|
Отынды қайнаған қабатта жағу оның астынан үстіне қозғалып жатқан ауадан қалқыған күйде жануымен сипатталады. Жалғансуылған қабат ауа жылдамдығымен анықталатын шекарада болады, бірінші аумалық жылдамдықтан екінші аумалық жылдамдыққа дейін. Жалғансуылған жүйелердің бірқатар артықшылығы бар, кейбір өндірістерде қолдану мүмкіндігіне, белсенді жылу-массалық алмасуға, қабаттық изотермиялығына, зиянды қалдықтар төмендігіне байланысты.
Техникада жоғары температуралы және төмен температуралы қайнаған қабатты ошақтар білгілі. Төмен температуралы (800-9000С) жағу қабаттың ішінде қыздыру беттерін орнату арқылы іске асады. Қайнаған қабатта кесектері 25 мм-ге дейін ұнтақталған көмір жағылады. Қабатта масса бойынша отын үлесі 5-7 пайыз болады. Ал жылуберу коэффициенті 840 кДж/(м2сағּК) - дейін немесе 220 ккал/(м2сағּК)- дейін жетеді. 4.4 суретінде бу қазанында тақтатасты қайнаған қабатта екі сатылы жағу көрсетілген. Екі жағдайды да жалған сұйылған қабатқа қыздыру беттері батырылған. Олар қабаттағы температураны, сұйық қождың жоқтығын және ошақ қожданбауын қамтамасыз етеді. Қазанда 3 ошақтық бөлік бар. Олардың газдары қазанның ортақ ағындық газ жолына жіберіледі.. Жағудың 2-ші сатысында қабатта дайындалған отынның белсенді жануы іске асады.
Төмен температуралы қайнаған қабатты бу қазандарын негізгі артқышылықтары: зиянды қалдықтың төмендігі, қазанның өлшемдері мен метеал шығындарының төмендеуі, төмен сапалы отынды жағу мүмкіндігі. Бұл тәсілде қалқандардың қождануы болмайды. Сонымен қатар отынның құралы мен жану жылуына қойылатын талаптары төмендейді. Ал кемшіліктеріне жоғары жанбай қалу мен жоғары аэродинамикалық кедергі (тордың) және қазан жүктемесін реттеу мүмкіндігін төмендігі жатады.
а – жоғары температуралы циклонмен қазанның құрылымы, б – орнатылған қызу бетімен құрылымы.
1 – тор, 2 – отың, 3 – оттық, 4 – көмір бункері, 5 – қоспа бункері, 6 - жоғары температуралы циклон, 7 – үрлегіш, 8 – орнатылған қызу беті.
Сурет 6.7 – Отыңды қайнаған қабатта жағуы
Бақылау сұрақтары:
1. Қабаттық жағу дегеніміз не?
2. Төмен температуралы жағу дегеніміз не?
3. Қайнаған қабатта жағу дегеніміз не?
Қолданылған әдебиеттер:
1 Померанцев В.В. и др. Основы практической теории горения. М., «Энергия», 1973. – 264 с.
2 Резников М.И., Липов Ю.М. Паровые котлы тепловых электростанций. – М.: Энергоиздат, 1981. – 240 с.
3. Сидельковский Л.Н., Юренев В.Н. Котельные установки промышлен-ных предприятий. – М.: Энергия, 1988. – 528 с.
4. Панкратов Г.П. Сборник задач по теплотехнике. М.: «Высшая школа», 1986. – 248 с.
5 Баубеков К.Т. Методические указания к практической работе «Расчеты горелок и форсунок» по дисциплине - Источники энергии для студентов специальности -050717 Теплоэнергетика. ПГУ им. С. Торайгырова, 2009. – 28 с.
6 Акмен Р.Г. Топливо, основы теории горения и топочные устройства. Текст лекций и задачи по отдельным разделам курса для студентов заочного обучения специальностей «Теплоэнергетика». Харьков: НТУ «ХПИ», 2005. – 68с.
7 Мунц В.А., Павлюк Е.Ю. Основы теории горения топлив: Учеб. пособие. Екатеринбург: ГОУ ВПО УГТУ-УПИ, 2005. – 102 с.
8 Хзмалян Д.М., Коган М.А. Теория горения и топочные устройства. М., «Энергия», 1976. – 488 с.
9 Пашков Л.Т. Основы теории горения. Учебное пособие. М., МЭИ. 2002. – 125 с.
10 Блинов А.Е. Основы теории горения. Учебное пособие. СПб.: Изд. СЗТУ, 2007. – 119 с.
Дата добавления: 2015-10-23; просмотров: 232 | Нарушение авторских прав
<== предыдущая страница | | | следующая страница ==> |
Шаң дайындау жүйесі | | | вопрос. О царском интересе. |