген акцизделетін тауарлардың зат түріндегі көлемі (саны) ретінде айқындалады.  
2010 жылы Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне салық салу мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы Қазақстан Республикасының 2010 жылғы 26 қарашадағы № 356-IV Заңы 1. Халықаралық ұшуды, халықаралық әуемен тасымалдауды орындайтын шетелдік авиакомпаниялардың әуе кемелеріне май құю кезінде әуежайлар жүзеге асыратын жанар-жағармай материалдарын өткізу бойынша айналымға нөлдік ставкамен салық салынады. 2. Жеңіл автомобильдердің үш айлық есептік көрсеткіш ставкасы бойынша салық салынатын двигателінің көлемі 1500-ден жоғары 2000 текше сантиметрді қоса алғандағы, алты айлық есептік көрсеткіш ставкасы бойынша салық салынатын 2000-нан жоғары 2500 текше сантиметрді қоса алғандағы, тоғыз айлық есептік көрсеткіш ставкасы бойынша салық салынатын 2500-ден жоғары 3000 текше сантиметрді қоса алғандағы, он бес айлық есептік көрсеткіш ставкасы бойынша салық салынатын 3000-нан жоғары 4000 текше сантиметрді қоса алғандағы, жүз он жеті айлық есептік көрсеткіш ставкасы бойынша салық салынатын 4000 текше сантиметрден жоғары көлемде болған кезде салық сомасы двигатель көлемінің тиісті төменгі шегінен асып түскен әрбір бірлік үшін 7 теңгеге ұлғайтылады. 3. Пайдаланылу мерзіміне қарай ұшу аппараттарының салық ставкаларына мынадай түзету коэффициенттері қолданылады: 1) 1999 жылғы 1 сәуірден кейін Қазақстан Республикасының шегінен тыс жерлерден сатып алынған ұшу аппараттарына: пайдаланылу мерзімі 5 жылдан жоғары 15 жылды қоса алғанда - 2,0; пайдаланылу мерзімі 15 жылдан жоғары - 3,0; 2) 1999 жылғы 1 сәуірге дейін сатып алынған, сондай-ақ 1999 жылғы 1 сәуірден кейін сатып алынған және (немесе) Қазақстан Республикасында 1999 жылғы 1 сәуірге дейін пайдалануда болған ұшу аппараттарына: пайдаланылу мерзімі 5 жылдан жоғары 15 жылды қоса алғанда - 0,5; пайдаланылу мерзімі 15 жылдан жоғары - 0,3.  
2011 жылы Салық кодексінің 495-бабына енгізілген толықтыруларға сәйкес, көң, құс саңғырығы ауыл шаруашылығы өндірісінің қалдықтарының санатына жатқызылып, 2011 жылдың 1 қаңтарынан бастап 1 тоннасы 0,009 АЕК-пен салықтандырылады.
2012 жылы Корпоративтік табыс салығы бойынша 2012 жылғы 1 қаңтарға дейін күшіне енген жинақтаушы сақтандыру, қайта сақтандыру шарты, жинақтаушы емес сақтандыру, өмірді қайта сақтандыру шарты бойынша сақтандыру жарналары мен шегерімдері түріндегі табыстарды анықтау;   -2012 жылғы 1 қаңтардағы сақтандыру, қайта сақтандыру ұйымының белгіленген активтерінің бірінші құнын анықтау тәртібі қарастырылған.   -Сондай-ақ, Салық кодексінің 528, 530-баптарына сыртқы (көрнекі) жарнама объектілерін анықтау бөлігінде өзгерістер енгізілді.   Аталған өзгерістер «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» ҚР-ның Заңына енгізілген өзгерістерге сәйкес енгізілді, осыған сәйкес сыртқы (көрнекі) жарнаманы орналастырғаны үшін төлемақы (астанада, республикалық және облыстық маңызы бар қалаларда, сондай-ақ астанада, республикалық және облыстық маңызы бар қалаларда тіркелген көлік құралдарында орналастырылған жарнамалар үшін төлемақыны қоспағанда) жергілікті атқарушы органдардың арнайы шотына есептелетін болады.   Бұл ретте, аталған төлемақы бойынша мәліметтерді салық органдарына автомобиль жолдары жөнiндегi уәкiлеттi мемлекеттiк органы тапсырмай, оның орнына Автомобиль жолдарын басқару жөніндегі ұлттық оператор тапсырады. -Кеме жүзетiн су жолдарын пайдаланғаны үшiн төлемақыны есептеу тәртібі нақтыланып, бұл норма 2012 жылдың 1 қаңтарынан бастап қолданысқа енгізіледі.    
2013 жылы Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес зейнеткерлік жасына жеткен және Қазақстан Республикасынан тысқары жерлерге тұрақты тұруға шығатын немесе шыққан Қазақстан Республикасының резиденті жеке тұлғаларына. Осы тармақшада көзделген төлемдер бойынша төлем көзінен салық салынатын зейнетақы төлемдері түріндегі табысты айқындау кезінде республикалық бюджет туралы заңда белгiленген және табысты есептеу күнi қолданыста болатын ең төменгі жалақының 12 еселенген мөлшерінде салық шегерімі қолданылады;   Ислам банктерінің мүлікті беруі Қазақстан Республикасының банк заңнамасына сәйкес коммерциялық кредит бере отырып, сауда делдалы ретінде сауда қызметін қаржыландыру шеңберінде ислам банкі алуға тиіс табыс бөлігінде қосылған құн салығынан босатылады. Осы тармақтың мақсатында ислам банкі алуға тиіс табысқа сатып алушыға өткізілетін тауарға үстеме баға сомасы жатады, ол ислам банкінің Қазақстан Республикасының банк заңнамасына сәйкес жасалған коммерциялық кредит туралы шартының талаптарымен айқындалады. Осы тармақтың ережелері сатып алушы коммерциялық кредит туралы шартты орындаудан бас тартқан кезде ислам банкінің тауарды үшінші тұлғаға өткізуі жағдайларына қолданылмайды. Мүлікті қаржы лизингіне беру лизинг беруші алуға тиісті сыйақы сомасы бөлігінде мынадай талаптар сақталған жағдайда: 1) мұндай беру осы Кодекстің 78-бабында белгіленген талаптарға сай келсе; 2) лизинг алушы мүлікті негізгі құрал, жылжымайтын мүлікке инвестициялар, биологиялық активтер ретінде алса, қосылған құн салығынан босатылады. 252-бап. Коммерциялық емес ұйымдар көрсететін қызметтер Қосылған құн салығынан: 1) осы Кодекстің 134-бабының 1-тармағында көрсетілген коммерциялық емес ұйымдар жүзеге асыратын балаларды, қарттарды, соғыс және еңбек ардагерлерін, мүгедектерді қорғау және әлеуметтік қамсыздандыру бойынша көрсетілетін қызметтерді; 2) Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес діни бірлестіктердің діни жоралар мен рәсімдер өткізуі бойынша көрсетілетін қызметтерді өткізу бойынша айналымдар босатылады. 253-бап. Мәдениет, ғылым және білім беру саласындағы қызмет көрсетулер, жұмыстар Мәдениет, ғылым және білім беру саласындағы қызмет көрсетулер, жұмыстар, егер олар мынадай: 1) мәдениет саласындағы мемлекеттік тапсырыс шеңберінде жүзеге асырылатын әлеуметтік маңызы бар іс-шараларды, сауықтық мәдени-бұқаралық іс-шараларды өткізу жөніндегі; 2) мәдени ұйымдар - театрлар, филармониялар, мұражайлар, кітапханалар, мәдени-демалыс ұйымдары жүзеге асыратын (кәсіпкерлік қызметтен басқа); 3) мектепке дейінгі тәрбие және оқыту; бастауыш, негізгі орта, жалпы орта, қосымша білім беру; техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі, жоғары және жоғары оқу орындарынан кейінгі кәсіптік білім беру, қызметтің осы түрлерін жүргізуге құқық беретін тиісті лицензиялар бойынша жүзеге асырылатын білім беру; 4) мемлекеттік тапсырысты жүзеге асыруға арналған шарттар негізінде жүргізілетін ғылыми-зерттеу жұмыстарына; 5) білім беру қызметін жүргізу құқығына лицензиясы бар білім беру ұйымдарының, сондай-ақ осы Кодекстің 135-1-бабы 1-тармағының 2) және 4) тармақшаларында көрсетілген дербес білім беру ұйымдарының кітапхана қорын уақытша пайдалануға беруі, оның ішінде электронлық түрде беруі жөніндегі; 6) ақпарат тарату мен насихаттауды қоспағанда, Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес тарихи-мәдени игілік объектілерінің тізіліміне немесе Тарихи және мәдени ескерткіштерінің мемлекеттік тізіміне енгізілген тарихи-мәдени мұра объектілерін және мәдени құндылықтарды сақтау жөнінде қызмет көрсетулерге, жұмыстарға қатысты болса, қосылған құн салығынан босатылады.   253-1-бап. Дербес білім беру ұйымдарының білім беру саласындағы қызмет көрсетулері Дербес білім беру ұйымдары іске асыратын, осы Кодекстің 135-1-бабы 1-тармағының 2) немесе 4) тармақшаларының шарттарына сәйкес келетін, осы Кодекстің 135-1-бабы 1-тармағының 2) тармақшасында көрсетілген білім беру қызметінің түрлерін жүзеге асыру бойынша қызмет көрсетулері қосылған құн салығынан
2014 жылы Корпоративтік табыс салығы бойынша 2014 жылдың 1 қаңтарынан бастап егер алдыңғы салық кезеңдеріндегі ұзақ мерзімді келісімшарт бойынша салық салу мақсаттары үшін табыстың жалпы сомасы бухгалтердік есепте анықталған осындай келісімшарт бойынша табыстың жалпы сомасынан асатын болса, іс жүзіндегі әдісті қолданатын салық төлеушілер салық салу мақсаттары үшін есепті кезең үшін ұзақ мерзімді келісімшарт бойынша табысын салық кезеңі үшін осындай келісімшарт бойынша шегерімге жатқызылатын шығыстар сомасынан кем емес мөлшерге дейін осындай асатын сомаға кемітуге құқығы бар.   Осылайша, іс жүзіндегі әдісті қолданатын салық төлеушілерге ұзақ мерзімді келісімшарттың қолданылу мерзімінің соңғы жылында егер ұзақ мерзімді келісімшарт іс жүзінде шығын әкелген болса, табысты кеміту жағынан түзету жүргізуге мүмкіндік берілген.   Аяқтау мерзімі бойынша қолдануды оңайлату үшін ұзақ мерзімді келісімшарттың орындалу үлесін анықтаудың формуласы енгізілген.   Жеке табыс салығы және әлеуметтік салық бойынша Салық кодексінің 156 және 357-баптарына енгізілген өзгерістермен 2014 жылдың 1 қаңтарынан бастап республикалық бюджет туралы заңда белгіленген және табысты есептеу күніне қолданылатын жалақының ең төмен мөлшері шегінде - Қазақстан Республикасының міндетті әлеуметтік сақтандыру туралы заңнамасына сәйкес жүзеге асырылған, жүктілігі мен босануына, жаңа туылған баланы (балаларды) асырап алуына байланысты табысын жоғалтқан жағдайда төленетін әлеуметтік төлем сомасы шегеріле отырып, жүктілігі мен босануы бойынша демалысқа, баланы (балаларды) асырап алған қызметкерлердің демалысына төленетін жұмыс берушінің шығыстары түріндегі табыстар жеке табыс салығымен және әлеуметтік салықпен салықтандырылудан босату қарастырылған.   Тарихи шығындарды өтеу бойынша төлемнің төленуі бойынша даулы мәселелелерді болдырмау мақсатында:   -Салық кодексінің 12-бабына «құпиялылық туралы келісім» ұғымын нақтылайтын 21-1) тармақшасы енгізілді, оған сәйкес құпиялылық туралы келісім геологиялық ақпаратты пайдалануға беруге негіз болған, жер қойнауын пайдаланушы мен уәкілетті орган арасындағы кез-келген шартты (келісімді) білдіреді. Бұл ретте, мұндай шартқа (келісімге) құпиялылық туралы келісіммен (шартпен) қатар ақапаратты алу туралы шарт (келісім) та жатқызылатыны нақтыланған. Бұл ұғым 2009 жылдың 1 қаңтарынан бастап қолданысқа енгізілді;     -2014 жылдан бастап күшті алкогольды өнімдерге акциздер ставкасын екі есеге ұлғайтып, 100 %-дық спирттың литры үшін 1000 теңгеге дейін, 2016 жылға дейін 1600 теңге деңгейіне дейін жеткізу, ал темекі өнімдеріне (фильтрлы және фильтрсыз) 1000 данасы үшін 3000 теңгеге дейін ұлғайту және 2016 жылға дейін 5000 теңге деңгейіне дейін жеткізу жеткізу қарастырылған. Мүлік салығы бойынша Астана және Алматы қалалары бойынша тұрғын жайдың, саяжай құрылысының бір шаршы метрінің базалық құны 30,0 мың теңгенеден 60,0мың теңгеге дейін өсіп екі есеге ұлғайтылды, облыс орталықтары бойынша да 18,0мың теңгеден 36,0мың теңгеге дейін екі есеге ұлғайтылды.   -Салық кодексінің 387-бабына енгізілген өзгерістерге сәйкес түрлі объектілер салуға арналған, тұрғын жай салуға арналған жер учаскелерін қоса алғанда, және пайдаланылмайтын жер учаскелері он есе ұлғайтылған ставкамен салықтандырылатын болады.   Бұл ретте, тиісті мақсаттарда пайдаланылмайтын немесе ҚР заңнамасын бұза отырып пайдаланылатын жер учаскелерін айқындау тәртібін ҚР Үкіметі белгілейді. Салық органдарына осындай жер учаскелері бойынша мәліметтерді жер ресурстарын басқару саласындағы уәкілетті мемлекеттік орган ұсынады. Атап өту керек, жер салығының базалық ставкаларын он есеге ұлғайту бойынша салық міндеттемесі осы норманың қолданысқа енгізілгеннен кейін екі жылдық мерзім өткен соң, яғни 2016 жылдың 1 қаңтарынан бастап пайда болады.   - Көлік құралдарына салынатын салық бойынша негізгі толықтырулар Салық кодексінің 365 және 367-баптарына тиесілі. Осылайша, 2014 жылдың 1 қаңтарынан бастап, Салық кодексінің 365-бабының 3-тармағының 4) - 6) тармақшаларында көрсетілген жеке тұлғалардың жекелеген санаттары үшін 2013 жылғы 31 желтоқсаннан кейін уәкілетті органда тіркелген (қайта тіркелген), қозғалтқышының көлемі 4000 текше сантиметрден жоғары жеңіл автомобильдер бойынша жеңілдіктер алынып тасталады.   Одан басқа, ҚР-да 2013 жылғы 31 желтоқсаннан кейін шығарылған (жасалған немесе құрастырылған) немесе ҚР-ның аумағына 2013 жылғы 31 желтоқсаннан кейін әкелінген, қозғалтқышының көлемі 3000 текше сантиметрден жоғары жеңіл автомобильдер үшін салық ставкасын өзгерту қарастырылған. 2014 жылдың 1 қаңтарынан бастап мұндай жеңіл автомобильдер қозғалтқыш көлемі 3 000-нан жоғары 3 200-ді қоса алғанда - 35 АЕК, 3 200-ден жоғары 3 500-ді қоса алғанда – 46 АЕК, 3 500-ден жоғары 4 000-ды қоса алғанда – 66 АЕК, 4 000-нан жоғары 5 000-ды қоса алғанда – 130 АЕК, 5 000-нан жоғары – 200 АЕК ставкасымен салықтандырылады. Бұл ретте, қозғалтқыш көлемінің тиісті төменгі шегінен асқан әрбір бірлікке салық сомасы 7 теңгеге ұлғайтылады.  
2015 жылы салық кезеңі ішінде сатып алынған және өткізілген тауарлар, жұмыстар, көрсетілетін қызметтер бойынша шот-фактуралардың тізілімдерін қосылған құн салығы декларациясымен бірге бір мезгілде ұсынуға қатысты осы Кодекстің 270-бабы 2-тармағының талаптары бұзылса (егер қосылған құн салығының төлеушісі салық кезеңінде шот-фактураларды тек электронды түрде берген жағдайларды қоспағанда), салық қызметі органдарына табыс етілмеген деп есептеледі.    

 


Дата добавления: 2015-12-08; просмотров: 164 | Нарушение авторских прав



mybiblioteka.su - 2015-2024 год. (0.012 сек.)