Студопедия
Случайная страница | ТОМ-1 | ТОМ-2 | ТОМ-3
АвтомобилиАстрономияБиологияГеографияДом и садДругие языкиДругоеИнформатика
ИсторияКультураЛитератураЛогикаМатематикаМедицинаМеталлургияМеханика
ОбразованиеОхрана трудаПедагогикаПолитикаПравоПсихологияРелигияРиторика
СоциологияСпортСтроительствоТехнологияТуризмФизикаФилософияФинансы
ХимияЧерчениеЭкологияЭкономикаЭлектроника

Иценко-Кушинг ауруы

Читайте также:
  1. Жүректің ишемиялық ауруын емдеу негіздері

Бұл ауру гипоталамо-гипофизарлы жүйенің зақымдалуымен сипатталады. Науқас ұйқысыздыққа, тез шаршағыштыққа, әлсіздікке, эйфорияға шағымданады.. Науқасты қарағанда диспластикалысеміздік- бет аймағында (ай тәрізді дөнгелек бет) иықта, омыртқаның мойын бөлігінде,кеуде, іш аймағында майлар жайылып орналасады және салыстырмалы қол мен аяқтың керісінше жудегені байқалады. Терінің жұқаруы,құрғауы, бет жамылғысының қызыл түсті болуы,беттерде шаш осіп, іш аймағында стриялар тән. Менің науқасымда жоғарыда айтылған өзгерістер анықталмайды.бұл ауруға іш, сан және иық бөліктерінде – қошқыл-қызыл немесе цианозды сызықтар- стриялардың болуы; гипертрихоз; артериалды гипертония; гипергликемия мен глюкозурия тән. Менің науқасымда да семіздік анықталады, бірақ ол абдоминальды типті. Терісінің құрғауы, қышуы бар, бірақ терісінде анық қошқыл-қызыл стриялар жоқ. Иценко-Кушинг ауруының ерекшелігі – гипергликемия эпизодты сипатта; көмірсу алмасуының қалпына келуі негізгі ауруды емдегенде байқалады.

 

4. Қант диабеті, І тип

Клиникасында – шөлдеу, полидепсия, полиурия, аштық сезім – булемия; дене салмағының төмендеуі; бұлшықет әлсіздігі; терінің қышуы кездеседі. Менің науқасымда инсипидарлы синдром белгілері анықталады, шөлдеу, полидипсия, ауыз қуысының құрғауы анықталады; бірақ ерекшелігі – дене салмағының төмендеуі тән емес.

Бұл ауру жиі балалық, жастық шақта басталады. Аурудың басталуы – тез ағымды, жедел диабеттік кома дамуымен басталады. Менің науқасымның анамнезінде ауру орта жасында табылған.

І тип Қант диабетінің ағымы – жиі лабильді;кетозға бейімділік – аса айқын;

 

5. Қант диабеті, ІІ тип – инсулинтәуелсіз түрі

Бұл ауру инсулинге резистенттілікпен және салыстырмалы инсулин жеткіліксіздігімен сипатталады. Оның дамып өршуіне қауіп факторлары әсер етеді; оларға: семіздік, дұрыс емес тамақтану режимі, гиподинамия, стресстер, жастық ерекшелік(көбінесе егде жас адамдарда кездеседі). Клиникалық белгілер орташа көрініс береді; инсипидарлы синдром белгілері – полидипсия, полиурия, ауыз қуысының, тері және шырышты қабаттардың құрғауы тән. Қант диабетінің бұл типі 40 жастан жоғары адамдарда жиі дамиды.Аурудың басталуы – баяу; менің науқасымда жоғары аталған белгілер кездеседі; анамнезінде қандағы қанттың деңгейі жоғарлағаны,

зерттеу кезінде ғана анықталды, ауру белгілері баяу көрініс тапқан. ІІ типті қант диабетінде дене салмағының жоғары болуы тән.Кетозға бейімділік – айқын емес; Қандағы инсулин – жоғары немесе қалыпты;

жиі диабеттік асқыныстар дамиды; диабеттік ретинопатия белгілері тән. Менің науқасымда жоғары аталған белгілер анықталады. Сөйтіп менің науқасымдағы көптеген симптомдар қант диабетінің ІІ типі ауруына сәйкес келеді.

 

АЛҒАШҚЫ ДИАГНОЗ ЖӘНЕ ОНЫ НЕГІЗДЕУ

þ Шағымдарына сүйене отырып: шөлдеу (2,5-3 литрге дейін), ауыз қуысының құрғап, ернінің кебуі, тамақты көп ішкісі келетін сезім, күндізде түнде де жиі әрі көп мөлшерде зәрдің шығуы (полиурия), көру қабілетінің төмендеуі, тері жамылғысының, әсіресе жыныс аймағының қышуы;

þ Ауру тарихы мәліметтеріне сүйене отырып: Науқас өзін шамамен екі айдан бастап аурумын деп санайды. Ауру көріністері біртіндеп дамыған. Аурудың басталуы: ауыз қуысы кеуіп, шөлдеу сезімі мазалаған (2.5-3 литрге дейін), тершеңдік, әлсіздік, басы ауырып, көзі қарауытқан, тамақты жеткілікті мөлшерде қабылдасада тойымсыздық сезімі пайда болуымен көрініс берген. Ауруының алғашқы белгілері басталған уақыттан бірнеше аптадан кейін алдыңғы екі тісі түскен;

þ Өмір тарихы мәліметтеріне сүйене отырып: Мейірманова Ө. С. 1990 жылдардан артық салмақ қосқанын айтады;

þ Объективті қарау мәліметтеріне сүйене отырып: Науқастың жалпы жағдайы инсипидарлы синдромға байланысты орташа ауырлық дәрежеде. Есі анық, берілген сұрақтарға жақсы жауап береді. Қозғалыс қалпы белсенді. Төсектегі қалпы белсенді. Дене бітімі – гиперстеникалық. Тері жамылғысы және беткей кілегей қабаттарының түсі қалыпты, тері жамылғысы құрғақ, тургоры және эластикалық қасиеті төмендеген. Шел май қабаты орташа дамыған. Шеткері ісінулері жоқ. Көзінің шырышты қабаты ақшыл-қызыл, склерасы ақ. Шеткері лимфа түйіндері пальпацияланбайды. Бұлшықеттерінің жалпы әлсіздігі, симметриялы, қалыпты дамыған. Сүйек – буын жүйесі көзбен қарағанда деформацияланбаған, сипағанда және соққылағанда ауырсынбайды. Буынның жергілікті аймағы жылы, аздап өзгермеген, қозғалысы сақталған, жұмысы шектелмеген. Омыртқа жотасы қисаймаған. Бас формасы қалыпты, мұрын, құлақта ақаулары жоқ. Ерні құрғап-жарылған.

Дене температурасы - 36,6 С

Бойының ұзындығы - 1,65 м

Дене салмағы – 93 кг.

Дене салмағының индексі – 34,6

Жоғарыда келтірілген мәліметтерге сүйене отырып, менің алғашқы диагнозым: Қант диабеті ІІ типі.

Бірақ толық сенімділік үшін лабораторлы-аспаптық зерттеулер қорытындысы қажет.

 

ТЕКСЕРУ ЖОСПАРЫ:

1. Жалпы қан анализі

2. Жалпы зәр анализі

3. Қанның биохимиялық анализі (АлТ, АсТ, К+, креатинин, ақуыз, альбумин, амилаза, билирубин, сілтілі фосфатаза, холестерин)

4.Қандағы қантты анықтау;

5. Коагулограмма.

Аспаптық зерттеу.

1.Құрсақ қуыс мүшелердінің УДЗ.

3.ЭКГ.

4.Мамандар консультациясы

 

 

Ауру тарихындағы лабораторлық және инструменталды зерттеу тәсілдері мен олардың қорытындысы

 

ЖАЛПЫ ҚАН АНАЛИЗІ

08. 02.12ж 14.02.12ж

Hb 154г/л Hb 152г/л

Эритр 4,8×1012/л Эритр 4,9×1012

Лейк 6,0×109/л Лейк 5,9×109

Түс. көрс 0,9 Түст. көрс 1,0

ЭТЖ 17 мм/сағ ЭТЖ 15мм/сағ

Тромб 320×109/л Тромб 320×109

Лимф 20% Лимф 34%

Эоз 2% Эоз 2%

Таяқ 3% Таяқ 1%

Моноц 4% Мон 7%

Сегм 72% Сегм 56%

Қорытынды: өзгеріссіз.

 

 

ЖАЛПЫ ЗӘР АНАЛИЗІ

08.02.12ж 14.09.12ж

Түсі ақ-сары Түсі ақ-сары

рН қышқ рН қышқ

Мөлд бұлыңғыр Мөлд бұлыңғыр

Тығызд 1025 Тығызд 1024

Ақуыз – Ақуыз –

Қант 2,8 Қант 2,0

Жалпақ Эпит 2-3 Эпит 1-2

Лейк 0-1 Лейк 0-1

Қорытынды: айқын емес глюкозурия.

ҚАННЫҢ БИОХИМИЯЛЫҚ АНАЛИЗІ

14.02.12ж

Билирубин жалпы 21,0 ммоль/л

Жалпы ақуыз 73 г/л

АлТ 39 нмоль/л

АсТ 35 нмоль/л

К+ 3,5 ммоль/л

Альбумин 37,5ммоль/л

Креатинин 77 ммоль/л

Холестерин 4,3 ммоль/л

Қорытынды: өзгеріссіз.

ҚАНДЫ ҚАНТҚА ТЕКСЕРУ

08.02.12ж

Қант – 14,7 ммоль/л

13.02.12ж

Қант – 13 ммоль/л

14. 02.2012ж

8.00 – 8,1 ммоль/л

13.00 – 9,8 ммоль/л

17.00 – 8,0 ммоль/л

Қорытынды: Қант мөлшері жоғарылаған.

 

КОАГУЛОГРАММА: 14.02.2012ж

Протромбин индексі: 82 %

Фибриноген 2.2 г/л.

РФМК –теріс

АПТВ –18

Қан ұю уақыты -14.3 сек

Антитромбин -38%

Қорытынды: өзгеріссіз.

 

ЭКГ:

Ырғағы синусты, ЖСС -80

ЭОС қалыпты

Қорытынды: Сол жақ қарынша гипертрофиясы.

 

Ультрадыбысты тексеру:

Бауыр: ұлғаймаған, өзгермеген

Бауыр қақпа венасының өлшемі 1.9 см

Өт қабы: өлшемі 8,2 x 3,4 см; пішіні –овальді

Ұйқы безі: басы -2,0; денесі -1,5; құйрығы -2,0

Көкбауыр: 8,8 x2,3 см

Сол жақ бүйректің паренхимасының диффузды өзгерісі жoқ

Қорытынды: ауытқу жоқ.

Мамандардың консультациясы:

 

Окулист қорытындысы: жақыннан көргіштік. Диабеттік ретинопатия.

Невропатолог қорытындысы: дені сау.

Екінші этаптың ажыратпалы диагнозы.

Жоғарыда берілген қосымша зерттеулердің нәтежесінде менің науқасымда мынандай синдромдар байқалады:

Гипергликемиялық синдром – қандағы қанттың деңгейі 14,1 ммоль/л жоғары деңгейде анықталды. Зәрдегі қанттың деңгейінің аздап жоғарылауы анықталады.

Мамандар қорытындысы бойынша менің науқасымда диабеттік асқыныс белгісінде диабеттік ретинопатия анықталады.

Қорытынды: қант диабеті, ІІ типі.

 

Клиникалық диагноз және оны негіздеу.

Клиникалық диагноз: Қант диабетінің ІІ типі, орташа ауырлық дәрежесі;

Алғашқы диагнозды негіздеп, ажырату диагнозының екінші кезеңіне сүйене отырып, лабораторлы-инструментальды зерттеулер нәтижелерін негізге ала қант диабетінің инсулинге тәуелсіз, ІІ типі диагнозы қойылды. Науқастың қатты шөлдеу, ауыз қуысының құрғауы, көп зәр бөлу, терісі және шырышты қабаттардың құрғауы мен қышуы, көру өткірлігінің төмендеу, әлсіздік шағымдарын ескеріп қант диабеті туралы ойлауға болады. Объективті зерттеу нәтижесінде науқаста гипергликемия және глюкозурия анықталды.

Қант диабетінің типін анықтауға келесі мәліметтер негіз болды: жасының 40 тан асқаны. Науқасқа дене салмағының артық болуы тән; анамнезінде кетоздың даму белгілері анықталмаған.

Клиникалық диагноз:

Қант диабеті ІІ тип. Орташа ауырлық дәрежесі. Декомпенсация кезеңі. Асқынысы: диабеттік ретинопатия.

 

ІІ типті қант диабетінің этиологиясы мен патогенезі

Инсулинтәуелсіз ІІ типті қант диабеті –тұқымқуалайтын ауру, полигенді этиологиялы. Белгілі бір гендердің жиыны ауруға бейімділікті туғызып, ал оның дамып өршуіне қауіп факторлары әсер етеді; оларға: семіздік, дұрыс емес тамақтану режимі, гиподинамия, стресстер, жастық ерекшелік(көбінесе егде жас адамдарда кездеседі).

Ауру патогенезінде екі негізгі факторлар бар – инсулинге резистенттілік және салыстырмалы инсулин жеткіліксіздігі. Инсулинге резистеннтілік гендік ақауға байланысты болса, ал инсулин дефициті бета-жасушалардың секреттік активтілігінің төмендеуімен немесе олардың гипергликемияға сезімталдығының болмауымен түсіндіріледі.

Гиперинсулинемия нысана-жасушалардағы рецепторлардың санын азайтып, семіздіктің дамуына әкеледі. Бета-жасушалар қандағы глюкоза деңгейінің өзгерісіне сезімталдығы төмендейді, нәтижесінде салыстырмалы инсулин жеткіліксіздігі туындайды. Оның әсерінен тіндердегі глюкозаның утилизациясы төмендеп, бауырдағы гликогенолиз бен глюконеогенез күшейеді. Ол өз кезегінде глюкоза өндірілуін жоғарлатып, гипергликемияны одан сайын күшейте түседі.

Емі

1. Диетотерапия. Стол № 9 тағайындалады, арнайы тәуліктік каллориялық режим құрастырылады. Жеңіл сіңірілетін көмірсулар шектеледі. Ақуыз- көмірсу- май қатынасы сақталуы қажет. Диетада 1-1,5 г ақуыз кг дене салмағына; 4,5-5 г көмірсу; 0,75-1,5 г майлар болу керек. Тамақты бөліп, тәулігіне 4-5 рет ішу керек.

2. Пероралды гипогликемизациялаушы препараттар, оның ішінде сульфанилмочевина туындылар мен бигуанидтер тағайындалады.

Глибенкламид (манилил)- 10 мг;

Букарбан немесе диабетол 1 мг

Метформин және адебит бигуанид тобындағы дәрмектер тағайындалады.

3. Инсулинотерапия; науқастың дене салмағы -70 кг; тәуліктік дозасы 40 ЕД. ИЦС- 12 ед таңертең және 8 ед түнге; Актрапид – 6 ед таңертең, 8 ед – түске, 4 ед – түнге. Гликемия және глюкозурия профильдерінің бақылауымен тағайындалады.

Recipe: Actropidi 40 ed – 1 ml

D.t.d. № 10 in ampullis

Signa: 6 ед таң асқа дейін; 8 ед түскі асқа дейін; 10 ед кешкі асқа дейін.

1. Асқыныстарының емінде ангиопротекторларды (дицинон, трентал, диваскан) қолданылады. Диабеттік нейропатия емінде физиотерапиялық әдістер – электрофорез қолданылады.

Recipe: Dragge Trentali 0.1

D.T.D –30

Signa: 2 драже ден тәулігіне 3 рет.

2. Витаминотерапия – аскорутин, В тобының витаминдері, ретинол қолданылады.

3. ЛФК

***

Rp. Sol. Monotardi 22 - 11 ED

D.S. схема бойынша (базисті) теріастына.

Rp. Sol. Actapridi 5 - 5 - 5 ED

D.S. схема бойынша (булюсті) теріастына.

 

· Табанындағы ойық жаралардың емі үшін:

Rp. Sol.Gentamycini sulfatis 4% -2 ml

D.S. 1 ампуладан 3 рет тәулігіне (бұлшықетке)

 

Rp. Ung.Lyncomycini2% -15 g

M.D.S. жергілікті жара аймағына

· Ретинопатия емі үшін:

Rp. Aevyti 0.2

D.T.D.№ 25 in cap.

S. 1 капсуладан 3рет тәулігіне

Rp. Sol. Acidi nycotinicy1% - 1ml

D.T.D.№ 10 in amp.

S. 1 ml тәулігіне 3 рет

 

Rp. Trentali 0.1

D.T.D.№ 10 in tab.

S. 1 ml тәулігіне 3 рет

Лазерокоагуляция көрсетілген.

 

 

· Қан айналымды жақсарту мақсатында:

Rp. Cavintony 0.075

D.T.D.№ 25 in cap.

S. 1 капсуладан тәулігіне 3 рет

 

Қолданылған әдебиеттер:

Балаболкин М.И. Эндокринология: Учеб. пособие. --- М.: Медицина,

1989. --- 416 с. --- (Учеб. лит. Для субординаторов и интернов).

 

Терапия: пер. с англ. доп. // гл. ред. А.Г. Чучалин --- М.: ГЭОТАР

МЕДИЦИНА, 1997. С. 58--65, 537--546, 617--621.

 

Внутренние болезни. В 10 книгах. Книги 7; 9: Пер. с англ./ Под ред.

Е. Браунвальда, К.Дж. Иссельбахера, Р.Г. Петерсдорфа и др. --- М.:

Медицина. --- 1995.

 

Струков А.И., Серов В.В. Патологическая анатомия: Учебник. --- М.:

Медицина, 1993.

 

Справочник практического врача / Под ред. А.И. Воробь "ева --- М.:

Медицина, 1992. --- В 2 томах. Т. 1.

 

Машковский М.Д. Лекарственные средства. В двух частях. Ч. 1., Ч. 2

--- М.: Медицина, 1993.

 

Внутренние болезни: Учебник/Ф.И. Комаров, В.Г. Кукес, А.С. Сметнев и

др.; Под ред. Ф.И. Комарова, В.Г. Кукеса, А.С. Сметнева. --- 2-е

изд., перераб. и доп. --- М.: Медицина, 1990. --- 688 с., ил.

 

Окороков А.Н., Диагностика болезней внутренних органов; том 1, 2008 год.

Окороков А.Н., Лечение болезней внутренних органов; том 1, 2008 год.

Виноградов А.В.; дифференциальный диагноз внутренних болезней, 1987 год.

Хэгглин Р. Дифференциальная диагностика внутренних болезней. Перевод с английского. 1997 год.

 

 


Дата добавления: 2015-10-30; просмотров: 632 | Нарушение авторских прав


<== предыдущая страница | следующая страница ==>
Status praesens| Б) фаза медленного наполнения (0,17 с)

mybiblioteka.su - 2015-2024 год. (0.032 сек.)