Студопедия
Случайная страница | ТОМ-1 | ТОМ-2 | ТОМ-3
АвтомобилиАстрономияБиологияГеографияДом и садДругие языкиДругоеИнформатика
ИсторияКультураЛитератураЛогикаМатематикаМедицинаМеталлургияМеханика
ОбразованиеОхрана трудаПедагогикаПолитикаПравоПсихологияРелигияРиторика
СоциологияСпортСтроительствоТехнологияТуризмФизикаФилософияФинансы
ХимияЧерчениеЭкологияЭкономикаЭлектроника

Эксперимент кезінде сүтқоректілердің ұрығында гонотомды зақымдаса, қай мүшенің дамуы бұзылады?

Читайте также:
  1. III. Экспериментальная часть
  2. Абыну процесі кезінде әйелдің 2 жақ түтігі бітедіп қалған. Сол әйел жүкті бола алады ма?арай
  3. Анализ результатов экспериментального исследования
  4. Анализ результатов экспериментальной работы по формированию общих компетенций у будущих экологов
  5. аутоэксперимент советского психиатра Ю.А. Александровского. Mescaline.
  6. Бақаның гаструласында бластопордың арқа ернін алып тастаған, ұрықтың әрі қарай дамуы жүреді ме?
  7. Билет 6. Цель и гипотеза эксперимента. Виды гипотез.

70-бет

Ковалевский айтуы 11бет туысындағы сенімді дәлелдер келтірді.

Эволюциялық эмбриология ғылымының пайда болуына орыс ғалымдары А.О.Ковалевский (1840-1901жж.) мен И.И.Мечников (1845-1916 жж.) орасан зор үлес қосты.

Сол кездегі зоологтар алдында кейбір типтердің: құрттар, бассүйексіздер, қабықшалылар, иықаяқтылар, губкалар, қылтанжақтылар, ішекқуыстылар, буылтық құрттар,бүйіржүйкелілер, күрекаяқтылар мен бас аяқты моллюскілер, шаянтәріздезділер, өрмекшітәрізділер мен бунақденелілердің-шынайы систематикалық орнын, демек, қалған жануарлар әлемімен филогенетикалық қатынастарын табу мәселесі тұрды.

А.О.Ковалевский бірінші болып омыртқасыздардан ұрық жапырақшаларын тапты және барлық жануарлардың дамуы бірыңғай жоспармен жүретінін дәлелдеді. А.О.Ковалевский мен И.И.Мечников дәлелдеген ұрық жапырақшаларының гомология идеясы барлық Metazoa пайда болуы бірлігінің эмбриологиялық дәлелі болды.

 

72-75 бет Нейруляцияның ең бастапқы сатыларында ұрық мезодермасының ортасынан хорда бөлініп шығады. Мезодерма сегменттелеген, яғни эписомит, сегменттелмеген, яғни гипосомит болып екіге бөлінеді. Эписомит ұрықтың дорсалды (арқа) жағында, ал гипосомит – вентралды (құрсақ) жағында орналасады. Арқа мезодермасының сегменттерге бөліну процесін метамеризация деп атайды.

Гипосомитті кейде спланхотом не бүір пластинкалары дейді. Кейін бүйір пластинкалары екі жапырақшаға бөлінеді. Оның ішкі энтодерма жағындысын висцералды, ал сыртқы эктодерма жағындысын париеталды жапырақша д.а. Сол екі жапырақшаның арасындағы қуысын целом дейміз. Целом екінші дене қуысы болып табылады.

Висцералды жапырақ ішекке және басқа да ішкі мүшелерге жанасып, олардың серозды қабықшасын құрайды.

Париеталды жапырақшадан ішперде құралады. Ішперде дегеніміз құрсақ қуысының жұқа эпителийлі қабықшасы. Онда ішкі мүшелер орналасқан.

Эписомиттер одан ары қарай дерматом, миотом, склеротом болып бөлінеді. Дерматомнан терінің ұлпалары, склеротомнан шеміршек, сүйек ұлпалары, миотомнан бұлшықет ұлпалары п.б. Бүйір пластинкалардың қосылған жерінен гонатом мен нефротом бөлініп шығадды. Келешекте нефротомннан бүйрек түтікшелерінің эпителиясы п.б, ал гонатомнан гонадалар п.б.

Нерв айдаршасының материалынан неше түрлі клеткалар, ұлпалар пайда болады. Соның ішінде жұлынның сезгіш түйіндері, меланоциттер пигменттік клеткалар, биполярлық нейрондар, леммоциттер бар. Нерв айдаршасының бас жэағыннан шыққан клеткалардан шеміршек, бұлшық ет, дәнекер ұлпалары құралады. Аденогипофиз бен қалқан серік бездердің құралуына да сол клеткалар қатысады.

Ұрық жапырақшалардан әр түрлі мүшелер дамиды.

Эктодерманың туындылары. Эктодерманың клеткаларынан жабынды эпителийц, тері бездері, тістің сыртқы қабаты, мүйізді қабыршақтар п.б. Көптеген жануарларда эктодерма дененің алдыңғы және арқы жағында ішіне көмкеріліп, ығысып қалта секілді алдыңғы және артқы ішекті құрайды. Ол ішектердің қалта тәрізді бастамалары тесіліп ортаңғы эктодермадан п.б. ішекке жалғасады. Сондықтан алдыңғы ішек және артқы ішек эктодерманың туындылары болып саналады. Эктодерманың арқа жағы ұрық денесінің ішіне ығысып, батып нерв жүйесінің бастамасын береді.

Энтодерманың туындылары. Ішкі ұрық жапырақшасынан ортаңғы ішектің эпителиі, асқорту бездері және тыныс алу мүшелері п.б. Асқорту бездерінің бастамалары ішектің вентралды қабырғасынан қалта тәрізді томпайып өсіп шығып әрі қарай күрделенеді. Көмекей, бронхылар және өкпе бір бастамадан п.б. Ас қорыту каналынын құрсақ жағынан қалта секілді өсінді п.б. Соңынан өсінді дифференциялданып өкпе, бронхыға айналады.

Мезодерманың туындалары. Ұрық бөліктері арасындағы байланысты, қозғаласытық, тірек және трофикалық қызметтерді қамтамасыз етеді. Олардың ішінде барлық бұлшықет ұлпалары, дәнекер ұлпалар, шеміршек, сүйек, қан тамырлар мен лимфа жүйелері, зәр шығару мүшелердің түтікшелері, гонадалар ұлпаларының бөлігін, дене қуысының перитонеумін, тыныс алу мүшелерінің негізгі құраламдарын, ас қорыту түтігінің қабырғасын және т.б. атауға болады. Мезодерма бөлігі, эмбрионалдық дәнекер ұлпасы – мезенхимадан әр түрлі ұлпалар қалыптасады.

Айта кету керек, әрбір мүшенің құралуында бір емес бірнеше ұрық жапырақшасы қатысады. Мысалы, терінің құрамына эктодермадан дамыған эпидермиспен қатар мезодерманың дерматомынан пайда болған терінің дәнекерұлпалық негізі кіреді. Сондықтан, бұл жіктеу тек мүшелердің алғашқы шығу тегін көрсетеді.


Дата добавления: 2015-12-08; просмотров: 256 | Нарушение авторских прав



mybiblioteka.su - 2015-2024 год. (0.007 сек.)