Читайте также:
|
|
Тақырып. ЖАЛПЫ НОЗОЛОГИЯ
Дәрістің тезистері
Нозология – ауру туралы жалпы ілім (грекше nosus-ауру).
«Денсаулық – бұл аурудың немесе физикалық ақаулардың болмауы ғана емес, физикалық, психикалық және әлеуметтік толық сәттілік жағдай» БДСҰ.
«Ауру – әртүрлі зақымдаушы агенттің әсерінен қоршаған ортаға бейімделуінің шектелуімен және еңбекке қабілетінің төмендеуімен организмнің қалыпты өмірінің бұзылысы» И.Петров.
Аурудың нышандары
· Науқастың шағымы
· Дерттің айғақты әйгіленімдері
· Қоршаған ортаға науқас адамның икемделіп-бейімделу мүмкіншіліктерінің төмендеуі
· Еңбекке қабілетінің төмендеуі
Ауру алды – денсаулық пен ауру арасындағы аралық жағдай.
Ауру алдының нышандары
· Жүктеме кезінде бейімділік мүмкіншіліктерінің шектелуі
· Байқалған өзгерістердің қайтымдылығы
· Жүктемелік сынамалармен анықталады (Мартине, Генче, Штанге)
Дерттік серпіліс –(re – қарсы, action - әсер, серпіліс) –
Қандай да бір әсерге организмнің қысқаша, биологиялық мәнсіз және сәйкессіз жауабы
Дерттік үрдіс – зақымдану кезінде әрі қорғану бейімделу және әрі зақымдану серпілістерінің жиынтығы
Біртектес дерттік үрдістер:
· Адам мен әртүрлі жануарларда бірдей деңгейде өтеді,
· Көп себепті (полиэтиологиялы),
· әртүрлі ағзалар мен тіндерде өтеді,
· айқындығы аз немесе жоғары қорғану-бейімделулік маңызы бар,
· эволюцияда барысында түзілген
Дерттік жағдай –организм үшін кері биологиялық мәні бар қалыптан тыс тұрақты ауытқу.
Аурудың сатылары:
· аурудың басталуы
· нағыз ауру сатысы
· аурудың аяқталуы
Жұқпалы аурулар сатысы:
· инкубациялық кезең
· хабаршы сатысы
· айқындалу кезеңі
· аурудың аяқталуы
Аурудың аяқталуы
· сауығу (толық, шала)
· созылмалы түрге ауысуы
· өлім
Өлім
Табиғи
· патологиялық
Өлімнің сатылары: жантәсілім алды, ақтық үзіліс, агония, клиникалық өлім, биологиялық өлім
Реанимация –организмді тірілту. Өлімнің қайтымды сатыларында жүргізуге мүмкіндік бар.
Тірілтудің ұстанымдары:
· жүрек қызметін қалпына келтіру
· тынысты қалпына келтіру
· бұзылған гомеостазды қалпына келтіру
№ 3 тақырып ЖАЛПЫ ЭТИОЛОГИЯ. ЖАЛПЫ ПАТОГЕНЕЗ
Дәріс тезистері
Этиология ( грекше aitia – себеп, logos-ілім) - аурулардың себептері мен себепкер жағдайлары туралы ілім.
Себеп – ауруды дамытатын және оған арнайы белгі беретін жайт.
Себепке тән:
· Ауру дамуының алдында әсер етеді
· Аурудың ауыртпалығы мен ауру туындатушы жайттардың қарқындылығы арасында тепе-теңдік бар
· Ауру туындатқан жайтты аластатқанда ауру белгілері жойылады және науқастың сауығуы дамиды
· Себепті пайдалана отырып аурудың үлгісін жануарларда алуға болады.
Жағдай – аурудың пайда болуына кедергі немесе жағдай жасайтын жайттар
Патогенез (грекше pathos – ауру, дерт, genesis - даму) – аурудың даму тетіктері, ағымы, аяқталуы туралы ілім.
Патогенез – ауру кезінде туындайтын организмнің бейімделуі мен зақымдануының өзара байланысты үрдістерінің жиынтығы.
Патогенездегі негізгі тізбек – патогенездің келесі тізбектерінің дамуына әкелетін және аурудың арнайы көріністерін беретін тізбек.
Патогенездегі кері айналып соғу шеңбері (circulus vitiosus) – патогенездің тізбектерінің арасында соңғы тізбек алдыңғысын күшейте түсетін, патогенездегі себеп-салдарлық арақатынастың тұйықталуына әкелетін және салдар себептің әсерін күшейтетін оң кері байланыстың түзілуі.
Аурулардың алдын алу мен емдеудің этиотропты ұстанымы – аурудың себебін аластатуға және организмнің төзімділігін арттыруға бағытталған шаралар
Патогенездік ем – патогенездің негізгі және басқа да тізбектерін жоюға бағытталған шаралар.
тақырып. ОРГАНИЗМ РЕАКТИВТІЛІГІНІҢ ДЕРТТАНУДАҒЫ МАҢЫЗЫ
Дәріс тезистері
Реактивтілік ( Re – қарсы; action - әсер ) - сыртқы ортаның әсерлеріне организмнің белгілі бір жолмен жауап қайтару қасиеті (Н.Н.Сиротинин).
Реактивтілік – сыртқы орта ықпалдарының әсерлеріне организмнің, оның жекелеген ағзалары мен жүйелерінің тіршілігін өзгертіп жауап қайтару қасиеті немесе қабілеті (А.Д.Адо).
Реактивтілік белгілі бір тітіркендіргішке (жылдамдығы, қарқындылығы және әсерлердің ұзақтығы) организмнің серпілісін сипаттайды.
Реактивтіліктің көріну түрлері:
Нормергия – әдеттегі тітіркендіргішке организмнің қалыпты жауабы, мұнда нормергиялық жауап серпілісі туралы айтылады
Патергия - қалыптан тыс жауап:
· гиперергия– реактивтіліктің жоғарылауы
· гипергия – органихм реактивтілігінің төмендеуі (аурулар сылбыр, белгілері айқын болмай өтеді) (қарттардың реактивтілігі)
· анергия - реактивтіліктің мүлде болмауы (өзі ауырмай микробтардың тасымалдаушылары болады, терең кома, сілейме, наркоз жағдайларындағы)
· дизергия - қалыптан тыс, бұрмаланған жауап (төмен температураға тамырлардың кеңеюі, жарыққа көз қарашығының кеңеюі)
Организм төзімділігі – ауру туындататын ықпалдарға организмнің тұрақтылығы (resisteo-қарсы тұру). Төзімділік белсенді және енжар, біріншілік (туа біткен) және екіншілік (жүре пайда болған) болып бөлінеді
Белсенді төзімділік: гипоксия кезінде эритропоэздің әсерленуі, қабынудағы фагоцитоз, иммунитет, уларды бейтараптау.
Енжар төзімділік: тері және шырышты қабаттар, скелет, асқазан сөлінің тұз қышқылы.
Реактивтіліктің түрлері
· Түрлік – реактивтіліктің жалпы түрі, бүкіл бір түрдің жауап қайтару ерекшелігі (құстардың мекенін ауыстыруы, сүтқоректілердің қысқы ұйқысы, түрлік иммунитет)
· Топтық - түрдің ішіндегі кейбір топтардың жауап қайтару ерекшелігі (жыныс, жас, конституция, нәсілдік ерекшелік, қан топтары, ж.б.)
· Даралық - еке тұлғалардың реактивтілігі, әр адам қайталанбайтын тұлға екендігін көрсетеді.
· Реактивтілік физиологиялық ( организмнің қалыпты жауабы)
және патологиялық (организмнің қалыптан тыс жауабы) болып бөлінеді.
Арнайыланған немесе иммунологиялық реактивтілік – антигеннің әсеріне антидене немесе жасушалық серпілістер кешенін (физиологиялық) түзіп жауап беруі Патологиялық арнайыланған реактивтілік – иммунитеттің ақаулары (аллергия, иммунодепрессивті, иммуннотапшылықты жағдайлар). Бейнақты реактивтілік – сыртқы орта ықпалдарына организмдегі иммундық жауаппен байланыссыз өзгерістер.
Дене бітімі (лат. constitutio – жағдай, қасиет) – тұқым қуалаушылықтың және жүре пайда болған қасиеттер негізінде қалыптасқан, жеке тұлғалардың құрылымдық, функциялық және жандүниелік ерекшеліктерінің жиынтығы.
Жеке тұлғаерекшеліктерін ажырату үшін көптеген жіктеулер ұсынылды. Сиго мен Кречмердің жіктеуінде құрылымдық ұстаным жатыр. И.П.Павлов пен Богомольцтің жіктеу негізіне реттеуші жүйелердің қызметі алынған. Құрылымдық және қызметтік ұстаным М.В.Черноруцкийдің жіктеуінің негізіне алынған. Бұл жіктеу кең қолданылады, себебі дене бітімі белгілі бір топқа жататын адамдардың патологиясының ерекшелігін анықтауға болады. Гиперстениктер семіруге, қан қысымының көтерілуіне, қантты диабет ауруына бейім, катехоламиндер әсері күшейген. Астениктер анемияға, гипотензиялық жағдайларға бейім, туберкулез, Адиссон аруы жиі кездеседі. Нормостениктерде артриттер, тыныс алу жүйесі аурулары жиі кездеседі.
Адамның жасы жауап қайтару серпілістерін анықтайды. Ерте жастағы балалардың реактивтілігі үш түрлі жайттармен анықталады:
· Жүйке және эндокрин жүйесінің құрылымдық және функциялық дамуы аяқталмағандығымен.
· Иммундық жүйенің қызметінің жетілмегендігімен
· Физиологиялық тосқауылдардың жоғары өткізгіштігімен.
Қарт адамдарға патолоияның келесі ерекшеліктері тән:
· Ауру көріністерінің мардымсыз болуы (гипоергиялық жауап).
· Аурулардың созылмалы түрде өтуі.
· Патологияның көптігі
· Ауру кезінде бейімделу жүйелерінің тез қалжырауы
· Иммунитет жүйесінің жеткіліксіздігі, өспе ауруларының жиі кездесуі.
Жыныс ерекшеліктері жауап қайтару серпілістерін анықтайды. Әйелдер суыққа, аштыққа, қансырауға, гипоксияға төзімді, оларда эндокрин жүйесі аурулары жиі кездеседі. Ерлер стрессорлардың әсеріне төзімсіз, дезадаптация аурулары: жүректің ишемиялық авуруы, асқазанның ойық жара ауруы, артериялық гипертензия жиі кездеседі.
Дата добавления: 2015-10-30; просмотров: 488 | Нарушение авторских прав
<== предыдущая страница | | | следующая страница ==> |
Подвижные игры | | | Тақырып. ҚАБЫНУ |