Студопедия
Случайная страница | ТОМ-1 | ТОМ-2 | ТОМ-3
АвтомобилиАстрономияБиологияГеографияДом и садДругие языкиДругоеИнформатика
ИсторияКультураЛитератураЛогикаМатематикаМедицинаМеталлургияМеханика
ОбразованиеОхрана трудаПедагогикаПолитикаПравоПсихологияРелигияРиторика
СоциологияСпортСтроительствоТехнологияТуризмФизикаФилософияФинансы
ХимияЧерчениеЭкологияЭкономикаЭлектроника

Көмірұнтақтағыш диірмендері

Көмірұнтақтағыш диірмендерді екі принципі бойыша ажырадады: ұнтақтау тәсілі мен қозғалмалы бөліктің айналу жиілігі бойынша. Отын кесектерін ұнтақтау соққы, үйкеліс және ұсақтау арқасында іске асады. Айеалу жиілігі бойынша диірмендер төменжүрісті 15-20 айн/минбойына диірмендер төменжүрісті – 50 - 300 айн/мин, тезжүрісті 600-1500 айн/мин.

Отында ұнтақтаумен қатар оны құрғату жүреді. Отынның ылғалдығы төмен болған кезде құрғату тек диірмен ішінде жүргізіледі. Ал жоғары болған кезде ұнтақтау процестерінің параллель өтуі оларды жақсартады және белсендіреді.

Желдетілетін диірмендер үшін ылғалды отын бойынша, кг/с(т/сағ) екі өнімділікті ажыратады: ұнтақтағыш және құрғатқыш.

Ұнтақтағыш өнімділік деп жүйенің қажетті майдалыққа дейін ұнтақтай алатын отын көлемін айтады. Ал құрғатқыш өнімділік деп жүйенің қажетті ылғалдыққа дейін құрғататын шаң көлемін айтады. Жоғары ылғалды және жұмсақ көмір үшін ұнтақтағыш өнімділік құрғатқыш жоғары болады. Ал құрғақ және қатты үшін керісінше.

Дирменнің жұмысының көрсеткіші болып келесілер табылады: диірмен өнімділігі, ұнтақтау майдалығы, отынды ұнтақтау мен тасымалдауға электр энергиясының меншікті шығыны, металдың тозуы, үздіксіз жұмысының сағат бойынша қоры.

Диірменнің шартты отын бойынша өнімділігі номинал деп аталады (Вн). Өнімділікті берілген отын бойынша есептеу қажет болғанда Вн –ді кло мен R90 ескертулер енгізіп есептеу қажет.

Диірмен жұмысы кезінде өнімділік өзінен-өзі отынды беруді өзгерту арқылы өзгертіледі, алұнтақтау майдалығы (R90) ажыратқыштағы желдету ағынының бұралу шамасымен.

Диірмендік құрылғылардың негізгі өндірушісі болып Сызрань турбоқұрылыс зауыты (СТЗ) табылады.

Төменде, 6.1 Суретінде шарлы дағыралы диірмен көрсетілген.

 

а, б – сыртқы көрінісі, в – қозғалымды және қозғалыссыз бөлікткрінің тығыздылықтары.

1 – көмір беріп жіберетін патрубок, 2 – треп ұстау подшипнигі, 3 – тісті донғалақ, 4 – обечайка, 5 – брондалған плиталар, 6 – шарлар, 7 – бүйыр қабырғалар, 8 – треу подшипнигі, 9 – цапфы, 10 – шаң шығару патрубок, 11 – болттар, 12 – тісті донғалақ, 13 – клинтәрізді қойма, СА – кептіру агенті, Т – отың.

 

Сурет 6.1 – Шарлы дағыралы диірмен

 

Шарлы дағыралы диірменде отынды ұнтақтау шаралар соққылы, кесектерді сындыру арқылы іске асады. Шарлы дағыра диірменнің құрылысы ішінен сауытпен қапталған диірменнің құрылысы ішінен мауытпен қапталған 15-30 пайыз көлемі 30-60 мм жоғарыкөміртекті болат шарлармен толтырылған айналатын болат дағыра. Шарлар тозған сайын диірменге жанарлары салынып отырады. Дағыра ауналған кезде торлар белгілі бір биіктікке h өсіп, (nопт) максимал мәніне дейін жетеді. Айналу жиілігі пайда болады, онда шарлар дағыра қабырғасына, биіктік нөлге дейін төмендейді.

Аумалы айналу жиілігінкелесі формула бойынша анықтайды

 

(6.1)

 

мұнда, D - дағыраның ішкі диаметрі, см.

Сөйтіп D =287 см және L =470 см шарлы дағыра диірмен үшін nкр = 24,9 айн/мин немесе 0,415 с-1. Тәжірибе жүзінде nопт / nкр қатынасын 0,76 тең деп алады. Шарлы дағырлы диірмендер төміенжүрісті диірмендерге жатады.

Жасалатын диірмендердің өлшемдері: 220/330 -ден 370/850 дейін (L/D). 5.2 Суретінде орта жүрісті диірменнің сүлбесі келтірілген.

 

 

1 – ауа беру коробы, 2 – ұнтақтау стол, 3 – бағғыттау аппараты, 4, 5 – бронды плита және бандаж, 6 – валок, 7 – подшипник, 8 – рычаг, 9 – айыртқыш, 10 – айыртықыштың күрекшелері, 11 – пружина, 12 – қайтып ағымы, 13 – диірменің корпусы, 14 – қоздырғыш (привод).

Сурет 6.2 – Орта жүрісті диірмен

 

 

Орта жүрісті диірмендердің ротордың айналу жиілігі 40-300 айн/мин тең. Олардың жұмысы отынды ұнтақтағыш дененің массасы арқылы ұсақтау мен үйкеуге негізделген. Бұл диірмендердің түрлері көп, бірақ көбінің ұнтақтағыш денелері диаметрі 90-180 см білік түрінде немесе диаметрі 200-400 мм шар түрінде жасалады. Білікті диірмендер кең қолданыс тапты, ал шетелде-білікті де шарлы да.

Көбінесе қолданылатың диірмендердің бірі – ол балғалы диірмендер. Балғалы диірменнің суреті төменде көрсетілген.

 

1 – корпус, 2 – броня, 3 – балғалар, 4 – саусақтар, 5 – балғаұстағыштар, 6 – диск, 7, 8 – отыңмен кептіру агенттің кіреберіс патрубогы, 9 – вал, 10 - өз орнығатың роликті подшипниктер, 11 – есіктер, 12 – треу рамасы, 13 – ауалық тығыздағыш

Сурет 6.3 – Балғалы тангенцалды диірмен

 

 

Балғалы диірменде отынды және ауаны роторға қатысты жанама береді. Бұл диірмендер қоңыр көмірді, тоқтатастарды ұнтақтау мен кептіруге арналған. Диірменнің қалыпты жұмысы кесектер өлшемдері 25 мм- ге дейін және ауаның температурасы 4500С - ке дейін болғанда іске асады. Ротор диаметрі 1300 мм-ге дейінгі біліктер сумен алқындатылады, ал сулы салқындату болмаған кезде ауа температурасы 350 0С. Диірмен қысыммен жіне сиретілген де жұмыс істей алады.

Отынды ұнтақтау соққыштың соғумен, сайуытқа соққышпен және айналатын ротор мен сауыт арасындағы кеңістікке үйкеліс арқылы іске асады. Пайда болатын шаң екпіндік ажыратқышқа алынып отырады. Одан дайын шаң оттыққа жіберіледі, ал ірі бөлшектер қайтадан диірменге жіберіледі.

Балғалы диірменнің кемшілігі – жұмыс элементтерінің тез тозуы, мысалы, соққыштардың жұмыс қоры 400 сағ, соққыұстағыштың – 2000 сағ, сауыттың – 3000 – 8000 сағ.

Үрлегіш диірменде ротор екі қызмет атқарады: отынды R90=50-65 пайыз ұнтақтайды және диірменді желдетеді. Ротор білікке арыстап бекітіледі және негізгі мен қаптама дискілерден тұрады. Олардың арасында қалақтарорналасады. Үрлегіш-дирмендерге жоғары ылғалды қоңыр көмірді, жұмсақ тататасты, шымтезекті ұнтақтайды. Роторға жіберілетін ауаның температурасы 450 гардустан аспау керек, бұл үшін түтндік газдарды ауамен араластырады. Қалақтардың жұмыс қоры 2500 сағ, ал сауыттың – 7000 сағ. Үрлегіш – диірменнің түрөлшеміндегі сандар келесіні білдіреді: бірінші – ротор диаметрі, екінші қалақтардың жұмыс ені, үшінші- ротордың айналу жиілігі (айн/мин).

 


Дата добавления: 2015-10-23; просмотров: 1216 | Нарушение авторских прав


Читайте в этой же книге: Газдық жану реакциясының кинетикасы | Жану реакциясының механизмі. | Жалынның қалыпты таралуы | Жалынның қалыпты таралу теңдігі | Жанудың кинетикалық константасын анықтау | Жану процессін тұрақтандыру | Жалынның турбулентті таралуы | Сұйық жанармайдың жануы | Атты отынның жануы | Озғалмайтын ортада орын ауыстыру құбылысы |
<== предыдущая страница | следующая страница ==>
Ағымдағы орын ауыстыру құбылысы.| Шаң дайындау жүйесі

mybiblioteka.su - 2015-2024 год. (0.009 сек.)