Студопедия
Случайная страница | ТОМ-1 | ТОМ-2 | ТОМ-3
АвтомобилиАстрономияБиологияГеографияДом и садДругие языкиДругоеИнформатика
ИсторияКультураЛитератураЛогикаМатематикаМедицинаМеталлургияМеханика
ОбразованиеОхрана трудаПедагогикаПолитикаПравоПсихологияРелигияРиторика
СоциологияСпортСтроительствоТехнологияТуризмФизикаФилософияФинансы
ХимияЧерчениеЭкологияЭкономикаЭлектроника

Абыну процесі кезінде әйелдің 2 жақ түтігі бітедіп қалған. Сол әйел жүкті бола алады ма?арай

Читайте также:
  1. Бір елдің валютасын басқа елдің валютасымен айырбастау қалай аталады?
  2. Відчуття і сприймання в процесі праці
  3. Вплив європейських культурних процесів на освітньо-культу­рне відродження в Україні. Перші українські вчені: П. Русин і Ю. Дрогобич
  4. Вплив процесів трансформації на форму громадянських суспільств
  5. Емоції і почуття в процесі праці
  6. ЖАСАНДЫ ҚОНДЫРҒЫЛАРДЫҢ САПАСЫН БАСТАПҚЫ БАҚЫЛАУ КЕЗІНДЕ ТОПЫРАҚТАРДЫ ТЫҒЫЗДАУДЫҢ ТЕХНОЛОГИЯЛЫҚ ҮРДІСІН РЕТКЕ КЕЛТІРУ

Болмайды, кіре алмайды. Ұрықтану процесін жазу.

Өкінішке орай, табиғи жолмен ұрықтану мүмкіндігі адам ағзасында физиологиялық жағдайына немесе денсаулығына байланысты барлығында бола бермейді.Жетілген ағзаның табиғи жолмен ұрықтануға қабілетсіздігі бедеулік деп аталады. Бедеуліктің себептері әр түрлі болуы мүмкін. Ал олардың алдын алу үшін дәрі-дәрмектер мен хирургиялық әдістер қолданылады. Алайда мұндай әдістерді де кейде оң нәтиже бере бермейді. Ағзаның табиғи жолмен ұрықтану қабілетін қалпына келтіру мүмкін болмаған жағдайда жасанды жолмен ұрықтандыруға жүгінуге болады. Бірнеше әдістері мен жолдары бар.

1.Экстракорпоральды ұрықтандыру. Бұл әдістің мәні ананың ағзасынан тыс аналық клетканы ұрықтандыру және өсіп-жетілген ұрықты (эмбрион) жатырға енгізу болып табылады. Әдетте, жатыр түтігінде өсетін ұрық пен аналық клетканың даму кезеңдері экстракорпоральды ұрықтандыру (ЭКҰ-ЭКО) кезінде осылайша жасанды түрде жүргізіледі. ЭКО төмендегідей себептер болса ғана жасалады:

-Жатыр түтігінің өткізу қабілетінің жоқтығы немесе жатыр түтігінің мүлдем болмауы (оның ішінде жатырдан тыс үктілік немесе зарарсыздандыру себебінен операциялық әрекет жасалған болса);

-эндокринді ауытқушылықтың салдарынан болған бедеулік;

-аналық жыныс безінің әлсіздігі;

-жыныс мүшелерінің дамуындағы туа біткен ауытқушылықтар;

цервикалды шырыштың болмауынан жатырға аталық ұрықтың түспеуі;

-әйел ағзасының аталық ұрықты жойып тастайтын антиденелерді бөліп шығару;

-несеп-жыныстық жолдардың созылмалы қабынулары;

-жыныстық қатынасқа түсетін жұптың біреуінің бедеулігі.

Кезеңдері:

1)Аналық жыныс безін ынталандыру және фолликулдардың өсуін бақылау. Ұрықтануға дайын бірнеше аналық клеткалардың болуы ұрықтану мүмкіндігінің бар екенін білдіреді.

2)Ана ағзасынан аналық клеткаларды «шығару». Фолликулдар қынап арқылы өткізіледі. (анестизия көмегімен және УДТ бақылауы арқылы).

3)Алынған аналық клеткаларды алдын ала қозғалғыштығын арттыру үшін арнайы өңдеуден өткен аталық ұрықпен ұрықтандыру.

4)Алынған эмбриондарды ерекше құнарлы ортада өсіру.

5)Эмбрионалды жатыр қуысына ауыстыру. Арнайы катетердің (дененің қуыстарына енгізілетін арнайы түтік) көмегі арқылы ұрықтанғаннан кейін 2-5-ші күндері жасалады.Емделу шараларының тиімділігін арттыру үшін әйел ағзасына бір уақытта 2-3 эмбрион енгізіледі.

Пайдаланбаған артық эмбриондарды мұздатып қатырады. Емделу шарасы сәтсіз болған жағдайда оларды қайта ЭКО-ға екінші рет қолдануға болады.

ЭКО-ның нәтижелілігі 25-40пайызды құрайды.

52. Аналық организмнің жыныстық жетілуі кезінде аналық безде қандай морфологиялық және функционалдық өзгерістер жүреді? Жетілген аналық организмде әр жыныс безі 1 ай сайын жетіліп, 1 жұмыртқа пісіп жетіледі. Премордиальды,1 фолликул 29-34 бет№

Ай сайын функционалдық процестер гипоталаммуста реттеледі. Онда экстроген, прогестерон горомнын жащу.

Жатырдың шырышты қабығы ұлғаяды, өнуге дайындалады

Аналық жыныс клеткалары жұмыртқа немесе жұмыртқа клеткалары деп аталады. Олар сперматозоидқа қарағанда ірі жəне дөңгелек пішінді болады. Жұмыртқа клеткаларының өзіне тəн ерекшеліктері бар: біріншіден, клеткалардың ішінде ұрық қоректенетін сарыуыз болады. Екіншіден, клетканың бірнеше қабықшасы бар. Олар бірінші реттік, екінші реттік, үшінші реттік қабықшалар деп аталады. Бірінші реттік қабықшасын сарыуыз қабығы деп атайды. Ол қабық барлық жұмыртқаларда болады. Оның сыртында қейбір жұмыртқаларда екінші реттік қабығы болады. Екінші реттік қабықты фолликулды клеткалар түзеді. Үшінші реттік қабықшасы жұмыртқа аналық безінен жыныс жолдары арқылы өткенде пайда болады. Ол ұрықты қорғау қызметін атқарады. Үшінші реттік қабықша құстарда жақсы дамыған.

Аналық жыныс клеткаларының дамуын оогенез деп атайды. Ол үш сатыдан тұрады:

1) көбею; 2) өсу; 3) жетілу (пісу).

Фолликулдар мен сары денеден аналық жыныс гормондары түзіледі. Сары дене гормоны прогестерон келесі фолликулдың пісіп жетілуін тежейді де, жатырдың шырышты қабықшасын ұрықты қабылдауға дайындайды. Егер жұмыртқа клеткасы ұрықтанбаса, онда сары дене овуляциядан кейінгі 13‐14 күнде гормон шығаруын тоқтатады. Сары дене ақ денеге айналады.

Аналық жыныс бездерінде фолликулдардың бір шамасы жетілмей, атретикалық денешіктерге айналады. Ол процесті фолликулдардың атрезиясы деп атайды.

Жұмыртқа клеткасында сарыуыз мөлшері орташа және оның таралуы біркелкі емес. Жұмыртқа клеткасының типін, бөліну сипатын болашақ ұрық бластуласының түрін анықтаңыз

Әр түрлі жануарлырдың жұмыртқаларында сарыуыздың орналасуына және мөлшері бірдей болмайды.

Сарыуыздың мөлшеріне байланысты жұмыртқалар бірнеше түрге бөлінеді

1-алецитиалд (сарыуыз болмайды, ол тікентерілерге тән)

2- олиголециталды (сарыуыз аз, былқылдақденеліліерде кездеседі)

3-мезолциталды (сарыуыз мұнда көп те емес аз да емсе орташа болады ол жұмыртқалар қосмекенділерде болады)

4- поилецитиалды (сарыуыз көп болады, ондай жұмыртқалар балықтарда рептилияларда құстарда кездеседі)

Жұмыртқаның ішінде сарыуыздың орналасуына қарай жұмыртқалар үш топқа бөлінеді:

1- Гомо-(изо)-лециталды (сарыуыз аз және жұмыртқаның ішінде біркелкі орналасады.)

2- Телооециталды (сарыуыз клетканаың бір шетінде қарай ығысып орналасады)

3- Центролециталды (сарыуыз жұмыртқаның ортасында ядроны қоршап тұрады бунақұденелерге тән)

 

54.Жұмыртқада сарыуыз көп, және ол клетканың ортасында ядроны қоршап орналасқан. Жұмыртқа клеткасының типін, бөлшектенуін, болашақ ұрықтың бластула түрін анықтаңыз. Полилециталды, центролицеталды.перибластула – беткейлік. Әртүрлі жануарлардың жұмыртқаларында сарыуыздың орналасуы және мөлшері бірдей болмайды.

Сарыуыздың мөлшеріне байланысты жұмыртқалар бірнеше түрге бөлінеді:1) алециталды (сарыуыз болмайды, ол тікентерілерге тəн); 2) олиголециталды (сарыуызы аз, былқылдақденелілерде кездеседі); 3) мезолециталды (сарыуыз мұнда көп те емес, аз да емес, орташа болады, ол жұмыртқалар қосмекенділерде болады); 4) полилециталды (сарыуызы көп болады, ондай жұмыртқалар балықтарда, рептилияларда, құстарда кездеседі);

Жұмыртқаның ішінде сарыуыздың орналасуына қарай, жұмыртқалар үш топқа бөлінеді: 1) гомо‐(изо)‐лециталды (сарыуызы аз жəне жұмыртқаның ішінде біркелкі орналасады). 2) телолециталды (сарыуыз клетканың бір шетіне қарай ығысып орналасады); 3) центролециталды (сарыуыз жұмыртқаның ортасында ядроны қоршап тұрады. Бұл бунақденелілерге тəн);

Яғни,) полилециталды (сарыуызы көп болады, ондай жұмыртқалар балықтарда, рептилияларда, құстарда кездеседі), және центролециталды (сарыуыз жұмыртқаның ортасында ядроны қоршап тұрады. Бұл бунақденелілерге тəн).

Бөліну сызығының бағытына, тереңдігіне жəне жылдамдығына қарай бөлшектенудің бірнеше түрлерін ажыратуға болады. Ол сарыуыздың мөлшеріне жəне оның клеткалардың ішінде орналасуына байланысты болады. Сарыуыз бөліну сызығының қалыптасуына қарсы əсер етеді. Клеткалардың сарыуызы көп бөлігінде сызық құралмайды. Бөлшектенудің екі түрі болады: 1) толық бөлшектену (голобластикалық); 2)жартылай бөлшектену (меробластикалық).

Толық бөлшектену біркелкі (теңіз кірпілерінде, ланцетникте) жəне біркелкі емес бөлшектену (қосмекенділерде) болып бөлінеді. Жартылай бөлшектену: диск тəрізді бөлшектену (құстарда, бауырмен жорғалаушыларда) жəне зиготаның беткі бөлшектенуі болып бөлінеді (бунақденелілерде). Бөлшектену нəтижесінде бластула құралады. Бластуланың қабырғасы бластодерма деп аталады. Ішіндегі қуысын бластоцель дейміз. Бластуланың үстіңгі анималдық жағы – төбесі болады, астыңғы вегетативтік жағы – түбі.

Перибластула ‐ бөлшектенбеген сарыуызды қоршаған бірқабатты перидермасы бар бластула. Сарыуызында ядролар көрінеді. Перибластула центролециталдық, полилециталдық буынаяқтылар жұмыртқаларының беттік бөлшектену нəтижесінде қалыптасады.

55.Жұмыртқа клеткасында сарыуыз көп, және ол біркелкі орналаспаған. Жұмыртқа клеткасының типін, бөлшектенуін, болашақ ұрықтың бластула түрін анықтаңыз. 18 сұрақ повтор бірақ тексеру керек.Сарыуыздың мөлшеріне байланысты жұмыртқалар бірнеше түрге бөлінеді:1) алециталды (сарыуыз болмайды, ол тікентерілерге тəн); 2) олиголециталды (сарыуызы аз, былқылдақденелілерде кездеседі); 3) мезолециталды (сарыуыз мұнда көп те емес, аз да емес, орташа болады, ол жұмыртқалар қосмекенділерде болады); 4) полилециталды (сарыуызы көп болады, ондай жұмыртқалар балықтарда, рептилияларда, құстарда кездеседі); Жұмыртқаның ішінде сарыуыздың орналасуына қарай, жұмыртқалар үш топқа бөлінеді: 1) гомо‐(изо)‐лециталды (сарыуызы аз жəне жұмыртқаның ішінде біркелкі орналасады). 2) телолециталды (сарыуыз клетканың бір шетіне қарай ығысып орналасады); 3) центролециталды (сарыуыз жұмыртқаның ортасында ядроны қоршап тұрады. Бұл бунақденелілерге тəн); Яғни, полилециталды (сарыуызы көп болады, ондай жұмыртқалар балықтарда, рептилияларда, құстарда кездеседі), телолециталды (сарыуыз клетканың бір шетіне қарай ығысып орналасады).

Бөліну сызығының бағытына, тереңдігіне жəне жылдамдығына қарай бөлшектенудің бірнеше түрлерін ажыратуға болады. Ол сарыуыздың мөлшеріне жəне оның клеткалардың ішінде орналасуына байланысты болады. Сарыуыз бөліну сызығының қалыптасуына қарсы əсер етеді. Клеткалардың сарыуызы көп бөлігінде сызық құралмайды. Бөлшектенудің екі түрі болады: 1) толық бөлшектену (голобластикалық); 2)жартылай бөлшектену (меробластикалық).

Толық бөлшектену біркелкі (теңіз кірпілерінде, ланцетникте) жəне біркелкі емес бөлшектену (қосмекенділерде) болып бөлінеді. Жартылай бөлшектену: диск тəрізді бөлшектену (құстарда, бауырмен жорғалаушыларда) жəне зиготаның беткі бөлшектенуі болып бөлінеді (бунақденелілерде). Бөлшектену нəтижесінде бластула құралады. Бластуланың қабырғасы бластодерма деп аталады. Ішіндегі қуысын бластоцель дейміз. Бластуланың үстіңгі анималдық жағы – төбесі болады, астыңғы вегетативтік жағы – түбі.

Жартылай бөлінуден – дискобластула пайда болады. Бөлшектенбеген сарыуызда жатқан бірнеше клетка қабаттарынан тұратын диск тəрізді бластула. Сүйекті балықтар, рептилиялар мен құстар телолециталдық, полилециталдық жұмыртқаларының дискоидалдық бөлшектенуі нəтижесінде пайда болады.

Балапанның ұрығын жарық микроскоппен зерттеу кезінде эктодерма клеткаларының бір бөлігі науаға иіліп тұрғанын көруге болады.Бұл клеткалардан қандай жүйе пайда болады және эктодерманың қалған бөлігінен не қалыптасады.

Құстардың гаструляциясы екі кезеңнен тұрады. Гаструляцияның бірінші кезеңі құстың жатыр түтігінде өтеді. Бірінші кезеңде бластодисктен жұмыртқаның ішіне қарай гипобласт деген қабат бөлініп шығады. Ол келешекте энтодерманың тысқары жағын құрайды. Гипобластың пайда болуы көптеген клеткалардың иммиграциясына байланысты. Гипобласт бөлініп шыққаннан кейін бласкодисктің қалған үстіңгі қабаты эпибласт деп аталады.

Гаструляцияның екінші кезеңінде эпибласт мезодермаға, ұрық энтодермасына жəне эктодермаға бөлінеді. Ол процесс былай басталады. Ең алдымен ұрық қалқаншасының орта жағына клеткалар топтарының орналасуы, шоғырлануы нəтижесінде алғашқы жолақ пайда болады. Алғашқы жолақтың алдыңғы жағында Гензен түйіні пайда болады.

Клеткалар топтары алғашқы жолақтан эпибласт пен гипобластың арасына жылжи бастайды. Соның нəтижесінде алғашқы жолақтың ортасында бірыңғай орналасқан ойықтар пайда болады. Кейіннен ойықтар бір‐бірімен қосылып алғашқы жылғаға айналады. Сонымен қатар Гензен түйінінің ішінде алғашқы шұңқыр пайда болады.

Ең алдымен алғашқы жылғаның алдыңғы жағынан энтобластың материалы ішке қарай жылжиды. Энтобластың материалынан энтодерма, яғни ұрықтың ішегі пайда болады. Одан кейін Гензен түйінінің жəне алғашқы жылғаның алдыңғы жағынан мезобластың клеткалары жылжып, өрмелеп эпибласт пен энтодерманың арасына орналасады. Мезобластың орта жағында тығыз жатқан клеткалардан хорда бөлініп шығады. Ал оның екі бүйірінен бір мезгілде сегментті мезодерма да бөлініп шығады. Бастапқы жылғаның екі шетінен қайырылып, сегментсіз мезодерманың материалы ішке қарай жылжиды. Құстардың гаструляциясын қосмекенділермен салыстырғанда бастапқы шұңқырдың алдыңғы жағы бластопордың дорсальді ерні болып табылады. Алғашқы жылғаның екі жиегін бластопордың екі бүйіріндегі ерні десек те болады.

Сол процестермен бір мезгілде ұрық қалқаншасынан тысқары жатқан гипобласт пен эпибласт сарыуызды қоршап өсіп, сарыуыз қапшығын құрайды. Гипобласт пен эпибластың ортасында тысқары мезодерманың клеткалары орналасып, қан тамырларын құрайды. Сонымен, сарыуыз қапшығы ұрықтың тыныс алу, қоректену қызметтерін атқарады. Гаструляциядан кейін нейруляция басталады. Нейрулада нерв түтігі, хорда жəне мезодерма түзіледі

57.Сүтқоректілердің моруласында трофобласт пен эмбриобласты ажыратылады. Ұрықтың осы екі бөлімінің кейінгі жағдайын сипаттаңыз Сүтқоректілердің үшінші ерекшелігі бөлшектену ең басынан ассинхронды болады. Басқа жануарлардағыдай 2,4,8 бластомерлі сатысы кейде болмайды, 5,9,11 болуы мүмкін. Төртінші ерекшелігі бластомерлер үшінші бөлінуден кейін тығыздалып, шар түзеді. Сыртқы клеткалар арасында тығыз клеткааралық байланыстар пайда болады. Соның арқасында сыртқы клеткалар іште жатқан клеткаларды сыртқы ортадан қоршап тұрады. Шардың ішіндегі клеткалар арасында саңылаулы контакттар пайда болады. Сол саңылаулар арқылы кіші молекулалар мен иондар бір клеткадан екінші клеткаға өтіп тұрады. Клеткалар əрі қарай бөлініп 16‐клеткалық сатысына морулаға айналады. Сыртқы ақшыл клеткалардан трофобласт пайда болады. Трофобласт болашақта хорионға айналады да плацента құруға қатысады. Моруланың ішкі күңгірт клеткаларынан ұрықтың денесі пайда болады, оны эмбриобласт дейміз. Алғашында моруланың ішінде қуысы болмайды. Бірақ трофобласт клеткаларының сұйықтықты бөлу арқасында қуыс пайда болады да морула бластоцистаға айналады. Эмбриобласт клеткалары бластоцистаның ішінде бір қабырғасына бекініп тұрады.

Сонымен, бөлшектену нəтижесінде екі түрлі клеткалық топтар пайда болады ‐ эмбриобласт пен трофобласт. Бұл даму барысындағы ең алғашқы дифференциация болып табылады.

Ұрықтың 4‐бластомерлі сатысында барлық бластомерлер биохимия, морфология жəне потенция жағынан бірдей болады. Клеткалар тығыздала бастағанда 8‐бластомер сатысында, ішкі клеткалардан эмбриобласт дами бастайды. Бластоцистаның ішінде су жиналып көлемі едəуір үлкейеді. Бластоцистаның сыртында мөлдір қабат пайда болады. Ол қабат бластоцистаның жатыр түтігінің қабырғаларына жабысып кетуінен сақтайды. Бластоциста жатыр түтігіне жабысып қалғанда «түтікті жүктілік» (трубная беременность) пайда болады. Бұл өте қауіпті жағдай. Себебі қан ағу басталуы мүмкін.

Жатырға жеткен бластоциста мөлдір қабатынан айырыла бастайды. Трофобластың бір клеткасы мөлдір қабатқа жанаса бастайды. Сол жерінен стрипсин деген протеаза бөлінеді. Стрипсин мөлдір қабатын ерітеді де тесік пайда болады. Сол тесікті кеңейтіп бластоциста сыртқа шығады да жатырдың қабырғасына бекіне бастайды. Трофобласт плазминоген активаторы деген басқа протеазаны бөледі. Ол фермент жатырдың қабырғаларын ерітіп, бластоцистаның соған енуіне жағдай жасайды.


Дата добавления: 2015-12-08; просмотров: 505 | Нарушение авторских прав



mybiblioteka.su - 2015-2024 год. (0.016 сек.)